Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні
Курсовая работа, 09 Ноября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Республика кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.
Файлы: 1 файл
мемлекет дамуы.docx
— 113.16 Кб (Скачать файл)Өзін-өзі басқарудың бұл екі типі бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, үлкен айырмашылықтарға ие болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері Қазақстан Респубикасының 89 статьясында негізделген: «Қазақстан Республикасында жергілікті мәні бар сұрақтарды халықтың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады». Бұл қоғамды демократизацияландыру жолында үлкен жетістік болып табылады және тәжірибе жүзінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі жағдайлары мен механихмін құру мақсатындағы жұмыстардың одан әрі дамуының құқықтық негізін қамтамасыз етеді. [1]
Мұндай жобаларға ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы», «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «ҚР тұтыну кооперациясы туралы» және тағы басқа заңдарында бекітілген құқықтық нормалар ықпал етті.
Бұдан басқа, зерттеулердің алғашқы этапында өзін-өзі басқарудың англосаксондық типін (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия); француздық немесе континентальдық типін (Франция, Италия, Бельгия, Испания және Латын Америкасының, Таяу Шығыстың бірқатар елдері) және аралас типі тән (ГФР, Жапония және тағы басқа елдер) басқа елдердің тәжірибелері мұқият зерттелген. Бірақ олардың ешқайсысы біздің елдегі өзін-өзі басқару моделін құруға дайын рецепттер бермейді. Осыны және елдің унитарлығын ескере отырып біз жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке өзіндік жүйесін қарастыруға талпыныс жасадық.
Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық-құқықтық және әлеуметтік-саяси мәселелерінің жетілмегеніне байланысты қазіргі кезге дейін нормативтік базасы жоқ.
Жергілікті өзін-өзі басқару жеткілікті экономикалық дербестікке ие, корпорация ретінде муниципалитет статустына ие, коммерциялық, жеке және мемлекеттік құрылымдардан ерекшеліктерге ие болады және мемлекеттік-коммерциялық сипатқа ие.
Толықтырушы ерекшеліктері болып территориалдық негізделуі болашақтағы және компактті өмір сүруші халықтың мүддесін көздейтін әлеуметтік бағытталуы.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік сипаты ең алдымен Қазақстанда ҚР Заңдарында жергілікті деңгейде басқару республикалық және аймақтық басқару деңгейінде мойындалғандығымен анықталады. Ол мемлекттің бастамашылығымен құрылған ережелер бойынша қалыптасады және жергілікті қоғмдық мүддесіне сай мемлекеттің кепілдігімен және қадағалауымен жұмыс істейді, сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сәйкес құрылады және қызмет етеді.
Жергілікті жерлерде мемлекеттік саясатты жергілікті өзін-өзі басқару органы жүзеге асырады. ҚР Конституциясының 89-бабының 2 пунктіне сәкес «жергілікті өзін-өзі басқару халықтың сайлауы жолымен жүзеге асырылады». [1]
Әлемдік және өзіндік
тәжірибелерге сүйене отырып, ҚР
жергілікті өзін-өзі басқарудың
негізінде келесі қағидаларды
атап өтуге болады:
Жергілікті өзін-өзі басқару компетенциясы және жергілікті мәні бар мәселелерді шешуде өз компетенциясы шегінде салыстырмалы дербестікке ие, сонымен қатар өз территориясында халық мүддесін көрсетуде жауапкершілікке ие және бұл жағдайда дербестікке ие болады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық қатынастардың халықтың аумақтық ұйымдасуы, билік құрылымдарының араласуынсыз жергілікті мәселелерді шешуге байланысты біртұтас жүйесін көрсетуі керек.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірлігі ретіндегі территориалды тип. Бұл Қазақстанның поселоктері мен ауылдарындағы адамдардың жиынының тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптарын және құндылықтарын ескереді.
Мемлекеттің барлық халқы қоғам басқаруындағы жергілікті өзін-өзі басқару желісімен қамтылғандықтан, жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық тәртіптің негізінің бірі болып табылады және мәні бойынша қазіргі заманғы демократиялық қоғамды ұйымдастырудың негізін құрайтын принцип болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құру мемлекеттіліктің одан әрі дамуының «фундаменті» болады. Ол сонымен қатар қоғамның өздігінен жоғары ұйымдасуының азаматтық қоғамының құрылуының әлеуметтік негезінің пайда болуы және республиканың бүтіндігін нығайтуды ескере отырып мемлекеттің өзінің тиімділігін жоғарылатудың негізі болып табылады. Бұл үшін мұнда мемлекет пен оның аумақтық қоғамдастықтарының мүдделерін сәйкестендіру механизмі мен мемлекеттік билік, аймақтық және жергілікті басқару құрылымдарының, ал ең алдымен нақты жергілікті территориалдық қоғамдастықтардың мүдделелін қанағаттандыратын басқару жүйесі жасалған.
Жергілікті өзін-өзі басқару институты барлық елді оны заңмен қамтамасыз етуді қамти отырып, рыноктық инфраструктураның жүйесінің құрылуының базасы болады және дамушы мемлекеттік саясаттың нақты күнделікті кері байланысы болады.
Қоғамдық басқарудың бірыңғай жүйесін құрудың негізгі проблемасының бірі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың бөлінуі және сонымен бір уақытта олардың органикалық үйлесімі механизмін іздестіру болып табылады.
Мұндайдың жоқ болуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды заңды мойындауға қарамастан, ол жергілікті мемлекеттік басқарудың жалғасы болып табылады. Бұл үшін мемлекеттік минималды шығындар заң жобасына келесідей шараларды қосу қажет.
Мемлекттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін нақты бөліп көрсету
Заңның жоғары тұруы
Мемлекет минималды шығындар мен анықталған әрбір жақтың өз міндеттері мен жауапкешіліктерін қатаң орындауы
Бұл қағиданың, яғни мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы қызметтердің заң жүзінде бөліну қағидасының орындалуының күрделілігі – жергілікті өзін-өзі басқару қызметтеріне араласпаудың кепілі болып мемлекеттің өзінің болуы табылады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару институты мемлекеттің өзінің маңызды қажеттілігіне айналу механизмі қажет. Бұл норманы варианттардың бірі ретінде электораттың территория халқы өкілетті сайлап алынған билік орындары мен сайланған әкімдердің кері байланыстық жүйесі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қызметтері:
жергілікті қоғамдастықтың кодексін жасау және қабылдау
жергілікті қоғамдастық шекарасы мен территория құрамын белгілеу
ҚР Үкіметімен жергілікті қоғамдастықтың меншігіне берілген қоғамдық меншікті басқару
жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтау, олардың өкілеттіліктерінің мерзімі мен қызметін бөліп көрсету
заңға сәйкес мүлік және қаржы туралы қабылданған ережелер негізінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізу
жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетінің қалыптасуы мен шығындары тәртібін қабылдау
жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды қызметкерлерін заңға сәйкес сайлау ережелерін қабылдау
ауыл немесе поселок халқының мүдделерін жоғары басшылық органдарына, басқа жергілікті органдарға және шаруашылық субъектілерге көрсету және қорғау
жергілікті қоғамдастық территориясында білім беру денсаулық сақтау мекемелеріне және әлеуметтік-мәдени сферасын қолдау және дамуына ықпал ету
жергілікті қоғамдастық территориясын қамтамасыз ету және әл-ауқаттылығы бойынша шаралар ұйымдастыру: парктер, көшелер, су қоймалары, демалыс орындары және тағы басқа
халыққа транспорттық қызмет көрсетілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету
коммуналды қызмет пен бірінші қажеттілікті товарлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
жергілікті қоғамдастық территориясында ветеринарлық қызметтер ұйымдастыру
жергілікті қоғамдастық территориясында кәсіпкерліктің дамуына және заңды және экономикалық кеңес беруді дамытуға ықпал ету
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаулысын қабылдау.
III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ