Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:23, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

Кіріспе

 

Қазақстан  Республикасының  2015  жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік пен іскерлікті игеру гана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие жатқанына көз жеткіземіз.

Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым сыры ұғылады (қабылданады).Екіншіден уақыт арқылы өткенді зерделеп, бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды.Үшіншіден, кеңістік  көріністері  бүгінгі ұрпаққа "Ата жұрт", "Атамекен", "Елім-жерім", "Туған өлке" ырымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл мәдениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті, эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне, жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.

Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері (М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев, С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.) еңбектерінде табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп, қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі қарастырылған.Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі жай-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Ө.Қамақов,Б.Әлмұхамбетов,Ж.Балкенов,Е.Асылханов,Қ.Ералин,  Қ.Ижанов,

Ү.Ибрагимов, З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.Алдымен  қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық саласынан (әсіресе өнерге деген көзқарасынан) көрінеді.

 

1.Эстетикалық тәрбиенің мәні , міндеттері

 

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдайды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады. 
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.Материалистік эстетика - эстетикалық тәрбиенің методологиялық негізі болып табылады. Ол өмір мен өнердегі әстетиканың мәнін ашады, адамның ортаны эстетикалық тұрғыдан меңгеруіне деген принциптерді зерттейді, көркем шығармашылық заңдарын тексереді.Ал, тәрбиенің теориясы болса, эстетикалық сезімнің, талғамның идеялық қалыптасу процесін зерттейді. Материалистік эстетика - болмыста жүзеге асатын нақты сұлулықты нығайта отырып, адамды ойдан шығарған сәулетті арман, қиял әлеміне алып кетпейді. Керісінше өнердегі әдемілік, болмыста әдеміліктің сәулесі деп мәлімдейді.Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері: 
•  Эстетикалық қабылдау. 
•  Эстетикалық сезім. 
•  Эстетикалық талғам. 
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртқы кейпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдаудың объектісі бола алады. 
Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары да әр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, әсемдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті. 
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді. 
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардың көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі. 
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. 
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады. 
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері: 
•  Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту. 
•  Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру. 
•  Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу. 
•  Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.

 

    1. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі

 

Қазақ халқында көшпенділік өмір жағдайына байланысты табиғи өзгерістерге өте нәзік байқағыштық тән. Кең далада қозғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардық күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын өте дәл тауып қою, т.с.с. Халықтың эстетикалық тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік, тұрмыстың, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан бай. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытады. 
Салт-дәстүр дегеніміз - халықтардың кәсібіне, сенім нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптарымен байланысты туады.Тәрбие отбасынан басталады дегендей, балаға имандылық, инабаттылық, ар, ождан уағызы, қоршаған орта, табиғат сырына жастайынан тәнті ету тәрбиеден туатын үрдіс. Ананың сөзі - ақылдық көзі деп қарау, атаның өнегелі ісін мұра тұту, оның жолын қуу, ән мен күйді, жыр мен термені рухани азық ету, зергерлік, шеберлік, ұсталық өнерді үйрену, ананың әлдиі, әженің бесік жыры - бәрі тәрбиенің тағылымдары.Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы зор. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын дамытуда рөлі ерекше. 
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше: 
•  Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер. 
•  Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б. 
•  Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері. 
•  Ауыз әдебиеті. 
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті. 
Сонымен  оқушылардың  эстетикалық  көзқарасын  тәрбиелеу  дамыған  әсемдік  саны  мен  талғамды,  оны  қабылдау  және  бағалау  қабілетін  қалыптастырудың  мақсатқа  бағыттала  ұйымдастырылған   процесі.  Эстетикалық  көзқарасы  тәрбиелеу  оқушыны  жан-жақты  және үйлесімді  дамытудың  жалпы  жүйесінде  ең  алдымен өзіне  тән  қызмет атқарады. Ол  іс әрекеттің  барлық  түрлеріндегі  әсемдік  нышанын  анықтап,  оны  оқушының  әсемдікке  көзқарасының  дамуы,  білім  алуы,  қалыптасуы  құралына  айналдырады.Кең  ой  өрістілік  сөйлеу  іс-әрекетінің  мазмұнынан  сөз  өнерін, ақыл-ой  еңбегін,  шындықтың  обьективты  жақтарын, көркем  сөз  сұлулығын  бөліп  қарайды. Еңбек  іс — әрекетінде  еңбек мақсаттары  және  процесі,оның  нәтижесі,  сұлулығы  ерекше  көрсетіледі.  Құқықтық  іс-әрекетінде  қоғамдық  мұраттардағы,  дамудағы  оның  ынтасы  мен  тәртібіндегі  сұлулыққа  баса  назар  аударылады.  Бейнелеу  іс  -  әрекеті  барысында  балаларға  көзге  көрінетін  әлем,  музыкадан  адам жасаған  дыбыс  үйлесімділігінің   сұлулықтары  ашылады. Дене  тәрбиесі  мәдениеті  және  гигиена  негіздері  арқылы  бала  адам  денесінің  тән  және  жан  сұлулығын  таниды.Әсемдікке  тәрбиелеудің  оқушыны  жан – жақты  және  үйлесімді  дамытудың  жалпы  жүйесінде жанама  қызметі  де бар.Әсемдіктің  адам  үшін  зор  тартымды   күші  бола  отырып,  сонымен  бірге  оның  іс — әрекетінің белсенді  және  тиімді  деп  берушісі де  болады. Оқушы  өнегелігінің  әсемдігі ,  оның  жан дүниесінің байлығы, шешендігі  оны  басқа  адамдарға  тартымды  етеді. Оқушылар  алдында  ашық  көрініс  берген  еңбек  әсемдігі, ол  еңбегі  тартамды  етеді  және  еңбек  іс — әрекетінің   процесін  жеңілдетеді.  Ерлік  пен  шын  азаматтық  әсемдігі  адамдарды  қоғамдық  тәртіп  және  құқықтық  әрекеттерін  орындауғы  жетелейді.Баланың  эстетикалық  көзқарасын тәрбиелеу  әсемдіктің  қасиеттері  бар  әр  түрлі өмір мен  қатынастар  және  әсерлер  ықпалмен  жүзеге  асырылады.Кіші мектеп  жасындағы  балалардың  эстетикалық  көзқарасы  үздіксіз  дамиды.Оған  себеп  болатын  нәрсе –оқу,  қоғамдық  және тұрмыстық  еңбектің  жаңа  жүйеге  түсуі.Эстетикалық көзқарасты  тәрбиелеудің  негізгі  құралы-өнер.  Ол  шындықты көркем,сезімді  қабылданылатын бейнелер  арқылы  бере  отырып  және  осылар  арқылы адам  сезімі  мен  санасына әсер  етіп  оның  көзқарасын  қалыптастыруға жәрдем  етеді.  Педагогикада  эстетикалық  көзқарасты  тәрбиелеу  тәрбиенің  басқа  салаларымен  тығыз  байланысы  қаралады.Балалардың  ақыл-ой  тәрбиесін, зерттелген  құбылыстар  әсемдігін  ашпай  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Еңбекке  тәрбиелеу –адамдардағы  әсемдікті  еңбек  мазмұны  мен  процесін  танымай  саналы  тәртіп  пен  мінез  құлықты  тәрбиелеу  мүмкін  емес.Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты  тәрбиелеу өмірден,белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп  оқушыны әсемдік өмірден,адамдар қылықтарынан,еңбек іс-әрекетін,еңбек нәтижесін көруді және  ләззат  алуды  үйретіп  қана  қоймайды,  күнделікті  өмірде  осы  әсемдікті  жасау  ынтасы  мен  іскерлігін  тәрбиелейді.Сонымен  эстетикалық  тәрбие  табиғаттағы,  өнердегі,  еңбектегі,  өмірдегі  ең  жақсыны  қабылдау,  одан  ләззат  алу.  Эстетикалық  тәрбие  адамды  дүниедегі  әдемәләк  атаулыны  бағалай  білуге  үйретеді.  Өнер  шығармаларын  тануға,  қастерлеуге  баулиды,  оған  керісінше  ұсқынсыздыққа  жағымсыз   көзқарасты  қалыптастырады.

Эстетикалық тәрбиенің  өзіне  тән  міндеттері  бар.  Олардың  бірі – эстетикалық  сезімді  және  эстетикалық  қабылдауды  тәрбиелеу.  Өмірдегі,  өнердегі  әдемілікті  сезу  және  көру  адамдарда  әл  түрлі  болады.  Біреулер  әдемілікке  үңіле  қарап,  оның  сырын  білуге  тырыспады.  Ал  кейбіреулер  оған  онша  мән  бермейді,қалай  болса  солай  қарап, жанынан  өте  шығады.Әдемілікті  сезу  үшін,оған  түсіну  үшін  ең  алдымен  бейнелеу  өнері,музыка  және  ән  саласынан  әрбір  адамда  білім  болуы  қажет. Білім  адам  сұлулықты  бағалай  біледі, түсінеді.Айналадағы  дүниеге  сезімталдық,эстетикалық  қабылдау  қырағылығы, ықыластылық,  қамқорлық  баланы  эстетикалық  дамуының  негізі  болады.Эстетикалық  ұғымды,байымдауды, баға  беруді  қалыптастыру-эстетикалық  тәрбиенің  тағы  да  бір  міндеті. Әдемілікті  сүю,оған  түсіну  үшін  балаға  негізінен  көмектесетін  білім. Сондықтан  бала  бейнелеу  өнері  саласында  ырғақ,үндестік,музыка  мен  әндегі  дыбыстарды  және  өнер  әдістері  туралы  білімді  игеру  қажет. Осыған  байланысты  ол  эстетикалық  терең  түсінуге  тырысады, байымдай  және  бағалай  біледі.Көркемдікке  және  сұлулыққа  баға  беру  үшін  эстетикалық  танымның маңызы  өте зор.  Эстетикалық  таным бұл  өмірдегі,еңбектегі  және  табиғаттағы  сыртқы  әдемілік  пен  нағыз  сұлулықтың  арасын  ажырата  білу,  өнер  шығармаларына  жоғары  талап  қою. Мысалы,  мұзда  конькимен  мәнерлеп  сырғанақ  тебу,яғни  жарысы  өткізіледі. Сонда  орындаушыларға  екі  түрлі  баға,  яғни  бірінші  баға – көркемділігін  келістіре  орындағаны  үшін,  екінші  баға  мәнерлеп  сырғанаудың  техникасын жоғары  дәрежеде  игергені  үшін  қойылады. Әрине, орындаушыларға  әділетті  баға  қою  үшін  мамандардың, әсіресе  төрешілер  алқасының  танымы, білімі  жоғары  дәрежеде  болуы  керек.Эстетикалық  танымның  дамуы  көбінесе  өнер  үлгілерін  қабылдаумен,не  тегінде  шығармашылықпен  байланысты  іс-әрекеті  мүмкіндік  береді.Қазіргі  жағдайда  біздің  қоғамдық   өміріміздің  қажетті  мәселелердің  бірі- баланың  эстетикалық  белсенділігін  тәрбиелеу. Ол  әдемілікті сезіп  және  оның  заңдарын  түсініп  қана  қоймай,осы  заңдар  бойынша  өзін  қоршаған  айналаға  өзгеріс  жасауы  қажет.Өмірге  енген  эстетика еңбек,табиғат  эстетикасы,адамдар  қатынасы  және  жай жағдай  эстетикасы  адамды  сүйсіндіреді. Адам  белсенді  түрде  өмірдегі  әдемілікке,көркемдікке  өз  үлесін  қосып,  оны  көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан  қорғауы  қажет. Балаларды  эстетикалық  белсенділікке  тәрбиелей  отырып, оларды  өздігінен  ілтипатты  оқырман, қайырымды  көрермен,  сезімтал  тыңдаушы  болуға  үйрету  қажет. Балалар  әдебиетті  оқуға, кинофильмді, теледидарды,спектакьді  көруге,  музыканы  тыңдауға  өте  ынталы  болады. Әр  түрлі  әдеби,музыкалық  шығармалардағы  іс- әрекеттің  оқиға  желісін  дұрыс түсіну  үшін,  балаларды  көп  ізденуге  үйрету,  бағыт  беру  ұстаздардың  басты  міндеті.Баланың  эстетикалық  мәдениеті  және  белсенділігі  тұтас  педагогикалық  процесте  дамиды.  Сондықтан  оның  барлық  еңбегі,демалысы  эстетикалық  бағытта  тиімді  ұйымдастырылса,  ол  өз  өміріне  әдемілік  элементтерін  енгізе  алады.

Эстетикалық  тәрбиенің  маңызды  міндеті  өнер  және  әдебиет  салаларында  балалардың  қабілетін,  ынтасын  және  бейімділігін  дамыту.

Осыған  орай,  мектепте  оқушылардың  ықтимал  мүмкіндіктерін  және  қабілетін  барынша  ашу  керек.Эстетикалық  тәрбиенің  негізгі  құралдары  әдебиеттер  және  өнер.  Олар  зор  идеалық тәрбиелік  роль  атқарады.

Әдебиет  пен  өнер  адамдары  қуанышқа бөлейді,жігерлендіреді,олардың  идеялық  жағынан  баюына  игі  әсер  етеді.  Өнер  және  әдебиет  адам  санасына   белгілі  көзқарастарды  әр  түрлі  құралдар  арқылы  әдебиетте- проза,  поэзия,  кесіндеме- жанр,  баталия,  пейзаж,  мүсінде- бюст, т.б.,музыкада- симфония, оратория,ән  енгізіледі.

 

    1. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары , олардың эстетикаллық дүниетанымын қалыптастырудағы рөлі

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы-өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көз қарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл – ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу – адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез – құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік рөл атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет адам санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндемеде – жанр, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б; музыкада – симфония, ән енгізіледі). Белгілі орыс суретшілері П. А. Федотовтың, В.Г. Перовтың, И.Е Репиннің, И.И. Шишкиннің, И.Н. Левинтанның және қазақ суретшілері Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.  
М. Горький, Н.А. Островский, А.А Фадеев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұханов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақұыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады. Өнер мен әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шартарының бірі болып табылады.  
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс - әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Оқушылардың эстетикалық санасының және шындыққа қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас тұрғысында дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.

Информация о работе Эстетикалық тәрбие