Электр қондырғыларын орнату қағидалары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат
Описание работы
1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Файлы: 1 файл
реверсив.docx
— 273.28 Кб (Скачать файл)57) жанасу кернеуі –
адамның бір мезгілде жанасуы
кезінде өткізгіш бөліктердің
арасында немесе екі электр
өткізгіштердің арасындағы кернеу;
58) қадам кернеуі – адам қадамының ұзындығына тең деп қабылданатын бір-бірінен 1 м қашықтықтағы жер үстіндегі екі нүктенің арасындағы кернеу;
59) тікелей жанасудан қорғау – кернеу астындағы токөтер бөліктерге жанасуды болдырмас үшін қорғау;
60) жанама жанасу кезіндегі
қорғау – оқшаулаудың бүлінген
кезінде кернеу астында қалған
ашық өткізгіш бөліктерге жанасқан
кезде электр тоғының зақымдануынан
қорғау;
61) жерге тұйықтағыш қондырғының кедергісі – жерге тұйықтағыштен жерге енген токқа жерге тұйықтағыш қондырғыдағы кернеудің қарым-қатынасы;
62) бірыңғай емес құрылыммен
жердің эквивалентті меншікті
кедергісі – біртекті құрылымды
жердің меншікті кедергісі жердің
бірыңғай құрылымындағыдай мәнге
ие.
Осы Қағидаларда қолданылатын «меншікті кедергі» термині бірыңғай құрылымды жер үшін «эквивалентті меншікті кедергісі» ретінде түсінген жөн;
63) қорғаушы автоматты
ажырату – бір немесе бірнеше
фазалы өткізгіштердің тізбегінің,
қажет болса электр қауіпсіздігі
мақсатында нөлдік жұмыстық өткізгіштің
автоматты ажырауы.
Қағидаларда пайдаланылатын қолданылатын «қоректі автоматты ажырату» терминін «қоректі қорғаныштық автоматты ажырату» ретінде түсінген жөн;
64) әлеуетті теңдестіру
– әлеуеттің теңдігіне қол
жеткізу үшін өткізгіш бөліктердің
электрлік жалғанымы;
65) әлеуетті қорғау теңдестіру
– электр қауіпсіздігі мақсатында
орындалатын әлеуетті теңдестіру.
Осы Қағидаларда қолданылатын «әлеуетті теңдестіру» терминін «әлеуетті қорғау теңдестіру» ретінде түсінген жөн;
66) әлеуетті теңестіру
– жер немесе еден бетіндегі
әлеуеттің әркелкілігін (кернеу
қадамын) жерде, едендегі немесе
оның бетінде салынған және
жерге қосылатын қондырғыға жалғанған
қорғаушы өткізгіштер көмегімен
немесе жердің арнайы жабынын
қолдану жолымен төмендету;
67) негізгі оқшаулама –
өзінің негізгі мақсатынан тыс,
тікелей жанасудан қорғау қамтамасыз
ететін ток жүретін бөліктерді
оқшаулау;
68) қосымша оқшаулама –
жанама жанасу кезінде қорғау
үшін негізгі оқшаулауға қосымша
орындалатын 1 кВ дейінгі кернеудегі
электр қондырғыларындағы тәуелсіз
оқшаулау;
69) қосарлы оқшаулама –
негізгі және қосымша оқшауламаның
жиынтығы;