Эстетикалық тәрбие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2013 в 06:23, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында "Жоғары білім берудің мақсаты - жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру әрбір адамға оқытудың мазмұнын, таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең зерттеуді қажет етеді.

Файлы: 1 файл

Кіріспе.doc

— 172.50 Кб (Скачать файл)

 

    1. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар

 

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері, т.бшығармашылық үйірмелер ұйымдастыру. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі - көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін түтандырады. Мектепте музыка, кескіндеме және әдебиет кештері өткізіледі. Онда оқушылар тыңдаушыларды өз шығармалары және әндерімен таныстырады, пікір алмасады, ұсыныстар айтылады. Шығармашылық конференцияларда оқушылардың зерттеу жұмыстары туралы баяндамалары, рефераттары талқыланады. Олардың жұмыстары жөнінде құнды пікірлер айтылып, ұсыныстар беріледі. Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес өткізіледі.Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат, театр, кинотеатр, түрлі көрмелер болып табылады. Көркем өнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге өуестігін,қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен рөл атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады. Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде, мектеп кітапханасының рөлі ерекше. Кітапханашы әдебиет тізімдерін даярлайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірлесіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференцияларын өткізеді, басшылық жасайды.Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады. 

    1. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы

 

Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушыларының ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа  адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық  тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді. 
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктерініңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті. 
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы — эстетикалық сұлулықтың белгісі. Ата-аналар мен мұғалімдер оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін, білімін көтерудегі ең басты сүйеніші. Олар өздері үлгі болып  эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, нормаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп, іске асырады. 
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қпрым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым — әтика зерттейді, сонымен қатар оны әстетикада қарастырады. 
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді. 
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылдасанған мінез-құлық қағидалары. 
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем-шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті. 

 

 

 

 

 

 

 

2. Мектептегі эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері 
 
Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асыралады.  
Эстетикалық білімнің негізі- оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әртүрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс- әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға , қиялын дамытуға игі әсер етеді.  
Ана тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыка шығармаларды таңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыса отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек. Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу өнер шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті, олардың өзіндік іс- әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса бастайды.Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді. Мектепте эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының жүйесінде кеңінен пайдаланылады. Эстетикалық тәрбиенің өмір елегінен өткен көптеген формалар бар. Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі – көрмелер, сайыстар. Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі. Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.Мектеп және сынып бойынша алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өткізіледі. Саяхаттың негізгі объектілері, көркем галереия, мұражай, табиғат, театр, кинотаетр, түрлі көрмелер. Көркемөнерпаздар үйірмесі оқушылардың өнерге әуестігін, қызығушылығын, талғамын дамытуда үлкен роль атқарады. Көркемөнерпаздар үйірмесі сынып, сыныпаралық және мектеп бойынша ұйымдастырылады.Үйірмеге ән салуға, билеуге машық, музыка аспаптарында ойнай білетін қабілетті оқушылар қабылданады.  
Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапханасының көп мүмкіншіліктері бар. Кітапхана бейнелеу өнері, кескіндеме, музыка және өнердің басқа түрлеріне байланысты кітаптар көрмесін ұйымдастырады, әдебиет тізімдерін дайындайды, әңгімелер өткізеді, мұғалімдермен бірігіп, сыныптан тыс оқуларды, оқырмандар конференциясын өткізеді, басшылық жасайды.Сыныптан тыс эстетикалық жұмыстың барлық түрлері оқушылардың еріктік, қызығушылық, бейімділік принциптері негізінде іске асырылады.Мектепте оқушылардың эстетикалық мәдениетіне басқа факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, демалыс бөлмелері, қолайлы жұмыс орны оқушылардың эстетикалық танымын белсенділігін көрсететі.Көп түрлі эстетикалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру оқушылардың эстетикалық дүниетанымынның негізгі көзі болады.Қазақ халқының музыкалық аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай (домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, қамыс сырнай, дабыл,т.т.). Олар бос уақытта пайдаланылып жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың әшекейленіп жасалуы эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі. Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халықымыздың бүкіл өмір тәжірбиесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын , қажеттігін билейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Білім беретін жалпы мектептерде эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызы.Эстетикалық тәрбие арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу 
 
Адамгершіліктің алғашқы қасиеттеріне біз мыналарды жатқызамыз: әртүрлі халықтардың дәстүрлері психологиялық сенім ілімдерде баяндалған қағидалар мен заңдар; философияда және әдеби шығармаларда өнердің түрлері, сондай-ақ, олардың негізінде туған жалпы адамзаттық адамгершілік ұғымдар мен құндылықтарды қалыптастыратын және кәсіби адамның өз жұмысында адамгершілік пен моральдық әртүрлі бастапқы түрлерін пайдаланатын туынды көздеріде бар.Мектептерде сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде, оларға эстетикалық тәрбие беруде әдеби шығармаларды пайдалану педагогикалық жұмыстың қайнар көзі болып табылады.Мектептің сынып оқушыларына адамгершілік туралы түсінік беру оқу мен тіл дамыту сабақтарында жүзеге асады. К.Д.Ушинский баланың адамгершілік жағынан қалыптасуы үшін оқу мен тіл дамытудың қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Адамгершілік сезімге әдеби шығарманың өзі тікелей әсер етуі тиіс. Онда бұл шығармада білдірілген адамгершілік қылықты, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге мәжбүр ететін әдеби шығарманың адамгершілік себеп болғаны".Өскелең ұрпақтың Қазақстандық қоғамның адамгершілік нормаларын игеруді басқалармен бірге әдеби бейнелерді ойластырудың арқасында жүзеге асады. Осыған байланысты баланы әдебиет дүниесіне жақындастырудың оның қалай өтетіндегін және мұндай жақындастырудың сәйкес моральдық қағидаларды қандай жағдайларда игеруге мүмкіндік беретіндігін қадағалау маңызды.Бұл әрекетте әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы маңызды роль атқарады. Кейіпкердің немесе қандай да бір оқиғаның эстетикалық тартымдылығы - әдеби бейнені оң, бағалаудың непзп шарттарының бірі. Мұның әсері мектептің сынып оқушылары үшін маңызы ерекше.Көркем шығармада келтірілген оқиғалар, құбылыстар, кейіпкерлер оқырманнан тиісті баға беруді талап етеді. Осы көзқарас тұрғысынан кітаппен жасалатын қарым-қатынасты оқырман мен жазушы арасындағы ішкі диалог ретінде қарастыруға болады. Егер оқырман көркемдігі жоғары шығарманы оқыса, онда оның адамгершілік ұстанымы қалыптасады. Бұл оның тұлғасының орнығуына ықпал етеді. Әдеби бейненің есте сақталғыштығы кіші жастағы оқушының моральдық әрекетін туғызатын күшпен анықталатындығы дәлелденген.Әдебиетпен алғашқы есте сақталған таныстықтың мектеп оқушылары арасында жасына қарай бөліну мынандай болды: 1-8 жас (1-2 сынып) - 1,8 пайыз; 8 - 9 жас (2 – 3 сынып) - 4,5 пайыз; 9 – 10 жас (3 – 4 сынып) - 5,4 пайыз; 11 – 17 жас (5 – 11 сынып) - 61,8 пайыз. Бұл мәліметке қарағанда әдебиеттен алғашқы әсердің ерте жастан-ақ пайда болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Бұл жастағы балалық эстетикалық толқудың тұрпайы тұрпатын алғашқы моральдық бағалаудан ажырату қиын. Бұл жаста баланың моральдық бағдарлануларында айқын жіктелу байқалмайды. Ол әдеби образды терістеуі де, олармен өзін тейестіруі де мүмкін.Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығармалар арқылы адамгершілікке тәрбиелеуге қатысты қағидаларды былайша нақтылауға болады: 
1) оқыған көркем шығарма бойынша өтілетін әңгімелесу мазмұны жағынан бастауыш сынып жасындағы оқушыға ұғынықты болуы тиіс; 
2) әңгімелесуді әдеби шығармалардан алынған кейіпкердің адамгершілік бейнелерін талдаудан бастау керек; 
3) жазушы шығармасындағы адамгершілік мәселесінің қойылуы мен шешілуіне назар аударту, моральдық мәнін ашу; 
4) көркем шығармадағы кейіпкердің жан дүниесін, адамгершілік ізденістерін суреттеу; 
5) имандылық, қайырымдылық, әділдік, шыншылдық сияқты қажет сапаларының ара қатысын, оларды заман рухына, ұлттық мінезге сай көркем бейнелеп көрсету. 
6) әдеби шығарманың эмоциялы, ашық және әсер берерлік бейнелеріне сүйену. 
Адамдардың өзара қарым-қатынасының адамгершілік жағын бейнелейтін деректерді жинақтау және қорытындылау жөніндегі жұмыс нәтижесінде мектептерде оқушыларының түсініктері сапалы, мазмұнды бола бастайды, құбылыстардың мәнді жақтарын анықтауда және қорытындылауда ілгерілеушілік байқалды.Салауатты да саналы ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болса, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу - мектептің, мұғалімнің, ата -ананың қоғам алдындағы борышы.Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде бұрыннан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді.Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып, үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі: Л.Толстой айтқандай, өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүру соқпақ іздеп адасумен пара-пар» - деген. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық, экономикаық, құқықтық тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс. Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары, өзіне тән ерекшелгі бар.М.Калинин: "Тәрбие дегеніміз - тәрбиеші қалаған жақсы қасиеттерді тәрбиеленушінің бойына егу үшін оның психологиясына мақсатты да жүйелі түрде ықпал жасау деп көрсеткен болатын.Болашақ тәрбиесі бүгінгі күнде ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуін талап етеді. Біздің қоғамның тәлім - тәрбиесі көп жылдар бойы бір жақтылықпен жүргізіліп келеді, жалпы адамзаттық қүнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық сана сезімнің дамуына, рухани, мәдени байлықты, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігі өз халқының тарихын, тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты. Сондықтан ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін, бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір ел баласына үйрету, санасын ояту - сынып жетекшілерінің, тәрбиеші мұғалімдердің, ата - аналардың ең үлкен парызы болмақ.Балалық шақта айнала қоршаған дүниені ақылмен, жүрекпен тану - адамгершіліктің ең басты негізі болып есептелініп, баланың бойында елжандылық, Отансүйгіштік қасиеттердің қалыптасуының ұзақ үрдісі басталады. Бұл үрдістер мұғалімдер, ата-аналар тарапынан мақсаттылық пен педагогикалық - психологиялық тұрғыдан басқаруды қажет етеді. Мұнда әлемдік педагогика, психолгия ғылымында айқындалған бала тәрбиесінде жинақталған ғылыми қағида бойынша бір мұғалім баланың рухани дүниесіне кіре білуі және баланың рухани дүниесі деңгейіне көтеріле білу қажеттілігін түсінуді, баламен жұмыс істеуді басшылыққа алуы керек. Мұны білмейінше, бұған мән бермеген жағдайда нағыз Мұғалім бола алмайтынын өмір көрсетіп келеді.Баланың рухани дүниесіне көтерілу дегеніміз баланың дүниеге келген күнінен бастап, оның дүниетанымын ақыл-оймен, жүрекпен тану, ең нәзік, ең шынайы ұғыну, қабылдау, сезіну деп түсіну қажет.Мектеп жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне едәуір ықпал етіп, ол белгілі жүйеде жүзеге асырылады. Мектепті бітіргенне кейін адам мінездің жаңа сапаларын игермейді, қайта бұрынғыларын шыңдай түседі немесе түзетеді. Сол себепті балалардың мектептегі адамгершілік тәрбиесі өте шеберлі болуы, адамгершіліктің барлық салаларын қамтуы тиіс. Мектептегі адамгершілік тәрбиесі, біздің өміріміздің тек осы кездегі талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс.Адамгершілік тәрбиенің тәрбиеленушінің дамуына қандай игі әсер ететіндігін, тәрбие әсерімен оқушы өзгеретіндігін, тәрбиенің әсерімен адамгершілік кемелдің жаңа сатысына қалай көтерілетіндігін педагог жақсы білуі тиіс. Ол үшін адамгершілік тәрбиесінің көптеген үрдісін жеке буындарға бөліп, әрқайсысын жекелей қарастыру керек. Бұл үрдістің аса маңызды буыны - адамгершілік сананы қалыптастыру.Баланың сезіміне әсер ету шексіз жұмыс және тәрбие жұмысының күрделі саласы болып табылады. Сондықтан көптеген мұғалімдер баланың санасына әсер етуді жөн көреді, ал тәрбие жұмысында оның сезіміне қалай әсер етуі керектігін кейде біле бермейді.Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу негізіне баланың бұрынғы өз сезімдерін өзгерту және одан әрі жетілдіру жолымен асырылатындығын ескерген жөн. Мысалы, мектеп қабырғасында туған табиғат туралы қанша айтқанмен, оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етпеуі мүмкін. Ал енді табиғатқй саяхат жасаса, суретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекінуіне де жағдай жасайды.Баладағы жаңа сезімдер қатты әсерленудің ықпалымен жетілуі, өзгеруі мүмкін. Әсерлену, әсіресе өзгелердің істегенін қабылдау және санадан өткізу үрдісінде пайда болады. Мәселен, тарихымыздағы ұлы бабаларымыздың, хандар мен билеріміздің халқы үшін көрсеткен теңдесі жоқ ерліктері туралы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық, Отансүйгіштік сияқты ізгі сезімдерін оятады. Мұғалім ұжым өмірін жарқын да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұның өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.Адамгершілікке тәрбиелеу баланың жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы болып табылады. Ол оның ата-анаға, айналадағыларға, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне, өз басына қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиенің негізгі міндеті - қоғамның әлеуметтік қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиеті сияқты биік адамшылық ішкі стимулдарына айналдыру болып табылады.Тәрбие үрдісі балаларға мінез бен қарым-қатынастардың адамгершілік жағын ұғындыруды қамтамасыз етуі тиіс. Балалардың өз әрекеттері мен өзгелерді түсінуі адамгершілікті бағалауына және өзін-өзі бағалауға үйренуге мүмкіндік береді. Тәрбие жүйесінің тиімділігін аса маңызды көрсеткіш баланың адамгершілік жағынан жетілуі, оның рухани адамгершілік қасиеттерінің елеулі өзгеруі болып табылады. Жетілгендік балалардың дағдылы және күрделі жағдайлардағы адамгершілік тұрғыдан қалай болатынын алдын ала болжап білуден, өзінің адамгершілік қасиет иесі екенін түсіне білушіліктен көрінеді. Адамгершіліктің дамуы -тәрбие жұмысының жемісі. Бұл жүйенің өлшемі тәрбие жұмысының пәрменділігі. 
Баланың эстетикалық көқарасын тәрбиелеу әсемдік қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалдағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және түрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің неғізі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді.Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланыста қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру, көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсеніс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды. Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді. Сонымен, эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие оқушыны үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге көзқарасты баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық мерзімді және эстетикалык қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле карап, оның сырын білуге тырысады, біреулер қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікті сезу үшін,оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір оқушыда білім болуы қажет. Білім оқушыны әдеміліктің обьективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді.Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізгі болады.Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю оған түсіну үшін оқушыға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеруі қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық мәдениетті түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі. Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілк пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғарғы талап қою.Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – оқушының эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілкті сезіп және оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін коршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.Күнделікті музыкамен, сурет  салумен, оқумен айналысуы оның эстетикалық тәрбиесінің негізін қалауына ықпалын тигізеді. Бастауыш сыныптағы баланың алғаш әсері, оның көркемдік әрекеттері дұрыс түсініп ұғынуына түрткі болады. Алайда бұл жаста баланың ықыластылығы тұрақсыз болады, ұзақ мерзім. өнер шығармаларымен танысу, тіпті өнермен айналысу  оны тез жалықтырады. Көркем творчествоның нәтижесінен  әсері сурет салу, желімдеу, музыка процесі қызықтырады, ал эстетикалық құбылыстарды бағалауы белгілі бір жағдайларда ғана байқалады. Баланың өзін - өзі тәрбиелеуінің алғашқы сатысы жеткіншек сатысы болып табылады. Бұл жаста ол белгілі мөлшердегі көркем шығармалардың мазмұнын түсінуге тырысады, білім деңгейін кеңейтеді, қоршаған ортадан эстетикалық тәжірибе жинайды, өмір құбылыстары мен өнер шығармаларын саралап, өздігімен бағалауаға талпынады. Жоғарғы сыныптарда баланың өмірдегі эстетикалық саланы талғаммен қабылдауы жеткіншектерге қарағанда жоғары болады, дүниетанымдылығы мен пікірі жүйелене түседі. Өнерге, көркем творчествоға, өзінің тәртібіне ерекше мән береді. Мұғалімге баланың жас ерекшеліктерінің эстетикалық дамуын білу, олардың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық дамуын білу, олрадың эстетикалық талғамын мақсатты түрде жетілдіруде және сезім тәжиребесін толықтыруда көмегін тигізеді.Адам өз өмірінің суреткері. Ол қалай болмасын өз өміріне әсемдікті еңгізуге тырысады. А.М. Горькийдің бұл ойы өте орынды айтылған. Адамның эстетиканы меңгеруі тек өнер саласымен шектелмейді, ол адамның барлық творчестволық әрекеттерінде кездеседі. Басқа сөзбен айтқанда, тікелей өнер туындыларымен: суретпен, музыкамен, поэзиямен айналысқанда ғана суреткер болып қоймайды. Эстетиканың бастамасы адамының еңбегінде, адамның өзін ортаны өзгертуіне бағытталған ортаны өзгертуіне бағытталған әрекеттеріне негізделген. Адамның болмысқа деген эстетикалық қатынасы өзінің пайдасы болуында еңбек әрекеттеріне міндетті еңбекті дене ойыны мен рухани күштұрғысында әдемілік, сәулеттілік құбылыстары тұрғысында түсініп, әсерлену эстетикалық тәрбиенің негізі мен адамның дамуын қалыптастырады.Бала еңбегі масылдыққа айналмай, эстетикалық ләззат әкелуі үшін, ол қоғамның қажетінен шығуы керек, қимылдың нақытылығымен, ырғақтылығымен, уақыт үнемділігімен, берілгендігімен байқалып, қағанаттанарлық және табыс сезімін әкелуі керек. Дене қимылының ептілікте, дәлдікте, ырғақтылықта, қуанышта байқалатын үйлесімділігі ішкі рухани әсемділікті тудырады. Оны балалар үлкен эстетикалық байлық ретінде бағалап қабылдайды. Эстетикалық әсер көбіне оқыту әрекеттері арқылы беріледі. Балалардың әдемілікке деген сөзімін қай жерде болмасын: мектепте, үйде, демалыста, т.б. дамытып, жетілдіріп отыру керек.Мектепте, сыныпта арнайы бөлмелерді эстетикалық тұрғыда безендіргенде міндетті түрде оларды қатыстырған жөн. Бұл тұрғыда А.С. Маккаренконың тәжірибесі кімді де болмасын қызықтырмай қоймайды. Оның мекемелерінде болған адамдар, ондағы гүлдердің көптігін жалтыраған паркетті, айналарды, асханалардағы аппақ жапқыштарды, бөлмелерінде мінсіз тазалығын таңдама әңгімелейді. Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік  деңгейді  жетілдіру, оқыған кітап,  көрген кинолар  мен музыкалық шығармалар  санын көбейту ғана емес. Ең бастысы,  адамгершілік сезімді, жеке бастың  рухани  деңгейін  кеңейту, мінез-құлқын түзхету, толықтыру.Эстетикалық тәрбиенің міндеттерінің бәрі  өзара тығыз байланысты, алайда оларды тізіп шығу тәртібі белгілі дәрежеде эстетикалық тәрбие беру жөніндегі жұмыстағы дәйектілікті,  оның қайсыбір кезең-кезеңге бөлінетіндігін  бейнелейді.  Шынында да адам әуелі әсемдікті қабылдай білуге,  онан кейін қабылдаған  нәрсесін  бағалап, аңғара білуге үйренеді,  тек осының  негізінде ғана  өзін өнерде шама-шарқынша көрсете білуге дағдылану,  төңірегіндегі тіршілікке әсемдікті енгізе білу бәрінен де жақсы дамытылады. Сонымен бірге үш міндетті қатарынан, көбінесе алғашқы екі міндетті  бір мезгілде өте жиі  шешуге тура келеді.Егер эстетика педагогиканы әсемдіктің  мәнін   және оның көрініс  беру заңдылықтарын түсінумен қаруландыратын болса,  ал педагогика  адамның осы  жендікке  деген көзқарасын қалыптастыру құралдары  туралы мәселені шешеді,  эстетикалық тәрбиенің нақты міндеттерін  алға қояды және оқу-тәрбие жұмысының  барысында ол  міндеттерді шешу жолдарын белгілейді.Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін  қалыптастырудың соншама ауқымды саласын қамтиды. Кейде эстетикалық тәрбие деген ұғымды «көркемдікке тәрбиелеу»  деген ұғыммен пара-пар алып жүр.  Көркемдікке тәрбиелеу дегеніміз өнер құралдарымен тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие дегеніміз - өнердегі,  табиғатты және бүкіл  қоршаған өиірдегі әсемдік құралдары  арқылы тәрбиелеу деген сөз. Сондықтан көркемдікке тәрбиелеу эстетикалық  тәрбиемен пара-пар  емес,  оның өте  маңызды,  бірақ құрамдас бөлігі болып табылады.Эстетикалық ұғымды   пайымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық тәрбиенің тағы да бір міндеті.  Әдемілікті  сүю,  оған түсіну үшін  балаға  негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік,  музыка мен әндегі  дыбыстарды  және өнер әдістері туралы білімді халықтың  педагогика саласында игеру қажет. Осыған  байланысты ол эстетикалық терең  түсінуге тырысады,  өз  халқының  салт-дәстүріне, тіліне, мәдениетіне,  әсем табиғатына  деген сүйіспеншілігі пайда болады.Бастауыш сынып оқушыларға әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс әрекетінің әдемілігін бағалай білуге, әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал, бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға көмектеседі. Яғни, оқу пәндерінің оқушыларға тәрбие берудегі ролі орасан.Жаңа қоғам талабына сай адам санасын, оның қабілетті мен рухани байлығы жан – жақты жарасымды дамыту мәселелері адамдардың қабілеттерін ашып, олардың өмірін рухани бай, сан қырлы ету үшін мейлінше кең өріс ашу-бастауыш сынып мұғалімдерінің басты міндеті деп білсін. Бұл салада да жақсылық жағына қарай түбегейлі өзгерістерге жетуге күш сала отырып, бүкіл мәдени тәрбие жұмысын адамдардың рухани талап -  тілектерін барынша толық қанағаттандыратындай, солардың мүделеріне сай болатындай етіп құру маңызды – деп атап айтылған болатын. Аса маңызды міндет оқушыларға көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбиені айтарлықтай жақсарту.

 

 

 

 

 

 

 

4. Қоршаған орта мен табиғаттың оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі маңызы 
 
Мектепте оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі бірден - бір құрал-табиғат. Табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты қардың жаууы, күннің күркіреуі, ағаштардың бүршік жарып, гүлдердің түрлі түске еніп гүлдеуі, құстардың жылы жаққа ұшып кетуі, қайта ұшып келуі т.б. - мұның бәрі оқушының эстетикалық сезіміне әсер етіп, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады. Балалардың сезімін тәрбиелеуден табиғаттың рөлі жөнінде К.С.Станиславский: "Табиғаттың өзі теңдесі жоқ әсем дүние, сондықтан оған зер салып, үңіле қараңыз. Алдымен гүлді немесе жапырақтарды, өрмекші торын немесе терезе әйнегіндегі аяз өрнегін алыңыз. Мұның бәрі - ұлы суретші," -дейді.Мұғалім оқушыларды табиғи құбылыстармен таныстыра отырып, таңертеңгі әсемдікті байқауға, күннің шығуы мен сәулесінің жер бетіне шашқан нұрын көре білуге, сылдырлап аққан су дыбысын, орман шуылын құстардың сайраған үнін, жапырақтар мен шөптің сыбдырын естіп, түсіне білуге баулиды. Оқушыларды табиғатта жұмыс істейтін адамдар еңбегімен таныстыра отырып, олардың қимылы мен еңбек барысындағы әсемдікке көңіл аудартады. Соның нәтижесінде оқушылардың еңбекке, табиғат сұлулығына деген эстетикалық сезімдері оянып, сол әсемдікті аялай білу дағдылары қалыптасады.Міне, осы мүмкіндіктерді ескере отырып, оқушылармен тиімді ұйымдастырылған мақсатты серуен мен бақылау жұмыстары эстетикалық тәрбие жүйесін қалыптастырып, фольклор жанрларымен таныстыруда өз нәтижесін береді. Мысалы, оқушыларды өзенге саяхатқа апарған кезде мынандай мақсатарды басты назарда ұстау керек.Балаларды көктем кезіндегі өзен жалғауындағы өзгерістермен таныстыру, өзен жағағалауындағы құстар және өзендегі балықтар жайындағы түсініктерін кеңейту, қоршаған ортадағы әсемдікке қызығушылғымен өз эмоциясын білдіру дағдысын тәрбиелеу, айтайын деген ойын толық сөйлем мен жеткізе білдіруге дағдыландыру, тілін дамыту. Туған жер табиғаттың әсем келбеті мен нәзік сырларын танытып, оқушы бойына эстетикалық сезім мен рухани қуат беруде табиғат көріністеріне жазылған пейзаждық шығармалардың маңызы ерекше. "Ақсақ киік" (С.Сейфуллин) өлеңі тікелей оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге арналған шығарма.Оқулықтағы қысқартыла отырып іріктеліп алынған өлең шумағы киіктің шөп дала сәні, тұла бойын тұнып тұрған сұлулыққа оқ атқан мейірімсіз мергендерге деген ақын лағынеті осы үш нәрсеге назар аударылады. Ақынның мақсат етіп қойған осы ойларын, оның тәрбиелік қуатын оқушы бойына қалай дарытуға болады.Оқушылардың көз алдына ақын суреттеуіндегі Арқаның бетпақдаласын елестетеміз. "Бетпақ шөлі" деген суретті көрсете отырып, мұғалім: "Бетпақдала. Ел жоқ, жұрт жоқ, не өзен, не көл жоқ, көлденеңі сегіз көштік дала. Бұл далаға жігіттің жігіті, түйенің атаны, аттың тұлпарының да шыдас беруі қиын. Осы шөл далаға көндіккен жалғыз ғана тіршілік иесі, дала кербезі - ак бөкендер" - дейді.Мұғалімнің осындай кіріспе сөзінен кейін, кіиіктің Бетпақ тіршілігінің сәні екендігін айқындай түсетін өлең шумағын оқып береді.Бұл жерде оқушылардың ойы ақын суреттеген дала кербезінің сыртқы сұлулығына аударылады. Бөкеіңнен сұлу аңды мен көрмедім. Өзге аңға жануарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақбөкенді, Адамның баласынан кем көрмедім.Нәзік әрі әсем көрініс. Мінсіз жаратылым. Бөкен бойындағы ақын суреттеген сұлулық оқушыны, сөз жоқ, терең сезімге жетелейді. Әдептілікті бағалау қабілетін дамытады.Эстетикалық сезімнің пәрменділігі сол: ол тек сұлулықты сезіндіріп қана қоймай, оның жаманшылыққа, көріксіздікке ұшырауына қарсылық әрекетіне жұмылдыруында.Одан әрі ақынның киікке деген жанашырлық сезімін, күйзелісін танытатын өлең шумақтарын оқи отырып, оқушы бойындағы эстетикалық сезімді адамгершілік сезіміне ұштастыру мүмкіндігі бар. Олардың көз алдына: дамылсыз киік атқан мергендер, "жазасыз неге өлдіңдер - деп ойламайтын жауыздық, мүйізіне бола қырылған киктер, т.б. тізіліп өтіп жатады. Сол мыңдап қырылып жатқан киіктің бірін ақын суреттеп отырған жаралы киік дей келе, Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып, Ақбөкен сахараның ботагөзі, атты екен қандай адам көзі қиып... деген үзіндіні оқып, үн таспадан "Ақсақ киік" әнін тыңдаттыруға болады.Осы кездегі оқушылардың үнсіз қалуы, жаралы киіктің аянышты халіне ортасқан күйзеліс табының жүздерінен байқалуы сабақтың тәрбиелік күш қуатының оқушыларға әсер ететіндігін байқауға болады.Өлеңді оқу арқылы бөкеннің сұлулығын таныту, мергендер құлқын-құмарлығын көсету, жазықсыз жәбірленіп жан азабын тартуына аяныш сезімін тудыру эстетикалык, адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, жануарларға сүйіспеншілігін арттырады. Оларды қорғай білуге бағыттайды.Мұғалімнің міндеті өз шәкірттерін табиғатымыздың сұлулығына тамсандырып, еліктіріп, сезіндіре отырып тәрбиелеу.Бастауыш сынып бағдарламасында берілген материалдар - тікелей табиғатқа қатысты тақырыптар. Мұның өзі оқушының айнала қоршаған бай, көркем табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға және табиғатта кездесетін сан алуан сұлулық пен көкемдікті көре, түсіне және бағалай білуге жәрдемдесетін шығармалар.Табиғат - дүниедегі тіршілік атаулының анасы. Табиғатты аялау әр адамның парызы. Халқымыз ұрпақтарына табиғатты аялауды әрқашанда әдеппен аңғартып отырған.Халқымыздың ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі, асыл мұраларының бірі - табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын болжау. Ежелден ашық аспан астында көшпелі өмір сүрген ата-бабаларымыз, оның бір бөлшегіміз деп, табиғат - барлық тіршіліктің нәрі, өзек тірегі деп білген.Мынау жарық дүниедегі әсерлі әсемдіктер мен қыруар қызықтар, рухани рахаттар, таңғажайып тамашалар Жер-ананың жүзінде өтіп жатады. Эстетикалық  көзқарастарды  қалыптастыруда  табиғат  зор  роль  атқарады. Табиғат  адамды  қуанышқа  бөлейді,  сезімін  дамытады,  эстетикалық  түсінігін  байытады. Адам  табиғатты  бақылаушы  ғаны  емес, ол  тұтынушы,  сұлулықты  жасаушы  шығармашылық  қызметкер.  Сондықтан  өзінің  күшін,  қабілетін  адамдар  бақыты  үшін  табиғатқа  өзгеріс  жасауға  жұмсауы  керек.  Мысалы,  қала  мен  селоны,  тұрғын  жерлерді  көгалдандыру,  бақ  және  гүлдер  өсіру,  мәдениет  және  демалыс   орындарын  әшекейлеу – бұл зор  эстетикалық  қамқорлық.  Әдемілікті  сезуде,  эстетикалық көзқарастарды  қалыптастыруда  табиғат  зор  роль  атқарады. Табиғат  адамды  зор қуанышқа  бөлейді,  сезімін  дамытады.  Адам  табиғатты  бақылаушы  ғана  емес,  ол  тұтынушы,  сұлулықты  жасаушы, шығармашылық  қызметкер.  Сондықтан  өзінің  күшін,  қабілетін  адамдар  бақыты  үшін   табиғатқа  өзгеріс  жасауға  жұмсауы  керек.Мектеп  оқушыларының  эстетикалық  түсініктері, олардың  еңбекке  әсемдік  тұрғысынан  қатынасы,өзіндік  белсенді  іс- әрекетімен  байланысты  екенін  көрсетеді. Мәселен  өзі  шешу  мүмкіндігі  болғанда  ғана  оның  әрі  мінез- құлықтық, әрі  әсемдік  көңіл- күйі  жай  табады, тояттайды.Жемісті  еңбектен  қанағаттануы,  көңілдің  жай  табуы, эстетикалық  сезімі  бала  үшін  көп  жағдайда  бір  нәрсе.Оқушылардың  оқу  еңбегіне  талғампаздық  қатынасын  дамыту,  оны  оқудың   қозғаушы  күші,  дем  берушісі  ретінде  пайдалану  үшін  балалардың  өзіндік  белсенді  іс — әрекеті  ұйымдастыру,  көркемдік  ләззат  және  құлықтық  әсер  алуы  қамтамасыз   ететін  еңбектің  нәтижесіне  жетуіне  көмектесу  қажет.Бақылау  және  балалармен  әңгіме  олардың  әрқайсысы  өте  әсем  зат  жасағысы  келетінін  көрсетеді.  Бала  өзі  жасаған  затты  тәуірлердің  қатарына  жатпаса  да  қуанады.  Мұндай  жағдайда  мұғалім  оқушылар  жұмыстарына  көрме  ұйымдастырып   олардың  нәтижесін  бағалауға  көмектеседі.  Оқушылардың  бірлесе  орындалатын  қоғамдық  пайдалы  еңбек  әсемдік  жағынан  қатты  қызықтырады.  Оларға  бірлесіп,  аула  тазарту,  жер  дайындап гүл  отырғызу,  металл  сынықтары  мен қағаз  қалдықтарын  жинау,  кітап  жөндеу,  сынып  бөлмесін  тазарту, безендіру  т.б.  ұнайды.  Оларды  жақсы  жұмыс  үшін  мадақтау,  жарыста озып  шығып,  әсер  алуда  еліктіреді.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  еңбек  және  эстетикалық  тәрбие   өзара  қабысып   бірін – бірі  толықтырады.

Көп  жағдайда  оқушылар  тәртібінің  дұрыстығына   сыртқы,  кейде  үстірт  белгілер  арқылы  бағы  беріледі.  Тәртіп  шеңберіндегі  олардың мұраттары  мұғалімнің  жақын  адамдардың  тәртібі мен  іс — әрекеті,  қоғамдық  өмір  және  өнер  ықпалымен  қалыптасыды.  Бұл  тұрғыда  әдебиеттің  олардың  оқушылар  есінде   ұзақ  сақталатын  кейіпкерлерінің  бейнелері  үлкен  орын  алады.Оқушылардың  эстетикалық  санасының  және  шындыққа  қатынасының  ерекшеліктерін  білу    оқушылар  өмірін  эстетикалық көзқарас тұрғысынан  дұрыс  ұйымдастыруға  көмектеседі.Оқушыларға   берілетін  эстетикалық  тәрбиенің  мазмұны  мен  міндеттерін  эстетикалық  мәдени  дамудың  деңгейі  айқындайды.  Атап  айтқанда,  оқушының  шығармашылық  қабілеті эстетикалық  көркемдікті  игеруге  деген  ынта  ықыласы,  білім  білігі,арман  мұраты  және  сұлулықты  тани  білуге  деген  көзқарасына  байланысты  белгіленеді.Демек, эстетикалық  тәрбие  берудің  міндеті  міндеті – имандылық,адамгершілік  тәрбиесі  мен  бірлікте  шешіледі.  Тұлғаның  бойына  адалдық,кісілік,  шыншындық,  гуманистік,  жаны  жайсан,  көңілді  дарқан  игі  қасиеттер  тұтаса  келіп  бір  арнадан  тоғысады.  Өйткені  эстетикалық  тәрбие  өз  алдына  оқшау  тұрған  тәрбие  емес,  мектепте  оқылатын  пәндер  жүйесінде  жүзеге  асырылады.  Әсіресе,  әдебиет,  музыка,  көркем  өнер  сабақтарын  өтуде  ерекше  мән  беріледі. 

Сондай- ақ  сыныптан  тыс  өткізілетін үйірме жұмыстарында, оқушылардың  өздері  ұйымдастырған  студия,  театр,  түрлі  сахналар  қойылымдар арқылы орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстандағы эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс- тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт тұрпатында, қарым – қатынастарында, киім- кешегі мен үй- жайларында , өндіргіш заттарында, тілі мен өнер туындыларында – осының бәрі эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен ұғымдардың ерекшеліктері мен принциптері көрінетіні белгілі.

Эстетикалық тәрбие де  тәрбиенің басқа салаларындай оқу, білім, тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланыста, біртұтастықта қарастырылады. «Этетикалық тәрбие –болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті  дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды  тәрбиелейтін, өнерде және өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қажетсінуін қалыптастыратын жалпы тәрбиелер саласының құрамдас бөлігі. Эстетика-өмірді сезім арқылы біліп танудың негізгі жолы».

Информация о работе Эстетикалық тәрбие