Тәрбие-тал бесіктен басталады

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 15:40, реферат

Описание работы

Мен жақында Әзілхан Нұршайықов ағамыздың Махаббат, қызық мол жылдар атты шығармасын оқыған едім, мүмкін барлықтарыңыз оқыған да боларсыздар. Ақылға тұрар, еске сақтар, тәрбиелік мәнге толы осы туындыдан алған әсерім мол. Шығарма кейіпкері Меңтайдың анасынан жазып алған нақыл сөздерін сіздермен бөліскім келіп отыр.)
Жазғы салқыннан жаныңды аяма.
Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да жақсылығы болады.
Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек. Себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.

Файлы: 1 файл

Тәрбие.docx

— 59.75 Кб (Скачать файл)

Тәрбие-тал бесіктен басталады

Мен жақында Әзілхан Нұршайықов ағамыздың Махаббат, қызық мол жылдар атты шығармасын оқыған едім, мүмкін барлықтарыңыз оқыған да боларсыздар. Ақылға тұрар, еске сақтар, тәрбиелік мәнге толы осы туындыдан алған әсерім мол. Шығарма кейіпкері Меңтайдың анасынан жазып алған нақыл сөздерін сіздермен бөліскім келіп отыр.) 

Жазғы салқыннан жаныңды  аяма.

Ешқашан да, ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да жақсылығы болады.

Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек. Себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген мақал бар.

Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясын.

Қарқылдап күлу, тарқылдап  сөйлеу – дарақылық белгісі. 

Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ауыз шешендік әркімде болады. Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал. Өйткені қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы – бәрі де сайрап тұрған сөз. Сондықтан оның аз сөйлеп, айналасына ақылмен танылғаны дұрыс.

Шошаңдаған қыз шешенің  атына кір келтіреді.

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Жаман туыс тістеуік, жақсы жолдас үйірсек. Жақсы дос жаман әкеден артық.

Үміт күткен ұлы оңбаған  боп кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алған сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы.

Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс әдемі болса да жейркенішті.

Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен соң жеңісті баянды ету одан да қымбат.

Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернін бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге, ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық қырсықпен тең.

Махаббат – барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.

Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтықсыз қызмет етуі не арадағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.

Жақсы адам – магнит. Магнит бірнеше темір шегені өзіне тартып алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйіріледі. Өзің жақсы болсаң – айналаңда досың көп, жаман болсаң – жалғыз жүресін, орташа болсаң – сен де бір жақсының жанын жағалайсын.

Ел сыйларлық бағаң  болмаса, елге аға боламын деме.

Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, ақылың парасатты болса – іздеген досың алыстан үйірліп өзі келеді.

Біреулер пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса мақсатуға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай «білгіштіктен» аз біліп көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық.

 

 

 

Тәрбие – Тәңір аманаты дегендей балаға дұрыс тәрбие беру- ата-ананың моральдық қана емес, заң жүзіндегі  міндеті болып табылады.  Бала  тәрбиесі мәселесінде ата-аналар арасында толық келісім болуы шарт. Бала-ата-анасының отбасының айнасы. « Ұяда не көрсе ұшқанда соны ілесің» -дегендей үйдегі тәрбе сыртқы көріністің айнасы. Баланы жасынан еңбекке баулып, оның бойынан адамгершілік пен рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлқын  және күн сайын сыпайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке, адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерге балаң кезінен қалыптастырып отыру қажет. Отбасындағы салауаттылық, тазалық пен тәртіп, отбасы мүшелерінің тату-тәті тұруы, ұстамды болуы барлығы да ата-анасының мәдениеті мен сауаттылығына байланысты. Баланың бас ұстазы ата-анасы. Сондықтан ең алдымен отбасындағы салауаттылық дұрыс орналасу керек.

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»- демекші ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі. Сондықтан ата-ана әдептілікте, имандылықта, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгі болуы қажет -ақ.

Ал тәрбиесіз бала пайдасыз болып қалмай, зиянды адамға айналып, қоғамға бір зиянын тигізері сөзсіз. Сондықтан отбасы адамзаттың аса  қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қисық болып өскен шыбықты  түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзеткіміз келсе де түзете алмайсың. Сондықтан да баланы жасынан жақсы  болып өсуіне күш салуымыз керек. Адамның адамшылдығы- ақыл, ғылым, жақсы  ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы  ұстаздан болады – деп Абай атамыз айтқандай, әрине оған ұстаздардың  да қосар тәлім–тәрбиесі мен ықыласы  ерекше. Ендеше ағайын баланы жасынан  қоғамға қажетті азамат етіп тәрбиелеу  барлығымыздың борышымыз.                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие-отбасынан басталады.  
Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.Адамның өміріндегі ең қуанышты қазақ дәурені осы отбасында өтіп жатыр. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмыстарын атқаруға кірісті.  
«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аласың» дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп,оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы,Ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізгі міндетке айналады. Оның негізгі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.  
Бала жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды,ең әділетті қарым-қатынастардың куәсі болуы керек. Ол ата-анасының өзіне қандай қамқоршы,сүйеніш екенін сезінуі керек. Анасы баласына әкесін өз әрекеттері арқылы қуанып,сыйлап құрметтеуді,оның жұмысын жеңілдетіп,оған қолқанат болып жүруін талап етіп түсіндіріп отырады. Отбасы шын мәнінде тату-тәтті,өзара түсіністікте болса, одан адамгершілік пен әділеттік көрінісі айқын сезіліп тұрады.  
Отбасының бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір-біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірегей саяси көзқарасты ұстануын, соған орай ерлі-зайыптылық және ата-аналық сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.  
Отбасының негізгі мігдеті-баланы еңбек етуге, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттердің бәрі негізінен отбасы-ошақ қасында қалыптасып нығаяды. Мұнда әсіресе отбасындағы ересек адамдар өздерінің жеке бастарының өнегесі арқылы жас балалардың бойында сезімдерді қалыптастырады.  
Өз ата-анасын сыйлап,құрметтеп үйренген бала өзге ата-аналарды да құрметтей біледі, қашан да үлкендер алдында өзін дұрыс ұстап, құрметпен қамқорлық таныта біледі.  
Бала тәрбиелеу оңай жұмыс емес, ол үлкен шеберлік пен шыдамдылықты талап етеді.Сондықтан халық өмір есігін енді ғана ашқан бөбек тәрбиесін бесіктен бастаған.  
Қазақтын ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып,отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10 сөзінде: «Әуел балаңды өзің алдайсың: әне ,оны берем,міне,берем деп ,Басты баланды алдағаныңы мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса,кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайсын.  
Әрине әркім өзінің баласын жаман болсын демейді, оның тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне,халқына пайдасын тигізетіндей бір маман тесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп те тілейді.  
Жақсы тілек пен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүнмеге келісімен көп көңіл аударып, «Ұядан не көрсе,ұшқанда соны іледі» дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.  
«Балаға білім беру үшін,ең алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім,ол ертең бір аптада әкеп соғады» деген дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан,ойшыл,энциклопедист ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби.  
Баламызды мектепке жіберіп, мектеп тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты мұғалімге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы мектепке берген соң ата-ана мұғаліммен тығыз қарым-ұатынаста болып.оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі,дамуы,болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі,жан-жақты білімді болуына көп байланысты.  
Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып,баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісіиен айналысуға ерінеді. Осыдан үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нірсесін мақтап,білмегенін айтып түсіндіріп,үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді.  
Айталық,ата-ана өзінің алдына мына төмендегідей мақсат қойып,оның жүзеге асуына мән беретін болса,сөз жоқ,ұрпағының тәрбиелі,өнерлі болып өсуіне жол ашады.

Құрметті ата-ана!  
СІЗДЕРДІ ПІКІР ТАЛАСУҒА  
ШАҚЫРЫМЫЗ.  
Гүлсім үй тапсырмасын орындағысы келіп өз әлінше қанша талпынғанымен, дұрыс әрі толықтай орындай алмайды. Ана тілінен әдеби мәтінді берген күні тіпті қиын.Көркем мәтінді жаттай алмай қиналып жылайды. Сол кезде шешесі: «Неге жылап отырсың? Соған да жылай ма? Мұғаліміңе айта сал,басым ауырады деп.Соған айтар сылтау да таба алмайсың ба? Әйтпесе,әкел күнделігіңе мен басы ауырды деп жазып берейін».

Сұрақ-жауап  
1.Гүлсімнің шешесінің әрекеті дұрыс па?  
2. Бұл жағдайда балаға қандай көмек бере аласыздар?

Әділбекті бүгін шешесі тіс  дәрігеріне алып барды.Сол себепті  ол түстен кейінгі сабаққа кешігіп  қалды. Шешесіне бірге жүріп мұғалімге  айтуын өтініп еді анасы «Өзің  барып айтасың, ештеңе жоқ» деп мектепке барудан үзіліс-кесілді бас тартты. Мұғалімнен қорыққан Әділбек сол  күні сабаққа бармады. Сабаққа бармағанын білген соң, шешесі Әділбекке қатты  ұрысты.Мектеп 15 минуттық жер болса  да, содан бері Әділбек сабаққа  бір сағат бұрын ерте шығаиын  болды.

Сұрақ-жауап:  
1.Әділбектің анасының әрекетінің бағаланыздар?  
2.Әділбектің мектепке бармау себебін неден көреміз?  
3. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?  
 
Кешкісін отбасы мүшелерінің барлығы үйде жиналады. Балалар даладдан келіп сабаққа дайындалады.Шешесі тамақ дайындайды.Әкесі теледидардың алдында жатып шылым шегеді.Бір күні баласы даладан жүгіріп келеді де,әкесіне: «Әке,бізге мұғалім айтты,темекі тартқан адамның денсаулығына зиян.Ал темекі тартқан адамның жанында отыру адамға одан да зиян келтіреді екен. Сіз біздің денсаулығымызға зиян келтіріп жатырсыз», - деп, «Көрінбе көзіме, қара мұның ақылдысын» - деп әкесі баласын бөлмеден қуалап жібереді.

Сұрақ-жауап:  
1. Шылым шегіп отырған адамның айналасындағыларға тигізетін әсері қандай?  
2. Сіздің және балаңыздың қасында шылым шегіп отырса,сіз қандай әрекетке барасыз?  
Ата-анаға айтарымыз...  
1.Мектептен келген баланың көңіл күйін сұрау,бүгінгі тәртібіне өзіне-өзі баға беруіне үйрету.  
2. Балаға қателігін түсінуге мүмкіндік жасау.  
3. Баланың жақсы мінез, іс-әрекетіне назар аударып,көңіл күйін көтеру.  
4.Ата-ана өзін-өзі ұстай білу,бақылай білу.  
5. Баланың дауыс көтеріп,жазалауға асықпай,оны түсінуге тырысу.  
6.Баласының тілін түсініп, онымен сырлас,дос болуға тырысу және оның ой-идеясына көңіл бөлу.  
7. Өз баласын басқа балалармен салыстырмай, дұрыс тәрбие беріп,мінез-құлық,іс-әрекетін,қателігін түсінуге мүмкіндік жасай білу.  
8. Оның психо-физиологиялық қалыптасуына,жан-жақты жетілуіне көңіл бөлу.  
9.Оның шығармашылық қабілетін,ақыл-ой сезімін бағалай білу.  
10.Оның талап тілегіне тежеу жасамай,еркіндік беріп,дүниеге,өмірге деген көзқарасын бақылау білу.  
Құрметті ата-ана!  
Сіздердің бала тәрбиесіндегі  
толайым еңбектеріңізге сәттілік тілейміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы, ата-ана және мектеп – бала тәрбиесінде маңызды  рөл атқаратын үштаған. Жеке тұлғаны  жан-жақты дамытатын тәрбие саласының  бірі – құқықтық тәрбие. Бүгінгі  жас ұрпақ қандай болса, ертеңгі  ел болашағы сонымен өлшенетіні анық. Күнделікті өмірден көріп жүргеніміздей, жастарымыз халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесінде жинақталған ұлттық құндылықтарымыздан, асыл қасиеттерімізден қол үзіп бара жатқаны, керісінше, біздің ділімізге жат, мүлдем кереғар Батысқа  еліктеушілік кең етек алып отырғаны жасырын емес. Ұлттың болашағын ойлайтын әрбір көзі ашық, көкірегі ояу азамат бұған тойтарыс беру жолдарын өз отбасынан  бастауы тиіс. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының мәдениеті. 
Қазіргі «Білім туралы» Заңның талаптарын орындау әлі де көптеген экономикалық-материалдық, құқықтық-нормативтік базаны нығайтуды, құқықтық тәрбиені шығармашылықпен ұйымдастыруды, жаңа технологияларды тәрбие жұмысында кеңінен қолдануды, шеберлікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім жаңа заңдылықтармен танысып, оны жұмыс барысында басшылыққа алып пайдалануды, оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды, тиімді, мақсатты қолдану жолдарын, тәрбиенің әдістерін, түрлі формаларын біліп, жаңа технологияларды кеңінен қолданғаны жөн. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі. 
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатысты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Десе де құқықтық сана мен білімнің төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екені жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып қала бермек. 
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Бізде отбасы әрқилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолмен өмір сүргісі келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өзінен-өзі түсінікті. Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. 
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтық тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау — ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана қоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. 
Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі — маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы балалардың сыралатып, шарап ішетіні жасырын емес. 
Құқықтық тәрбиенің бір ұшы жыныстық тәрбиеге де байланысты. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құру, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету — бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент — ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де қажет. Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары тарапынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет. 
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы қалыптасады. Шығыстың ғұламасы Саади: «Жасыл өркенді түзету оңай, ал қуарған ағашты отқа жағады» деп орынды айтып өткен. Демек, жастардың ойын да, бойын да өсіруге тек тәрбие мен білім ғана қол ұшын бере алады. Ата-ана үшін баласының достарының кім екендігі де маңызды болуы керек. 
Біздер бала бағбанымыз. Күнделікті өмірде тіл мен ұлттық намысы жоғалмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз қыздарымыз бен намысшыл, қайратты ұлдарымыздың білімді болғаны абзал. Бұл заманда адамдар тек біліммен ғана жарыса алатынын уақыттың өзі көрсетіп берді.


Информация о работе Тәрбие-тал бесіктен басталады