«Адал агроөнеркәсіптік» АҚ мысалындағы айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау
Дипломная работа, 24 Февраля 2015, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Бұл Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту, шағын фирма субъектілеріне салық салумен байланысты мәселелерді анықтау және соның негізінде шағын фирма субъектілеріне салық салу мен несиелендіру жүйелерінің жүзеге асыру жолдарын ұсыну болып табылады.
Осы алға қойылған мақсатқа байланысты төменгі міндеттер қарастырылады:
а) шағын фирманың мәні мен қажеттілігін теориялық тұрғыда негіздеу;
ә) Қазақстан Республикасындағы шағын фирманың заңдылық негіздері мен даму ерекшеліктерін талдау;
б) Астана қаласындағы шағын фирма жағдайын талдау және кедергі келтіретін факторларды айқындау;
в) шағын фирматі несиелеу жағдайын қарастыру;
г) Қазақстан Республикасындағы шағын фирмаке салық салудың құқықтық аспектілерін жүзеге асыру;
д) мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен концепцияларын қарастыру.
Файлы: 1 файл
для Нурбола.docx
— 213.58 Кб (Скачать файл)Шағын фирманың өзінің аты айтып отырғандай, бұл осы түсініктің мағынынасын негіздейтін белгілі бір қойылған заңдармен, мемлекеттік органдар немесе өкілдік ұйымдардың критерилеріне сай нарықтық экономикадағы жұмыс істейтін субъектілердің фирманы қызметі.
Шағын фирманың функцияларының маңыздылығына мыналарды айтып өтуге болады. Экономикалық рөлі ретінде, біріншіден, басшының; екіншіден, өнім және қызмет өндіру; үшіншіден, ҒТР-ң катализаторы; төртіншіден, салық төлеуші; бесіншіден, нарықтық қатынастардың агенті. Әлеуметтік функциясына, біріншіден, шағын кәсіпорындар арқылы көптеген адамдар өздерінің өнердегі потенциялын анықтап жүзеге асырады; екіншіден, бұл жерде өз еңбектерін ірі кәсіпорындарда қолдана алмайтын әлеуметтік осал топтың өкілдеріне мүмкіндік береді; үшіншіден, қызмет көрсету саласында қарым-қатынасқа қанағаттандырады; төртіншіден, жұмыспен қамтамасыз етеді.
Келесі маңызды категория – шағын кәсіпорындардың сыртқы ортасы. Бұл шағын кәсіпорындардың құрылуы мен жұмыс істеуіне әсер ететін элементтердің жиынтығы. Мұндай элементтер 5 топқа бөлінеді.
Біріншіден, шағын кәсіпорындардың нарықтық жиынтығы: ресурстық және өткізу.
Екіншісі, шағын кәсіпорындарға қажетті нарықтық институттар мен агенттер.
Үшіншіден, қоғамдық қатынастардың кешенін кіргізеді; құқықтық, әлеуметтік-мәдени және саяси т.б.
Төртінші топ, басқа да әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен қатынастарға қатысты шаруашылық құрылымы және т.б.
Ерекше топ ретінде шағын фирманы мемлекеттік қолдау элементін кіргізуге болады. Шағын кәсіпорындардың сыртқы ортасы анықсыздықпен ерекшеленеді.
Фирма дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінез-құлқы типтерімен байланысты болатын шығар. Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи, айуандық т.б. болып бөлінеді.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорындар дүниежүзінде маңызды орын алады. Олар тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек салалар мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартыфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын фирманы субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады.
Шағын фирманың Қазақстанда қалыптасуы
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін фирманың даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – фирманы экономика. Фирманы дамыту – нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, фирманы төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та, өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде фирманыке арқа сүйейді. Себебі фирманы халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Фирманың осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру фирманың тиімділігіне байланысты болады.
Фирманың түрлі нысандарының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарға тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәсекеге барады, мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік диверсификациясын қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет етеді.
Қазақстанда өркениетті нарық жолындағы әрі қарай қозғалысы фирманы рөлінің күшеюіне байланысты.
Отандық кәсiпкерлiктiң қалыптасу тарихын төрт кезеңге бөлуге болады. Бiрiншiсi комсомолдық ұйымдарда жастардың ғылыми-практикалық орталықтарының пайда болып, қызмет ете бастауынан басталады. Орталық қызметi делдалдық қызмет сипатында болды және ғылыми-практикалық мәселелердi шешуге бағытталды. Мұндай ''комсомолдық'' кәсiпкерлiк бұқаралық сипатта болмағанмен көптеген коммерциялық құрылымдар алғашқы капитал жинауға мүмкiндiк алды. ''КСРО азаматтарының жеке еңбек қызметi туралы'' Заңының қабылдануы (1987 жыл) жеке кәсiпкерлiктi бiршама заңдастырады. Кәсiпкерлiктiң қалыптасуының екiншi кезеңiн 1988 жылы қабылданған кооперация туралы заңына қабылдануымен байланыстыруға болады. Бұл кезеңде кәсiпкерлiк бұқаралық сипатқа ие болды.
Үшiншi кезең көптеген жалға беру, бiрлескен кәсiпорындар туралы, банктiк қызмет туралы, шағын кәсiпорындар туралы, шағын бизнестi дамыту туралы заң актiлерiнiң қабылдануымен байланысты. Осы аталған заң актiлерiнiң қабылдануы кәсiпкерлiктiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарының жаңа түрлерiнiң пайда болуына, өз iсiнiң саласын кеңейтуге жол ашты.
Төртiншi кезең КСРО-ның құлап, жаңа тәуелсiз мемлекеттердiң пайда болуымен және кәсiпкерлiк туралы өз заңдарын қабылдаумен байланысты. Кәсiпкерлiк үшiн нарықта ең тиiмдi әрi тартымды бөлiктер болып капиталдың ең тез айналатын, табыс табуға мүмкiндiгi мол сату-сатып алу, сауда-делдалдық операциялар жүргiзу, ТМД және алыс шетелдерi әртүрлi тауарларды сатып алу-сатумен айналысатын салалар табылады.
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi реттейтiн алғашқы заңдардың бiрi – бұл 1991 жылы қабылданған ''ҚазақССР-інде кәсiпкерлiк қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы'' Заңы болатын. Бұл заңда кәсiпкерлiкке анықтама берiлген болатын. Онда ''Кәсiпкерлiк – меншiк иесiнiң (толық немесе iшiнара) тәуекел ете және мүмкiндiк жауапкершiлiккте бола отырып, пайда алуға бағытталған инициативтiк дербес қызметi'' деген анықтама берiлген. Оны экономиканың ең алуан түрлерiнде еңбектi қатыстыра отырып, сондай-ақ қатыстырмай-ақ жүзеге асыруға болады.
''Кәсiпкерлiк''
терминi және кәсiпкерлiктiң өзi бiздiң
қоғамдық тәжiрибеге тек сексенiншi
жылдары ғана ендi.
Кәсiпкерлiк ұғымын ең алдымен меншiкке деген көзқарастың өзгеруiмен байланыстырады. Кәсiпкер қызметiнде басты назарды пайда алу жағына қарай аударады. Социалистiк экономикаға да белгiлi бiр дәрежеде кәсiпкерлiктiң элементтерi тән болғанын атап айту керек, алайда олар оның негiзi мәнi болған жоқ. Сол жылдары басты назар пайда алуға емес, ал қоғамдық қажеттiлiктердi қанағаттандыруға аударылды. Қазiргi кезде кәсiпкерлiк элементтерi экономиканың мемлекеттiк секторына да тән.
Тiркеу – кәсiпкерлiктiң алғашқы, қажеттi кезеңi болып табылады. Кәсiпкер тiркеуден өткеннен кейiн ғана банкте есеп шотын аша алады, жауапкерлердi жолдай алады, өз атына мөрге, фирмалық белгiлерге, құжаттарға тапсырыс берiп, шаруашылық келiсiмдер жасап, нарыққа шыға алады. Бұл шаралар 1992 жылдың 24 қаңтардарында Елбасы бекiткен “Шаруашылық субъектiлерiн тiркеу тәртiбi туралы’’ Ережеде көрсетiлеген.
1991 жылы 21 маусымда
Қазақстан Республикасының ''Шаруашылық
серiктестерi туралы'' Заңы қабылданды
(қазiргi кезде осы заңның орнына
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылы 2 мамырында шыққан Заң
күшi бар ''Шаруашылық серiктестерi туралы''
Жарлығы әрекет етедi), 1992 жылдың
4 шiлдесiнде ''Жеке кәсiпкерлiктi қорғау
және қолдау'' Заңы қабылданған. Бұл
екi Заң ұзақ уақытқа жеке кәсiпкерлiктердiң
заңдық негiзi болды.
Бұл заңдар жеке кәсiпкерлiктi қолдау және қорғау әдiстерi мен негiзi тәсiлдерiн анықтайды, жеке кәсiпкерлiкке мемлекеттiң араласпау саясатын бекiтедi, жеке кәсiпкерге барынша еркiндiк бередi және мемлекеттiк органдардың немесе мiндеттi қызметкерлердiң жеке кәсiпкерлер құқығын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi күшейтедi.
Елiмiзде өркениеттi кәсiпкерлiктiң қалыптасуын 1997 жылы Елбасының “Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және мемлекеттiк қолдау шараларын күшейту туралы” Жарлығының шығуынан бастап айтуға болады. Содан берi кәсiпкерлiктiң дамуы мемлекеттiк саясаттың ажырамас бөлiгiне айналған. Сол жылы сонымен қоса ''Жеке кәсiпорын жөнiнде'', “Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламалары туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы шықты.
Елiмiзде кәсiпкерлiктiң қалыптасуына жасалған алғашқы қадамдарының бiрi – бұл елiмiзде төртінші кезеңде жүргiзiлген жекешелендiру процесi болатын. Нарықтық экономиканың негiзi – жекеменшiк сектордың көлемiнiң ауқымды болуында. Жекеменшiк сектордың дамуынсыз экономиканың дамуы мүмкiн емес. Ал ел экономикасының дамуынсыз – мемлекеттiң дамуы мүмкiн емес. Ел тәуелсiздiгiнiң негiздерiнiң бiрi экономика екенi белгiлi. әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, мемлекеттiң экономикасы неғұрлым дамыған болса, соғұрлым ол мемлекеттiң әлемдiк ортада беделi де жоғары болады.
Нарыққа өтумен байланысты жүргiзiлген реформалар қиын жағдайларда жүзеге асырылды. Әр жерде бiрiншi кезекте пайдаланылатын тұтыну тауарлары және өндiрiстiк техникалық мақсаттағы тауарлар жетiспеушiлiгi байқалды. Қиын кездерде кәсiпкерлер үшiн нарық коньюктурасындағы инфляциялық күтiлiмдермен байланысты өзгерiстерiне, өз iсiн әрi қарай жалғастырып, дамыту үшiн қажеттi қаржы алу керек болатын.
Қазiргi таңда жағдай бiршама түзелген. Соңғы жылдары экономика нақты секторының барлық салаларында өндiрiстiң жандануы байқалуда. Тұрғындардың табыстарының өсуi тауар және қызметке деген сұранысты өсiруге әкелдi.
Дегенмен, осыған қарамастан халық табыстарының жоғары болмауының нәтижесiнде қалыптасқан нарық көлемiнiң шектеулерiн атап кетуге болады. Осыған қоса сыртқы экономикалық қызметтi либеризациялау нәтижесiнде iшкi нарықты шетелдiк арзан тауарлары жаулап алды, тұрмыс деңгейiнiң төмендiгiн ескерсек, олар жоғары сұранысқа ие болуда.
Фирманы дамытудың үш факторы бар: саяси фактор, экономикалық фактор және психологиялық фактор. Оны келесі сурет түрінде көрсетейік.
Қалыптасқан жағдайда өндiрiстiк-шаруашылық қызметi тиiмдi жүзеге асыру үшiн кәсiпкерлер шығаратын өндiрiстiң бәсекеге төзiмдiлiгiн жоғарылатып отырулары қажет.
Ол үшiн олар өнiмнiң сапасын арттыра отырып, баға деңгейiн төмендетумен байланысты әселелердi шешулерi керек, өйтпеген жағдайда Қазақстан нарығына түскен импорттық өнiмдер отандық кәсiпкердiң дамуына мүмкiндiк бермейдi.
Сурет 1 – Фирманы дамыту факторлары