Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні
Курсовая работа, 09 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.
Файлы: 1 файл
мемлекет дамуы.docx
— 113.16 Кб (Скачать файл)Жалпы өзін-өзі басқарудың ГФР-дағы негізгі территориалдық бірліктер – общиналар, яғни қалалар мен ауылдар (ГФР-ң территориясының барлығы община территориясына бөлінеді), ауылдық аймақтар. Олардың құрамына бірнеше общиналар кіреді және қала-аудандар мен үлкен қалалар (100000 тұрғыннан аса халқы бар) кіреді. Олар аудандарға бағынышты емес. Осы барлық территориялық құрылымдар ұйымдық рәсімделген құқықтық негізде дербес басқару субъектілері болып табылады. Общиналар орталық ретінде де қарастырылады, мұндай жағдайда олар мемлекеттік басқарудың азаматтарға жақындатылған орталықтары ретінде, немесе, азаматтардың жергілікті қоғамдастықтары шегінде пайда болатын немесе оған тікелей қатысы бар мәселелердің барлығын шешу орталықтары ретінде қарастырылады.
ГФР-да өзін-өзі басқаруға шек қоятын көптеген заң актілері бар. өзін-өзі басқару мемлекеттің юридикалық бақылауында болып табылады. Берілег жағдайда бұл функцияны аумақтық басқару сияқты мемлекеттік инстанция орындайды. Ол жер министерствалары мен аудандық әкімшілік арасында, немес үлкен қалалар мен аудан орталықтары арасындағы аралық орын алады және мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлі қызметін атқарады. Сонымен қатар федерациялар мен жерлер общиналарға өз компетенцияларына кіретін мемлекеттік басқарудың кейбір міндеттеріне қайта сенім білдіреді. Тапсырыс бойынша басқару сферасы құрылады, оларға өз кезегінде полицияның әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етуі бойынша міндеттері мекемелерімен қатар жатады.
Мемлекеттік общиналар адамдардың күнделікті қажеттіліктерін қанағатандыруы бойынша негізгі басымдыққа ие болады. Соңғы жылдары басқарудың аудандар арасындағы және аудандар ішіндегі басқару звенолары пайда болды. Олар комуннааралық серіктестік және координация қызметін өз мойнына алады.
АҚШ-та барлық ел үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейтін әкішілік-территориялық бірліктерге бөлу қағидалары орын алмайды. Әрбір штат өзінің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырады.
АҚШ-та федералды үкімет және федералды штат үкімететтерімен қатар (олардың саны 50) 82 000 жергілікті басқару органдары бар. АҚШ-тағы жергілікті басқару органдары жалпы функцияларды жүзеге асыруға өкілетті органдарға (графтықтар, муниципалиттер және тауншиптер) және белгілі бір функцияларды орындау үшін құрылатын арнайы бір мәні бар органдарға бөлінеді.
Штаттардың әкімшілік-территориялық бөлінуінің дәстүрлі бірліктері болып графтықтар табылады. Олардың көбі колониальды кезеңде пайда болған.
Француздық модельді ұстанатын елдерде «негативті» басқару қағидасы орын алып отыр. Осыған сәйкес, жергілікті органдар заңмен тыйым салынбаған барлық іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы болып табылады. Жергілікті органдардың өкілеттіліктерінің құрамы мен көлемі мұнда заң бойынша мемлекеттік органдарға берілмеген бос қалған кеңістікпн байланысты болады. Жергілікті органдар компетенциясына шетелдерде ең алдымен қаржылық-экономикалық қызмет, оның ішінде жергілікті бюджетті қабылдау, жергілікті жоспарлау, муниципалды шаруашылықты реттеу, территорияның экономикалық дамуына қолдау көрсету кіреді. Бұл органдардың компетенциясына халықтың күнделікті әлеуметтік және әлеуметтік әл-ауқаттылығымен оның өмір сүруін қамтамасыз етуімен байланысты сфералар кіреді. Жергілікті органдар қоғамдық тәртіпі сақтауда жауапты болып табылады. Олар жергілікті полиция күштеріне бұйрық бере отырып, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін белгілейді және қамтамасыз етеді.
Қазіргі кездегі әлемдегі елдер заңдарында жергілікті органдардың өкілеттіліктері міндетті және факультативті «ерікті» болып бөлінеді. Міндеттілерге жалпы мемлекеттік мәнге ие және міндетті түрде орындалуы тиіс өкілеттіліктер жатады. Олардың құрамына кіретіндер: сумен қамтамасыз ету, электр және газбен қамтамасыз ету, транспорт және денсаулық сақтау, білім беру, т.б.
Факультативті өкілеттіліктер ереже бойынша, нақты қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жергілікті биліктің өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Олар әдетте әлеуметтік және мәдени қызметтермен байланысты болады. Оларды атап өтсек, қоғамдық парктер, библиотекалар, мүгедектер мен кедейлер үшін үйлер тұрғызу және т.б. қамтамасыз ету.
Жергілікті органдар айналаны қорғау ісі бойынша да кең құқыққа ие болып табылады. Олар экологиялық нормативтерді орындау бойынша бақылау ұйымдастырады. Нормативтерді бұзған жағдайда жергілікті билік органдары айыппұл белгілеуге өкілетті болады. Берілген өкілеттіліктер негізінде жергілікті биліктер автономды әрекет етеді және кейде өздерінен жоғары тұрған органдарға жасалынған жұмыс нәтижесі туралы есеп береді. Олар жоғарыдағы басқару деңгейінің бақылауынсыз шешімдер қабылдау құқына ие. Мысалы мэрлер аймақ басшылығының немесе штат губернаторлары алдында есеп беруге міндетті емес. Заңда анықталған жағдайларда жергілікті органдар алым және салық туралы шешім қабылдайды, шығындар статьясын анықтайды, басқару саясатын қалыптастырады.
Жалпы айтқанда, жергілікті органдарға бақылау жүргізу унитарлы мемлекеттерде орталық үкімет пен ережелер бойынша бір немесе бірнеше министерствалар арқылы жүзеге асырылады. Франция мен Италияда, мысалв, мұндай органдар ішкі істер министрліктері қасында, ал Ұлыбританияда қоршаған ортаны қоғау ісі бойынша министрлігіне, Жапонияда – жергілікті өзін-өзі басқару министрлігі ведомствасының құрамына кіреді. Федералды мемлекеттерде жергілікті органдардың іс-әрекеті ереже бойынша федерация субьектілерімен бақыланады. Қазіргі уақытта көптеген дамыған елдерде, оның ішінде Батыс Еуропа еледерінде орталық аймақтар және өзін-өзі басқару арасындағы қатынастарды реформалау процесі өз жалғасын тауып отыр. Бірқатар үкіметтер мемлекеттік деңгейді орталықсыздандыру саясатын жүргізіп отыр. Бұл кезде жергілікті органдарға көптеген мәселелерді шешуге автономды билік беріледі. Басқалары, крісінше жергілікті территориалды коллективтердің ісіне араласуды күшейтіп отыр.
Жергілікті басқару ұғымы әлемнің қазіргі кездегі елдерінде 2 түрлі органдарды қамтиды:
жергілікті өкілетті орган, ол әкімшіл-территориалдық бірлікке сәйкес халықпен сайланады;
орындаушы немесе атқарушы орган, олар көбіне өкілетті органдардың шешімдерін орындайтын және жылдам басқаруды жүзеге асыратын органдар.
Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың міндетті түрде өзін-өзі басқаруға қатысуын білдіреді. Олар сайлаушылар, жергілікті саяси және әлеуметтік ұйымдар мүшесі ретінде, тағайындалған лауазым иелері немесе қызметшілері ретінде жиын органдары ретінде өзін-өзі басқаруға мүмкіндіктері бар.
Батыс елдерінің мысалдары көрсеткендей, жергілікті деңгей мен орталық арасында орын алатын күрес мемлекет азаматтарымен норма ретінде бағаланады. Мысалы, Германияда консерваторлар мемлекет муниципалды ұйымдарға сәйкес емес қаржыландыру шығындарына жол бермеу талабын ұстанып отыр. Сонымен қатар консерваторлар федералды аймақтардың муниципалды ұйымдастықтарға өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін беруді, сол арқылы олар приоритетті шараларды таңдап алуына жол беруді талап етуде.