Тәрбие бірінші отбасынан басталады
Реферат, 27 Октября 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу
Файлы: 1 файл
сынып са5аттары.docx
— 99.95 Кб (Скачать файл)
Құқық - әділет пен
парасат жолы
Мақсаты:
Білімділік – оқушыларға адам
құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан
түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін
толықтыру;
Дамытушылық – оқушылардың
саяси саналығы мен таным белсенділігін
арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен
салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге,
ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік – адамгершілік,
ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына,
адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы
құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының
Конституциясы, «Бала құқығы»конвенциясы,
заңдар жинағы слайд.
Сабақтың кезеңдері:
I. Кіріспе
II. Құқық туралы жалпы түсінік
III. Өткенге көз жіберсек...
(Тәуке ханның “Жеті жарғысы”)
IV. Балалар құқығы туралы халықаралық
конвенция
V. Көкейде жүрген сауал
VІ.«Ойлан, тап»;
VІІ. Мұны әрбір оқушы білуге
тиіс
VІІІ. Қорытынды
Қанатты сөздер:
«Ата заң әркімнің бойтұмары
болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз
орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол
жеткіземіз».
Н. Назарбаев.
«Бала бол, басқа бол – бәріне
заң біреу - ақ»
«Тура биде туған жоқ, туғанды
биде иман жоқ».
Ж. Баласағұн.
I, Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер
айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды
құрметтеп, ата – бабамыздың тәжірибесін
үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз
13 жастағы баланы «отау иесі» деп атады.
Ал қазіргі Қазақстан Республикасының
Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы
14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап
толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік
басталады, азамат жеке куәлік алады.
II. Конвенцияда адам құқығын
құрметтеуге, баланы ата – анасынан, олардың
мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің
ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа
құрметпен қарауға тәрбиелеу жөнінде
айтылған.
Біз тәуелсіз, егеменді елміз.
Өзімізге тән елтаңба, әнұран, туымыз бар.
Соның маңыздыларының бірі – 1995 жылдың
30 тамызында Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы қабылданған.
Конституция 98 бапты біріктіріп
9 бөлімнен тұрады. Адамның құқықтары,
бостандықтары мен міндеттері осы бөлімдерде
жазылған. Әр адам өз құқықтары мен міндеттерін
білуі керек. Бүгін осы мәселелерді қарастырдық.
«Заң білу – заман талабы». «Бала құқығы».
«Заңға бағыну – адамзат міндеті».
Заңды білу – заман талабы.
Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға
бағытталған құқықтық мемлекет құру идеясы
жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың
өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана
– сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың
міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші
жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау.
Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі.
Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы
мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының
бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды
салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
III. Кішкене тарихи шегініс жасайық.
15 ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің
негізі қаланды. Жәнібектің баласы Қасым
ханның тұсында қазақ хандығы күшті мемлекетке
айналды. Тарихта тұңғыш рет құқықтық
ғұрыптар мен нормалар жүйеге келтірілді.
Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп
атады. Ол бес бөлімнен құралды.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының
құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай
үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери
міндетті атқару ережелерін күшейтті,
әскери тәртібін бұзу - шыларға қолданылатын
жазаны қатайтты. Қалған мәселелерде Есім
хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды
сақтап қалды. Сондықтан оларға халық
«Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне үшінші
және соңғы рет елеулі өзгерістер енгізген
Тәуке хан (1680 - 1718) болды. Бұл құқық нормалары
жазба түрде сақталып, жүздеген жылдардан
кейінде мінсіз күйде қағазға түсу мүмкін
болған. Бұл кодексті «Тәуке ханның жеті
жарғысы» деп атаған.
Жеті жарғыдағы мәселелер былай
топтасты:
1 бап - Мемлекеттік мәселелеріне
байланысты
2 бап - Әскери іс мәселелеріне
байланысты
3 бап - Шаруашылық іс мәселелеріне
байланысты
4 бап - Қылмыстық іс мәселелеріне
байланысты
5 бап - Діни мәселелеріне байланысты.
6 бап - Жұртшылық мәселелеріне
байланысты
7 бап - Отбасы және неке мәселелеріне
байланысты
Сондай - ақ, қазақ даласында
Сот қызметін билер атқарған. Қазақ билері
арасында бір заманда өмір сүрген және
өздерінің ерекше қасиеттері мен көзге
түсіп, тарих беттерінде қалған Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке би.
Міне, балалар өздерің байқап
отырғандай құқық дегеніміз – заң рұқсат
ететін адам табиғатына, жаратылысына
сай әрекеттер жасау мүмкіндігі екен.
ҚР - ң Конституциясы – елдің
басты саяси құқықтық құжаты. Конституция
латынның «constitutio» сөзінен шыққан «құрылым»
деген мағына береді. Еліміздің Конституциясы
- адамның құқықтары, бостандықтары, қадір
- қасиетінің гуманистік тұжырымдамасы
және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін
әділетті заң жиынтығы. ҚР Конституциясы
1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды.
Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы
9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы
туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен
Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады.
Екі бөлім 54 баптан тұрады.
IV. Әлемде 1979 жылы Халықаралық
балалар жиынын өткізу кезінде «Балалар
құқығы туралы халықаралық конвенцияны»
дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылы
20 қарашада конвенцияны БҰҰ бірауыздан
қабылдады. Конвенция - әлем балаларының
құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие
беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын
маңызды құжат. Онда: «Қатысушы мемлекеттер
әрбір баланың өсіп – жетілуі қажетті
тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және
оның құқығын мойындайды» делінген.
«Балалар құқығының» заңдары.
Ой – талқы
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің
атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
«Бала құқығының» заңдарынан
баптарды ұсыну.
1 – бап
Бала сипаттамасы.
18 жасқа толмаған жеткіншек
бала деп саналады. Ал кейбір жағдайда
жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік
жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
2 - бап
Дискриминацияны, яғни зорлық
– зомбылықты болдырмау.
Барлық құқық барлық балаға
бірдей тарайды. Мемлекет баланы зорлық
– зомбылықтың барлық түрінен қорғауға
және оның құқығын қорғау үшін тиісті
шараларды қолдануға міндетті.
3 – бап
Бала құқығын анағұрлым толық
қамтамасыз ету.
Балаға қатысты жасалатын барлық
іс - әрекет оның мүддесін толық көлемде
ескеруі қажет. Егер ата – ана немесе басқа
тұлға балаға керекті қамқорлықты көрсете
алмаса, онда бұл жауапкершілікті мемлекет
өз мойнына алуы тиіс.
4 - бап
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы Конвенцияда көрсетілген
құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің
барлығын жасауы керек.
5 – бап
Отбасындағы тәрбие және бала
қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан – жақты
дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып,
оның тәрбиесі жолында ата – аналар мен
кеңейген отбасылардың құқығы мен жауапкершілігін
құрметтеуі тиіс.
6 - бап
Өсу мен даму.
Әрбір бала өмір сүру құқығына
ие және мемлекет оның өсуі мен дамуын
қамтамасыз етуге міндетті.
7 – бап
Есім мен азаматтық.
Бала дүниеге келген соң өзіне
есім алуға құқылы. Бала сондай - ақ азаматтық
алуға, мүмкіндігі барынша өз ата – анасын
танып білуге, олар тарапынан қамқорлық
көруге құқылы.
8 - бап
Жеке тұлғалықты сақтау.
Мемлекет баланың өзіндік қайталанбас
тұлғалылығын сақтауға, тіпті керек болған
жағдайда оның негізгі қасиеттерін қайтадан
қалпына келтіруге міндетті. Ал негізгі
қасиеттердің қатарына есім, азаматтық
және отбасылық қарым – қатынас жатады.
9 – бап
Ата – анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама –
қайшы келетін жағдайда ғана болмаса,
ата – анасымен бірге тұруға құқылы. Сондай
– ақ бала ата – анасының екеуінен немесе
біреуінен ажыраған жағдай да олармен
байланыс жасап тұруға құқылы.
10 - бап
Отбасының қосылуы.
Бала мен ата – ана отбасын
біріктіру немесе өзара қарым – қатынастарын
нығайту мақсатында кез – келген елден
шығын өз еліне келуге құқылы.
11 – бап
Заңсыз орын алмастыру және
оралмау.
Мемлекет ата – ананың немесе
үшінші бір жақтың баланы шет елде заңсыз
ұстап тұруына болмаса ұрлауына жол бермеуге
және бұл жағдайда тиісті шаралар қолдануға
міндетті.
12 - бап
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін
жеткізуге құқылы және балаға қатысты
мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге
тиісті назар аударылуы лайық.
13 – бап
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын
өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға,
сондай – ақ ақпараттарды, идеяларды беруге,
таратуға құқылы.
14 – бап
Ой, ар – намыс және дін бостандығы.
Ата - ананың балаға тиісті деңгейде
жетекшілік етуі барысында мемлекет сол
баланың ой еркіндігін, ар – ұяты мен дінін
құрметтеуге міндетті.
15 – бап
Ассоциация бостандығы.
Бала басқа адамдармен кездесуге
және ассоциаларға кіруге болмаса оны
құруға құқылы.
16 - бап
Жеке өмір сүру құқығын сақтау.
Балалар өздерінің жеке, жанұялық
және отбасылық өміріне қол сұғушылар
еттерін қайтадан қалпына келтіруге міндетті.
Ал негізгі қасиеттердің қатарына есім,
азаматтық және отбасылық қарым – қатынас
жатады.
Ой талқы. Берілген сұраққа
әр топ өз
ой - тұжырымдарын білдіруі
керек.
Уақыт – 3 минут.
Тақырып: «Жастар және қылмыс»
І топ: Жастар арасындағы қылмысқа
жол бермеу үшін
не істеу керек?
ІІ топ: Мектеп жасындағы жастардың
құқықтық норма
бұзу шарттары қандай деп ойлайсыңдар?
79 - бап. Кәмелетке толмағандарға
тағайындалатын жаза түрлері.
1. Кәмелетке толмағандарға
тағайындалатын жаза түрлері:
• Айыппұл;
• Белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
• Қоғамдық жұмыстарға тарту;
. Қазақстан Республикасының
азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну;
2. Басқа азаматтардың құқықтарын,
бас бостандықтарын, арын құрметтеу;
3. Мемлекет рәміздерін құрметтеу;
4. Қаржы, салықты төлеу;
5. Тарихи және мәдени байлықтарды
сақтау;
6. Табиғатты және табиғи байлықтарын
сақтау;
7. Ата – аналардың балаларына
қамқорлық етуі, алдындағы міндеттерін
орындау;
8. Орта мектеп білімін алу;
9. Қазақстан Республикасын
қорғау;
Осымен біздің сынып сағатымыз
өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған
мәліметтер өте керекті деп ойлаймын.
Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері
асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың - өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ
жүру.
Мен жігіт 15 - 30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған
таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,
- деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров
жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай,
өз өмірлеріне жауап беретін ата - анасының
емес бүкіл алаштың азаматтары болады
деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
«Ең ақылды оқушы» зияткерлік ойыны
0
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру, ой - өрісін дамыту, жаңашылдық,
ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану.
Пәнге деген ынтасын, зейінін арттыру,
алған білімдерін тереңдету.
2. Дамытушылық: Оқушының пәнге деген қызығушылығын
арттыру. Оқығанын есте сақтай білуге,
тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру.
Ой - өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін
дамыту, ұжымшылдық қаблеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасай білуге
баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына
қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу
және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Жұмыстың түрі: зияткерлік ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі
сұрақтар, тесттер.
Ойыншылар: 3 «Б» сынып оқушылары
Жұмыстың жоспары: І кезең «Тестпен жұмыс»
ІІ кезең «Кім жылдам?»
ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр»
«Қорытындылау»
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар
мен қадірлі оқушылар! Бүгінгі 3«Б» сыныбында
өткізгелі отырған «Ең ақылды оқушы» зияткерлік
ойынына қош келдіңіздер!
Көңілді тапқыштар мен білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім біледі? Көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күннің жеңімпазы болады.
Білімімен сайысады ойыншылар,
Алға озар ең мықтысы осы жолы
Көпшілік өнерлерін қызықтайық,
Сұрайық шығуларын жұрт алдына!
Сонымен қарсы алыңыздар ең ақылды оқушылар!
1. Ойыншымыз Әділет
- Әділет өткен оқу жылында қандай жетістіктерге
жеттің?
- Мен өткен оқу жылын үздік бағамен бітірдім.
- Өте жақсы!
2. Ойыншымыз Әмина
- Әмина есейгенде кім боласың?
- Дәрігер.
- Дәрігер болудан қорықпайсың ба?
- Жоқ. Мен укол салуды жақсы көремін.
- Керемет!
3. Ойыншымыз Айбын
- Айбын, көңіл - күйің қалай?
- Менің көңіл - күйім өте жақсы.
- Тамаша!
4. Ойыншымыз Меруерт.
- Меруерт бос уақытыңда немен айналысқанды
ұнатасың?
- Мен бос уақытымда ән салып, би билегенді
ұнатамын!
- Керемет!
5. Ойыншымыз Ерназар
- Ойынға қатысуға дайынсың ба?
- Ия, дайынмын!
- Өте жақсы!
6. Ойыншымыз Ескендір.
- Қарақат бүгінгі көңіл - күйің қалай?
- Көңіл - күйім өте жақсы!
- Тамаша!
7. Ойыншымыз Әбілмансұр.
- Әбілмансұр өскенде әскери қызметкер
болатындығыңды айтқан едің.
- Неге?
- Мен елімнің, жерімнің тыныштығын қорғағым
келеді.
- Міне, нағыз батыр!
8. Ойыншымыз Айару.
- Айару, есейгенде кім боласың?
- Менің келешектегі арманым мұғалім болу.
Өйткені мұғалім болу - ұлы іс. Мұғалім
- мектептің жүрегі.
- Жарайсың Айару!
9. Ойыншымыз Қасымхан.
- Қасымхан, біздің ойынымызға қош келдің!
- Бос уақытыңда немен айналысасың?
- Мен бос уақытымда шахмат ойнағанды жақсы
көремін
- Жарайсың, Қасымхан!
10. Соңғы ойыншымыз Айтуған
- Айтуған, бүгінгі ойынымызға қош келдің!
- Рахмет!
- Өте жақсы екен балалар.
- Олай болса өздерің қандай дайындықпен
келдіңдер?
Оқушылар хормен:
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан жанымызда
Жарысуға өзіміз келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Жүргізуші: Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі
бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып бізден қашар деп
Дайынбысың жарысуға достарым
Көрсетіңдер өздеріңде қандай күш барын
– деп,
біз ойынымызды бастаймыз.
Балалар, орындарыңа жайғаса қойыңдар.
- Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып
өтейін:
Ойынға барлығы 10 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі:
Ойын 3 кезеңнен тұрады.
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр
алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап
бересіңдер.
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5
секунд уақыт беріледі.
Барлығы тест түрінде сендерге ортақ 20
сұрақ қойылады.
Әрбір сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
Ең көп ұпай жинаған 6 ойыншы келесі кезеңге
өтеді.
Сонымен барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!
Біз ойынымызды бастаймыз.
І кезең
«Тестпен жұмыс»
Ойын барысы: І кезеңде 10 ойыншыға экран
арқылы 20 сұрақ қойылады. Әрбір сұрақтың
3 жауабы бар. Әр ойыншы дұрыс жауап нұсқасын
көрсету керек. ЕҢ көп ұпай жинаған 6 ойыншы
келесі кезеңге өтеді.
1. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?»
мәтіндегі “ Өзі тар, өзі қараңғы, өзі
қауіпсіз ” ненің мекені? ( Тышқанның)
2. Ең үлкен екі таңбалы санды көрсет (99)
3. Қалың киімді ұнатады,
шешіндірсең жылатады. (пияз)
4. Жыртқыш құстарға қайсысы жатады? (бүркіт)
5. Уақыттың өлшем бірлігі? (сағат, минут)
6. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп бастаған
шешендік сөзді кім
айтқан? ( Төле би)
7. Дауысты у дыбысы бар сөзді тап. (сусын)
8. Телефонда 103 - ті теріп қай қызметті
шақырса болады?(жедел жәрдем)
9. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал.
(тұсбағар)
10. «Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан» не? (түйе)
11. Екі шеті тұйықталған сызық? (кесінді)
12 Шыншыл ертегілер тобына жататын ертегіні
көрсет.
(Байлық пен ақыл)
13. Қай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?
(көкек)
14. Өсімдік қай мүшесімен тыныс алады?
(жапырақ)
15. Төмендегі жануарлардың қайсысы қысқы
ұйқыға кетеді? (аю)
16. Тұңғыш Президент Күні - қай күн? (1 желтоқсан)
17. « Ғылым таппай мақтанба» – өлеңі н
кім жазған? (Абай)
18. Ең үлкен бір таңбалы санды. (9)
19. Үш сомға бір қой сатып алған қай кейіпкер?(Алдаркөсе)
20. Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды.(ара)
Ойынға қатысып, бірақ 2 кезеңге өте алмаған
оқушыларға үлкен алғысымызды айтамыз.
Ал, келесі кезеңге өткен оқушыларға сәттілік
тілейміз!
ІІ кезең
«Кім жылдам?»
Ойынды ең ұпайы көп ойыншы бастайды. Экраннан
6 тақырып көрсетіледі.
1. « Ана тілі»
2. « Қазақ тілі»
3. «Математика»
4. « Дүниетану»
5. «Кім тапқыр?»
6. «Мақал сөздің – мәйегі»
Әр ойыншы өзінің қалаған тақырыбы бойынша
берілген 1 минут ішінде экранда көрсетілген
сұрақтарға жауап қайтару керек.
Бұл кезеңде да ұпайды көп жинаған 3 ойыншы
келесі кезеңге өтеді.
Ана тілі
1.“Алтын ұяң - Отан қымбат” деп басталатын
шешендік сөзді кім
айтқан? (Қазыбек би)
2. “Ұр, тоқпақ” ертегісі ертегілердің
қай тобына жатады?(Қиял - ғажайып)
3. “Ұшқан ұя” шығармасы кімнің атынан
әңгімеленген? (Б. Момышұлы)
4. “Еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім”-
деп, қай түлікті айтамыз?
(түйе)
5. Өмірде болған адам басындағы оқиғаға
құрылған әңгіме қалай аталады?
(аңыз)
6. Бойына сеніп, жыл басынан құр қалған
жануар. (түйе)
7. “Мүйізі айдай иілген
Мұрнын көкке шүйірген” не? (сиыр)
8. Қазақтың ұлы ағартушысы (Ы. Алтынсарин)
9. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
10. Қазақтың ұлы ақыны. (Абай)
11. Мақалды аяқта: Батыр бір рет өледі,
Қорқақ.... (мың рет өледі)
12. Әліппенің атасы кім?(А. Байтұрсынов)
Қазақ тілі
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?(42)
2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
(3)
3. Ұйқасын тап.
Сатып алдық кеше,
Шай ішетін... (кесе)
4. Заттың атын білдіретін сөздерге қандай
сұрақ қойылады? (Кім? Не?)
5. Батыр, ержүрек, батыл, ер – бұлар қандай
сөздер?(Мәндес)
6. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге
бөлінеді?(3)
7. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы
бөлігін не дейміз?(түбір)
8. Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын.(сөйлем)
9. Отырды, жазды, ойнады, күлді - деген сөздер
заттың несін білдіреді? (заттың қимылын)
10. Міне, нағыз жігіт! Қандай сөйлем? (лепті
сөйлем)
11. Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны
не дейміз? (жұрнақ)
12. «Уақыт»- сөзінде у қандай дыбыс? (дауыссыз)
Математика
1. Математикада неше амал бар? (4)
2. Барлық қабырғалары тең болатын геометриялық
пішін. (шаршы)
3. Бұрыштары жоқ геометриялық пішін (дөңгелек)
4. Сантиметр қай бірлікке жатады? (ұзындық)
5. Төрт тышқанның құлағы нешеу? (8)
6. Қосындының компоненттерін ата. (қосылғыш,
қосылғыш, қосындының мәні)
7. 1 кг мақта, әлде 1 кг темір ауыр ма? (екеуі
тең)
8. Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастаса
неше бұрышы қалады? (5)
9. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
10. Басталатын нүктесі бар сызық. (сәуле)
11. Түзу сызық сызу үшін қолданатын оқу
құралы.(сызғыш)
12. 1 ғасырда неше жыл бар?(100жыл)
Дүниетану
1. Өсімдіктің топырақ арасындағы мүшесі
қалай аталады? (тамыр)
2. Орман емшісі атанған құс. (тоқылдақ)
3. Жылдың неше мезгілі бар? (4 мезгіл)
4. Көкжиек тұстарын ата. ( солтүстік, оңтүстік,
шығыс, батыс)
5. Табиғатта өздігінен тіршілік ететін
жануарларды қалай
атаймыз? (жабайы аңдар)
6. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге
дейінгі кеңістік қалай аталады?
(көкжиек)
7. Түнде көзі жақсы көретін құс. (жапалақ)
8. Үрленген шардың ішінде не болады? (ауа)
9. Бақа жануарлар тобының қай түріне жатады?
(қосмекенді)
10. Жердің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ
қабаты. ( топырақ)
11. Бу қайдан пайда болады?(судан)
12. Сәбіз неше жылдық өсімдік? ( 2жылдық)
Кім тапқыр?
1. Тұла бойы – ине,
тұмсығында – түйме. (кірпі)
2. Ақ көрпесін тұйықтап,
қыстай жатыр ұйықтап. (қар)
3. Өртесең де күймес,
теңізге батуды білмес. (мұз)
4. Тілдерімен жүреді,
Уақытты біледі. (сағат)
5. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз)
6. Күнді жабады, жаңбыр болып жауады. (бұлт)
7. Сыртта қапырық болып тұр,
үйде ол селкілдеп тоңып тұр. (тоңазытқыш)
8. Құйттай ғана бойы бар,
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші)
9. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан аулайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Үкі)
10. Жарқ етсе сабау қамшы,
Нөсерлетіп жауар тамшы.(найзағай)
11. Тал басында түндіксіз отау. (ұя)
12. Тарбаң, тарбаң тарбиған,
Түрі жаман барбиған.(бақа)
Мақал – сөз атасы.
Осы сөздерге байланысты мақал - мәтел
айт.
1. Отан 7. Денсаулық
2. Туған жер 8. Нан
3. Батыр 9. Әке, ана
4. Еңбек 10. Әдеп
5. Білім 11. Дос
6. Өнер 12. Тіл
Финал
ІІІ кезең
«Тапқыр болсаң тауып көр»
Финалда 3 ойыншы қызыл, сары, көк түстің
бірін таңдап, 20 секунд ішінде өз сұрақтарының
орналасу тәртібін есте сақтап қалуы қажет.
Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі. Егер
ойыншы қарсыласының ұяшығын ашып, дұрыс
жауап берсе - онда 2 ұпай алады, егер жалпы
сұрақтарды ашса - онда 1 ұпай алады.
Қызыл түс сұрақтары:
2. Суретте кім бейнеленген және ол туралы
не білесің?
5. Қазақтың тұңғыш палуаны кім?
8. Қандай кенді «қара алтын» дейміз?
12. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік,
қарлығаш, шыбын, қарға,
ара. Аспанда неше құс ұшып жүр?
16. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің
мәнін түсіндір.
21. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары?
Көк түс сұрақтары:
1. Суреттегі кім және оның қандай шығармаларымен
таныстық?
6. Солтүстікте тіршілік ететін, ұша алмайтын
құс.
11. «Ақ алтын» деп нені айтамыз?
15. Есеп - жұмбақ
Айдын көлге екі аққу
Ұшып келіп қонысты.
Үш қаз және бір үйрек
Жүзіп жүрген жолықты.
Қарсы алуға оларды
Төрт балапан шығысты.
Жауабын тез айта салшы,
Барлық құс нешеу болысты?
20.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін
аш.
24. Қалың ағаш өсетін жер қалай аталады?
Сары түс сұрақтары:
4. Бұл қай бидің суреті және оның қандай
шешендік сөзін білесің?
9. Иілген ұзын мойынды, ақ қауырсынды,
халық киелі санайтын құс.
10. Самаурындағы су қайнағанда азайып
ортаяды. Неге?
14. Жұмбақ - есеп.
Шегірткелер он жеті
Бірлесіп хорға ән салған,
Жетеуі оның кенеттен
Айырылады дауыстан.
Екеуі қайта қосылды
Бірлесіп ән салуға.
Есептеңдер енді тез
Естиміз неше дауысты?
17. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір:
Қол ұшын берді
19. Серік Сапиев қай спорттың шебері?
Жалпы сұрақтар:
3. Алдауыш таяғымды әкелемін деп, байдың
атын мініп кеткен кім?
7. Өзі ет жемей, шапанына ет жегізетін
аңыз кейіпкері.
13. Жазғы Лондон олимпиадасында біздің
толағайлар неше алтын медаль алды?
18. Тарансаң да,
Қарансаң да,
Алдына оның келесің,
Өзіңді өзің көресің.
22. Кемпірқосақта неше түс бар?
23. Ақ күрішті аймақты ата.
Тақырыбы: «Біздің Елбасы»
атты танымдық ойыны
Мақсаты:
Оқушылардың Елбасына деген
құрмет, сезімдерін арттыра отырып, сөз
құдіретін түсінуге, салт - дәстүрімізді
білуге, ойлау қабілеттерін жетілдіруге,
өзара достық қарым - қатынастарын нығайтуға
баулу.
Шарттары:
1. Сұрақ - жауап
2. «Аңдап айтып, анық сөйлеу»
(қатысушылар берілген сөзді дыбыстап
дұрыс айтулары керек) Тұрақты сөз тіркесінің
мағынасын түсіндіру
3. Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі
өз тобына түсіндіреді
4. «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»
5. «Әріптер қозғалысы» /Оқушыға
екі әріп тағылады. Сол әріптерді пайдаланып,
сұрақтың жауабын тереді/
6. «Салт - дәстүрді білеміз бе?»
7. Көнерген сөздердің мағынасын
ашу
І айналым.
1. Н. Ә. Назарбаев Қазақстан
Республикасы Президенті болып қай жылы,
қай айда сайланды?
(1991 жылы 1 - желтоқсан)
2. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (6шілде
1940 жылы Шамалған ауылы, Алматы облысы)
3. Ол өзіне таяу деген құрылыстардан
300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның
үстінде оқшау тұр. Оның мұшар бигінде
жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын
жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?(Ақорда)
4. Биіктігі 97 метр. 3 буынан тұрады.
1. Жер асты
2. Діңгегі
3. Алып шар (Бәйтерек)
5. 2006 жылы қыркүйек айында бой
көтерген. Биіктігі - 62 метр. Ашық сұр гранитпен
көмкерілген көлбеу қабырғалар – көгілдір
шыны қаптырмалармен астасып, тәуліктің
әр сәтінде алуан түске боялады. (Бейбітшілік
пен келісім сарайы)
6. Шаһар бүгінде небір өткір
ойлар мен таңқаларлық нәтижелердің шаңырағына
айналған. Шаһар – 2003 жылы пайдалануға
берілді. Мұнда тұщы су мен көлдер, коралл
әлемі түрінде жасалған жабық айдындар
бар. Негізгісі – акрильді туннель болып
табылады. («Думан» ойын - сауық орталығы)
Ән - жұмбақ (Атамекен)
ІІ айналым.
«Аңдап айтып, анық сөйлеу»
(қатысушылар берілген сөзді дыбыстап
дұрыс айтулары керек)
А) Тәуелсіздік, бейбітшілік,
Қазақстан, конституция;
Б) егемендік, президент, парламент,
республика;
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын
түсіндіру
*мұзға отырғызып кетті *аузына
қақпақ болу
*қас қаққанша * құрақ ұшу
*күн құрғатпай *аты шулы
Ән - жұмбақ (Сарыжайлау)
ІІІ айналым
Тарихи тұлғалар /топ жетекшісі
өз тобына түсіндіреді
*Ахмет Байтұрсынов *АбайҚұнанбаев
*Нұрсұлтан Назарбаев *Тоқтар
Әубәкіров
*Меруерт Өтекешова *Мұхтар
Әуезов
*Бердібек Соқпақбаев *Абылай
хан
*Әбілқайыр хан *Ыбырай Алтынсарин
*Қайрат Рысқұлбеков *Құман
Тастамбеков
Ән - жұмбақ (Елім менің)
4 - айналым «Сенесіз бе, сенбейсіз
бе?»
а) Алғашқы еңбек жолын 1960 ж
Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында
қатардағы жұмысшы болып бастағанына
сенесіз бе?
ә) Дүниежүзі қазақтары ассоциясының
төрағасы екеніне сенесіз бе?
б) ) Европалық Қауымдастық ынтымақтастық
Ұйымына мүше екеніне сенесіз бе? (жоқ
бас төраға)
в) Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның
ең жоғары ерекшелік белгісі, ерекше үлгідегі
«Алтын Қыран» орденімен марапатталғанына
сенесіз бе?
г) 1995 ж 29 сәуірінде жалпы халықтық
референдум нәтижесінде Қазақстан Президентінің
өкілеттілігі 2005 жылға дейін созылғанына
сенесіз бе? (жоқ 2000 жылға)
д) «Тарих толқынында», « Бейбітшілік
кіндігі», «Сындарлы он жыл» кітаптарының
авторы екеніне сенесіз бе?
Ән - жұмбақ (Қазақ жігіттері)
5 - айналым.«Әріптер қозғалысы»
/Оқушыға екі әріп тағылады. Сол әріптерді
пайдаланып, сұрақтың жауабын тереді/
*Арам сөзінің антонимі /адал/
*Абай - дана, Абай -/дара/
*Майдың түсі /сары/
*Ананың ойы балада, баланың
ойы.../дала/
*Көпшіліктің көмегімен бір
жұмысты бітіру /асар/
*Өзенге құятын екінші өзен
/сала/
*Жылқының түсі /құла/
*Қалың сөзінің антонимі /жұқа/
*Молда, имам... тағы да /қожа/
*Жұмысты дұрыс орындай алмайтын
адам /олақ/
*Темір, тас дәуірі. Тағы қандай
дәуір? /қола/
*Проект сөзі қазақша /жоба/
Ән - жұмбақ (Қазақстаным)
6 - айналым. «Салт - дәстүрді
білеміз бе?»
• Бұл дәстүр бүкіл қазаққа
ортақ салт. Жарыса көшкен ауылдардың
бірі озып, бірі қалып отырады. Сонда бұрын
қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп,
маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа
шақырып, қонағасы береді. Бұл қандай дәстүр?
/Ерулік/
• Біреуді сөзбен жығып, ұтып,
оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда
немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған
адам бұл туралы басқа адамға таратып
жібермеуі үшін бірдеңе береді. «Бірдеңені»
алған адам ол сөзді ешкімге айтпауы керек./ауызбастырық/
Ән - жұмбақ (Қазақ елі)
7 - айналым. Көнерген сөздердің
мағынасын білеміз бе?
Екі топ бір - біріне үйден дайындап
келген көнерген сөздерін бір - біріне
жасырады.
• Қазылар алқасы ойынды қорытындылап,
жеңімпаздарды анықтайды.
Тақырыбы: Мақал -
мәтел бәйгесі
Мақсаты: Оқушылардың білімге
деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім
деңгейін дамыту.
Міндеті: Мақал - мәтел мағынасын
терең ұғындыру.
Жоспары:
1 - тур. Мақал - мәтел
тақырыбы: Туған жер, Отан, сөз
өнері.
2 - тур. Мақал - мәтел табу.
Тақырыбы: Еркін
3 - тур. Тұрақты сөз тіркесін
табу.
4 - тур. Супер ойын. Екі жақ топ
басшысына сұрақ.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме
балалар, бүгін сіздер мақал - мәтел бәйгесіне
қатысқалы отырсыздар. Сайыс 2 топтан құралған.
«Білгірлер» және «Тапқырлар». Әр топта
7 оқушы.
Мен сіздерге осы сайыста, бар
ойларыңызды жинақтап, жеңіске жетулеріңізге
тілектеспін.
Шарт: 1-ші топтың айтқанын 2-ші
топ қайталамайды.
Ал ойынды бастаймыз!
1 - тур.
Білгірлер: Отан - елдің айнасы
Ел - ердің анасы.
Тапқырлар: Отан үшін күрес.
Ерге тиген үлес.
Білгірлер: Туған жердей жер
болмас
Туған елдей ел болмас.
Тапқырлар: Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл
Білгірлер: Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің.
Тапқырлар: Туған жердің ауасы
да шипа.
Білгірлер: Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Тапқырлар: Орағың өткір болса,
Қолың талмайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Білгірлер: Ел елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
Тапқырлар: Ел іші алтын бесік.
Тәрбиеші: Қандай керемет.
«Мақал - сөздің мәйегі» демекші,
құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті
өмірімізде мақал - мәтелдерді жиі қолданған
жөн.
Сонымен 2 - турымызды бастайық.
Ойымызды бұдан да күштірек жинақтайық.
2 - тур. Бұл турда сендер мен
айтқан мақалдың жартысын табуларың қажет.
Білгірлер: Бал тамған тілден,
(у да тамады)
Тапқырлар: Білімсіз өмір, (сөнген
көмір)
Білгірлер: Құлақтан кірген
суық сөз, (жүрекке барып мұз болар)
Тапқырлар: Өзбектің кигенін
ал. (қазақтың мінгенін ал)
Білгірлер: Отансыз адам, (Ормансыз
бұлбұл)
Тапқырлар: Еңбек адамның (екінші
анасы)
Білгірлер: Туған жердің қадірін,
(Шетте жүргенде білесің)
Тапқырлар: Жас жемісті жұлма.
(Жас баланы ұрма!)
Білгірлер: Армансыз адам. (Алысқа
бармас).
Тапқырлар: Жүз күн жәннаттан,
(Бір күндік тіршілік артық.)
Білгірлер: Көктен тіле, (Жерден
өндір.)
Тапқырлар: Талап қылмай, (мұратқа
жетпес)
Білгірлер: Есектің жүгі жеңіл
болса, (Жатаған болады)
Тапқырлар: Білекті бірді жығар.
(Білімді мыңды жығар.)
Тәрбиеші: Ой керемет!
Ұлы афиналық ақын Демосфеннің
айтуы бойынша, құр сөздің ғұмыры қысқа
демекші сөз өнерін кең байытып, көркемдеп
сөйлеу керек. Бұрынғы кезде, ата бабалармыз
көп мақалдап, ойын астарлап жеткізіп
отырған.
Сонымен осыншама талаппен
ынтамен 3-турымызды бастайық.
Бұл жерде сіздердің қазақ тілінен
өтіп жүрген, тұрақты сөз тіркестері кездеседі.
Мен оқыған осы тұрақты сөз тіркестерінің
мағынасын ашуларың қажет. Ал, бастаймыз.
3 - тур.
1. Иығынан су кетті. (жолы болмау)
2. Тонның ішкі бауындай. (тату
- тәтті дос)
3. Сүт пісірім уақыт. (жылдамырақ)
4. Ат шаптырым жер. (алыс жер)
5. Таяқ тастам жер. (жақын жер)
6. Екі көзі төрт көз болды. (күтіп
қалу)
7. Көз салды. (қарады)
8. Құлақ түрді. (тыңдады)
9. Тайға таңба басқандай.(анық)
Тәрбиеші: Енді балалар келесі
сұрақ топ басшыларына беріледі. Мен ортақ
сұрақ қоямын. Ойлану 2 минут. Мұқият тыңдаңдар!
Бір күні Төле би ұзақ сапар
шегіп, жол жүреді. Сөйтіп Ақылбайдың үйіне
тоқтайды. Төле биді жақсы қарсы алып,
дастархан жайып, алдына бас әкеледі. Сонда,
Төле би қолына пышақ алып, етті кесе бастайды,
бір бөлігін аузына салып, құлағы мен таңдайын
Данагүлге береді.
Тапсырма: Ал, енді сендер Төле
бидің Данагүлге не мақсатпен құлақ пен
таңдайды берді. Оқушы өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: Төле би: Данагүлге
таңдай берген себебім дарынды да ақылды
шешен болсын деп бердім, ал құлақ берген
себебім көптеген шешендік сөздерді естіп
менің өсиеттерімді елге таратсын дегенім
- деген екен
Жеңімпазымызды әділқазылар
анықтағанша ән шырқалады.
Тәрбиеші: сонымен балалар «Мақал
- мәтел бәйгесі» аяқталды.
Көп - көп рахмет!