Үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 21:29, курсовая работа

Описание работы

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттеріне оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан ауытқуларды анықтау; өндірістер мен объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс тарату; сметада қарастырылған қаражаттардың тиімді жұмсалуына ықпал ету. Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі шарт - әрбір жеке бөлімшелер бойынша, сондай-ақ бүкіл ұйым бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы.

Файлы: 1 файл

Үстеме шығындар.docx

— 25.59 Кб (Скачать файл)

Үстеме  шығындар

 

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттеріне оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша  шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан  ауытқуларды анықтау; өндірістер мен  объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс тарату; сметада қарастырылған  қаражаттардың тиімді жұмсалуына ықпал  ету.

Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі  шарт - әрбір жеке бөлімшелер бойынша, сондай-ақ бүкіл ұйым бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы.

Айта  кету керек, бұрын әрбір министрлік пен ведомство үшін монтаждау  және арнайы жұмыстардың үстеме шығындардың  орташа мөлшері (нормасы) белгіленіп отырды. Министрліктер мен ведомстволар өз кезегінде ведомствоішілік ұйымдар  үшін үстеме шығындардың орташа мөлшері  шегінде олардың мөлшерін бекітті.

Құрылыс ұйымдары жоспарланған құрылыс және монтаж жұмыстарының көлемінің бірлігіне  белгіленген тәртіпте анықталған үстеме шығындардың шекті сомасын ескере отырып, есепті жылға үстеме шығындардың  сметасын жасады.

  Соңғы жылдары құрылыс жұмыстарын  тапсырыс берушімен келісілген  бағаға (тұрақта немесе ашық) орындауға  көшумен бірге, мердігерлік ұйымдар  үстеме шығындар мен жоспарлы  жинақтама мөлшерін өздері анықтайды.

 

Үстеме  шығындардың құрамы

 

Құрылыс ұйымдарының негізгі өндірісінің  үстеме шығындарының құрамына мыналар  енеді:

- құрылыс жұмысшыларына қызмет  көрсету шығындары;

- құрылыс алаңдарында жұмыстарды  ұйымдастыру бойынша шығындар;

- басқадай үстеме шығындар.

Үстеме  шығындар нормасында есепке алынбаған, бірақ үстеме шығыстарға жататын  шығындар бөлек топта көрсетіледі. Құрылыс жұмысшыларына қызмет көрсету  шығындары мыналарды қамтиды:

1. Жұмыс орындаушылардың басшысы  (учаске бастығы), жұмысты орындаушылар, аға шеберлер, құрылыс учаскелерінің,  қосалқы және көмекші өндірістердің  шеберлері, сондай-ақ учаскелік  механиктердің негізгі және қосымша  еңбекақыларын;

2. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын  негізгі өндіріс жұмысшы-ларының,  күрделі емес жұмыстардағы құрылыс  машиналарын пайдалану және қызмет  көрсету жұмысшыларының қосымша  еңбекақыларын;

3. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындайтын  негізгі өндіріс жұмысшы-ларының,  күрделі емес жұмыстардағы құрылыс  машиналарын пайдалану және қызмет  көрсету жұмысшыларының үстеме  шығындар есебінен өтелетін негізгі  және қосымша еңбекақыларының  барлық сомасына,  сондай-ақ аталған  жұмысшылардың еңбекақы қорына  кіретін барлық сыйақы сомасына  есептелген әлеуметтік және басқадай  салықтарға, әлеуметтік сақтандыруға  аударымдарды;

4. Санитарлық-гигиеналық  және мәдени-тұрмыстық  жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі  шығындарды;

5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік  техникасы жөніндегі шығындарын.

Құрылыс алаңдарында (орындарында) жұмысты  ұйымдастыру шығындарына мыналар  жатады:

1. Амортизациялық аударысдар (немесе  жалдау ақылары), тікелей шығындар  сметасында қарастырылмаған негізгі  құралдар мен жалдағы негізгі  құралдардың құрамында есепке  алынатын өндірістік құрылымдар  мен құрылғыларды жөндеу және  орын ауыстыру шығындары;

2. Негізгі құралдарға жатқызымайтын  құрылыс өндірісі және монтаждау  жұмыстарында пайдаланылатын тез  тозатын құрал-саймандардың құндары  мен шығындары;

3. Уақытша (титулдық емес) құрылыс-жайлар  мен құрылымдарды және құрылғыларды  жөндеуге, күтіп-ұстауға және жинақтауға  жұмсалған шығындар;

4. Өрт және күзет қызметтерін  ұстау шығындары;

5. Өндірісті оңтайландыру және  нормативтік жұмыстар бойынша  шығындар (нормативтік-зерттеу орталықтарын  ұстау, нормативтік анықтамаларды  шығару шығындары);

6. Құрылыс-монтаж жұмыстар кезінде  орындалатын геодезиялық жұмыстарға  шығыстар;

7. Өндіріс жұмыстарын жобалау бойынша  шығындар;

8. өндірістік зертханаларды күтіп-ұстау  бойынша шығыстар;

9. Құрылыс алаңдарын жақсартуға  және күтіп-ұстау бойынша шығыстар;

10. Объектіні тапсыруға дайындау  шығыстары;

11. Монтаждау және арнайы жұмыстарды  орындау үшін үстеме шығыстардың  бірыңғай шекті нормаларымен  қарастырылған монтаждау және  арнайы құрылыс жұмыстарын орындау  үшін жұмысшылардың іс-сапар шығыстары;

12. Сызықтық құрылыс ұйымдары мен  олардың бөлімшелерін құрылыс  аймағында көшіруге байланысты  шығыстар.

Басқа да үстеме шығыстар құрамында жаңа техникаларды шығару және оларды өндіріске  ендіруге байланысты жұмысшыларды сыйақылау  үшін сыйақы қорына аударымдар, құрылыс  ұымдарына буфеттер мен асханалардың көрсеткен қызметтері үшін төлемдер көрсетіледі.

Үстеме  шығыстар нормасында есепке алынбаған  шығындарға үстеме шығыстар нормасында есепке алынбаған бірақ қызмет істеп  тұрған заңдар мен ережелерге сәйкес жұмсалған шығыстар жатады (сот органдарының шешімі бойынша шағымдарға төлемдер және т.б.) Оларға үстеме шығыстар құрамында  есептелетін, бірақ орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық (келісім) құндарынан артық тапсырыс берушлермен төленетін  шығындар (жұмыстың жылжымалы сипатына байланысты еңбек ақыға үстеме төлемдер, сонымен қатар тәуліктік өтемақылар, көпжылғы еңбегі үшін бірреттік сыйақылар) жатады.

Үстеме  шығыстарға, сонымен қатар құрылыс-монтаж жұымстарын орындау кезінде құрылыс  ұйымдарының жіберген өндірімсіз шығындары  да жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үстеме  шығындардың есебі және оларды бөлу

 

Үстеме  шығындардың есебі 8410 «Үстеме шығыстар»  шотында жүргізіледі. Негізгі өндірістің үстеме шығындары қосалқы және көмекші  өндірістердегі үстеме шығыстардан  бөлек есептелінеді және айдың соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына шығарылып, әрбір құрылыс объектісі бойынша  орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құндарына қосылады.

Қосалқы және көмекші өндірістегі үстеме шығыстар 8410 шотында есепке алынады, айдың соңында 8310 «Көмекші өндіріс» шотына шығарылып, құрлысы ұйымының балансында тұрған көмекші және қосалқы  өндірістерден алынаған өнімдер  мен олар көрсеткен қызметтердің өзіндік құндарына қосылады.

Учаскідегі  жұмысты орындаушылардың (мастерлердің) қызметерін дұрыс анықтау мақсатында үстеме шығыстардың есебін тиісті алғашқы  құжаттардың тікелей мәліметтері  негізінде (учаскілік үстеме шығыстар) ұйымдастырған дұрыс.

Мұндай  жағдайда жалпы сипатқа ие үстеме шығыстар учаскідегі жұмысты орындаушылар бойынша тікелей шығындарға немесе учаскідегі жұмысты орындаушылардың (мастерлердің) негізгі еңбек ақыларына  пропорционалды (тепе-тең) бөлінеді.

Бригадамен  орындалған жұмыстардың өзіндік  құндарына көлемі бригаданың қызмет нәтижесіне байланысты анықталатын  үстеме шығыстардың бөлігі ғана қосылады. Үстеме шығыстар бригада шығындарына  тікелей апарылады.

Қосалқы және көмекші өнідірістерде сонымен  қатар, үстеме шығыстардың есебін цехтар, картерлер, учаскілер, шеберханалар бойынша, яғни негізгі өндірістегі сияқты тікелей есебін жүргізуге болады.

Субмердігерлік  ұйымдар үстеме шығыстардың құрамында  техникалық құжаттармен жабдықтау, жұмыстарды үйлестіруге байланысты бас мердігерлердің әкімшілік-шаруашылық шығындарының үлесін, субмерідгерлер орындайтын жұмыстарды қабылдау және тапсыру бойынша шығындарды, өрт  сөндіру және күзет қызметтері бойынша  шығыстарды, техникалық қауіпсіздендіру  және еңбекті қорғау бойынша шығыстарды, субмердігерлерді тізімде жоқ (титулдық емес) ғимараттар және құрылыс-жайлармен  қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс алаңдарын  жақсарту бойынша шығыстарды да есепке алады.

  8410 «Үстеме шығыстар» шоты дебеті бойынша келесі шоттардың кредитімен корреспонденцияланады:

- 3350 – құрылыс учаскілерінің  инженерлік-техникалық жұмысшыларына,  қосалқы және көмекші өндіріс  жұмысшыларына, құрылыс-монтаж ұйымының  учаскі механиктеріне есептелген  еңбек ақы сомасына;

- 3150 - әлеуметтік салыққа есептелген  аударымдар сомасына;

- 2420 - өндірістегі негізгі құралдарға  есептелген амортизация сомасына;

- 3360 - өндірісте пайдалнылатын жалдағы  негізгі құралдарға есептелген  жалдау ақыларының сомасына;

- 3310 – жабдықатушылар көрсеткен  қызметтердің құндары және басқа  а шоттар.

Смета жасаған кезде жалпы және әкімішілік шыығстар үстеме шығыстардың  құрамында қарастырылады, бірақ  қаржылық есептің ұлттық стандарты  бойынша олар бөлек есептелініп, ұйым қызметінің нәтижесіне шығарылады.

 

 

 

 

 

Жалпы және әкімшілік шығыстардың  есебі

 

Құрылыста жалпы және әкімшілік шығыстарға құрылыс ұйымдарын басқарумен байланысты және өндіріспен тікелей байланысты емес жалпышаруашылық шығындар жатады. Жалпы және әкімшілік шығыстар 7210 «Жалпы және әкімшілік шығыстар»  шотында жүргізіледі.

Көп жағдайда бұл шотта мынадай шығын  түрлері есепке алынады:

- басқару аппараттарының және  басқа да қызметкерлердің негізгі  және қосымша еңбек ақылары;

- басқару аппараттарының және  басқа да қызметкерлердің еңбек  ақысынан аударымдар;

- кеңсе заттары мен типографиялық,  түптеу, газеттер мен журналардар  шығару, анықтамалар, прейскуранттар, есеп және есеп беру каталогатары  мен бланкілерін сатып алу  шығындары;

- пошта-телеграф шығындары, соның  ішінде телефон бекеттерін, телетайп, коммутатор, диспетчерлік байланыстар  мен радио байланыстарын ұстау  шығындары;

- басқару аппараттары алып отырған  ғиматтарды күтіп-ұстау шығыстары  (жылу, жарықтандыру, канализация, сумен  қамсыздандыру, ғимараттарды сонымен  қатар негізгі құралдар құрамында  есепке алынатын әкімшілік-басқару  мүліктерін жөндеу шығындары);

- ұйымның басқару қызметкерлерінің  көшіп-қонуға байланысты шығыстары;

- ұйымның басқару қызметкерлерінің  іс-сапар шығыстары;

- жалпы шаруашылық масатында материалдық  емес активтер мен неігізгі  құралдардың амортизациясы;

- банк қызметтерін төлеу;

- өкілеттілік шығыстар;

- жұмысшыларды жинақтау шығыстары;

- күмәнді борыштар бойынша резервтер;

- жалпы шаруашылық мақсаттағы  негізгі құралдарды жалдау бойынша  шығыстар;

- жер, мүлік, және көлік құралдарына  салықтар мен қоршаған ортаны  қорғау қорына аударымдар және  бюджетке басқа міндетті төлемдер;

- оталық қоймадағы тауарлық-материалдық  қорлардың жойылуы, бүлінуі және  жетіспеушілігі;

- кеңес, аудиторлық және ақпараттық  қызметтер үшін төлемдер;

- ұйымның қайта құрылуына немесе  қысқартуға байланысты жұмысшыларды  жұмыстан босату кезіндегі өтемақылар;

- төленген айыпұлдар, өсімдер;

- жалпы құрылыстық және әкімшілік  симпаттағы басқа да шығыстар.

Бұл шоты дебеті бойынша мына шоттардың  кредитімен корреспонденцияланады:

- 2740 – жалпы шаруашылық мақсатта  пайдаланылатын материалдық емес  активтерге есептелген амортизация;

- 2420 – басқару және жалпы шаруашылық  мақсатындағы негізгі құралдарға  есептелген тозу;

- 1310, 1350 - әкімшілік жалпы шаруашылық  мақсатына пайдаланылған маериалдық  құндылықтардың құны;

- 3350 - әкімшілік-басқару қызметкерлеріне  есептелген негізгі және қосымша  еңбек ақы, бірреттік сипаттағы  материалдық көмек, сыйақылар;

- 3150 – есептелген әлеуметтік салық;

- 3160-3190 – жерге, мүлікке және  көлік құралдарына және басқа  есептелген салықтар;

- 3310 - әкімшілік және жалпы шаруашылық  мақсаты үшін жабыдақтушылар  мен мердігерлердің көрсеткен  қызметтері;

- 8130 - әкімшілік және жалпы шаруашылық  мақсаты үшін көмекші өнідірістің  көрсеткен қызметтері;

- 1250, 3390 - әкімшілік-басқару қызметекерлерінің  іс-сапар шығыстары;

- 3360 - әкімшілік және жалпы шаруашылық  мақсаты пайдаланылатын негізгі  құралдарды жалдау ақылары;

-  1010-1060 – банк қызметерін төлеу  (қызмет көрсету, валюта айырбастау  және т.б.);

- 441, 451, 333/1010, 1030, 3310, 3390 – кеңсе, аудиторлық  және ақпараттық қызметтермен  басқа шығыстарды төлеу;

3390 – акция ұстаушылардың, акционерлік  қоғамның тіркеу реестрлерін  қалыптастыру және сақтау бойынша  орталық депозитария және тәуелсіз  тіркеушілердің қызметтері үшін  төлемдер.

7210 шотында есепке алынған жалпы  және әкімшілік шығыстар есепті  мерзімнің соңында осы шотың  кредитінен 571/5510 «Есепті жылдың  бөлінбеген пайдасы немесе зияны»  шотының дебетінен шығарылады. Егер  әкімшілік-басқару қызметкерлері  есепті мерзім бойы субмердігерлік  немесе басқа да ұйымдарға  кеңес беру және инженерлік  қызметтер көрсеткен болса, онда  бұл қызметтердің өзіндік құндары  алдыменен 7010 «Сатылған өнімнің  және көрсетілген қызметтердің  өзіндік құны» шотына шығарылады.

Информация о работе Үстеме шығындар