Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2014 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.

Содержание работы

Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

kursovoyJ.docx

— 80.08 Кб (Скачать файл)

Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:

- қимыл дағдысы;

- ойлау дағдысы;

- сезім дағдысы.

Қимыл дағдыларында - оқушылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады.

Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар.

Сезімдік дағдылар  оқушылардың іс - әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай – ақ бұл әрекет әсіресе, технологиялық процестерді ұйымдастыру мен бұйым сапасын бақылау кезінде байқалады [8].

Дағдының пайда болу процесі іріленумен ғана емес, сондай-ақ автоматизмге жақыңдауына қарай жеке операцияларды өткізіп жіберуменде сипатталады. Мысалы, алгоритмді игеріп алу кезеңінде жүргізетін бірсыпыра ұсақ операциялар мен расчеттар кейіннен өткізіледі алгоритм жырысын қалады. Осының арқасында дағдының негізінде жатқан әрекетті үнемдірек орындауға қол жетеді. Осының бәрі оқу процесінің барлық кезеңінде оқушылардың іс жүзіндегі әрекетінің міндеті болып табылатының көрсетеді.

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет. Жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне компетенттік тәсілді алу ұсынылып жүр .В.Шепель компетенттілік ұғымына білім, біліктілік, тәжірибе, білімді пайдалануға теориялық-төжірибелік дайыңдық ретінде анықтама береді. В.Ландшеер, П.Симонов, М.Чошановтардың түсіндірмесі бұл анықтамаға қайшы келмейді. Дегенмен, В.Симонов әлеуметтік даярлық туралы айтса, М.Чошанов көбінесе компетенттіліктің мазмұндық (білім) және процессуалдық (білік),ал ВЛандшеер компетенттілікті тереңдетілген білім деп түсіндіріледі [9] Ал психологиялық сөздіктерде "компетенттілік жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеті" деген түсінік берілген."Осы айтылғандарды қорытындылай келе компетенттілік ұғымына мына-дай анықтама беруге болады: "Компетенция — оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік мобилъділігін анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктер. Демек, компетенттілік ұғымы "білім", "білікгілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Компетенттілік оқу нөтижелерімен қатар, оқушылардың шығармащылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді." Білім,білік,дағды қасиеті өзінің даралығымен сипатталып,өз бетімен жетілдіріліп отырған жағдайда ғана құзіреттіліктің негізі бола алады.

Білім сапасы білім,біліктілік,дағды,тұлғаның қасиеттері, қабілеттерімен бағаланса,тұлға педагогикалық объект ретінде меңгерілетін,қалыптасатын адам тәжірибесі ретінде қарастырылады. 

 

2.2 Өндірістік оқыту процесінің  маңызы

 

Өндірістік білім бағыттылығы негізінен оның кәсіптік оқыту орнында жүргізілетін оқыту пәнімен сонымен бірге болашақ жұмысшылар меңгерген мамандықпен анықталынады. Уақытының көп бөлігін ол оқу сабақтарына, кабинетті жабдықтауға, оқыту-әдістемелік материалдарды дайындауға, слайдтар, көрнекіліктер жасауға арнайды.

Өндірістік білім беру педагогы іскерлігінің негізгі бағыты болашақ мамандардың кәсіби білімін (теориялық және тәжірибелік) жетілдіру болып

табылады. Ол педагогикалық іскерлікке даярлықтан басқа кәсіби оқыту

мекемесінде кадрларды дайындауға арналған халық шаруашылығының маманы болып табылады.

Өндірісті білім беру педагогының кәсіби іскерлігінің мазмұны оның

педагогикалық еңбегі мен инженерлік интегралымен анықталады. Қазіргі

жаңашыл қоғамның алдында білім беруді, соның ішінде ең алдымен кәсіптік

білімді гуманизациялау ең басты мәселе болып отыр.

Өндірістік білім беру педагогы білім беруде мамандықты игерту мен білікті жұмысшы кадрларды даярлау бағытын қарастырады. Кадрлар даярлауда болашақ маман кәсіби қалыптасудың кезеңінен өтеді.

Өндірістік білім беру педагогының мақсаты – оқушылармен, жұмысшылармен, мамандармен кәсіби оқытуды жақсарту, оны іске асырудағы әдістер мен ұйымдастыру формаларын жетілдіруді көздейді. Сонымен қатар кәсіптік білім беру педагогы кәсіби және өндірістік іс-әрекетті орындай алуы керек [10].

Өндірістік оқытудың шебері теориялық білім бере білуі тиіс. Өндірістік

оқытудың әдістері олардың оқу барысындағы алатын орнымен сипатталады.

Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжымдағы ерекше фигура, оның атқаратын қызметі мен қызметтік міндеттері көпқырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шебері - кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз, өзіне бекітіліп берілген оқушылар тобының өмірі мен тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, еңбек жолына жаңа енетін жастардың, бозбалалар мен бойжеткендердің тәлімгері. Кәсіптік (өндірістік) оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, оқушыларға кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстарды орындауға қатысады. Сабаққа қажетті қондырғылар мен сәйкес жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Ауыл шаруашылығы мамандығы бойынша гаражды, шеберханадағы қызметті меңгереді, олардың өз уақытында жабдықтармен, құралдармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен жабдықталуы бойынша жұмыс атқарады. Қауіпсіздіктің сақталуын, оқушылардың еңбек етудің алдыңғы қатарлы әдістерін, өндірістегі қазіргі таңдағы техника мен технологияны меңгеруін қамтамасыз етеді. Практикалық жұмыстардың, сондай-ақ сапалы өнім дайындау мен халыққа қызмет көрсету бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен және шаруашылықтармен оқу (өндірістік) практиканы өткізу бойынша келісім шарт жасауға қатысады және оның орындалуына бақылау жасайды. Оқушыларға біліктілік жұмыстарын орындау мен біліктілік емтихандарын тапсыру үшін дайындалуға көмектеседі. Пәндік (циклдік) комиссиялардың, конференциялардың, семинарлардың жұмысына қатысады. Оқушылардың жалпы білім, кәсіптік, мәдени дамуына ықпал етеді, оларды техникалық шығармашылыққа тартады. Сонымен қатар, өндірістік оқыту шебері ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, ҚР «Білім беру туралы» заңын, Үкімет пен кәсіптік білім беру мәселелері бойынша білім беруді басқару органдарының шешімдерін, бала құқығы жөніндегі Конвенцияны, еңбек заңдылығының негізін, өндірістік оқыту бойынша оқу бағдармаларын, өндіріс технологиясын, өндірістік жабдықтар мен оны техникалық пайдалану ережелерін, педагогика мен психология негіздерін, кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін, еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын білуі керек.

Өндірістік оқытудың әдістері теориялық оқуға сәйкес. Оның үстіне

өндірістік оқу барысында теориялық оқытудың көптеген әдістемелік тәсілдері қолданылады. Осыған байланысты тек өндірістік оқуға сай өзіндік әдістерді қарастырайық: еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсету, жаттығулар, студенттердің дербес бақылаулары, жазба, жөн-жоба беру, жұмыстың жоғары өнімді тәсілдерін және амалдарын оқудың әдістері, еңбекке деген шығармашылық қатынасты қалыптастыру, сонымен бірге өндірістік оқытудың кейбір «белсенді» әдістері.  

Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілдерін көрсету. Бұл тәсілдің мақсаты студенттердің санасында еңбек іс-әрекеттерінің нақты және анық бейнесін

қалыптастыру, оларды студенттер жұмыстың тәсілдерін және амалдарын

үйренгенде жаттығулар барысындағы іс-қимылдармен салыстырады.

Студенттің санасында еңбек іс-әрекетінің нақты және анық бейнесі бір мезетте қалыптаспайды. Оны алғашқыда ортақ түрде есте қалдырады. Сосын бірте- бірте егжей-тегжейі анықталады. Студенттер көрсеткенді түсініп білу үшін және оның ұсақ-түйегін айыру үшін, олар белгілі бір уақыт ішінде әр бөлшекті жеке қарастыру керек. Сондықтан шебер еңбек іс-әрекеттерін құрайтын жеке қимылдарды ақырын және қарқынды көрсетеді, тәсілді немесе белгілі бір әрекетті оқшау бөліктерге бөледі, олардың арасында үзіліс жасайды, студенттердің назарын әрекеттің тек соңғы бөлігіне ғана емес, аралық сәттеріне де аударады.

Еңбек ету іс-әрекетінің тәсілін меңгергенде студенттер шебердің көрсетуін түсініп қана қоймай, оның егжей-тегжейін есте сақтауы керек. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерін көрсетуді бірнеше рет өткізу қажет. Еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдерін көрсеткенде көрсетудің әдістемелік тәсілдерінің қызметтік мәнін анық елестету керек. Студент ең соңында еңбек әрекетінің толық бейнесін меңгеруге міндетті. Сондықтан еңбек ету іс-әрекеттерінің тәсілдік көрсетілуі дұрыс жұмыс қарқынмен басталып, бітуі керек. Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге

бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет.

Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзыреттілігінен шешіледі

Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Кәсіптік білім беру педагогының біліктілігі – кәсіптік педагогикалық әрекеттілігінетеориялық және тәжірибелік дайындық бірлігі, кәсіптік тәжірибелігінің көрсеткіші. Ол беделді пікірін білдіруге, педагогикалық проблемалық жағдайларға қатысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Кәсіптік педагогикалық әрекетте жалпы кәсіптік және арнаулы пән оқытушысының үнемі шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті ерекше рөл атқарады, сонымен қатар ол компьютерді, интернетті меңгеруі тиіс. Кәсіптік-педагогикалық әрекетке деген дайындық – бұл педагогтың алдына қойған мақсатын шешу үшін күшін жұмылдыруы. Кәсіптік білім беру педагогының біліктілігі бір-біріне интеграцияланған екі құраушыдан тұрады: техника-технологиялық біліктілік (инженерлік); психологиялық-педагогикалық біліктілік.

Осыдан, техника-технологиялық біліктілік – оқушыға немесе студентке кәсіби білім алу үдерісінде берілетін білім, білік, дағды және тұлға қасиетінің жиынтығы. Ал, психологиялық-педагогикалық біліктілік – осыны іске асыратын құрал болып табылады. Демек, жоғары кәсіптік білім беру педагогы білім алушының кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін, ең алдымен өзінің мамандығы бойынша оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін жоғары дәрежеде білуі қажет.

Студенттердің кәсіби дайындығының мақсаты – ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіптік білім беру педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үрдісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек. Кәсіптік білім беру педагогы үшін ең маңыздысы оқушының (студенттің) іс-әрекеттерін, тұлғалық өзін-өзі ұйымдастыруын,басқара алуы және қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыстүсіне біліп, сол бағытқа сәйкес қызмет ету.

Кәсіптік білім беру педагогының міндеті – оқушыны (студентті) өз бетімен білім алуға бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету. Бұл әрекет білім берудің өзекті болып отырған құзырлылық тәсілін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Техникалық циклдің өндірістік оқыту сабақтарында қолданатын технологияларға тоқтала кетсек. Өндірістік  оқыту шеберлерінің және арнайы пәндер оқытушыларының әрқайсысы компьютерде, мультимедиялық құрылғыларда жұмыс істеу дағдыларын игерген, сабақтарға дайындалғанда интернетті қолданады.

Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер оқушыларға қайталау, «көшірме жасау» тәсілі арқылы іс–қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда оқушыларға үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмыз, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс-әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс.  

Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Бұл тек солмен атқаратын жұмыстарға ғана емес, ол құрал–жабдықтармен, машиналар мен аппараттар арқылы істелінетін жұмыстарға да тиесілі. Енді, өндірістік оқыту сабақтарында пайдаланылатын көрнекі құралдар түрлері, оларды тиімді пайдалану әдістеріне сипаттама берейік: - Көрнекі құралды көрсету барысында қимыл–тәсілдер өзара үйлестіріліп, қажет техникалық–технологиялық талаптар сақталуы тиіс. - Жұмыс үлгілері, бұйымдар, құралдар, жабдықтар, аспаптар, бөлшектерді арнайы стендке орнатқан жөн. Ол салыстыру, талдау, түсіндіруде тиімді, егер ұсақ үлгілері болса, әр оқушыға үлестіріп берген дұрыс.Технологиялық процестерді түсіндіргенде өңдеу, жинау және бөлшектеу жұмысында дайын өңделген, құрастырылған өнімдер үлгісін пайдалану керек. Мұнда технологиялық бірізділік қатаң түрде сақталуы тиіс. Көрнекі құрал ретінде көлемді қораптар, қозғалтқыштар (двигательдер), агрегаттар, аспаптар мен құрылғыларды пайдаланған кезде, олардың сыртқы қорғаныштары, қақпақтары ашылып, айшықты, түгел көрінуі тиіс.

Болашақ өндірістік оқу мамандарын жоғары оқу орындарында еңбекке дайындық бағыты бойынша даярлау өндірістік жағдайда жүзеге асырылады. Өндірістік оқыту деп, еңбек өнімділігі тән белгілі біліктілік деңгейінде нақты жұмысшы кәсібі бойынша жұмысқа қажетті білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен оқушыларды қаруландырудағы педагогикалық үдеріс түсініледі.

Жүйе өзара байланыста тұтастық түзетін элементтердің бірлігі ретінде қарастырылады. Ал, өндірістік оқытудың жүйесі деп, іріктелген оқу материалдарын құрылымдық өңдеу – оны дидактикалық талдау, бөлу, оңайлату, қайта топтау, қажет жағдайда тұтас бірлікті бұзбайтын көмекші материалдарды енгізу түсініледі [11]. Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін оқытудың өндірістік жүйелеріне негіздей отырып жүргізеді. Оларды көбіне өндірістік оқыту жүйесі дейді. Өндірістік оқыту жүйесі деп, тиісті білімі мен іскерлігі бар, жұмысшы мамандарын құзыретті деңгейде даярлауға қажетті технологиялық және техникалық білім беруге бағытталған дидактикалық және өндірістік үдерістерді мақсатты түрде біріктіру арқылы оқыту айтылады.

Кәсіптік-техникалық білім беру тарихында қалыптасып, бірнеше рет өндірістік оқу жүйелері алмастырылған. Олардың негізгілері – заттық, операциялық, операциялық-заттық, моторлы-дайындық, операциялық-кешенді жүйелер.

Кіріспе кезеңі кәсіптік білім сипатымен, жұмыс орнын ұйымдастыру, оқу шеберханасының ішкі ережелері, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы шаралар, өндірістік гигиена (тазалық) мәселелерімен айналысуды қамтиды.

Игеру кезеңі – негізгі еңбек операцияларын орындау тәсілдерінің реті, әрекеттер мен операцияларды орындау жаттығулары, әртүрлі операцияларды біріктіріп оларды кешенді (комплексті) орындау жұмыстарына машықтануды көздейді.

Информация о работе Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау