Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»(50.) дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар».

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип.-«Қиын»-жасөспірімдер.doc

— 624.00 Кб (Скачать файл)

                                                 бас тартқан                                 қалдырған


 

 

көліктік                           мектептен               айырылып           әлеуметтік

фобия                              қорқу                        қалу                    байланыстан

әлеуметтік                                                        қорқынышты     қашқақтау

фобия

 

Ең алдымен сабаққа қатыспай лағып жүрген баланың немен айналысатынын  анықтау қажет. Егер үйден шығып мектепке кеткен бала сабаққа қатыспаған болып шықса, онда ол кино қарауға театрға кетуі, немесе жолдастырымен ойнап кетуі, немесе басқа бір жерлерде тағы бірдеңелермен айналысып жүруі әбден мүмкін екендігі  ешқандай да күмән туғызбайды. Егер бұл шындығында осылай болған болса, онда ата-анасы баланың мектепке бармай, өз бетімен лағып жүретіндігінен мүлде хабарсыз екені әбден мүмкін. Ол мектепке бармай өз бетімен лағып жүрген уақыттарда басқа да қылмысты теріс қылықтарға   баруы немесе әлеуметтік жағымсыз әрекеттерге ұрынуы ықтимал. Егер баланың психикалық күйзелісі бұрыннан да бар болса, онда оның ықтимал диагнозы әлеуметтік  дезадаптация болуы мүмкін (мектепке бармай, өз бетімен лағып кететіндердің көпшілігінде, әлбетте, болмайды).

Егер баланың мектепке бармай үйде қалғаны ата-анасына мәлім болса, онда олардың өздері қалдырғаны немесе баланың өзі мектепке барудан бас тартқаны. Бірінші жағдайда баланың мектепке баруына ата-анасының мүмкіндік бермегені, ал, екіншісінде баланың мектепке өзі барғысы келмегені туралы мағлұматтарды ескерген дұрыс.

Егер баланың мектептен бас тартқаны туралы сөз болса, онда біз: мектептен қорқуы, ата-анасынан айырылып қаламын деп қорқуы, әлеуметтік фобия, көліктік фобия немесе әлеуметтік байланыстан қашқақтауы сияқты әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болған эмоциональды күйзелістермен істес боламыз. Әрбір жағадайда бір-екі мәселенің жәрдемімен  ықпал жасайтын  бұзылу  механизмдерінің  сипатын анықтауға болады.

Біріншіден, бала үйде немесе  жолдастарымен болғанда өзін қалай ұстайтынын  анқытау пайдалы. Егер оның денсаулығы  бірқалыпты жақсы және көңіл-күйі  шат-шадыман  болып  көрінсе,  онда біз  оның  мектепке  барудан  бас  тартуының негізі  әлеуметтік  байланыстан  қашқақтауға  тырысуынан  деп  ұйғаруға толық құқымыз бар. Егер ол қайғыға батып  тұнжырап жүретін болса, өзін  бақытсыз  санап, ешкіммен  араласпай  жалғызсыраған байғұс болып көрінсе,  жолдастарымен  қосылып  ешқандай  жүрмесе және көңіл   тоқтатып  тереңірек  ойлайтын  қабілеті  төмен болса, онда оның мектепке барудан бас тартуы  депрессия  түріндегі  немесе өте  сирек  кездесетін  шизофрения  түріндегі  айтарлықтай  жиі таралған  эмоциональды күйзелістің негізінен деп  санауымызға толық дәлел болады.

Екіншіден,  мектепке барғысы келмеудің сабақ кестесіне байланысының  бар-жоғын білу қажеті. Егер баланың мектепке барудан бас тартуының себебі кесте  бойынша француз тілі  сабағы болатындықтан немесе өзінің жалығып ұзақ  отырып  қалуына тура  келетін  қосымша сабақтың  күндеріне  ылғыи да сәйкес келіп тұратын болса, оның бас тартуы мен мектептегі  белгілі бір  жағдайдың арасында берік байланыстың бар екенін көрсетеді.

Онан  кейін қаралатын  үшінші мәселе: сабаққа бармай қалу үй ішінің оқиғасына байланысты ма? Бұл симптом шешесінің  депрессиясын  немесе әкесіне жұмыс  істеткізбейтін  оның бір ауруын асқындыра ма? Шешесінің жұмысқа үйден шығып кеткен тап сол мезгілі бұл симптомды  қоздырып  өршіткен  жоқ па? Симптомның үй ішіндегі  оқиғаға  тәуелділігінің  ашылуы  оның үй  ішіндегі немесе отбасындағы  жағадайларға байланысты пайда болуына баланың мазасызданып алаңдаушылық туғызуы маңызды рөл атқаратындығы  ықтимал  екендігін  ескертеді. Осыған ұқсаған мінез-құлықтың  өте кең таралған  механизмдері  баланың  ата-анасынан айырылып қалу қорқынышынан болады. Мұндай жағдайда  баланың жақын туыстарынан айрылысқан  кездегі  оған тигізетін  әсердің өзіне тән бейнесін анықтау қажет.

Балалар мен жасөспірмдердің  тұлғасындағы және  мінез-құлқындағы  ауытқушылықтардың  алдын алу  оларды психологиялық  иммунизациялауды қажет  етеді, яғни, әлеуметтік-құзырлы  адам болып  қалыптасуы  үшін  мінез-құлықтың  психогигиеналық дағдыларына дұрыс таңдай жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын жүйелеу қажет. Оған мынадай бағыттарды енгізуге болады:

  • балалар мен жасөспірмідердің ауытқыған мінез-құлықтарының типтері мен  нысандардың  таралуын, оларға әсер етуші факторларға анықтау, сонымен қоса, оқушылардың және олардың ата-аналарының білімге және тәрбиеге деген қажеттіліктерін зерттеу;
  • оқушылардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің  нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшеліктерін ескере отырып, оқушылардың тұлғасымен мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды алдын алу және түзету бағдарламаларын құрастыру;
  • мектепте және жастар орталықтарында сыртқы тәуекел факторларына азат психологиялық, педагогикалық ахуалды қалыптастырып, бірқатар құзырлы  шешімдермен шешілетін оқушылардың ата-анасымен тиімді өзара қарым-қатынасты дамыту, қосымша білім беруді және тағы басқа шараларды ұйымдастыру әлеуметтік  мамандардың  құзырында.

       Жасөспірмдердің  тұлғалық және әлеуметтік  құзырлығын  қалыптастыруда, жағымсыз мінез-құлық  көріністері түзетуді олардың  жағымды «Мен» бейнесін дамытудың, өзін-өзі құрметтеу  сезімін, сындарлы ойлау қабілетін, әлеуметтік маңызды мақсаттарды қоя білу білігін және жауапты шешімдер қабылдай алуды дамытудан бастаған жөн.

Жасөспірім  салауатты  өмір салтын калыптастыра алуы үшін оған эмоциясын игере алуға, үйренуді, қақтығысты жеңе алуға үйрету қажет, сынды, өзін-өзі қорғауды, басқа адамдар тарапынан шыққан қысымға  қарсылықты  агрессиясыз қабылдау әдіс-тәсілдеріне  баулуды, зиянды  әдеттерге  қарсы тұруға үйретуді, қабылдау тәсілдеріне  баулуды, зиянды әдеттерге  қарсы тұруға үйретуді, салауатты өмір сүруге және пайда болған  мәселелерді  әлеуметтік-жағымды  құралдарымен шешеуге мүмкіндік  беретін  құндылықтармен  қатар  қалыптастыру қажет.

Балалар мен жасөспірімдер тұлғасы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың  тың алдына  алу жұмыстары тек мыналардың негізінде жүзеге  асса ғана  тиімді  болады:

    • оқу іс-әрекеті жемісті болғанда;
  • оқушылардың қанағаттандыратын эмоционалдық  жағымды өзара  қарым-қатынас жүйелері (құрбыларымен, әлеуметтік педагог, мұғалімдерімен, ата-аналарымен) және психологиялық қорғалуы болғанда.

Соңғы жағдай тікелей  түрде әлеуметтік  қорғалумен  байланысты. Оған  мыналар кіреді:

    • оқушылардың өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі;
  • оларды мұғалімдер мен оқу және тәрбие  үрдісіндегі  басқа субъектілердің  бұлжытпай орындалуы;
  • оқушылардың қандай да бір белгісіне қарай дискриминацияға  ұшырауына жол бермейтін психологиялық және әлеуметтік теңдік;
  • оқушылардың жеке дара ерекшелігі мен өзін-өзі анықтау құқығын сақтау.

Бұл талаптарды орындау жасөспірімдердің  барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоғары да көсретілген  талаптарды орындаған жағайда жасөспірімдерге көрсетілген көмектің жиынтығы тұлғаның  бірқалыпты  үйлесімді  дамуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қиын жасөспірімді  тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен  отбасының рөлі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен  жасөспірімдердің  әкімшілік жазалау  шараларын  қолдануға  әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі  жасауы, оқудан,  жұмыстан  үнемі  жалтаруы,  отбасынан  немесе  балалардың  оқыту-тәрбиелеу  ұйымдарынан  үнемі  кетіп қалуы,  сондай-ақ  қоғамға қауіпті  әрекеттер  жасауы»(43.).

Олардың  әр  кезеңде  әртүрлі  аталғаны  бізге  белгілі: «тәртібі  нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын»  тағы басқа.

Ғылыми  тұрғыдан  зерттегенде,  дәл осы  балалардың оқуға  қызығуларының  жоқ екені, олар мектепке  де сыймай,  үйге  де сыйлы  болмай,  мұғалімдердің  берекесін  кетіріп, түптің  түбінде  олардың  басым  көпшілігінен  дайын  заң  бұзушылар  мен  қылмыскерлер  шығатыны  бұрын да  дәлелденген.

Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста  болатынын,  солардың  әсерімен  дамитынын ескере  отырып  «қиын»  балалардың  мінезіне  отбасы, мектеп және көшенің  қалай  әсер  ететін  жағдайларына  жеке-жеке  тоқталып  көрелік.

Бала тәрбиесіне  отбасының  жағымсыз  әсер  ету  жақтарын  сөз  еткенде, оны  үш  топқа  бөліп  қарастыруға  болады.

1. Бірінші топ – баланы  қалай  тәрбиелеуді  біледі және дәл  солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда,  өздерінің  саналы  өмірімен  және  сапалы  іс-әрекеттерімен  тек өз  балаларына  ғана  тәрбие  беріп қоймай,  мектептегі  қоғамдық  жұмыстарға қолғабыс  етіп, басқа  ата-аналарға  үлгі  көрсетеді.

2. Екінші топ - өз балаларына  өнегелі тәрбие бергісі  келеді,  бірақ,  қалай  тәрбиелеу  керек  екенінін  білмейді. Мұндайлар  ата-аналардың  басым  көпшілігі. Олар білмегендіктен  балаларына  кері әсер етуі  мүмкін.

3. Үшінші топ – балаларды  тәрбиелеудің  жолдарын  білмейді, білгісі  де келмейді,  педагогтерге  қарсы  тұратын  төмендегі  әлеуметтік  топ. Бұлар  соншалықты  көп  болмағанымен,  «қиын»  балаларды  беретін  отбасылар.

Енді  осы  факторларды  тарата  айталық. Халық  даналығы «Ұяда  не көрсең, ұшқанда  соны  ілесің»,  «Әке  көрген  оқ  жонар,  шеше көрген тон  пішер», «Не  ексең  соны  орасың»,  десе  ұлы Абай «тегінде  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл, ғылым, ар, мінез  деген  нәрселерімен  озады. Одан  басқа  нәрсемен  оздым ғой демектің  бәрі - ақымақшылық»  деп  түйіндейді. Ал  атақты  физиолог И.Павлов «әрбір  баланың  мінез-құлқы  ата-анасының  жағымды  іс-әрекеттерінен  үлгі  алу  барысында қалыптасады» (43.) деп  тұжырымдайды.

Бала  отбасы  жағдайында  өмірдегі әртүрлі  жағдайларда  өзін  қалай  ұстауды, адамгершілік  әліппесі: кішіпейіл  болу,  ізеттілік,  сыйластық,  үлкендермен  және  кішілермен қандай  қарым-қатынаста болу  сияқты  тәжірибе  жинақтайды  және  оны меңгереді. Отбасында  бірін-бірі сыйлау,  қамқоршы  болу,  бірлесіп  еңбек ету  секілді игі  дәстүрлер  қалыптасқан  болса,  ол  ортадан  қоғамға  қарсы  тұратын  тәрбиесіз  адам  шығуы  теориялық  жағынан  алғанда  мүмкін емес. Бұл  әңгімеміз,  әрине,  бірінші  топтағы ата-аналарға қатысты.

Моралдік  жағынан  азғындаған   отбасында,  әдетте,  балаға жеткілікті  көңіл  бөлінбейді. Балалар  ата-анасының қамқорлығы  мен  сүйіспеншілігін  сезінбегендіктен,  оларды  А.С.Макаренко  «ертеңгі  күннің қуанышын  жоғалта  бастайды» (49),- деген. Сондықтан  олар  отбасында  өздеріне  алмаған  жылылық  пен  қайрымдылықты  сырттан,  көшеден  іздейді. Бірақ,  көп  жағдайда  оларды  қоғамға  жат  элементтер  өз  «қамқорлығына» алады. Олар  бұзақылар  тобы , нашақорлар, жезөкшелер  және тағы басқа әлеуметтік  топтар  болуы мүмкін.

Отбасы тәрбиесінде ең маңызды  мәселенің бірі – ата-аналардың  педагогикалық көзқарасының  қалай  қалыптасуында.  Қазіргі  кездегі аса  бай  отбасылардың пайда болуы,  оларда  бала  тәрбиесінің  дұрыс  тәжірибесі  қалыптасты  деген  сөз  емес. Міне,  осындай  отбасылардың  кейбір ата-аналары  балаларының  кез келген  сұрансын мезетте  қанағаттандыру,  аламын  деген  нәрсенің   бәрін  сөзге  келмей  сатып  әперу,  үй  тірлігіне  қатыстырмауы  баласының  өзімшіл, тек  қана  тұтынушы,  жалқау, басқаның  есебінен  жақсы  өмір  сүргісі  келетін,  арамтамақ  болып  қалыптасуына  әкеліп  соқтыратынын  ескере  де бермейді.

Дәл  осыған  қарама-қарсы  әрекет істейтін  ата-аналардың  да  түсінгі  балаларын  тура жолдан   шығаруға  итермелейді.

Мұндай  ата-аналар  өз балаларын  аса  қаталдықпен  тәрбиелеймін  деп  әртүрлі қысым мен  тыйымдарды  қолдану, сәл  нәрсеге  бола  қатаң   жазалау,  ар-намысын  қорлайтын  әрекеттер  жасау  арқылы  балаларын  өздеріне қарсы  қояды. Мұндай  жағдай да   әрине,  балалар   ата-анасын сыйламайды,  олардың баласына  айтқан  «ақылы»  кері  әсер  етеді. Осындай  отбасында «тәрбие» алған  баланың  тәрбиелі  болуы  да  екіталай.

Үшінші  топқа жататан  ата-аналар  өз балаларының не істеп,  немен  айналысып  жүргендерімен ісі  жоқ, оны  өзінің міндеті деп  санамайтындар. Олардың  балалары  қараусыз  қалғандай  әсер береді. Бұл – ең қауіпті әрі  сөз жоқ, девиантты мінезді балалардың  басым көпшілігін  беретін  отбасылар.

Мектептегі оқу-тәрбие  жұмысындағы  кемшіліктердің  де  бала  тәрбиесіне  кері  әсер  етері  даусыз. Олардың  бірнеше түрін  атап  өтсек мына  төмендегідей:

    1. Тәртіп бұзуға  бейім  тұратын  оқушылардың  дер  кезінде  анықтап,  олармен  алдын ала  жұмыстар  жүргізбеу.
    2. Мектеп  ұжымының  осы  мәселеде  алаусыз  болуы немесе  жүйелі  жұмыстың  болмауы. Мектептегі  өзін-өзі басқару  жұмысының  дұрыс  жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының  төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың  отбасыларымен қарым-қатынастың  нашар ұйымдастырылуы.
    3. Девиантты  мінезді  оқушылармен  дұрыс  қарым-қатынас  орната   білмеу немесе  мұғалімдер мен  тәрбиешілердің  кәсіби  деңгейінің  төмендігі.
    4. Кейбір  мұғалімдердің  сабақ  беру әдісінің  төмен  болуының  әсерінен  оқушылардың  сабаққа  қызықпауы,  үлгерімнің нашарлығы,  сөз жоқ,  оқышылардың  тәртібін  әлсіреді  және ол  мұғалімдердің  де  беделін  төмендетеді.
    5. Кейбір  мұғалімдердің  педагогикалық  этиканы білмеуі  немесе  сақтамауы оқушыларды  өзіне  қарсы қоюға  әкеліп  соғады да,  ұзаққа  созылған  шиеленісті  туғызады.
    6. Көшедегі  кездейсоқ  топтардың  оқушының  теріс  мінезін  қалыптастырудағы  қосар  үлесі де аз емес. Өйткені,  қазір  көшелерді,  аймақтарды  белгілі бір  топтардың бөліп  алып,  сол  жерлерде  билік жүргізілетіні  ешкімге  де құпия емес.Олар  өз  түсініктері  бойынша  өмір сүреді және  өз қатарын  өзі  сияқтылармен  толықтырып  отырады. Ал  олар сол  ортада  өздерін  еркін  әрі  ыңғайлы  сезінеді. Себебі  отбасында, мектептегі  қағидалары  мен адами құндылықтары  өздерінше  қалыптасқан.  Сондықтан  қоғамдық  мораль  мен  нормалар  олардың  түсінігіне  сай  келмейді. Олардың еліктейтіндері:  түрмедегі  беделділер,  зоршылық  пен тонаушылық «ерлік»  істері. Ендеше  қоғамға  жат  құмар ойыны,  ішкілік ішу, дөрекі  сөйлеу,  нашақорлықпен,  жезөкшелікпен  айналысу  олардың  күнделікті  қатардағы  тірліктері іспетті. Нәтижеде  отбасындағы  тәрбиенің  нашарлығы мен мектептегі тәрбие  беру  ісінің  дұрыс  жолға  қойылмауының  кесірінен девиантты  мінезді  балалар  тәртіп  бұзушылардан  «көше» тәртібін  қабылдайды. Сөйтіп,  ақырында  кәдімгі  қылмыскерлерге  айналады.

Информация о работе Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары