Өндірістік оқыту (немесе арнайы технология) процесіндегі білімді, білікті және дағдыны қалыптастырудың әдістемесін жасау
Курсовая работа, 30 Апреля 2014, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Өндірістік оқытудың тарихы
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын.
Содержание работы
Кіріспе
1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
1.3 Арнайы технология мамандарын даярлауда қарастырылатын өндірістік оқыту жүйелері
2 Оқыту процесіндегі білім, білік, дағды
2.1 Өндірістік оқыту процесінде оқушының білім, білік, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру жолдары
2.2 Өндірістік оқыту процесінің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Файлы: 1 файл
kursovoyJ.docx
— 80.08 Кб (Скачать файл)1 Өндірістік оқытудың тарихы
1.1 Өндірістік оқыту үрдісі
Оқытудың өндірістік жүйелерінің өзіндік тарихы бар. Оқытудың заттық жүйесі ешқандай теориялық негізсіз баланы бірнәрсе жасай алуға үйрету (қолөнер). Оның мысалдары – тері илеу, оны өңдеу мен бояу, пішу, дайындама бөлшектерін жасау, аяқ киім, тон, шапан тігу, ауыл балаларына қойылатын талаптар еді. Қала тұрғындары мен өндіріс ошақтары маңында жеке бұйым немесе зат жасау жұмыстары орындалатын. Мысалы, балға дайындамасынан, пайдалануға жарамды темір балға жасау көптеген қол еңбегін талап ететін, технологиялық үдеріс ретсіз орындалып, оны орындаушы үйренушінің өз еркінде болатын. Дегенмен, тапсырманы бірдей алған студенттер сол затты қалайда жасап бітіретін болған. Мұндағы аңғаратын нәрсе жұмыстың ретсіздігі еді. Сонымен, бұл тәртіппен оқушыларды қолөнерге үйрету ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасын тапты.
Өндірістік оқыту жүйесінің ішінде, операциялық оқыту жүйесі ғылыми негізде тұңғыш рет қолданыла бастаған түріне жатқызылады. ХVІ-ХVІІІ ғасырларда мануфактура өндірісі жеке өндіріс үдерістеріне бөлшектене бастады. Жұмысшы еңбегінің мазмұны мен құрылымы өзгеруіне байланысты жаңа жұмысшыларды даярлауға да талаптар өзгертілді.
1862 жылы Мәскеу техникалық
училищесінің инженер-педагогтары
Д.К.Советкин, В.П.Марков және т.б.
токарь, столяр, слесарь мамандарын
даярлаудың оқу мазмұнын және
құрылымын ғылыми негізде талдап,
операциялық оқыту жүйесін негіздеді
[2].
Д.К.Советкиннің және оның әріптестерінің өндірістік оқытудың операциялық жүйесінің Ресейде және шетелдерде қолдау тауып, кеңінен қолданысқа ендірілуі, ал 1872 жылы Мәскеу политехникалық көрмесінде алтын медаль иегері болуы, авторлар еңбегіне берілген жоғары баға болатын. 1873-1878 жж. осылайша оқытудың бағдарламасы мен қолдан жасалған бұйымдары Вена, Париж, Филадельфия, Лондон, Чикаго қалаларында «орыс жүйесі» деген атаумен көрмелерге қойылып, жоғары бағаланды.
Операциялық-кешенді (комплексті) жүйе 1935-1936жж. пайда болды да 1940ж. КСРО еңбек резервтері комитетінің жоспарына ендіріліп, осы жүйемен жұмысшылар даярлау жалғаса берді.
Оқу үрдісі (оқыту үрдісі) – бұл оқытушы (мұғалім, шебер, нұсқаушы) мен оқушының білім беру мәселелерін шешу, тәрбиелеу және қалыптастыру жолындағы мақсатқа бағытталған, бірлескен әрекеті.
Оқу үрдісінің негізгі бөліктері – мақсат, мазмұн, оқытушы мен оқушының бірлескен әрекеті және әдіс – тәсілдер мен құралдар. Бұл компоненттердің көмегінсіз ұйымдастырылған сабақ өтуі мүмкін емес.
Оқыту үрдісі тек қана оқытушы мен оқушының тығыз байланысында ғана іске асады. Бұл үрдісті басқаратын, бағыттайтын бұл – педагог. Сонымен бірге, оқушылар енжар (пассив) болатын болса оқу үрдісі жүре алмайды. Оқыту үрдісінің негізгі шарттарының бірі – оқушының танымдық және практикалық белсенділігі.
Оқушылардың оқу әрекеттерінң әдістері – оқыту педагог-оқытушының іс-әрекет тәсіліне байланысты болады. Оқытушы мен оқушы әр қашан кері байланыста болуы керек. Оқыту үрдісінде тек қана оқытушы оқушыға әсер етпейді, олардың арасында тығыз байланыс болуы керек.
Оқыту үрдісінің негізгімақсаты – білім мазмұнын меңгеру. Бұл оқыту бағдарламасындағы нені оқыту керек және неге үйрету керек деген сөз. Білім беру мазмұнында кәсіби техникалық білім беру негізінде білкті жұмысшыларды дайындау мақсатында әлеуметтік мақсаттар көрсетіледі. Сабақтың мақсаты оның келесі құралдарын анықтайды: формасы, әдіс, тәсілдері, ұйымдастыру түрі, материалды-техникалық құралдары.
Оқыту үрдісі үшін негізгі үш байланысты қызмет қарастырылады: білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Оқыту үрдісінің барлық негізгі компоненттері тығыз байланысты. Оқыту мақсаты білім мазмұнында анықталады. Білім мазмұны оқытушының оқыту формасы мен әдісін (педагог әрекеті) және оқытуды (оқушының әрекеті) анаықтайды. Оқыту мен оқу тығыз байланыстағы бірлескен әрекет.
Кәсіби мектептегі оқу үрдісінің арнайы ерекшеліктері:
Өндірістік оқыту мақсаты – анықталған мамандық арнасында оқушының бойында негізгі кәсіби шеберлікті қалыптастыру;
Өндірістік оқытудың негізі – бұл оқу-тәрбиелік мәселерді шешу жолындағы оқушылардың өндірістік еңбегі.
Өндірістік оқыту үрдісі – теория мен практиканың тығыз байланысы. Практикалық білік пен дағды даму, тереңдетілу және кеңею барысында қалыптасады. Өндірістік оқыту теориялық оқытуға қарағанда небәрі күрделі және кең ауқымды. Соған байланысты, өндірістік оқыту шеберінің ақпараттық қызметі, басқаруы, бағыт беруі және нұсқаулық қызметі оқытушымен салыстырғанда ауқымды.
Өндірістік оқытудың өз дәрежесінде өтуі оқыту құралдарына, материалды-техникалық базаға және оқушының оқу өндірістік әрекетіне байланысты.
Өндірістік оқыту негізінде жатқан негізгі түсініктер:
Білім негізінде оқушылардың пән туралы түсінігін, табиғат және қоғам заңдылықтарын, педагогикалық үрдіске бағытталған өзіндік білім және өмірлік тәжірибе түсініктерін қарастыруға болады.
Білік – бұл оқушылардың ақылды түрде әңбек әрекеттерін орындауға, мәселеге байланысты орнықты нәтижеге қол жеткізуге дайындау.
Дағды – бұл кейбір компоненттерді көп орындау, қайталау нәтижесінде автоматты түрде жоғары дәрежеде орындайтын біліктіліктің бір түрі. Басқаша айтқанда, дағды – бұл білімдерді автоматты түрге жеткізу.
Өндірістік оқытудың формасы – бұл оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастыру әдісі, оқушылардың оқу өндірістік әрекеттерін анықтау, осы әрекеттерге басшылық жасау және сабақ құрылымы.
Оқу ұрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бұл тоқтаусыз сабақтың уақыты, оның мазмұны және оқытушы жағынан оқушылар әрекетін бақылау.
Өндірістік оқытудың негізгі талаптары:
Мақсаттың анықтылығы және мазмұнның анықтылығы;
Сабақ өтілетін оқушылардың тұрақтылығы және біртұтастығы;
Уақыты анық және белгіленген;
Өткізілудің жиілігі;
Ұйымдастыру анықтылығы;
Өндірістік оқытуда шебердің басқарушылық ролі;
Оқушылардың білім-білік дағдысын дамыту барысында сабақтың әртүрлі типтері қолданылады [3] Сабақты талапқа сай өткізудің бірнеше методикалық әдістері бар. Осы әдістерге сай сабақты мынадай типтерге бөлуге болады. Жалпы сабақтың 5 типі бар:
1) Жаңа сабақ
2) Білімін жетілдіру
3)Қайталау сабағы
4)Аралас сабақ
Сабақтан тыс өндірістік оқыту формасына сипаттама бере отырып, осы аталған критерия-сипаттамаларды басқару керек.
Сөйлеу әдісі – бұл әдіс туралы психология пәнінде айтылады. Өндірістік оқытудың әсіресе түрлі нұсқау беру беру кезінде бұл тәсіл көбірек қолданылып, машықтану арқылы игертілуді қажет етеді.
Эвристикалық әңгімелесу әдісі де өндірістік практикада сөйлеу әдісінің бір түрі ретінде кеңінен қолданылады. Бұл жерде оқытушы не шебердің білімі, оның педагогикалық экскурсиясы, тәжірибесі маңызды рөл атқарады.
1.2 Өндірістік оқытуды қолдану жолдары
Кәсіби дайындықты немесе адамды жұмыс жасауға үйрету екі жолмен қарастыруға болады: табиғи, яғни оқушының өндірістік сабақта арнайы маманмен, біліктілігі жоғары жұмысшылармен және арнайы ұйымдастарылған өндірістік сабақта қарастырылады. Бірінші жолы қазіргі күнде аз қолданылады, себебі ол ұзақ уақытты алатын және аз әсерлі болады.
Білікті жұмысшыларды кәсіби мектептерде кәсіби
техникалық білім беру негізінде арнайы
мамандардың, оқытушылардың және өндірістік
оқыту шеберлерінің көмегімен дайындалады.
Өндірістік оқытуы шебері - кәсіптік-техникалық білім беру
саласындағы педагогика маманды
Оқыту жүйесін жалпы сипаттау мен таптастыруға техника мен өндірістің дамуы, соған сәйкес кәсіптік-техникалық білімнің қажеттілігі мен сұраныстың болуы негіздеме болады.
1. Біріншіден техника
мен технологияның заманауи дамуына
байланысты, білікті мамандар даярлау
қажеттілігінен, осы кезге дейін
оқыту оқушының есте сақтау
қабілетін дамытуға бағытталса,
қазіргі кезде оның ойлау қызметін
дамытуға бағытталады. Халқымыздың
«бұлақ көрсең көзін аш» деген
даналық сөзі осы кездегі «не
үшін оқыту керек» деген сұрақпен
үндеседі.
2. Екіншіден не үйретіледі?
Оқу үдерісін ұйымдастырудың
ең маңызды мәселелерінің бірі
жеке оқу пәндерінің мазмұнын
жетілдіру арқылы, әдіснамалық негізделген,
оқыту-практикалық жұмыстардың нәтижелі
өтуін мұқият қадағалау керек.
Маманға қойылатын құзыреттілік
талаптарға сай оқыту мен практикалық-жұмыстар
толықтай игерілгені жөн.
3. Үшіншіден қалай оқыту
керек екендігі қарастырылады. Оқу
үдерісінің нәтижесі оқытушының
білім беру іскерлігі, құзыреттілігі,
ғылыми негізде оқытуы мен
түсіндіру, оқушылар білімін бағалауда
нақты талап қоя білуі, сұрақ
қоя білу арқылы олардың ынтасын,
қызығушылығын оята білу. Педагогика
ғылымында қалыптасқан көптеген
құнды ережелер мен заңдылықтарды
негізге ала отырып оқыту. Я.А.Коменский
«кім аз білсе, сол аз үйретуі
мүмкін» дегені оқытушылар қауымына
айтылған сын деп түсініледі.
4. Оқыту не береді деген
төртінші сұрақ студенттер қауымына
көбірек қатысты. Өйткені оқытушы
оқытады, ал студент оны қабылдауға
тиісті. Әрине ол көп факторларға
байланысты: түйсіну, қабылдау, ойлау,
түсіну, т.б. Сондай-ақ оқу материалдық
базаға, оқу-әдістемелік кешендермен
қамтамасыз етілуге, студенттердің
оқу үлгерімдері мен ортасына,
т.б.
1.3 Арнайы технология мамандарын
даярлауда қарастырылатын өндірістік
оқыту жүйелері