Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2015 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Тәрбие ұғымы мәнді де мағыналы ұғым, Әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім, ол адамзаттың қас жауы»(50.) дегені дәл бүгінгі күнге айтылған секілді. Жалпы білім беретін мектептерге қарағанда кәсіптік мектептерде қиын балалар көбірек кездесетіні белгілі, «Қиын балалар дегеніміз кімдер?» - деген сұраққа, былай жауап беруге болады: «Олар мектеп тарапынан ерекше, қосымша бақылауды талап ететін, тәрбиелеуге қарсылық білдіретін балалар».

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3-5
І тарау. Қиын жасөспірім мәселесінің әдіснамалық негіздері............................6-33
1.1 «Қиын бала» ұғымының шығуы және ғалым-педагогтардың
ой-пікірлері...............................................................................................................6-11
1.2 Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың
шығу себептері мен факторлары............................................................................12-21
1.3 Қиын жасөспірімді тәрбиелеудегі мектеп ұжымы мен отбасының рөлі......22-33
ІІ тарау. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен агрессивті
балалармен жұмыс істеу ерекшелігі.......................................................................34-49
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық
бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың
қадағалауыныз және панасыз қалуының
алдын алу.................................................................................................................34-38
2.2 Әлеуметтік педагогтың агрессивті балалармен
жұмыс жасау ерекшелігі..........................................................................................39-42
2.3 «Қиын» баланы қайта тәрбиелеу жолдары......................................................43-49
ІІІ тарау. Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс
жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары...................................................50-79
3.1 Жасөспірімнің дұрыс әлеуметтенуін әлеуметтік
педагогикалық тұрғыдан қарастыру......................................................................50-56
3.2 «Қиын» жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс ерекшелігі.............................57-76
3.3 «Қиын» жасөспірімдердің бос уақытын
дұрыс ұйымдастыру...............................................................................................77-79
Қорытынды...............................................................................................................80-82
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................83-85
Қосымшалар............................................................................................................86-107

Файлы: 1 файл

Дип.-«Қиын»-жасөспірімдер.doc

— 624.00 Кб (Скачать файл)

,,Қиын, балаларды 2- топқа бөлуге болады.

Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.

Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.

«Қиын»  балалардың  өскен ортасының,  отбасының  жай-күйін  талдағанда, кедей отбасының өзі бала тәрбиесінің,  өзі кейде  отбасының  өзі  бала  тәрбиесіне  кері  әсер беретіні анықталып отыр. Әдетте, ата-аналардың  бала  тәрбиесіне  әртүрлі  себептерге  сай  аулақтануы да теріс әсер етеді.

Жеке  тұлғаны қалыптастырудағы   тағы да  бір қолайсыз жағдай  бала тәрбиесіне  ата-аналардың  әртүрлі көзқарасы немесе  біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни,  баланың  толық  емес  отбасында тәрбиеленуі  салдарынан болады.

Жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 пайызы материалдық жағдайдың төмендігінен жасалады екен. Оның себептері, көбінесе, ата-аналардың ішімдікке салынуынан; отбасының қаражатына ұқыппен қарамуынан, жұмыссыз отыруынан болады.

Қазір  материалдық  байлықтың  рухани байлықтан  жоғары  тұрған  уақытында жасөспірімдер арасында «анау керек, мынау керек» деген   көзқарастардың  әсерінен, «өзгелерде  бар нәрсе  менде неге жоқ» деген  оймен де  қылмыс  жасалатыны белгілі.

Жасөспірім  бойында жағымды  қасиеттерді  дамытуда  әлеуметтік-педагогикалық,  психологиялық әдістерді қолданып,   тәрбиені  ерікті,  зорлықсыз  түрде асыру керек. Ата-аналар бала тәрбиесінде қолданатын әдістерді таңдауда жиі қателеседі. Мәселен,  кей  отбасы өктемдік  (авторитарлық)  жолды  ұстанады. 

Жасөспiрiмдердiң жеке басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, ұру-жасөспiрiмнiң қатыгез, қатал, ашықтан-ашық отбасы талабын орындамай, өз бiлгенiн iстеуге бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады.

Ымырашылдық (либералдық) жол – бұл, керiсiнше, баланың барлық талабын ойланбай орындау, жазаламау. Мұнда  қолданылатын әдiс, негiзiнен, әңгiме, сөз арқылы баланың барлық iс-әрекеттерiн жақтау, балаға жалыну, өтiну болады.

Ондай жеткiншек бойында өзiмшiлдiк (эгоизм), дарашылдық (эгоцентризм), жеке басты ойлау, қоғамдық мүддеден гөрi өз басының мүддесiн бiрiншi орынға қою, өзгелердiң ойымен санаспау, өз iсiн атқаруда өзгеге талап қою басым тұрады.

Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудегі негізгі мақсатты, қолданылатын әдіс-тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан, яғни, әр түрлі талаптардан оқушы отбасының, мектептің ықпалынан шығып, екіжүзділікті, мақсатқа тура емес, бұрма жолдар арқылы жетуді көздейді. Мұндай балалар, көбінесе, өз ісін өз күшімен емес, амалдау, алдау-арбау арқылы атқарады.

Бір отбасындағы  бірнеше  баланың  әрқайсысына әр түрлі қарау да жасөспірімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуына теріс әсерінен тигіезді. Үнемі ескерту есітіп, үлкендер  тарапынан кеміту мен қорлаудан арылмаған бала  өзіне  сенімсіз, тұйық,  өзіне-өзі  көңілі  толмайтын  көнгіш  болып қалыптасады.

Отбасында бала тәрбиесіне әкесі мен шешесінің әр түрлі әдіс қолдануы (біреуі өте қатал, екіншісі өте жұмсақ, әкесі бір талап, анасы қарама-қарсы талап қоюы) немесе  жасөспірімнің көзінше өз балаларының тәрбиесі туралы пікірталас жасап, ұрыс-керіс шығаруы, ал жасөспірім осы жағдайды өз түсінігінше пайдаланып, қоғам талабына керісінше істерді жасауы мүмкін.

Ата-аналардың дүниеқорлық, өтірікшілік, алдау, жалқаулық, оңай ақша табу, өзімшілдік, арақ құмарлық, зұлымдық, тағы басқа жат қылықтарды бала бойына дарытуы – балаға да, ата-анаға да, қоғамға да зиянды.

Мектеп пен отбасының дiнге көзқарастарының әр түрлi болуы да, жас баланы аянышты халге ұшыратуы мүмкiн. Дiни көзқарастан туатын келiспеушiлiк, отбасында, мектепте, достарының арасында айтылатын қарсы пiкiрлер баланы шаршатып, өз бетiнше қаңғып, бақылаусыз жүруiне алып келуi әбден мүмкiн, осы әр түрлi дiни ағымдар (секталар) оңай пайдаланып өз қатарларына қосып алуға тырысады.

Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау үшін жүргізілген жұмыстарымыздың барысында (жеке әңгіме, тестік үлгідегі сауалдар), ата-аналардың 27 пайызы өз балаларына әр түрлі себептерге байланысты аз көңіл бөліп, тиісті шара қолданбай, мектепте бала тәрбиесінде көмек бере алмайтынын мойындайтыны байқалады.

Біздің кәсіптік мектепте оқушылардың басым көпшілігі сырттан келіп оқитын жасөспірімдер. Осының  әсерінен олардың өз ата-аналарымен қарым-қатынасы сирейді (сырын айтпайды, ақылдаспайды, өзінше өмір сүреді). Туған-туысының үйінде, болмаса пәтер жалдап тұрып, өз бетімен өмір сүруге тәжірибесі жоқ жасөспірім таныс таңдауға, қаражатын жұмсауда, өз уақытын дұрыс қалыптастыруға кері әсерін тигізетін ортаға тап болуы мүмкін.

Осы мәселеге сәйкес, жасөспірімдермен «Сені көше өзіне несімен тартады» тақырыбында жүргізілген сауалнама нәтижесі мынаны көрсетеді:

    • әр түрлі мәліметтің көптігі – 30%
    • еркіндік -28%
    • өзін үлкендерше ұстауы - 20%
  • жат әрекеттер жасауға еркіндік - 9% (бір сөзбен айтқанда, жасөспірім мектепте, отбасында жасай алмайтын келеңсіз қылықтарын көбіне көшеде іске асыруға мүмкіндігі бар).

Қиын жасөспірімдермен жұмыс істегенде, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагог оқу шебері оны жеке  тұлға ретінде  тани біліп қана қоймай  мынадай үш кезеңді ескеруі, оның дамуын көре білуі қажет.

- бұрынғысы;

- қазіргісі;

- болашағы;

Жазалау және  көтермелеу  әдістерін  қатар  қолдану - әлеуметтік мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер  баланы  өз қылығына  басқаша  қаратып,  мінезін  жақсы жаққа өзгертуі тиіс.Орынды  қолданылған  әдіс-тәсілдер  оқу-тәрбие  жүйесінің  деңгейін  көтеріп,  қиын оқушымен әлеуметтік қызметкердің қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.

Тағы бір бағыт- ата-анамен істелетін жұмыстың сапалылығы. Ол үшін ата-аналардың әр түрлі ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп алу қажет.

Мектепте психологиялық тест жүргіздік. Ата-ана мен балаға қойылатын  тестік сауалдардың мақсаты олардың бірін-бірі  қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау еді (ата-ана мен балаға қойылатын сұрақ мазмұны бірдей). Нәтижесін талдағанымызда, баласын үнемі қадағалап, бағыт-бағдар беруді мақсат тұтатын ата-аналар жауабы баласының жауабымен дәл келіп, ал тәрбиеге жауапсыз қарайтын  ата-аналар жауаптары  бала жауабымен үйлеспей тұрды. Міне, осыдан (сауалнама, оқушының және баланың құжаттарын талдау, жеке әңгіме және басқа зерттеу нәтижесінен(Ата-анасы және қиын бала туралы әлеуметтік картаны көруге болады)) отбасыларды кестеде көрсетілгендей топтарға бөлуге болатынына көзіміз жетті.

Осыған байланысты, олармен жүргізілетіні әлеуметтік-педагогикалық оқуларды да  саралап алдық. Жасөспірім заман талабына сай тәрбие алу үшін ата-аналардың психологиялық, педагогикалық дайындық деңгейі жоғары болуы ләзім.

Қиын оқушылардың ата-анасын «балаң неге қиын» деп мұқатудың қажеті жоқ, оларды, керісінше, жасөспірімді дұрыс жолға салудағы істерді атқару керек.

Белгілі психолог А.В.Петровский «қиын» баланың шығу себептерін отбасындағы қатынастармен сабақтай келе, бес типке бөледі. Олар мыналар:

  1. Үстемдік жағдайда баланың өз бетімен іс-әрекет жасауына жол берілмейді, өзінің өміріне немесе отбасына байланысты бірде-бір мәселені шешуде үй іші кеңесіне  қатыспайды.
  2. Қамқоршылық жағдайы – ол балаларды желге, күнге тигізбей, мәпелеп өсіру. Бұлай өскен бала түрлі қиыншылықытармен кездескенде дұрыс шешім таба алмай, өмірдің шынжыр торына түстім деп үрейленіп, қайғыра бастайды.
  3. Қақтығысушылық отбасы мүшелерінің арасындағы қайшылықтан туады. Отбасында бір-біріне  наразылық білдіру, бірін-бірі  табалаушылық отбасы мүшелерін шиеленістіруге ықпал жасайды, олардың ауыз бірлігі бұзылады.
  4. Араласпаушылық жағдайда үлкендер мен балалар әрқайсысы өз беттерінше бір-бірімен ақылдаспай томаға тұйық өмір сүреді. Бұндай отбасында қатыгездік, селқостық сезімдер байқалады.
  5. Ынтымақтастық үлкендер мен балалар арасындағы сыйласушылық принципіне сүйенеді. Мұндай отбасында балалардың пікірлері де тыңдалып, барлық мәселе бірігіп шешіледі. Ынтымақтастық  отбасының айырмашылық белгілері - әдептілік, сыпайылық, төзімділік, дау-жанжалдан ебін тауып, абыроймен құтылу.

Бұл категориялардағы балалардың жалпы адамдық және өзге ешкімде қайталанбайтын қасиеттерін анықтауда «отбасында тәрбие жетіспеушілігінен» деп тұжырым жасалып, даулы пікірлер туындамас үшін «қиын» баланың мінез-құлық ерекшелігінің себеп-салдарын анықтап, оның басындағы қиыншылықтардың  түп-төркінін тауып барып, оны қалыпқа келтіру шараларын жүргізген жөн.

Кейінгі  жылдары әлеуметтік мәселеге айналып отырған «қиын» бала  ұғымына  себепші болатын әлеуметтік-психологиялық және психо-педагогикалық факторлар ғалымдар назарынан тыс қалмай, жан-жақты зерттеле бастағаны анық.  Осы орайда қиын оқушыының психологиялық дамуының бұзылуының бірнеше  себептерін атап өтейік:

  1. Мидың зақымдану зардаптары:
    • сөйлеу, ықылас қою, есте сақтау, қабылдау, қарқынының кешілдеуі.
  1. Себептері мен механизмдері:
    • анасының жүкті кезіндегі сырқаттануы;
    • анасының алкогольді ішімдіктерді ішуі;
    • шылым шегу, баланың тұншығып тууы;
    • баланың жиі-жиі сырқаттануы;
    • генетикалық нейробиологиялық факторлардың әсері.

    Салдары мен белгілері:

  1. Ақыл-ой дамуы қалыпты, бірақ әлеуметік бейімделуі қиындау.
  2. Кекештік, сөйлеудің бұзылуы, дәретін ұстай алмау, бастың ауруы, тамыр дистоиясы, мектепке бейімсіздену синдромы және негізгі белгісі – мінез-құлықтың өзгеруі.
  3. Гиподинамикалық қалып – сыбырлық, салғырттық, баяулық.
  4. Гипердинамикалық қалып – шамадан тыс мазасыздық, қозғалыс белсенділігінің арта түсуі.

Атқарылуға тиісті ұсыныстар:

1. Педагогикалық-психологиялық, медициналық  зерттеу жасау.

2. Сырттай жүйелі бақылау.

3. Жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып, ұсынылған тиімді шараларды үздіксіз іске асыру.

4. Ата-ана+әлеуметтік педагог+оқушы  арасында ынтымақстатық педагогиканы  іске асыру.

  Нәтижесі:

  1. Бала тәртібінің алға қадам басуы байқалады.
  2. Адами қасиеттері ашылып, қоғамдық борышын түсіне бастайды.
  3. Әлеуметтік педагог+ата-ана+оқушы арасында түсіністік, сыйластық пайда болуы.
  4. Сана салауаттылығына бет бұрады.

 

Күтілетін нәтиже

 

ТЕОРИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ІС  ЖҮЗІНДЕГІ   НӘТИЖЕСІНЕ НАЗАР АУДАРАЙЫҚ

Психологиялық дамуының бұзылу себептері мен салдары және белгілері:

Мысалы:  9 «Г» сыныбы (К.К.деген оқушы)

Әлеуметтік педагог: аты-жөні

Әлеуметтік фактор. Қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік дағдарыстардың әсерінен ауылдан қалаға жұмыс іздеп және әйелінің денсаулығына байланысты жанұясын асырау мақсатында келген отбасы. Отбасында үш баласы бар. Мамандығы жоқ, әртүрлі жалдамалы жұмыстар істеу арқылы күнделікті күнкөріс жасап отырған әкенің бала тәрбиесіне қарауға мүмкіншілгі жоқ, материалдық жағдайы төмен.

Географиялық фактор. Бірнеше  қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген. Жергілікті экологияның әсерінен  аналарының денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті  экологияның әсерінен ана денсаулығының нашарлығы.

Биологиялық фактор. Анасының баласына жүкті кезінде денсаулығы болмағандықтан, бала  туғаннан жұқпалы аурумен жиі ауырады. Соның салдарынан жүйкесі бұзылған. Ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеу дамыған. Сылбыр, баяу қозғалады. Өз қатарластарымен  салыстырғанда бойы ұзын, кеудесі қысқа және мөлшерден тыс қолы ұзын, еңкеңдеп жүреді. Невропотологта тіркеуде тұрады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.

Үйішілік фактор. Жанұяда бала тәрбиесіне  араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп, жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Балансының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.

Жүргізілген диагностикалық зерттеу жұмысы

Дәрігермен жүргізілген жұмыстар:

  1. Медициналық анықтамамен танысу.
  2. Психо-терапия әдістерімен танысу.
  3. Дәрі-дәрмекпен емделуін, уақытында дәрігерлік тексеруден өтіп отыруын ата-ана қадағалу.

Әлеуметтік педагогпен жүргізілетін жұмыстар:

  1. Оқушымен жеке әңгіме өткізу.
  2. Даму ерекшелктерін анықтау.
  3. Ата-анасына бағыт беру, кеңес беру.

Заң орындарымен жүргізілетін жұмыстар:

Информация о работе Әлеуметтік педагогтың қиын жасөспірімдермен жұмыс жасауы және оларды қайта тәрбиелеу жолдары