Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.

Содержание работы

Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

kursovoyJ.docx

— 80.08 Кб (Скачать файл)

Өндірістік  оқыту тәжірибесінде оқушыларға алдыңғы қатарлы еңбек амалдары мен тәсілдерін үйретудің өте тиімді әдістемелік тәсілдері қалыптасқан:

  • алдыңғы қатарлы еңбек тәсілдерін шебердің өзінің көрсетуі;

  • оқушылардың алдыңғы қатарлы еңбек тәсілдері мен әдістерін игеруі бойынша олардың жұмыстық орындарында арнай жаттығуларды ұйымдастыру;

  • оқушылардың өндірістік практиканы өтуі барысында білікті жұмысшылар мен мамандардың жұмыс орындарын ұйымдастыру мен жабдықтаудың, еңбекті ұйымдастырудың ерекшеліктері, жоғары нәтиже беретін, қолданылып жүрген еңбек амалдары мен тәсілдерінің ерекшеліктері туралы әңгімелесуін ұйымдастыру;

  • оқушылар өндірістік практиканы өтетін кәсіпорынның біліктілігі жоғары жұмысшыларын еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдері мен әдістерін көрсетуге шақыру;

  • біліктілігі жоғары жұмысшылар мен мамандардың жұмысын оқушылардың бақылап тұруын ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты  – маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды, шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі  жоғары өзбетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыны шығармашылыққа жетелеу. Бұл мұғалімнен терең біліктілікті қажет етеді.

Өндірістік оқыту сабақтарында бұйымдар  дайындауда технологиялық үдерістер және осы үдерістердің ғылыми негіздері жөніндегі білім берумен қатар практикалық сабақта олардың еңбек іскерліктері мен дағдыларын еңбектің сферасына сай қалыптастыру тиімді болып табылады.

Өндірістік оқытудың мазмұны – оқылатын мамандық негізінде оқушыларға білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.

Арнайы технология пән сабақтарында оқушылардың білімді игеруі мен оларда  еңбектік  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  оңай болып  көрінгенімен, нақтылы жағдайда жүзеге асыру үшін оларға берілген анықтамалар мазмұны мен психологиялық және педагогикалық негіздерін білу, соған сәйкес  оқыту әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдап, қолдана білу керек.   Оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық  тәжірибе негізі арқылы мұғалімдер оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.

Оқытудың  әдістері  мен  оқушылар  тарапынан  жүзеге  асырылатын 

өндірістік оқу  әдістері  еңбектік  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырудың  кепілі  болып табылады.

Өндірістік оқыту  (немесе арнайы технология) сабақтарында  оқушылардың  бойында төмендегідей білім мен ептіліктерді қалыптастыруы керек:

- технологиялық сипаттағы білімдер жүйесін;

- технологиялық дүниетанымын;

- көркем еңбек барысын жоспарлауды, бақылауды, және өзіндік іс – әрекетті бақылауды ұйымдастыру;

- әртүрлі оқу – өндірістік жағдайларда және іс – әрекет түрлерінде жасалынатын жалпы еңбектік ептіліктерді;

- шығармашылық ойлауды, шығармашылық іс – әрекет элементтерін;

- жинау, талдау, талдап қорыту, мәнді жақтарын бөліп алу, жіктеу, топтамалау сияқты технологиялық ептіліктерді;

- еңбек сапасын және жеке тұлғаға тән қасиеттерді;

- қолөнер шеберлеріне құрмет көрсетуді, еңбек сүйгіштікті, ұжымшылдықты, өз бетінше жұмыс жасауды, белсенділікті, үнемшілдікті, ұқыптылық пен зейінділікті, еңбек ету тәртібі мен жауапкершілікті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы

2 Пошаев Д.Қ. Мамандық таңдау негіздері. Кәсіптік оқу құралы. –Шымкент, ОҚМУ, 2007. -84б.

3 Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы. // Қазақстан мұғалімі. -1996. -№7. – 9 сәуір

4 Сыздықов О., Пошаев Д.Қ., Ортаев Б.Т. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі: 5В012000-Кәсіптік оқыту мамандығына арналған оқу құралы. –Алматы: Нұрлы әлем, 2010. -394 б.

5 Жолдасова Б.Б. Оқушыларды  еңбекке және кәсіпке бейімдеудің  сипаты // Қазақстандағы үздіксіз  кәсіби білім берудің мәселелері  мен перспективалары. Халықаралық ғыл. теор. Конф материалдары.  -Астана, Евразия, 2009.-Б.144-147

6 Сабыров Т.С Оқыту технологиясының негіздері Алматы Республикалық баспа кабинеті 1993,14бет

7 Кругликов Г.И. Методика преподавания технологии с практикумом: учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – 3-е изд., стер. – М.: Издательский центр “Академия”, 2007. – 480 с.

8 Сейтешев А.П., Абдыкаримов Б.А. Научные основы профессионально-технической педагогики. –Алматы, Казпрофтехконтакт. 1993. – 432 с.

9 Сыздықов О., Пошаев Д., Ортаев Б. «Технология» пәнін оқыту әдістемесі. –Алматы: Нұрлы әлем. 2010. -394 б.

10 Катханов К.Н. Педагогические проблемы производительного труда учащихся в профессионально-технических училищах. Профпедагогика. –М.: Высш. школа, 1973, -264 с.

11 Саденова А.Қ. «Өндірістік оқыту әдістемесі» лекциялар курсы. ШҚМУ, кәсіптік оқыту және технологиялар кафедрасы

12 Пайдаланған әдебиеттер: А.М.Әбдіров, Ғ.Қ. Сейфуллина «Қауіпсіздік техникасы», А.Тапалав «Өндірістік оқыту».

13 К.Өстеміров, Е.Бекболғанов, Н.Әліпбеков. Өндірістік оқыту шебері, 2008 ж/ 168 бет. 

 

 

 

 


Информация о работе Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау