Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 18:57, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Жиырмасыншы ғасырда қазақ прозасы бұрын-соңды болмаған даму деңгейіне көтерілді. Замана ағымының қилы кезеңдерінде ширап-шыныққан сөз өнерінің тақырыптық тұрпаты үздіксіз жаңғырып, жаңаланып, дамып отырады. Ел басына түскен қиындықтар ұлттың сана-сезімінің, ұлттық идеяның дамуына түрткі болды. Сондықтан да ұлтымыздың рухы биіктеп, еңсесі көтерілгенде әдебиетіміздің де қайта толысып, кемелдену дәрежесіне жеткен кезеңдерінің бірі өткен ғасырдың 50-60 жылдары аралығы еді. Осы кезеңде төл әдебиетімізде әлемдік классика үлгісіне тең келетін көркем шығармалар легі дүниеге келді.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. Х.Есенжанов романдарындағы тарихи шындық және дәуір сипаты
1.1 ХХ ғ. 50-60 ж.ж. қазақ тарихи роман дәстүрі және Х.Есенжановтың шығармашылық өмір жолы........................................................................................6
1.2 «Көп жыл өткен соң» дилогиясының көркемдік және тарихилық сипаты........................................................................................................................35
1.3 Дилогиядағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы.........................................41


2. Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы зиялылар образы
2.1 Ағайынды Жүнісовтердің тарихи-көркемдік бейнесі......................................56
2.2 Х.Есенжанов романдарындағы тарихи тұлғалар бейнесі................................63

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ........................................................................69

Файлы: 1 файл

Х.Есенжанов Көп жыл өткен соң.doc

— 480.50 Кб (Скачать файл)

Шұғыл қажының айқайшыл да айбарлы, адуынды мінезі, қатулы қабағы, түнерген пішіні ішкі әлемімен етене үйлескендігі соншама, ол өзге адамның қазасын, анықтап айтқанда, туыс болып келетін Бақының өлімінде де өлікті мұқата сөйлеуі оның тым астамшыл екендігін танытады. Бақының денесін Ералы мен Сералы әулиенің жанына жерлеуге қарсылық көрсетеді. Денесі тітіркенбестен, өршіл мінезімен, кесепаттық қасиетімен оқырман жадында берік орнығады. Мысал келтірелік: « – Неге сол жақта жерлемедіңдер? Әлде ана Ералы мен Сералының қасына көмбек болдыңдар ма есалаң туысқандарыңды, – деді Шұғыл мұқата сөйлеп.» [5, 183]. Шұғыл қажыға өзінің тірі кезінде бүкіл шаруасына көз болған туысқаны – Бақыны қай жерге, қашан жерлейміз деп келген, ақылдасайық деген Нұрым мен Тояшқа осылайша жауап қатады. Өлік үстінде оспадарсыз сөз айтқан Шұғылдың іс-әрекеті халықтың имандылық шарттары мен әдебіне де мүлдем сыйыспайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Шұғыл сондай-ақ, орынсыз жөнсіз қаталдықтың иесі.

Қазақ даласына ежелгі уақыттағыдай батырлардың жекпе-жегі, тұлпарлардың дүрсілі орнына ауыр қозғалатын, от шашатын зеңбіректің келуі де адам психологиясын өзгертті. Шығармада бұндай сәтті Жүніс қажы өз болмысынан өткереді. Зеңбіректің оқ атқан дүрсілін ол алғашқыда ашық күндегі күннің күркіреуімен  салыстырады. Қорқыныш пен үрей билеген ол қолындағы тәспісімен Алланы аузына қайта-қайта ала береді. Зеңбіректің пайда болуы, оның белгісіз дүрсілі, даусының жиі-жиі естілуі, онсыз да көрген-білгенін ортаға сала бермейтін Жүніс қажыны іштей тұнжырата түседі. Заманның не боларын ойлап, ол өзгелерден оңашалана бастайды.

Жүніс қажы көргені мен өмірден түйгені мол жан. Ол өмірдің өзгере бастағанын түсінеді, түйсінеді де. Бақының бақилыққа аттанғанын ол алдын- ала сезгені де рас. «Түс – түлкінің бағы» десек те, оның дұрыс жорамалы бар екендігі шындық. Оны Жүніс қажының мына бір сөзінен толық аңғарамыз: «– Түнде көкем марқұм түсіме еніп еді. Қыстауда екенбіз деймін, қайдан келгенін білмеймін, Бақы босағада қол қусырып тұр екен. «Бақы шырағым, жүрші екеуміз жел жаққа аққала соғып келелік. Үйді қар басып қалар» дейді көкем марқұм. Сөйтті де, екеуі ақ тон киіп шығып кетті. Біліп едім Бақының бұл дүниенің адамы болмайтұғынын, – деді.» [5, 190].

Роман-трилогияда Жүніс қажының күрделі бейнесі нақты іс- әрекеттермен, мінез тұтастығымен ерекшеленеді. Ол ұсақ-түйекке бола майдаланбайды. Дәулетіне сай кесек-кесек сөйлейді. Ретіне қарай сөзін жүйелейді. Сөзді орын-орнымен жұмсайды. Дәл айтқанды ұнатады. Күлбілтелемейді. Шешіле сөйлейтін кезде ғана тілінің тиегін ағытады. Атап айтқанда, ол жиені Оразбен тұйықталмай, ашық әңгімелеседі. Өйткені Ораздың сөйлеу мәнері де өзгеше. Оқыған, тоқығаны бар. Сөзге алғыр, сөзді жүйе-жүйемен айтады. Ой бұлағы мөлдір әрі тереңнен атқылап шығады. Сөз жүгірер арнасы да ауқымды. Сөйлесе еркін көсіледі, еңсесі жоғары. Қален мұғалім ақылды, салмақты, ойға берік болғанымен, сөзге жүйрік емес. Өнер алды – қызыл тілді емін-еркін безей бермейді.

Уақыт жүгін ерте әрі жете сезінетін Жүніс қажының ақыл-ойы мен парасат пайымын жазушы көркем ой мен көңілге дөп тиер сөз орамдарымен бере білген: «Ит сүйекке қақалмас» дейтін қағидамен жүретін жебір би мен ардаңдаған әмірші елге өнеге емес. Елге өнеге беретін жігер мен ақыл иесі жандар.» деуінде айтулы суреткер Жүніс қажының  ішкі психологиясын, өзінің жазушылық ұстанымымен дәл көрсеткен. Дегенмен, Оразбен екеуара болған сұхбатта Жүніс қажы қаншалықты шешіліп сөйлескенімен, ішкі әлемінде оның қалай жауап беретінін сынау ниеті басым жатқаны жасырын емес-ті. Бұндай пиғылды Ораздың да түсінуі екеуінің таразы басын тең ұстауға ықпал етті. Ел тағдыры шешілетін тартысты, дау-дамайлы жағдайларда бел шешіп, білек сыбанып, сөзбен түйін түйген Жүніс қажы осал тұлға болмағандығын анық байқаймыз.

Роман-трилогияда Құлмырза бидің ел ішіндегі береке, бірліктің, ауыз біршіліктің сетіней бастаған сәтін дәл бейнелеген тіл бедері де оқырманды ойландырары хақ. «Ал менен көмек керек болса, бүкпей айтарым: күні кеше Тоқсабаға бір бол деп қақсап, жағым жар болғаннан кейін, бір болмасаң, екіге жарыл, екі аз десең, төртке бөлін деп тобынан шығып кеттім. Бүгін сол «Қабырғалы ел» дегенің төрт бөлек. Ең кішкене бөлшегі осы отырған Алқакөліңнің айналасы, – деді.» [5, 221]. «Береке түбі – бірлік демекші, ырду-дырду болған елдің барар жер, басар тауы қалмастығына осы үзіндінің өзі-ақ кепіл деуімізге толық негіз бар. Алты арыс ағайынның бірі – Тоқсабаның тозған бөздей тігісінен ыдырап бара жатқан жайын Құлмырза би бейнелеп айтып, қолмен қойғандай ескерткені қоғам өзгерісін дәл көрсететін барометр секілді сезіледі.

Ескі мен жаңа алмасар тұста, бір жүйе мен екінші жүйе ауысар кезде жүзеге асуға тиіс заңдылық та жазушының көркемдік-суреткерлік шеберлігінен тыс қалмаған. Оған мына диалогты оқи отырып көз жеткізуге болады.

«– Би, жаңылыспа, топ бастар серке елден туады, ел іргесі табанында. Қартаң тартқан Құлмырза да тұғырдан түскен жоқ... Жетектер адам бар.

– Жоқ, хажи, біз...біз демейін, мен дейін. Мен ескірдім. Ескіге адам әуес емес, жұрт жаңаны көксейді. Жаңаның бабын ескі таппайды»[5, 222 б.]. Осынау диалог шығарма шырайын келтіріп қана қоймайды, қазақтың шешендік өнерінің биік деңгейін де танытады. Бұл диалогта бос сөз мүлдем жоқ. Ойға, логикаға, философияға, таным мен талғамға тұтасып тұнып тұр.

Роман-трилогияда қанатты сөз бен фразеологиялық тіркестерге өзінен- өзі сұранып тұрған сөздер көп-ақ. Мәселен, «Қаталдық топастықтан шығады, ұр да жық тереңдіктің нышаны емес» [6, 113], «Сорлының аты – сорға, қайтып келіп орға жығылады» [6, 158], «Бақ орнар, аруақ қонар» [6, 205], «Тұз жаласпай, тіл шешілмейді», «Жақсы лебіз, жарты ырыс» [6, 230], «У ішсең, көппен іш, бал жесең, бөліп же» [6, 232], «Қойшы қолына таяқты қой шетінде сүйеніп тұру үшін алмайды», «Атаң Қаратайдың атына ғана иесің, ақылы мен қайратынан мақұрым қалған төрешік», « – Халеке, қойды шашау шығармаймын деп бүгін қуалап, иіре бергеніммен, ертең ол жөнге жайыла қояр ма екен», ... ел басқару деген, қымыз сапырған бәйбішенің сауырынан сыйпап қойып, мәз-майрам болып отыра беру емес. Ел билеу үшін де, батырдың жүрегі, палуанның білегі, Жиреншенің тапқырлығы болсын», [5, 251], «Маған солардың ақымақ болғаны керек еді, ақсақал. Сен қайта-қайта ақылды дейсің, құда түсетін адамша, түгі» [6, 355], - деген сөйлемдерде түсінер, түйсінер жан үшін талай-талай меңзеген, тұспалдаған, айшықтаған жағдаяттар аз емес.

«Қазақ байыса, қатын алады» демекші, роман-трилогияда бәйбіше, тоқал мәселесі де өмір шындығы іспеттес шығармада және бір қырынан көрініс табады. Бәйбіше болу өз алдына, тоқалға көндікпеу, қызғаныш секілді психологиялық иірімді бастан кешірген бейнелердің бірі – Жамал. Ол – дәрігер Ехластың айттырып алған алғашқы әйелі. Петербургте оқып, білім алып, әр жылы жазда ғана елге келіп, Жамалды жар ретінде танып, білуі, соңыра Жымпитыда жұмысқа кетіп, сол жерде тоқал алмақ болуы, әрине, жастай қосылған, бай әрі батыл, ерке әрі сылқым бәйбішесіне қатты әсер етті. Қуанып жүруінен гөрі, бұртиып жүруі көбірек болады. Үзінді келтірелік: « – Сен Жамал неге тұртияды – дейсің бе? Ехлас ағаң тоқал алғалы жатыр, ақ жеңгең... ақ жеңеше соған тұртияды. Біреу қатын ала алмай қайғырады, біреу қатын алдың деп қайғырады. Белгілі ғой жай, Амантай. Үлкен әкімдерге бір қатын жете ме? Олар сенімен мен емес қой. Бізге бір-бір қатын да жетер еді. Тіпті, бар ғой, шамалы жарым-жарты қатын да жетер еді маған. Оларға бір қатын аз. Сен қара, бәйбіше мынау үйде, тоқал қаладағы үйде, тіпті, Ехлас сияқты адамдарға елге тағы бір қатын ұстауға да болады. Малы жетеді қатын алуға. Ехлас сенімен мен емес. Қаладағы қарағай үйіне мықты қатын керек. Осы мен, Амантай, таңым бар: Шұғыл қажы неге тоқал алмаған? Әлде өліп қалды ма? Ана Айтолыш кемпір алдырмады ма? Қой, Шұғыл оған қарамас. Соның неге қос қатын алмағанына миым жетпейді...» дейді қойшы Алпысбай жылқышы Аманқұлға. [5, 264-265].

Екеуара сөз алмасу үдерісі тарихи көркем трилогияда әйел алу және күйеуге тию секілді жылы юмормен жалғасын тапқан. Әрі сол суреттеулер бір-бірімен үйлесім тапқан. «Жұмекеңнің төрт қызы тезек теруге шығыпты. Бойжеткен үлкен апалары қаптарын арқалап әрігіректе ұзап кетсе керек. Арбада қалған екеуінің кішісі айтады дейді: «Бізден өзге жұрттың қызының бәрі ырысты; ана Қарекеңнің қыздарын көрмейсің бе, үлкенін ұзатқалы жатыр, екіншісінің күйеуі келіп кетті, кішісін айттыруға саушы келді. Жақында оның күйеуі де қалыңдық ойнауға келеді. Көзіміз жаудырап жүргеніміз мынау, күйеу де жоқ, саушы да жоқ. Осынау шақта құдайдан құдай болып, аспаннан күйеу жауып, апаларға дара-дара, біздерге екеуара біреуі тисейші, тым болмаса...» [5, 266]. Әрине, оқырман жылы  жымияды. Жазушы шеберлігі, оқиға шымырлығы, тіл көркемдігі, бәрі-бәрі де осы шағын эпизодта кемел суреттелген.

Әрбірі өз орнын табу үшін, қоғамға, туған жеріне қолдан келгенше игілікті істерімен көрінуге өз қажыр-қайратын танытып, тер төккісі келгенімен, жаңа кеңестік жүйенің билік кезеңі мен оның біржақты да қасаң  талаптары талай-талай тағдырларды теңселтті. Дүрбелең істерге бой алдырды. Тіпті, көпшілігі өз іс-әрекеттерінің, сенімдерінің адалдығы жолында құрбан болды. Аласапыран мезгіл жазушы трилогиясында кемел де қуатты, тегеурінді де толғақты суреткерлік тәсілмен бейнеленген. Жазушы «Ақ Жайық» роман-трилогиясы арқылы суреттелетін мезгілді кең ауқыммен, қабат-қабат оқиғалармен көрсете отырып, қазақ әдебиетіне өзіндік орны бар, тілі құнарлы туындыны сыйлағаны, әрине, зор табыс, мол бақыт.

Аласапыран уақытта, тар қапаста, түрме ішінде өмір кешкен адамдардың ғұмыры, іс-әрекеттері және ой-ниеттерінің тазалығы да оқырмандарды қызықтырады. Ең бастысы, өздері алға қойған мақсат пен мүдделерге адал болу – шығармада анық және сенімді жазылған. Түрмедегілер азғынданған жандар немесе қылмыскерлер емес, олардың тіршіліктің әділ болуы үшін жан алысып, жан берісіп жүргендіктері, саяси белсенділіктері оқырман тарапынан қолдап-қуаттауды туғызады.

Хакім мен Мүкараманың Оралда бір-бірімен сағына жүздесуі, Мүкараманың Хакімді кінәлауы, Жымпитыға келемін деп келмегенін ашық айтуы, екеуінің бір-біріне деген ыстық сезімінің солмағанын білдіреді. Жымпиты үкіметінің офицері Абылаевты қолға түсіргенде оның жансауға сұрағанын, ендігіде Жымпиты үкіметіне қызмет етпеймін деген сөзінің жалғандығына Хакімнің көзі жете түседі. Оған себеп – офицер Абылаевты Ехластың үйінде көргенін, оның Һарон сұлтанмен далаға шығып сөйлескенін Хакімге жайып салады. Мүкарама Хакіммен бірге болғанын қалап, Оралда жұмыс жасағысы келген тілегін де білдіреді. Өмір көріп, тіршілік түйткілдерін толық тани бастаған Хакім ендігіде Мүкараманың Оралда қалмауын, бұл қалада жақын күндерде дүрбелең басталатынын сездіріп, Жымпитыға қайтадан оралуын өтінеді. Мүкарама келіскендей ыңғай танытады. Роман-трилогияның екінші кітабында Хакім едәуір шыңдалған, мол тәжірибе жинаған кейіпкер бейнесінде суреттеледі.

Кемел болашақ, әділдік жолында күресіп жүрген Әбдірахманның келіншегі Күлшан да роман-трилогияда тұлға ретінде көрініс тапқан. Ол өзін, әсіресе, бұдан бұрын да жақсылық жасау қолынан келмейтін Әбілмен өзара сөз қақтығысында ашық байқатады. Сөзбен өрілген текетірес тек сөзбен тайталас қана емес, тағдырлар тоғысы. Әбіл – қу, айлалы. Әбдірахманның әкесі ақкөңіл шал Әйтейден сыр тарта сөйлеуінің өзі баласының қайда жүргенін анықтау ниетінен туған-ды. Әбілдің аузынан шыққан сөз бостан- босқа шықпайды. Мысалға кезек берелік: «Ол қарашекпенділерге сатылды. Ол мұсылман дінін тастап, орыс дініне кірді. Әбдірахман сенің балаң, сенің балаң қазақтың жерін, суын, елін сатты. Мына сені мен мені сатты. Сондықтан бұл мұсылман да емес, қазақ та емес, бұл нағыз дінсіз Әбу-Жаһил. Әбіл осылайша өзінің арам ойын жүзеге асырып, Әтей шалды жасытады. Бірақ Әйтейдің келіні, Әбдірахманның келіншегі Күлшан Әбілдің аузына су құяды. Ол былай дейді, сөйтіп, уәжді сөзімен оны тізгіндеп тастайды. «– Сом темірге балға бар, сомсынғанға Алла бар. Бүгін күш алып, жалыңды күдірейтіп, Әбдірахманды жұрттың алдында да, әкесінің алдында да қараламақшы боласың. Оны дінсіз де қылдың, орыс та еттің, сөзіңнің мен бәрін де естідім. Осы сөзді сақалы қуарған шалға айтқанша, өзіне неге айтпадың. Әбдірахман, «сен орысқа сатылдың» деп. Әлде құдай деген атам мен еңкейген енемді қорқытып алып, басқаларын уысыңа түсірейін деген ойларың ба бұл?»[5, 308].

Күлшаның мүлт кетпес өткір сөзі оның ақылы мен парасат- пайымының, көргенділігі мен батылдығынын көрінісі. Жетелі сөз айтып, жеткен жерінде тоқтай білуі де халықтың әдет-ғұрыпқа берік болуының белгісі. Әбдірахманды қолға түсіріп, жазалауға келген қауіптен аман сақтап қалу үшін Күлшан бір көш жердегі ауылға келіп, Меңдікерейге жолығады. Ауыр күндер көшкен жұрттай кейін қаларын сезсе де, Әбдірахманның басы аман болғанын қалайды. Күйеуінің аман қалатындығына көзі жетеді де. Өйткені Меңдікерей секілді ақылман аға барша жағдайдан толық хабардар екен. Әрі сабырлы, әрі ұстамды ағасы бар адам ешқашанда қор болмастығын түйсінеді. Әбдірахманның да көптің тірлігіне бас ие болып жүргендігін сезінеді. Кітаптан үзінді келтірелік: «Күлшан шырағым, талай қиыншылық бастан өтіп келеді. Әлі де көп бейнет, көп қайғы-уайым кездесер, бірақ бәріне де шыдау керек. Берік болу керек. «Сабыр еткен ғана жетер мұратқа» деген сөз бар. Сабыр ету керек. Әбдірахман жалғыз да емес және жай жасырынып қана жүрген жоқ. Ол әділеттік іздеген, теңдік іздеген көп адамдардың, сан елдің басын қосып, жауға қарсы әрекет істеп жүр. Орыс, қазақ болып бас қосқан өзіміздің ортамызда басшылық етіп жүр. Әбдірахман болмаса, саналы азаматтарды кім бастар еді?» деп Меңдікерейдің өз ойын айтуы Күлшанның көңіліне демеу болады [5,316].  Роман-трилогиядағы офицер Абылаев Һарон сұлтанға өзі тоналған түннің оқиғасын мүлдем басқаша, өңін айналдырып, өз пайдасына орай айтып жеткізеді. Ханкөлінің тұсында жүз шақты басқыншы шабуыл жасады. Біздер ерлік жасадық. Қарсы тұрдық, құрбан болғандар бар дейді. Керуенді Әбдірахман Әйтиев тонады деп сендіреді. Һарон сұлтан бүлікшіл Богдановка селосын өртеп жіберуге, қолға түскен күдіктілерін атып-асуға бұйырады. Офицер Абылаев пен Әбілге жиырма бес жауынгерді қосып беріп, оларды аямай қыруға әмір етеді. Ендігіде соғыс қимылдарына қатыспаймын деген антын ұмытқан офицер Абылаев ел тұрғындарын аяусыз басуға, атып, шабуға өз үлесін қосады. Бірақ ел ішіндегі зорлық-зомбылығы, ақ казактардың қоқан-лоққысы Әбдірахман тарапынан қатты кедергіге ұшырайды. Қарулы күшке ие болған Парамонов, Әйтиев, Беландар ақ казактарды терең сай тұсында баудай қырып салады.

Роман-трилогияда халқымыздың ұлт болып ұйысуы жолындағы ауыр да азапты жолдары шығарма кейіпкерлерінің өмірі арқылы өрілген де. Трилогиядағы негізгі бейне – сұлтан Бақытжан Қаратаев. Ол ел тарихында өзіндік орны бар Қаратай ханның бел немересі. Әкесі Қаратай – Нұралы ханның баласы. Қалмақ әйелінен туған төрт ұлдың бірі. Ал Нұралы хан Әбілхайыр ханның көп ұлдарының бірі.

Бақытжан Қаратаевтың ата-бабасын Орал өңірінде туып-өскен, қызмет еткен ел жақсылары, генералдар жақсы біледі. Бұл әулеттің есімімен олар етене таныс, оның тілін, әдет-ғұрып, жөн-жосығын жақсы біледі. Бірақ ұлт теңдігі мәселесіне келгенде шегіншектей береді. Назарға алмайды. Басынады. Есептеспейді. Төмен санайды. Дәлірек айтқанда, аяққа таптайды.

Информация о работе Х.Есенжановтың «Көп жыл өткен соң» дилогиясындағы қазақ зиялыларының бейнесі