Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

119) кәбілдік қабат –  еден және төсем немесе жабынның  шығыңқы бөліктерінің арасы кемінде 1,8 м қашықтығы бар, еденмен және жабынмен, төсеммен шектелген ғимараттың бір бөлігі;

120) кәбілдік блок –  кәбілдерді төсеу үшін оларға  жатқызылатын құдықтары мен құбырлары (каналдары) бар кәбілді құрылыс;

121) кәбілдік камера –  блоктарға кәбілдерді тарту үшін  немесе кәбілдік муфталарды төсеу  үшін алынбалы-салынбалы бітеу  бетон плитамен жабылатын жер  асты кәбілдік құрылысы. Оған  кіруге арналған қақпағы бар  камера кәбілдік құдық деп  аталады;

122) кәбілдік эстакада  – жерүсті немесе жерасты, ашық, көлденең немесе еңіс тартылған  кәбілдік құрылыс. Кәбілдік эстакада  өтпелі немесе өтпелі емес  болуы мүмкін;

123) кәбілдік галерея –  жер үсті немесе жер асты, толық  немесе жартылай жабық (бүйір  қабырғалары жоқ) көлденең немесе  еңіс тартылған өтпелі кәбілдік  құрылыс;

124) қосарлы еден – қабаттар  арасындағы аражабынды және (бүкіл  алаңда немесе оның бір бөлігінде) алынбалы-салынбалы плиталары бар  үй-жайдың еденмен және қабырғамен  шектелген қуысы (алаңның он бағытына  немесе бір бөлігіне);

125) төмен немесе жоғары  қысымды май толтырылған кәбілдік  желі – желілері ұзақ уақыт  бойы жол берілген артық қысымы  мыналарды құрайды:

қорғасын қабықтағы төмен қысымды  кәбілдер үшін - 0,0245-0,294 МПа (0,25-3,0 кгс/см2);

алюминий қабықтағы төмен қысымды  кәбілдер үшін - 0,0245-0,49 МПа (0,25-5,0 кгс/см2);

жоғары қысымды кәбілдер үшін 1,08-1,57 МПа (11-16 кгс/см2);

126) төмен қысымды май  толтырылған кәбілді желінің  секциясы – бітеуіш муфталардың  немесе бітеуіш және шеткі  муфталардың арасындағы желілердің  учаскесі;

127) қосалқы қоректендіру  пункт – қосалқы қоректендіретін  аппараттары мен (қоректі бак, қысым  багі, қосалқы қоректендіру агрегаты  және басқалары) құрал-жабдығы бар  жер үсті, жер асты және жердегі  құрылыс;

128) бөлу құрылғысы –  бір фазалы шеткі муфталар  мен болат құбырдың шеті арасындағы  жоғары қысымды кәбілдік желінің  бөлігі;

129) қосалқы қоректендіретін  агрегат – жоғары қысымды кәбіл  желісін маймен жабдықтауды қамтамасыз  етуге арналған бактардан, сорғылардан, құбырлардан, орағытпа клапандардан, вентильдерден, автоматика қалқанынан және басқа құрал-жабдықтан тұратын автоматты түрде істейтін құрылғы;

130)  В-І класының аймақтары – ашық ыдыстардағы ТЖС құю немесе сақтау, технологиялық аппараттарды тиеу мен түсіру кезінде, жұмыстың қалыпты тәртібі кезінде ауамен жарылыс қауіпті қоспаны түзуі мүмкін осындай қасиетпен және осындай мөлшерде ТЖС жанғыш газдары немесе буы бөлінетін үй-жайларда орналасқан аймақтар;

131) В-Іа класының аймақтары–  қалыпты пайдалану кезінде жанғыш  газдары (тұтанудың төмен шоғырлану  шегіне қарамастан) немесе ТЖС  буы ауамен жарылыс қауіпті  қоспалар түзілмейтін, олар тек  қана ақаулардың немесе авариялардың  салдарынан қалыптасуы мүмкін  үй-жайларда орналасқан аймақтар;

132) В-Іб класының аймақтары–  қалыпты пайдалану кезінде ТЖС  буы немесе жанатын газдар  ауамен жарылыс қауіпті қоспалар  түзілмейтін, тек қана ақаулардың  немесе аварияның салдарынан  қалыптасуы мүмкін мынадай айырмашылықтармен  ерекшелінетін үй-жайларда орналасқан  аймақтар:

1) бұл аймақтардағы жанғыш  газдардың тұтануының жоғары  төмен шоғырлану шегіне ие  болатын (15 %) және рұқсат етілетін  шоғырлану шегінде өткір иісі  бар;

2) газ түріндегі сутектің  айналымымен байланысты, технологиялық  үрдістің шарттары бойынша үй-жайдың  бос орнының 5%-ынан аспайтын көлемде  жарылыс қауіпті қоспаның түзілуін  болғызбайтын, үй-жайдың жоғарғы  бөлігінде ғана жарылыс қауіпті  аумағы бар өндірістік үй-жай. Жарылыс қауіпті аймақ еденнің  деңгейінен санағанда, бірақ крандық  жолдан биік емес, (су электролизінің  үй-жайлары, оталдырғыш және тартымды  аккумулятор батареялардың зарядтау  станциялары) егер ондай болса, үй-жайдың  жалпы биіктігінің 0,75 белгісімен  шартты түрде алынады.

Осы Қағидалардың 131-тармағының 2) тармақшасы сутекті салқындатуымен турбогенераторлары бар электр машиналық үй-жайларға табиғи қоздырумен сыртқа тарта желдетуді қамтамасыз еткен жағдайда қолданымайды, бұл электр машиналардың үй-жайлары қалыпты ортаға ие.

В-1б класына, сондай-ақ жанғыш газдар мен ТЖС үй-жайдың бос аймағының 5%-нан аспайтын көлемде жарылыс қауіпті қоспаны дайындау үшін жеткіліксіз, аз мөлшерге ие жанғыш газдарымен және ТЖС-мен жұмыстар ашық алау қолданылмай жүргізілетін зертхана аймағы мен басқа да үй-жайлар жатқызылады. Жұмысы жүргізілетін бұл аймақтар, егер жанғыш газдары мен ТЖС жұмыстары сорып шығаратын шкафтар мен сыртқа тартатын шатырлар астында жүргізілсе, жарылыс қауіптілерге жатпайды;

133) В-1г класының аймақтары–  сыртқы қондырғылар кеңістігі: ТЖС  немесе жанғыш газдары бар  технологиялық қондырғылар, (осы  Қағидалардың 1399-тармағына сәйкес  жүргізілетін электр жабдықты  таңдау, сыртқы компрессорлы қондырғыларды  қоспағанда), ТЖС немесе жанғыш  газдары бар жерасты және жерүсті  резервуарлары (газгольдерлер), ТЖС  құйып және ағызып алатын эстакадалары, қалқып жүрген мұнай қабыршақтарын  тұндырғыш бөгеттер, ашық мұнай  тұтқыштары торлары және т.б.

В-І г класының аймағына, сондай-ақ В-1, В-Іа және В-ІІ кластарының жарылыс қауіпті аймақтары бар үй-жайларының сыртқы қоршау құрылысы артының ойықтарындағы кеңістік (шыны блоктарымен толтырылған терезелердің ойығы кірмейді) кез келген класстың жарылыс қауіпті аймақтарындағы үй-жайлардың сыртқа тарта желдету жүйесінен ауаны шығару үшін құрылғы орнатылған болса, олар сыртқы жарылыс қаупінің шегінде болса, сыртқы қоршайтын құрылымның кеңістігі; жанар газдар мен ТЖС бар технологиялық аппараттардың және сыйымдылықтың тыныс және сақтандырғыш қақпақшаларының кеңістігі жатады;

134) В-ІІ класының аймақтары–  жұмыстың қалыпты режимі кезінде  ауамен жарылыс қауіпті қоспаларды  пайда болуға қабілетті, осындай  қасиеттермен және осындай мөлшерде  өлшенген жанғыш күйіне өтетін  тозаң бен талшық бөлінетін  үй-жайларда орналасқан аймақтар.

В-ІІа классының аймақтары – қалыпты пайдалану кезінде осы тармақта көрсетілген қауіпті жағдайлар болмайтын үй-жайларда орналасқан аймақтар олар тек қана ақаулар немесе авария нәтижесінде болуы мүмкін.

3. Электр қондырғыларында  қолданылатын электр жабдығы  мен материалдар белгіленген  тәртіпте бекітілген, техникалық  шарттар мен мемлекеттік стандарттардың  талаптарына сайкес болуы тиіс.

4. Қолданылатын машиналардың, аппараттардың, құралдардың және  басқа да электр жабдықтардың, сондай-ақ кәбілдердің және сымдардың  құрылымы, орындалуы, оларды орнатудың тәсілі және оқшаулау классы желілердің  немесе электр қондырғысының параметрлеріне, қоршаған ортаның жағдайына және осы Қағидалардың тиісті тарауларының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

5. Электр қондырғыларында  қолданылатын электр жабдығы, кәбілдер  мен сымдар өздерінің қалыптасқан, кепілдендірілген және есептелген  сипаттамаларымен осы қондырғы  жұмысының шарттарына сәйкес  болуы тиіс.

Пайдалануда қосымша торлардың, қорғаушы, технологиялық үрдістің автоматтандырылуы мен басқару аппаратурасы мен қондырғыларының қалыпты жұмыстың шарттары (жұмыс параметрлерінің номиналды ауытқуы, рұқсат етілетін температурасы, діріл, кедергілер деңгейі және басқалар) қамтамасыз етіледі.

6. Электр қондырғылары  және олармен байланысты құрылымдар  қоршаған ортаның әсер етуіне  берік болуы немесе осы ықпалдан  қорғалуы қажет.

7. Электр қондырғыларының  құрылыс және санитариялық-техникалық  бөлігі (ғимараттың құрылымы және  оның элементтері, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және басқалар) осы Қағидаларда келтірілген  қосымша талаптарды міндетті  түрде орындау кезінде қолданыстағы  құрылыс нормаларына және қағидаларына (бұдан әрі – ҚНжҚ) сәйкес орындалуы  қажет.

8. Электр қондырғылары  дірілдің, электр өрістерінің, шудың  әсер етуі немесе қоршаған  ортаның зиянды ластануы туралы  қолданыстағы директивалы құжаттардың  талаптарын қанағаттандыру қажет.

9. Электр қондырғыларында  қалдықтарды: химиялық заттар, майлар, қоқыстар, техникалық суларды және  т.б. жинау және жою қарастырылуы  қажет. Қоршаған ортаны қорғау  жөніндегі қолданыстағы талаптарға  сәйкес аталмыш қалдықтардың  су қоймасына, нөсер суды ағызу  жүйесіне, сайларға, сондай-ақ осы қалдықтарға арналмаған аймақтарға түсу мүмкіндігі болмауы тиіс.

10. Электр қондырғыларының  схемасын, құрылымын және құрылысының  кестесін таңдау мен жобалау  техникалық-экономикалық салыстырулар, сенімді және қарапайым схемаларды қолдану, түрлі-түсті және басқа тапшы материалдарды, құрал-жабдықтардың және т.б. аз жұмсау, пайдалану тәжірибесін есепке ала отырып жаңа техниканы енгізу негізінде жүргізіледі.

11. Электр коррозиясының  немесе топырақтық коррозияның  қаупі туындаған кезінде құрылыстарды, құрал-жабдықты, құбырларды және  басқа да жер асты коммуникациясын  қорғау бойынша тиісті шаралар  алдын ала қарастырылады.

12. Электр қондырғыларында  олардың жеке элементтеріне жататын  бөліктерді (түсін, таңбасын, жазуларын, электр жабдығының тиісті орналасуын, схемалардың көрнекілігін және  қарапайымдылығын) оңай тану мүмкіндігі  қамтамасыз етілуі тиіс.

13. Әр электр қондырғысында  атаулары бір шиналардың түстік  және әріптік-цифрлық белгілері  бірдей болуы қажет.

Шиналар былайша белгіленеді:

1)       ауыспалы үш фазалы ток кезінде: А фазалы шиналар – сары түспен, В фазалы – жасыл, С фазалы – қызыл, нөлдік жұмыс – көгілдір, нөлдік қорғаушы ретінде қолданылатын осы шина – сары және жасыл түсті жолақпен;

2)       ауыспалы бір фазалы ток кезінде: ток көзі ораманың басына қосылған А шинасы – сары түспен, ораманың соңына қосылған В – қызыл түспен.

Егер бір фазалы шиналар үш фазалы жүйенің тармағы болған жағдайда тиісті үш фазалы ток шиналары ретінде белгіленеді;

3)       тұрақты ток кезінде: оң шина (+) – қызыл түспен, теріс (-) – көк және нөлдік жұмыс М – көгілдір түспен;

4)       резервті – резервтелетін негізгі шина ретінде егер резервті шина негізгі шиналардың кез келгенін ауыстыра алатын болса, онда ол негізі шиналардың түстерінің көлденең жолақтарымен белгіленеді. 

Түстік белгі, егер ол сондай-ақ қарқынды салқындау үшін немесе тотығуға қарсы қорғау үшін көзделген болса, шиналардың жалпы ұзындығы бойынша орындалуы қажет.

Түстік белгілеу неғұрлым қарқынды салқындату немесе тоттануға қарсы қорғаныс үшін көзделген жағдайда шинаның ұзына бойы ұзындығы бойынша орындалуы тиіс.

Егерде түстік немесе тек әріптік-түстік белгілеу немесе шинаның қосылған орындарында түстік белгінің әріптік-сандықпен үйлесуі болған кезде түстік белгілеуді шинаның ұзына бойы ұзындығында орындауға жол беріледі; егерде оқшауланбаған шиналар кернеуде болған кезеңде қарау үшін қолжетімсіз болған кезде, онда оларды белгілемеуге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда электр қондырғыға қызмет көрсеткен кезде қауіпсіздік және көріктілік деңгейі төмендемеуі тиіс.

14. Тарату қондырғыларында  шиналарды (зауытта жасалған КТҚ  басқа) орналастыру кезінде мынадай  талаптарды сақтау қажет:

1) ауыспалы үш фазалы  ток кезінде жабық тарату қондырғыларындағы  шиналарды былайша орналастыру  қажет:

құрама және айналыс шиналары, сондай-ақ секциялық шиналардың барлық түрлері тігінен орналасқан  кезде А-В-С – жоғарыдан төмен;   көлденең орналасқан кезде, еңкейіңкі немесе үшбұрыш тәріздес, біршама алыстағы А, ортадағы В, қызмет көрсету дәлізіне жақын С;

құрама шиналардан тармақталған – егер шиналарға қызмет көрсету дәлізінен (орталықтан үш дәліз болған жағдайда) қарайтын болсақ, сол жақтан оң жаққа қарай А-В-С;

ауыспалы үш фазалы токтың төрт және бес сымды торында кернеу тоғы 1кВ электр қондырғыларда:

тігінен орналасқан жағдайда – үстінен төмен қарай А-В-С-N - RE (REN);

көлденең немесе еңкейіңкі түрде орналасқан кезде – біршама алыс тұрған шина – А, қызмет көрсету дәлізіне жақын - RE (REN) орналасу реттілігі – А-В-С-N- RE (REN);

құрама шиналардан тармақталған – егер шиналарға қызмет көрсету дәлізінен (орталықтан үш дәліз болған жағдайда) қарайтын болсақ, сол жақтан оң жаққа қарай RE (REN) шиналарынан бастап;

2) ашық тарату құрылғыларында  ауыспалы үш фазалы ток кезінде  шиналар былайша орналасуы қажет:

құрама және айналыс шиналары, сондай-ақ секциялық шиналардың, тұйықталған мойнақтардың және шеңбер, біржарымдық және т.б. схемалардағы мойнақтардың барлық түрлерінде жоғары кернеудегі басты трансформатордың жағынан А шинасы болуы қажет;

ашық тарату құрылғыларындағы құрама шиналардан тармақталған шиналардың жағынан трансформаторға қарағанда шиналардың жалғасуы сол жақтан оң жаққа қарай А-В-С қосылуы қажет.

Ұялардағы тармақталған шиналардың орналасуы олардан тәуелсіз орналасуы құрама шиналарға қатысты бірдей болуы қажет;

3) тұрақты ток кезінде  шиналар мынадай тәртіппен орналасуы  қажет:

құрама шиналар тігінен орналасқан кезде: жоғары М, ортаңғы (-) және төменгі (+);

құрама шиналар көлденең орналасқан кезде: шиналарға қызмет көрсету дәлізінен қарағанда неғұрлым алыс орналасқан М, ортадағы (-) және жақын (+);

құрама шиналар тармақталған: шиналарға қызмет көрсету дәлізінен қарағанда сол жақ шина М, ортадағы (-) және оң жақ (+).

Осы Қағидалардың 13 тармағының 1) - 3) тармақшасында келтірілген кейбір жағдайларда талаптардан ауытқуға жол беріледі, егер олардың орындалуы елеулі күрделі электр қондырғыларға байланысты (әуелік желілер (бұдан әрі – ӘЖ) сымдарын транспозициялау үшін қосалқы станцияның жанына арнайы тіреулердің орнатылуын қажет етеді) немесе егер қосалқы станцияда трансформацияның екі немесе одан да көп сатысы қолданылса.

15. Қондырғысы 1кВ дейінгі  электр үй-жайларда егер жергілікті  жағдайлар бойынша осындай қорғану, қандай да бір басқа мақсатқа  қажет болса, жанасудан қорғаушы  оқшауланған және оқшауланбаған  ток жүргізу бөліктерін қолдануға  жол беріледі. Бұл ретте қолжетімді  бөліктер әдеттегі қызмет көрсетуде  олармен жанасу қаупімен қатар  келмейтіндей орналасуы тиіс.

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары