Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2015 в 21:47, реферат

Описание работы

Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш кластарда қаланады, яғни бастауыш класс оқущылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі творчестволықпен ұтымды орындауға үйренеді.
Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Файлы: 1 файл

Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық негіздері.doc

— 35.00 Кб (Скачать файл)

 Байланыстырып сөйлеудің  кейбір психологиялық педагогикалық  негіздері

«Мектеп жас ұрпақтарды олар болашақта өмір сүріп, жұмыс істейтін қоғамдық жағдайларды мейлінше ескере отырып, өсіруге, оқытуға және тәрбиелеуге тиіс», - делінген «Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының Негізгі бағыттарында». Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы, ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің творчестволық сипат алуы.

Баланы ойлау мен сөйлеуге үйрету негізі бастауыш кластарда қаланады, яғни бастауыш класс оқущылары ойлау мен сөйлеу дағдысына төселіп, істі творчестволықпен ұтымды орындауға үйренеді.

Сөйлеу арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеудің пікірлесу ретіндегі әрекетінің әр түрлі болып келетінін психология ғылымы зерттей отырып, оны үлкен екі топқа, сырттай және іштей деп аталатын топтарға бөліп қарастырады. Сырттай сөйлеудің өзі ауызша (дыбысты тілдің көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.  Сөйлеудің бұл түрлері бір-бірімен өзара тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені сырттай сөйлеу (ауызша, жазбаша) мен іштей сөйлеудің физиологиялық негізі бір – ми жарты шарлары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Олардың негіздерінде сөйлеу органдарының қозғалысынан шығатын кинестетикалық сезімдер жатыр.

Кинестетикалық түйсікке негізделген шығарма мен мазмұндама жазу балалардың қабылдауын дамытып, зейін өрісін кеңейтеді, ойын, тілін дамытады, оларды қиял шыңына шарықтатып, тәтті сезімге бөлейді.

Психологтардың анықтауынша, бастауыш класс оқушыларының қиял дүниесіне бой ұруы, әр түрлі оқиғаларға кездесуге құштарлығы, өзін ертегі кейіпкерлерінің орнына қойып, ойға алғанын іске асыруға әрекет жасауы басым болады. Олардың бұл ерекшелігін творчестволық жұмысқа пайдаланудың зор маңызы бар. Қиялыдың шарықтап дамуының ең жоғарғы сатысы творчестволық әрекетпен тығыз байланыста болады. Қиял екі түрлі. Пассивтік және активтік. Пассивтік қиялға түс көру жатады, ал активтік қиялдың өзі қайта жасау және творчестволық болып екіге бөлінеді. Шығарма, мазмұндама жұмыстары активтік қиялдың екі түрін де дамытады, өйткені кітап оқу, түрлі суреттер көру, диафильмдер көру арқылы уақиғаларды көз алдына елестету – қайта жасау қиялының көрінісі. Ал бала қиялының бетін шындыққа бұрып, оның іс-әрекетіне өз ойынан шығарғанын, өздігінен тапқандарын қосып дамытуға, толықтыруға үйрету творчестволық қиялды дамыту болып табылады. Осыған орай, еркін тақырыпқа шығарма жаздыру т.б. жұмыстарды көбірек жүргізу бала творчествосын дамытады.

Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психикалық және дене даму ерекшеліктері жөнінде оқулықтарда берілген мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы да осы кезден, ІІ кластан бастап жүргізуге толық мүмкіндік бар екені анықталды. Шығарма мен мазмұндама жұмыстары:

1. Балалардың психикалық  процестерін (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, қиял, сезім, ерік) күшейтеді, әсіресе ой қызметінің белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабығында өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін күшейтеді. Мидың жарты шарлар қабығында өтіп жатқан әрекетті үздіксіз күшейтіп, уақытша нерв байланыстарын (анализаторлардың мидағы ұштарының арасында туып жататын уақытша нерв байланыстары) жасайды және жетілдіре түседі.

Шығарма мен мазмұндамаға дайындалу барысында, әсіресе ІІ класс оқушыларының психикасында І сигнал системасының қызметі мен эмоция басым болғандықтан, балалардың өмірде көрген білгендеріне, заттың тікелей өзін көрсетіп, сол жөнінде қабылдауларына, уақиғаны бақылау қабілеттеріне сүйену керек. Тексті алдынала синтездеу жұмысына ерекше назар аударған жөн. Өйткені тексті алдын ала синтездеудің, яғни жазбас бұрын тексті жобалап алудың, қате жібермеу үшін де тигізер пайдасы мол. Жазу процесінің аналитикалық-синтетикалық жолы неден көрінеді: 1) сөзді тыңдағанда әңгімеленгелі отырған уақиғаға сай келетін сөздерді таңдап ала білсе, бұл – аналитикалық процесс, ал осы сөздерді текстің ішінде енгізуі синтетикалық процесс болып есептеледі, 2) сөйлем құрастыруда анализ – субъектілер мен предикаттарды және заттың белгілерін көрсететін сөздерді іріктеп алу, ал синтез – осыларды сөйлемнің ішінде орын-орнына қойып, орналастыру, 3) текст құрастыруда анализ – тұтас тексті бірнеше бөлімге бөлу, синтез – сол бөлімдерді бір-бірімен жалғастыру. Мұнда анализ жазуға дайындық кезінде, текске жоспар жасау жұмысында іске асса, синтез сол жасалған жоспар бойынша, құрастырып айтып не жазып беру жұмысы болып саналады. 4) шығарма жазу процесінде анализ үнемі синтезден бұрын жүреді. Анализдің бұрын келуі синтезге жол ашады.

 


Информация о работе Байланыстырып сөйлеудің кейбір психологиялық педагогикалық негіздері