Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Мая 2015 в 18:13, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғалы дамыған 50 елдің қатарынан көрінуді мақсат етіп, жаһандық кеңістікке бет бұруда ертеңгі ел тізгінін ұстар ұлттың ұрпағына сапалы білім алу мен оларды жан-жақты, саналы тәрбиелеудің қыр-сырын аша түсуге, жетілдіруге күрделі міндеттер жүктейді.
Адам тағдыры мен ұлт тағдырын қоғам талабына сай құру мәселесі еліміздің «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау» [1, 16-б.] – деп, айқын көрсетіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ .....................................................................................................3

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ...............................................................................................10

XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары.............................................10

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар, педагогикалық тұжырымдар...................................................................29

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, жүйесі, құрылымы және мазмұны...........................59

ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ МАЗМҰНДЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлар бейнесі арқылы азаматтыққа, ерлікке, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу идеясы...........................................................68

Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю идеясы...............................................80

Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары.................................................100

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................132
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....................................134
ҚОСЫМША ...........................................................................................

Файлы: 1 файл

АРАЙЛЫМ ДИСС-Я.doc

— 1.13 Мб (Скачать файл)

4. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру арқылы педагогикалық ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің жетекші идеясы: Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың қазақ жастарын адами және ұлттық рухта тәрбиелеушілік әлеуетін ескеріп, тарихи-педагогикалық тұрғыдан зерттеп-зерделеп, оқу-тәрбие үдерісіне ендіру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Жеке тұлға теориясы, іс-әрекет теориясы, тарихи-педагогикалық құбылыстырды және мәдени мұраны зерттеудегі жүйелік теориясы, тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық тұғырлары, тарихи сананың қалыптасуы туралы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар туралы тұжырымдар құрайды.

Зерттеу көздері: Әзілхан Нұршайықовтың жеке мұрағаты, жазушының өмірі мен шығармашылық жолын зерттеуге арналған филолог, философ, тарихшы, журналистердің зерттеу жұмыстары, педагогика тарихы мен теориясына, әдістемеге, әдебиеттану ғылымына байланысты материалдар, мұрағат құжаттары, зерттеу жұмысына қатысты ресми құжаттар: Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы, Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, тәрбие тұжырымдамасы, сондай-ақ, тарихи-педагогикалық сипаттағы диссертациялық жұмыстар және Әзілхан Нұршайықовтың көркем шығармалары мен естеліктері, деректі жазбалары, жеке туындылары.

Зерттеу әдістері: мұрағат құжаттарын, оқулықтар мен мерзімді басылымдарды, тарихи-педагогикалық әдебиеттерді саралап зерттеу және жүйелеу, Әзілхан Нұршайықовтың еңбектеріне, ғылыми әдебиеттерге теориялық, педагогикалық талдаулар жасау, жазушымен сұхбаттасу, әңгімелесу, өмірбаяндық деректерін салыстыру, тестілеу, бағалау, жаттықтыру әдістері мен педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы білім беру жүйесіне ендіру жолдарын анықтау, зерттеу нәтижелерін жүйелеп қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды талдауға қажет әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар анықталды.

- Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылық мұрасын зерттеу арқылы «баспасөз педагогикасы» ұғымы, «махаббат тәрбиесі» атты тәрбие бағыты тұңғыш рет теориялық тұрғыда педагогикалық айналымға ұсынылды.

- Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мәні, құрылымы мен құрамы, мазмұны нақтыланды.

- Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды педагогикалық үдеріске енгізу туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- зерттеу материалдары негізінде «Нұршайықов нақылдары» атты мұғалімдер мен оқытушыларға арналған әдістемелік құрал жасалды;

- талданған материалдарды, «баспасөз педагогикасы», «махаббат тәрбиесі» – тәрбие бағытын теориялық тұжырым ретінде жоғары оқу орындарының, педагогикалық колледждердің білім мазмұнына, жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде кең қолданысқа ендіруге болады;

- зерттеу жұмысы нәтижесінде  алынған ғылыми-әдістемелік ұсыныстар  мен қорытындыларды болашақ педагог  мамандарды даярлауда, мұғалімдердің  кәсіби біліктілігін арттыру  институттарында пайдалануға болады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2007-2008 жылдар) Ә. Нұршайықов шығармашылық мұрасы туралы материалдар жинақталды, жазушымен кездесу, сұхбаттасу жүргізілді. Зерттеу мәселесіне қатысты баспасөз материалдарымен танысып, филологиялық, философиялық, тарихи және педагогикалық әдебиеттер мен диссертациялар сараланды, жазушының жеке мұрағатымен танысып, қажетті құжаттар реттеліп, жүйеленді.

 Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын анықтау мақсатымен оның шығармашылық мұрасы жинақталып, зерделенді. Зерттеу тақырыбын ашатын әдіснамалық тұғырлар іріктелініп, жазушы шығармаларындағы тағылымдық идеяларды талдауға негіз болатын әдіснамалық ұстанымдар мен педагогикалық тұжырымдар анықталды.

Екінші кезеңде (2008-2009 жылдар) Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, оның еңбектеріндегі негізгі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер, көзқарастар, идеялар анықталып, олардың құрылымы мен мазмұны айқындалды. Жалпы білім беретін орта мектептерде, жоғары оқу орындарында пайдалану мүмкіндіктері қарастырылып, арнаулы курс бағдарламасы жасалынды. Зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс нәтижелері ғылыми конференцияларға және баспа беттеріне даярланып, жарыққа шықты.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жылдар) Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы педагогикалық идеялар жүйеленіп, ЖОО-ның орыс топтары студенттеріне жүргізілген «Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар» тақырыбындағы арнаулы курс оқу-тәрбие үдерісіне енгізіліп, педагогикалық-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелері сарапталып қорытылды, диссертация түрінде рәсімделді.

Зерттеу базасы: Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың жеке мұрағаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының кітапханасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Педагогикалық кітапхана, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті,

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылды:

1. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың қалыптасуына ықпал еткен тарихи кезеңдердің нақтылануы.

2. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдар арқылы талдануы.

3. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы рухани-адамгершілік тәрбиелеу, этникалық мәдениетке тәрбиелеу, салауатты өмір салты дағдысын қалыптастыру, еңбек мәдениетіне тәрбиелеу, елжандылық пен азаматтықты тәрбиелеу, гендерлік тәрбие және отбасылық өмірге даярлық, махаббатқа тәрбиелеудегі тағылымдық әлеуеті.

4. Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру мүмкіндіктері.

Зерттеу жұмысының дәлелдігі мен негізділігі:

Ғылыми жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізінде дәлелденуімен, тұжырымдалған қағидалардың педагогтар тарапынан мақұлдауымен, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуімен, қойылған мақсат, міндеттерді орындауда кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу жұмысының дәлелдігі мен негізділігі:

Ғылыми жұмыстың педагогикалық әдіснамалық және теориялық негізде дәлелденуімен, тұжырымдалған қағидалардың педагог-ғалымдар тарапынан мақұлдауымен, педагогикалық-тәжірибелік жұмыстардың жоспарлы түрде жүргізілуімен, қойылған мақсат, міндеттерді орындауда кешенді әдіс-тәсілдерді қолданумен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен ендіру:

Жұмыстың негізгі қағидалары мен нәтижелері

Жұмыстың негізгі қағидалары мен нәтижелері халықаралық ғылыми конференцияларда (Атырау 2009 ж), (Ақтөбе 2009 ж.), (Алматы 2009 ж.), (Алматы 2010 ж.) баяндалды, сонымен қатар, Республикалық ғылыми, педагогикалық басылымдарында («Білім-Образование» №5, 2009 ж., «Ізденіс-Поиск» 2009 ж. «Қазақстан жоғары мектебі» №  2010 ж; «ПҒА Хабаршысы» 2010 №2, 2010ж.; «Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика» №1, 2010 ж. ) журналдарында жарық көрді.

Диссертацияның құрылымы:

Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының таңдалу себептері мен оның өзектілілігі дәлелденіп, зерттеудің қарама-қайшылығы мен проблемасы, мақсаты мен міндеттері, нысаны мен пәні, ғылыми болжамы айқындалып, зерттеу әдістері мен әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы баяндалады және қорғауға ұсынылатын қағидалар тұжырымдалып, жұмыстың дәлелдігі мен негізділігі анықталды. Сонымен қатар, зерттеудің нәтижелері арқылы педагогикалық тәжірибеге ендіру жолдары көрсетіліп, диссертация құрылымы жасалынды.

«Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың тарихи-педагогикалық негіздері» атты бірінші бөлімде жазушының дүниетанымдық және педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен тарихи-әлеуметтік факторлары анықталып, ақынның өмірі мен іс-әрекеттері негізге алынады. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді талдауға негіз болатын ұстанымдар мен педагогикалық тұжырымдар қарастырылады. Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің мәні, құрылымы және мазмұны анықталады.

«Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың мазмұндық сипаттамасы» атты екінші бөлімде жазушы шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға талдау жасалып және бүгінгі қоғам талабына сай негізделеді. Жазушының «Ақиқат пен аңыз», ерлік пен батырлық, елжандылық пен ұлжандылық, Отанды сүю идеялары «Махаббат, қызық мол жылдар», «Мәңгілік махаббат жыры» шығармаларындағы адамды сүю, махаббатқа тәрбиелеу идеяларының әлеуметтендірушілік әлеуеті мазмұндық жағынан сипатталып, білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылып, жолдары зерттеледі.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері талданып қорытылады, жұмыстың қорытындысына байланысты тұжырымдар мен осы мәселенің әрі қарай зерттелуіне негіз болатын ұсыныстар беріледі.

Қосымшаларда « Қазақ әдебиет» пәні бойынша оқытылар мәтіндер, тәрбие сағатының үлгісі және мұрағат құжаттары беріледі.

1. ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРДЫҢ ТАРИХИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 XX ғасырдағы саяси-әлеуметтік жағдайлардың Әзілхан Нұршайықов дүниетанымының қалыптасуы мен шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеяларға әсер ету факторлары

Қазақ жері – түркі халықтарының тарихи Отаны. Сондықтан да тарихының тамыры тереңге кеткен халық ретінде тәлім-тәрбие мәселесін де тым арыдан қозғаймыз. Тарихи тереңдеген сайын болашағымыз айқынырақ болатыны сөзсіз. Бұл күнде қазақ халқынан шыққан тарихи тұлғалар мен батырлардың, ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің тұлғалық бейнесін сомдап, рухани тамырына көз жіберер болсақ, өткенімізбен сабақтастыруға негіз бар. Қазақ халқының дара тұлға азаматтарының бейнесін жас ұрпаққа үлгі етерде даралықтың тамыры тереңге бойлап, ізгілік пен батырлықтан, имандылық пен руханилықтан нәр алып, адами асыл сапалармен асқақтай түскенін байқаймыз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасында да болашақтың иесі жеткіншек ұрпаққа туған халқымыздың этномәдениеті және жалпы азаматтық құндылықтар мен идеалдар үлгісінде тәрбие беру міндеттеледі. Олай болса, қазіргі кезде жастарымызды ұлттың азаматы болуы үшін ұлттық рухта тәрбиелеуге негіз болатын тұлғалардың өмірбаяны мен шығармашылығы кеңінен зерттеліп, олардың тәлім-тәрбиелік идеялары білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі маңызды. Тарихи-педагогикалық зерттеулер осы бағытта шешуші рөл атқарады.

Жаңарған қоғамда жаңа бағыт ала дами, қалыптасып келе жатқан педагогика ғылымына Қазақстанның халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Мемлекеттік Абай атындағы сыйлықтың және мемлекетаралық А. Фадеев атындағы сыйлықтардың лауреаты, тамаша аудармашы, жас ұрпаққа өмірі мен шығармалары үлгі Әзілхан Нұршайықовтың тәлім-тәрбиелік ой-пкірлер мен идеялары зерттеліп қосылса, жарқын мысал болар еді.

Адамның тұлға ретінде танылуына ел мен жердің, уақыт мен заманның өз үлесі бар. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың да өсіп-жетілуіне, білім алып қалыптасуына, дүниетанымының толысуына, қиындықтарға шыңдалуына, танымдық-тәлімдік шығармаларының дүниеге келуіне өмір сүрген кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың ықпал еткені шындық. Оның шығармашылығы кең тарап, еліміздің халық жазушысы атануына басты фактор оның табиғи дарыны ғана емес, сонымен бірге елдегі қоғамдық-саяси ахуал және бейбіт күн үшін күрес, замандастарының ерлік пен батырлыққа толы істері,  сол дәуірдің жақсы өмірге, рухани байлыққа деген құштарлығы да әсер еткен болатын. 

Жазушының дүниеге келген ХХ ғасырдың 20-жылдарының басы біздің қазақ жерінде Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес өкіметінің орнап, жаңа заман орнаған кез болатын. Ескі жүйе болып саналатын қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, діні мен ділі, жалпы өмір салты сыналып, жаңа көзқарастағы жаңа коммунистік идеология кеңестік бағытпен қазақ халқының өмірін мүлде басқа арнаға бұрды. Мұның жақсы жақтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Қазақ халқын жаппай отырықшылыққа көндіру мақсатындағы малын тартып алып елді есеңгіреткен тұстарын айтпағанда, сауатсыздықты жою, мектеп жасына келген балаларды жаппай мектепке тарту – халық өміріне елеулі өзгерістер әкеле бастады. Этномәдениеттің ескінің көзі деп аластатыла бастауы да халықтың бірте-бірте өз өмір салтынан жеріп, жаңаша орыстық – кеңестік үлгіде өмір салтын бастауға мәжбүр етті.

Тарихи-педагогикалық зерттеулердің талаптарына сай, қаламгер Әзілхан Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың пайда болуы мен қалыптасуын кезеңдестіру тұрғысында қарастырар болсақ, тарихи және саяси-әлеуметтік кезеңдермен байланыстыра сатыланғанын байқар едік. Сонымен, бірінші – тегі мен туып-өскен жері, білім алып, алғаш танылған ортасы.

Қазақ мәдениетінің басты ошақтарының бірі Семей өңірінде 1922 жылы дүниеге келген Әзілхан Нұршайықов – Жарма ауданы, «Ақбұзау» колхозына қарасты «Келін сүйегі» ауылының тумасы. Социалистік қоғамның белсендісі болған әкесі Нұршайық Амангелдин – алғашқы колхоз ұйымдастырушылардың бірі, коммунист.

«Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» жырының тарихи Отаны, Абылайханның сенім артқан батырларының бірі Қабанбай ерлік жасаған өлке, «Еңлік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр» сынды халық жырларын тудырған мекен, Абайдай ғұлама ойшылдың ойлы жырларын таратқан орталық – Семей аймағында туылып, өсіп, мектепке барып сауаттануы да Әзілхан Нұршайықовтың тағдырында өзіндік із қалдырса керек.

Информация о работе Әзілхан Нұршайықов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялар