«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2015 в 18:07, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.

Файлы: 1 файл

для Нурбола.docx

— 213.58 Кб (Скачать файл)

Бизнес-инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор.

Америка Құрама Штаттарындағы бизнес-инкубаторлардың 90%-ға жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес-инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес-инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес-инкубаторлардың клиенті – 90%-ға жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес-инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсатына және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес-инкубаторлар шағын фирманы қолдаудың тартымды әдісі болды.

Ұлыбританиядағы шағын және орта бизнес. Ұлыбритания тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын және орта бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын және орта кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер, кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал етті.

Ұлыбританияда шағын және орта фирманың дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын кеңінен статус-квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Үкімет шағын және орта бизнес саласына жалпы фирманы қызметтің әлеуметтік-экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын және орта кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат салысады. Бұл көмектің болуы шағын және орта бизнестің даму стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.

Франциядағы шағын және орта бизнес. Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп – ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Француз Үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар бар. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында. Ол шағын және орта бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын және орта фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі [14].

Шағын және орташа кәсіпорындағы жұмысшылардың жалпы саны   500 000 адам. Мемлекеттің жалпы экспорт көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз үкіметінің саясаты экономиканың бұл саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол Үкіметтің екі декретінде көрінеді: «Франциядағы ұсақ және орташа кәсіпорындары» және «шағын және орташа кәсіпорындардың пайдасына 37 шара».

Құжаттардың атының өзі мемлекеттің шағын және орта бизнестің дамуына қандай маңыз беретінін айтады. Егер алғашқы құжат қаржылық-экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық-әкімшілікті қарастырады. Ондағы ең басты тармақ болып тіркелу орталықтарында шағын кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың пайдасына қаржыландыру тиімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Оған мысал ретінде территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге жауап берсе дотация бөледі:

1. Кәсіпорын территориялық  құрылымның жоспарына айрықша  зонада орналақан болса

2. Кәсіпорынның қалпына  келу жөніндегі құрылған жұмыс  орындарының саны (алғашқы қызметінің 3 жылы – 20жұмыс орны)

Жобаны қолдауда DATAR дотацияларға үштен бірін жобаның басында ұсынады, ал қалған бөлігін – жобаны жүзеге асыру барысында кезеңдік төлемдер жолымен жүзеге асады. Франция Үкіметінің басқа шаралары өнеркәсіптік меншік субъъектілеріне салықты қысқарту қағидасын, өнеркәсіпті зерттеу және даму орталықтарын құруды білдіреді.

Израильдегі шағын және орта бизнес. 1960 ж. бастап Израильде экономикаға үлкен ықпалды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 1980 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздану ірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаңа азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағын және орта бизнесті дамытуды жылдамдатты. Израиль тәжірибесіне келесідей шараларды:

1. Технопарктердің қызмет  ету қағидалары бойынша технологиялық  «жылы жайларды» құру және  дамыту. Технологиялық «жылы жай»  тәуелсіз заңды тұлғаны, фирма  немесе ассоцияцияны білдіреді. Ол қажетті инфрақұрылымы, ғылыми-зертттеулер  құралдары, жұмыс жасау орындары  бар кішкентай ұжымдар біріктіреді. Оның қызметі жарғы немесе  қоғамдық комитетпен реттеледі. Технологиялық «жылы жайлар»  жаңадан құрылған фирмаларды  қолдайды. Кейде өнім өткізу кезеңіне  дейін жеткізеді.

2. Бизнес «жылы жайларды»  құру. Олар өз басқару органдары, директорлар кеңесі және де  экономистер, заңгерлері, бухгалтерлері  бар жеке компаниялар. Бизнес  – «жылы жайлар» өз ісін  ашуға ынталы адамдарға, бірақ  ол үшін білімнің жеткіліксіздігі  бизнесте бағыттала алмау және  ең басты алғашқы капиталдың  болмауы кедергі жақсы мүмкіндіктер  береді. Екі жыл бойы жобаны  құру үшін 300 000 шекелге дейін ақша  бөлінеді (81 000 $) Ол жобаға есептелген  шығынның 80% жабады, қалған 20 % жеке инвесторлар  ұсынады.

3. Ғылыми зерттеулерді  сонымен бірге өнеркәсіпте дайын  өнім өндіруді қаржыландыратын  ғылыми зерттеу ұйымдары мен  қорларын құру.

4. Шағын кәсіпорындар  қорының сауда және өнеркәсіп  министрлігінің жанынан жұмыс  істеу. Қор шағын және орта  бизнеске кәсіпорындардың масштабына  байланысты жеңілдік беру жолдарын  инвестицияларды жүзеге асырады. Көмек сонымен қатар, егер кәсіпорын  несие алу үшін мемлекеттік  кепіл алу және жеңілдіктерден  қашық аймақтарда орналасса қайтарымсыз  ссуда беру арқылы жүзеге асады. Жеңілдіктер көбінесе өнім өндіретін  шағын және орта кәсіпорындарға  беріледі.

5. Көптеген Израильдік  банктерге шағын бизнеске қолдау  арнайы бөлімшелер бар. Олар банктік  жеңілдіктер, маркетингтік жеңілдіктер, менеджерлік, консалтингтік қызметтер  көрсетеді, кәсіпорындардың бизнес  жоспарларын дамыту жобаларын  қарастырады және бағалайды.

6. Шағын және орта бизнесті  қолдаудың маңызды бағыттарының  бірі болып мошав – овдимдерді  қолдау табылады. Ол әрбір жанұя  өз шаруашылығын жүргізіп, өзінің  жерін өңдейтін ауылшаруашылық, поселке. Ал өнімді бөлу және  өткізуді ауылшаруашылық құралдардың  сатып алуды коммуналдық қамтамасыз  етуді мошава тұрғындары кооперативтік  негізде жүзеге асырады. Мошаваларды  ауылшаруалық өндірістің бірқатар  негізгі бағыттар қалыптасқан:

- сүт шаруашылығы (30 сиырға  дейін, орташа көлемі) бір жанұяға  га;

- егістік (негізінен көкөніс  және техникалық дақылдар) бір  жанұяға Қазақстанның шикізат  ресурстарынан басқа дамыған  ғылымы, біздің еліміздің экономикасы  кезіккен қиындықтарды және алатын  интеллектуалдық потенциалы бар. Оның үстіне республикада өз  өндірістерін конверсиялау процесіндегі  кәсіпорындар, сонымен бірге негізінде Hitech сферасындағы шағын және орта  кәсіпорындады құруға болатын  машина жасау зауыттары бар. Біздің  экономикамызда болып жатқан  құрылымдық өзгерістер дамыған  мемлекеттер сонымен бірге Израилдің  шағын және орта бизнестің  дамуының тәжірибесін есепке  алу қажет.

Қысқаша, басқа мемлекет тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл нысан кәсіпкерлерге шағын және ірі бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж. соңында Оңтүстік Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5% құрды, онда 9 млн. адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5% құрайды. Шағын және орта бизнес әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа кәсіпорындардың 90% жалпы саны 50 жуық.

Енді Литвадағы шағын және орта фирманы қарастырайық. Қазіргі уақытта бұл сектор экономика тұрақтануының негізгі фактор болып табылады, оның көмегімен дотацияны қажет етпейтін халықтың орта бөлігі құралады. Литваның ішкі өнімдегі шағын кәсіпорындардың үлесі 69% құрайды. Ал жұмысшылар саны бойынша еңбекке қабілетті адамдардың 1/3. Кәсіпорындардың 90%-дан көбі шағын және орташа болып табылады. Мемлекет шағын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер береді.

- бірінші екі жылдай  пайдаға салық тарифі 70% проценттен  төмендейді, ал үш жылдан бастап 50%. Оның үстіне кәсіпорындарды  несиелейтін мемлекеттік шағын  фирманы қолдау қоры құрылды.

Байқап отырғанымыздай, дамыған мемлекеттер тәжірибесі кәсіпкерлерге жағдай жасауда үкімет шешуші рол атқаратынын көрсетуде. Ал ол шағын бизнесті қолдау және дамытудың тиімді саясатын жүргізеді.

Олардың басшылыққа алған негізгі қағидалары келесілер:

1. Құқықтық және әкімшілік  құрылымдарға негізделген нарықтық  экономикалық саясат.

2. Жаңадан бастап келе  жатқан кәсіпкерлерді оқыту жобалары.

3. Кіші жаңа кәсіпорындар  үшін капиталға қол жеткізуді  қамтамасыз ететін фирманы мемлекеттік  қолдау.

Жоғарғы үш шартта өте маңызды. Мысалы, тек қана оқытып және техникалық білімберу жеткіліксіз. Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды. Мысалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар жетістіктерге жетті. Олар шағын және орта бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және фирманың гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы фирманыке жол берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан фирмалар ашылды.

Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған инфрақұрылымның болу керектігін көсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу қаржылық ақпаратты дәлме дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру, бухгалтерлік және консултациялықфирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес қызмет етуі керек.

Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын және орта бизнес экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын және орта бизнес қазіргі қоғам назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер бойынша шағын және орта кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ. Осылайша, шағын фирманың болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара білу

 

    2. «Адал агроөнеркәсіптік»  АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының  құрамы мен құрылымын  талдау 

 

2.1.Фирманың  экономикалық жағдайын  талдау.

 

“Адал АӨК” акционерлік қоғам 2000 жылдың 8 қаңтарында Октябрск совхозы негізінде құрылған. Бұл компания Қазахстан Республикасының 1998 жылдың 10 – шілдесіндегі «Акционерлік қоғам  туралы» Заңына сәйкес, құқықтық – ұйым негізінде ашық акционерлік қоғам деп құрылды.

 Фирманың  толық аты: «Адал Агроөнеркәсіп - фирмасы» Акционерлік Қоғам.

АҚ 2000 жылдың 8 қаңтарында Алматы обылысының Әділет басқаруында жабық акцинерлік қоғам  «Адал АӨК» болып, сосын ашық акционерлік қоғам «Адал АӨК» деп қайта тіркеледі. Акционерлік қоғам шектелмеген мерзімге бекітілген. [25]

 «Адал  АӨК» АҚ орналасқан жері ҚР, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Космос ауылы Ленин көшесі 32.

 Қоғамның  өзі балансы жәнеде банк есептері  бар, өз атауы мен қазақ және  орыс тілінде берілген мөрі  бар. Өзінің тауарлық және символикалық  белгілері, олардың үлгілері жарғылық  тәртіпте тіркеліп бекітілген. Қазақстан  Республикасының заң актілеріне  қайшы келмейтін әрекеттерді  істей алады. Мысалы: қоғам өз  атынан мүліктік және мүліктік  емес қаражаттар мен жабдықтарды  алуға, жауапкершілікті артыруға  және заң алдында жауапты мүмкіндігі  бар. Сонымен қатар қоғам меншік  түріне қарамастан заңды тұлғалардың  барлық түрімен бірге алады. Ол  тек Қазақстан Республикасының  ауқымында ғана емес, сонымен  қатар оның шетінде де максималды  пайда тауып акционерлер қызығушылық  қолданып капиталдан 15% кемісе, онда  қоғам толық белгіленген тегіне  дейін толтыру керек.

Информация о работе «Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау