Үстеме шығындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 21:29, курсовая работа

Описание работы

Құрылыс-монтаж жұмыстарының құнында үстеме шығындар үлкен орын алады. Сондықтан үстеме шығындар есебінің міндеттеріне оларды өз мезгілінде дұрыс есепке алу; үстеме шығындардың әрбір бабы бойынша шығын деңгейін бақылау, сметалық сомадан ауытқуларды анықтау; өндірістер мен объектілер арасында үстеме шығындарды дұрыс тарату; сметада қарастырылған қаражаттардың тиімді жұмсалуына ықпал ету. Аталған міндеттерді орындаудағы негізгі шарт - әрбір жеке бөлімшелер бойынша, сондай-ақ бүкіл ұйым бойынша жасалған үстеме шығындардың сметасының болуы.

Файлы: 1 файл

Үстеме шығындар.docx

— 25.59 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үстеме шығындар»  бабы бойынша шығындар есебі

 

«Үстеме шығындар» бабы бойынша құрылыс  – монтаждау жұмыстарына жататын  үстеме шығындар көрсетіледі және  8010  «Үстеме шығындар» шотты  дебеттеліп, 840 «Үстеме шығындар»  шоты кредиттеледі.

Негізгі өндірістің үстеме шығындары құрылыс  ұйымдарында ай сайын ең алдымен, жұмыс түрлері арасында үлестіріліп, кейін құрылыс объектілері арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді, бұл үшін келесі есеп құрылады ( 8 және 9 кестелер).

 

22 кесте - Жұмыс түрлері арасында  үстеме шығындарды бөлу бойынша  есеп

Жұмыс түрлері

Тікелей шығындар сомасы (мың,тг)

Үстеме шығындар пайызы (1б ×100)

Үстеме шығындар сомасы (мың, тг)

1

2

3

4

Құрылыс жұмыстары

10 850 750 ,0

14, 34

1 559, 998

Құрал -жабдықты монтаждау

1 676 500 ,0

14, 34

240 410

Толық жөндеу

14 500, 0

14, 34

2 079

Жиыны

12 451 750

14, 34

1 789 487, 0


 

23 кесте - Құрылыс объектілері арасында  үстеме шығындарды бөлу бойынша  есеп

Құрылыс объектілері

Тікелей шығындар сомасы(мың,тг)

Үстеме шығындар пайызы

Үстеме шығындар сомасы(мың,тг)

1

2

3

4

1. А цехінің ғимараты

5 020 500

14, 34

719 940

2. № 1 цех ғимараты

4 078 730

14, 34

584 891

3. Цех қоймасының ғимараты

1 740 800

14, 34

249 630

4. Гараж

10 720

14, 34

1 537

Жиыны

10 850 750

14, 34

1 555, 998


 

Негізгі өндірістің үстеме шығындары механизация басқармасында (трест) ай сайын құрылыс –  монтаждау  жұмыстары (субмердігер келісімшарты бойынша орындалған) және шеттегі  ұйымдардың көрсеткен қызметтер  арасында тікелей шығындар сомаларына пропорционалды түрде бөлінеді. Біздің ойымызша, үстеме шығындардың әр бабын  мүмкін болғанша объектілер арасында ортақ база бойынша бөлу қажет.

Құрылыстағы ақау техникалық жағдайды бұзу, СНиПтерді  немесе жобалық шешімдерді бұзу бойынша  орындалатын жұмыстар болып табылады. Ақаудың пайда болу себептері: жеткізілген  материалдар мен конструкциялардың  қанағатсыз сапасы, жобалық құжаттардағы қателер, жұмыс өндірісінің кезеңдерінде  талаптарды сақтамау, қажетті жұмыстар мен операцияларды жүберіп алу, жоба шешімдерін бұзу, конструкцияларды көтеру және орналастыру кезінде  оларды  бұзып алу.

 

Құрылыс өндірісінде, негізінен ақау былайша  жіктеледі:

а) құрылыс материалдары, конструкциялар, бөлшектердің ақауы;

б) құрылыс –  монтаждау жұмыстарының өндіріс процесінде жіберілген ақау;

в) жобалық құжаттарда жіберілген қателерден болған ақау.

Құрылыс материалдары, конструкциялар және  бөлшектердің ақауы негізгі өндіріс  процесінде  материалдарды, бұйымдарды қолдану кезінде олардың сапасы кейбір салалық стандарттарға сәйкес келмеуінен, техникалық жағдайының немесе жоба құжаттарының кемшіліктерінен  болады. Ақауға дқрыс маркаланбаған  құрылыс материалдары, оларды жабдықтаушылардан  қабылдаған кезде болатын жарамсыздық  жатпайды.

Кімнің  кінәсінен ақаудың болатындығына  байланысты  ақау материалды жеткізушілердің  және басқа ұйымдардың (жобалаушы, мердігер және т.б.) кінәсінен болған және құрылыс  ұйымдарының жеке жұмыстары мен  қызметтердің кәһінәсінен жіберілген деп бөледі.

Ақау  қалпына келетін және қалпына  келмейтін болып жіктеледі.

Қалпына келетін  ақау дегеніміз, оның анықталған кемшіліктерін  дұрыстауға мүмкіндік беретін және кемшіліктеріді жою техникалық жағынан мүмкін болатын, сонымен бірге экономикалық мақсаттылығы бар болса және кемшіліктерді жоюға қажетті қосымша шығындарды талап ететін ақау, ал қалпына келмейтін ақау  - оны жою үшін сапасыз орындалған элементтерді толық қайтадан тексеруге және өндірістің қайталануына қажетті шығындарды жұмсау  болып табылады.

Құрылыс - монтаждау жұмыстарында ақау анықталған жағдайда ақау туралы акт құрылып, сапасыз  орындалған жұмыстарды қайта орындау  және дұрыстау бойынша жұмыстар үшін ресурстарға деген қажеттіліктерді  есептейді. Бұл есеп ақауды дұрыстауға кеткен шығындарды көрсететін (жүкқұжаттар, жүктемелер, рапорттар т.б. ) тиісті бірретті құжаттарға негіз болып, оны  бас инженер бекітеді.  Ақаудың  анықталған жағдайында, оны қалпына  келтіру үшін қосымша материалдар  және басқа да шығындарды  қажет  еткен жағдайда, аұаудың құнын  кімге жүктеуді және қандай көлемде, қандай тәртіпте  ұсталымдарды жүзеге асыруды басшы бекітетін акт  құрылады. Егер ақауды дұрыстауға тек  кінәлі жұмысшылардың еңбек шығындары  қажет етілсе, онда акт жасалмайды, бірақ жұмыстарды тек қана ақауды дұрыстағаннан кейін қабылдайды.

Бас мердігер жұмыстарды қабылдау алдында  субмердігерлер жіберген ақау субмердігерлердің  есебінде, оның шығындарын өсіріп көрсетіледі. Көбінесе бұл жағдай келісімшартта  қарастырылмаса, жұмыстардың келісім  шарттық құнының жоғарылауына әкелмейді.

Бас мердігер жұмысты қабылдағаннан  кейін анықталған субмердігердің жіберген ақау бойынша шығындардың көрсету  тәртібі, субмердігерлік келісімшарт  жағдайына байланысты. Егер келісімшартта  бас мердігер жұмыс қабылдағаннан  кейін ақау анықталып, субмердігерге  оның жұмысының ешқандай күмән болмаса, онда ақауды жоюмен байланысты барлық шығындар бас мердігерге жүктеледі. Егер керісінше болса, шығындар және  ақысы төленбейтін жөндеу бойынша  шығындар субмердігерге жүктеледі  немесе субмердігер жөндеу бойынша  шығындарының өтемақысын бас мердігерге береді.

  Сапасыз материалдар мен конструкцияларды  қолданудан пайда болатын ақауды  дұрыстауға жұмсалған шығындар  бас мердігердің шығындар құрамына  енгізіледі (егер келісімшартта  құрылыс - монтаждау жұмыстарының  өндіріс барысында жарамсыздық  анықталып, оны жабдықтаушы өтейді  деп көрсетілмесе). Құрылыс процесінде  анықталған қалпына келмейтін  ішкі ақауды дұрыстауға кеткен  шығындар құрамына кіретіндер: шығындалған  материалдардан қайтарылатын материалдарды  шегеру: ақауды жою бойынша жұмысшылардың негізгі еңбекақылары (егер ақауға кінәлі жұмысшылар дұрыстау жұмыстарын орындаса да, еңбекақы төленбеуі мүмкін және бұл жағдай еңбек шартында көрсетілген болса), ақауды жоюға көліктер, құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша және т.б. шығындар оның ішіне негізгі өндірістің үстеме шығындарының үлесін жатқызады. Шығындар құрамына ақауды жою бойынша  үстеме шығындарды жатқызу  тәртібін субъектілердің есеп саясатында анықталады. Шеттегі ұйымдардың ақауды дұрыстаған кезде ақауды жою бойынша шығындарға олардың қызмет құнын жатқызады.

Қалпына келмейтін ішкі ақаудың шығындар құрамына бүлінген элементтердің нақты  өзіндік құнын барлық тікелей  шығындарды және үстеме шығындардың  тиісті үлесінен барлық қалдықтарды  шегергенде, материалдар құнынан  қайтарылатын материалдарды алып тастағанда (бүлінген элементтерге кеткен шығындар), жұмысшылардың негізгі еңбек  ақылары, автокөліктер, құрылыс машиналар  мен механизмдерді пайдалану  шығындарын және т.б. тікелей шығыдарды  жатқызады. Шығындар құрамына ақауды жою  бойынша үстеме  шығындарды  жатқызу  тәртіптерін субъектінің есеп саясатында анықталады.

Өткен жылдарда қолданысқа өткізілген объектілерде анықталған ақаудан  болған жоғалтулар  5410 «Бөлінбеген пайда» (жабылмаған зиян) шотына  есепті жылда анықталған өткен жылдардың шығындары ретінде  апарылады. Ақаудан болатын жоғалтулар жеке  8040  «Басқа да үстеме шығындар»  субшотында шығындар объектілері және баптары бойынша есепке алынады.

8040 «Өндірістегі ақау» шоты дебет  бойынша келесі шоттар кредитімен  корреспонденцияланады:

  • 3350 «Персоналмен еңбек ақы бойынша есепайырысу» - ақауды жою үшін жұмысшыларға есептелген сомаға;
  •     1350 «Құрылыс материалдарыф және т.б.» - ақауды жоюға шығындалатын машина мен механизмдердің құнына;
  •   8030  «Көмекші өндірістер» - көмекші өндіріс қызметінің және ақауды дұрыстағанға дейінгі құрылыс машина мен механизмдердің құнына;
  •   3150 «Әлеуметтік салық»  - жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысына бекітілген пайызбен есептелген әлеуметтік салық сомасына;
  • 3310 «Төленуге тиісті шоттар» - ақауды жою бойынша басқа ұйымдардың қызметтері.

  8040  шоты «Өндірістегі ақау»  субшоты кредит бойынша  келесі  шотар дебетімен корреспонденцияланады:

  • 1280 «Басқа да дебиторлық берешек» - жабдықтаушылар мен мердігерлер мойындаған ақаудан болған жоғалтулар сомасына;
  •   1350  «Құрылыс материалдары және т.б.» - ақауға ұшыраған жұмысты қайтамонтаждау кезде кірістелген материалдар құнына;
  • 3350  «Персоналмен еңбек ақы бойынша есепайырысу» - кінәлі тұлғалардан ұсталынатын сомаға;
  • 8110 «Материалдар» және  8010 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақыларын төлеу» ,   8110 «Құрылыс машина мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар» және   8110 «Үстеме шығындар» құрылыс - монтаждау жұмыстарына тиісті шығындар баптарына жататын ақаудан жоғалтулар;
  • 5410  «Бөлінбеген пайда» (жабылмаған зиян) -   өткен жылдарда қолданысқа өткізілген объектілерде анықталған ақаудан болған жоғалтулар.

Информация о работе Үстеме шығындар