Электр қондырғыларын орнату қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат

Описание работы

1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.

Файлы: 1 файл

реверсив.docx

— 273.28 Кб (Скачать файл)

2) Оқшаулағыштың кедергiсiн  өлшеу. Оқшаулағыштың кедергiсi осы  Қағидаларға 5-қосымшаның 53-кестесінде  келтiрiлген мәндерден кем болмауы  керек.

3) Фазалар бойынша токтың  ағып кетуін өлшеумен жоғары  түзетілген  кернеулi статор орамдарының оқшаулануын сынау. Сынауға әрбiр фаза немесе тармақ корпусқа қосылған басқа фазалар немесе тармақтарда жеке ұшырайды.

 

 Статор орамасы сумен салқындатылатын генераторларда оны сынау мүмкіндігі генератор конструкциясында көзделген болса жүргізіледі.

Сынау кернеуiнiң мәндерi осы Қағидаларға 5-қосымшаның 54-кестесінде келтiрiлген.

ТГВ 300 үлгісіндегі турбогенераторлары үшiн сынау тармақтар бойынша жүргізіледі.

ТГВ-200 және ТГВ-300 үлгісіндегі турбогенераторлары үшiн сынақтық түзетілген кернеуi осы генераторларды пайдалану нұсқаулығына сәйкес қабылданады.

Олардың кернеуден тәуелділік қисықтарын құру үшін ағып кету токтарын өлшеу түзетілген кернеудің кемінде бес мәнінде жүргізіледі - 0, 2 Umax тең сатылармен Umax дейін. Әрбiр сатыда кернеу 1 мин бойы ұсталады. Бұл ретте,  ағып кету токтары 15 және 60 сек кейін тіркеледі.

4) Оқшаулауды өнеркәсiптiк  жиiлiктiң жоғары кернеумен сынау. Сынау осы Қағидаларға 5-қосымшаның 55-кестесінде келтiрiлген нормалар  бойынша жүргiзiледi.

Корпуспен қосылған басқа фазалар немесе тармақтарда жеке сынауға әрбір фаза немесе тармақ ұшырайды.

Нормаланған сынау кернеуiн қолдану ұзақтығы 1 мин.

Оқшаулауды өнеркәсiптiк жиiлiктiң жоғары кернеумен сынау кезінде мыналарды басшылыққа алу керек:

генератор статоры орамдарының оқшаулағышының сынауы роторды статорға енгiзуiне дейiн жүргізіледі. Егер гидрогенератор статорының ұштастыруы және құрастыруы монтаждау алаңдарында iске асырылса және кейiннен, статор жиюлы түрдегi шахтаға орнатылса, онда оның оқшаулануы: монтаждау алаңында құрастырудан кейiн және роторды статорға енгiзуiне дейiн шахтаға статорды қойғаннан кейiн екi рет сыналады.

Сынау процесінде машинаның қарсы бөліктерінің күйіне бақылау жүзеге асырылады: турбогенераторларда – алынған бүйірлік қалқаншаларда, гидрогенераторларда - ашық желдету люктерiнде;

сумен салқындатылатын машиналар үшiн статор орамы оқшаулағышының сынауы кемiнде 75 кОм/см меншiктi кедергiсi бар және номиналды шығында салқындату жүйесiнде тазартылған су айналымы кезінде жүргізіледі;

статор орамын жоғары кернеумен сынағаннан кейiн 1 мин бойы 10 кВ және жоғары генераторларда сынау кернеуi генератордың номиналды кернеуiне дейiн азайтылады және статор орамдарының қарсы бөліктерінің тәждануын бақылау үшiн 5 мин бойы ұсталады. Бұл ретте, жеке нүктелерде шоғырланған сары немесе қызыл түстi жарық шығуы, түтіннің пайда болуы,  құрсаулар бықсуы және соған ұқсас құбылыстардың болуына жол берілмейді, көгiлдiр және ақ жарықтың шығуына жол беріледі;

турбогенератор роторы орамының оқшаулағышын сынау ротордың номиналды айналу жиiлiгi кезінде жүргізіледі.

5) Тұрақты токқа кедергiнi өлшеу. Тұрақты токқа кедергiнiң  мүмкiн ауытқуларының нормалары  осы Қағидаларға 5-қосымшаның 56-кестесiнде  келтiрiлген.

6) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң  айнымалы тогына ротор орамы  кедергiсiн өлшеу. Қуаты 1 МВт-тан  астам генераторлары үшiн жүргізіледі. Өлшем 220 В айналу жиiлiктерiнiң  үш - төрт баспалдақтарындағы, номиналды, сонымен бiрге жылжымайтын күйде  қоса аспайтын кернеуде жүргізіледі. Өлшем анық полюстi машиналардың  жылжымайтын күйдегi қиықтарының  оқшауланбаған қосылыстары үшiн полюстің әрбiр мәніне жеке немесе жұп бойынша жүргізіледі. Өлшенген мәндердiң өндіруші зауыт немесе полюстердің орташа кедергiсiнен өлшеу дәлдiгi шектерiнде болуы керек.

7) Генератордың статоры  мен роторының арасындағы әуе  саңылауын өлшеу. Егер жеке үлгідегі  генераторлардың нұсқаулықтарында  неғұрлым қатаң нормалар көзделмесе, онда диаметралдық қарама-қарсы  нүктелердегі саңылаулар  бiр-бiрiнен кемінде мынадай айырмашылықта бола алады:

орташа мәннен 5 % (олардың  жартылай сомасына тең)  - өткiзгiштері тiкелей салқыедатылатын 150 МВт және жоғары турбогенераторлар үшiн;

10 %-ға - басқа турбогенераторлар үшiн;

20 %-ға - гидрогенераторлар үшiн.

Анық полюстi машиналарда саңылауды өлшеу барлық полюстардың астында жасалады.

 

 8) Қоздыру жүйесін тексеру  және сынау. Электр машина қоздырушыларын  тексеру және сынау осы Қағидаларға 5-қосымшаның            56-кестесіне сәйкес жүргізіледі. Жартылай өткiзгiш жоғары жиiлiктi қоздырушыларды тексеру және сынау өндіруші зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

9) Генератор сипаттамаларын  анықтау:

үшфазалық ҚТ. Сипаттама токтың номиналдыға дейiн өзгерiсiнде алынады. Зауыт сипаттамасынан ауытқулар өлшеу дәлдiгi шектерiндегi болуы керек.

Өлшеу дәлдiгiнен асатын өлшенген сипаттаманың төмендеуi ротордың орамында орамды тұйықталулардың бар болуын  куәландырады.

Трансформаторы бар блокта жұмыс iстейтiн генераторларда (трансформаторға закоротка қоюмен) барлық блоктiң ҚТ сипаттамасы алынады. Егер өндіруші зауыттар стендінде тиiстi сынаулардың хаттамалары болса, трансформаторы бар блокта жұмыс iстейтiн генератор сипаттамасын айқындамауға рұқсат етіледі.

Егер зауытта алынған сипаттама болмаса, үш фазалық ҚТ сипаттамаларын алу iлеспе компенсаторларда екпінді қозғалтқышсыз сол жағдайында жүргізіледі:

Бос жүрiс. Бос жүрiстегi номиналды жиiлiктiң кернеуiн көтеру турбогенераторлар және iлеспе компенсаторлардың 130 % номиналды кернеуi, гидрогенераторлардың 150 % номиналды кернеуiне дейiн жүргізіледі. Статордың орамында кернеу генератордың айналу жиiлiгiне төмендетiлген күйiндегі қоздыруды номиналды токқа дейiн турбо және гидрогенератордың бос жүрiсiнiң сипаттамасын не шарт кезiнде 1,3 номиналды асып түспеуге шығуда алуға рұқсат етiледi. Iлеспе компенсаторларда сипаттаманы шығуда алуға рұқсат етiледi. Трансформаторлары бар блок жұмыс iстейтiн генераторларда блоктiң бос жүрiсiнiң сипаттамасы алынады (трансформатормен шектеледi), 1,15 номиналды кернеуге дейiн бұл генераторда қыздырмайды. Егер тиiстi сынаулар хаттамалары зауытта болса - өндіруші болса блоктiң трансформатор ажыратылған генератор шындығында бос жүрiстiң сипаттамасын шешпеуге рұқсат етiледi. Бос жүрiстiң сипаттамасының ауытқуын зауыт мөлшерлемейдi, бiрақ ПҚА болуы тиіс.

10) Орам аралығындағы оқшаулауды  сынау. Сынау мәнге дейiн бос  жүрiсiнде генератордың номиналды  жиiлiгiнiң кернеуiн көтерумен жүргізіледі, тиiстi гидрогенераторлардың статордың  тиiстi 150 % номиналды кернеуi, 130 % - турбогенераторлар  және iлеспе компенсаторлар. Осы  тармақтың                         9-тармақшасына сәйкес трансформаторы бар блокта жұмыс iстейтiн генераторлар үшiн фазалар бойынша кернеулердiң симметриясы тексеріледі. Кернеу ең үлкен күйiнде сынаудың ұзақтығы - 5 мин. Оқшаулауды орам арасындағы сынау бос жүрiстiң сипаттамасын алумен бiр уақытта өндiрiп алады.

11) Дiрiлдi өлшеу. Үш бағытта  өлшенген синхронды генераторлар  мен компенсаторлардың және олардың  қоздырушылары мойынтіректерінің (тiк  орындалған гидрогенераторларда  кiрiстiрiлген бағдарлаушы мойынтіректермен  оларда айқастырманың дiрiлін  өлшеу жүргізіледі) дiрiлi (екi есе  еселенген тербелiстер амплитудасы) осы Қағидаларға 5-қосымшаның 57-кестесінде  келтiрiлген мәндерден аспауы  тиіс.

12) Салқындату жүйесiн  тексеру және сынау. Өндіруші  зауыттың  нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.

13) Маймен жабдықтау жүйесін  тексеру және сынау. Өндіруші  зауыттың нұсқаулығына  сәйкес жүргізіледі. 

14) Генератор (компенсатор) жұмысы  кезінде  мойынтірек оқшаулауын тексеру жүргізіледі. Бiлiк ұштарының арасындағы, сонымен бiрге негiз тақтамен және шеттетiлген мойынтірек корпусының арасындағы кернеуді өлшем жолымен жүргізіледі. Бұл ретте негiз тақтамен және мойынтіректің аралығындағы кернеу бiлiк ұштарының арасындағы кернеуден аспауы тиіс. Кернеулердiң арасындағы 10 %-дан астам айырмашылық оқшаулаудағы ақаулықты көрсетеді.

15) Жүктемедегі генераторды (компенсаторды) сынау. Жүктеме қабылдау-тапсыру  сынақтары кезеңінде практикалық  мүмкiндiктермен анықталады. Аталған  жүктемеде статордың қызуы төлқұжат  деректеріне сәйкес келуi тиіс.

16) Ротор тізбегінде АГК  ажыратылған кезде генератордың  қалдық кернеуiн өлшеу. Қалдық  кернеудiң мәнi нормаланбайды.

17) Индукциялы кедергiлер  және генератордың уақыт тұрақтыларын  анықтау. Индукциялы кедергiлер мен  уақыт тұрақтыларының мәндерi нормаланбайды.

 

 

3. Тұрақты ток  машиналары

 

 

279. Қуаты 200 кВ-ге дейінгі, кернеуі 440 В-ге дейінгі тұрақты  ток машиналары Қағидалардың  осы тарауының 1), 2), 4-3), 8) тармақтары  бойынша, қалғандары – қосымша 3), 4-1), 5) тармақтары бойынша саналады.

Синхронды генераторлар мен компенсаторларды қоздырушылар осы параграфтың 1)-6), 8)-тармақшалары бойынша сыналады.

Қағидалардың осы тарауының 7) тармақшасы бойынша бөлшектенген  түрде монтаждау орнына түскен машиналар үшiн жүргізіледі.

1)  Тұрақты ток машиналарын құрғатусыз қосу мүмкіндігін анықтау; 

2) Оқшаулағыш кедергісін  өлшеу. Машинаның корпусы мен  бандаждарына қатысты орамалар  оқшаулануы кедергісін, сондай-ақ  орамалар аарсында өлшеу 1 кВ кернеуге  арналған мегаомметрмен жүргізіледі.

Оқшаулағыштың кедергiсi мыналардан төмен болмауы тиіс:

орамдардың арасындағы және корпусқа қатысы әрбiр орамның 10-30ºС температура кезінде - 0,5 МОм;

зәкiрлер бандаждары (қоздырушылардан басқа) нормаланбайды;

қоздырушы зәкiр бандаждары - 1 МОм.

3) Оқшаулағышты өнеркәсiптiк  жиiлiктiң жоғары кернеуiмен сынау. Сынау 58-кестеде келтірілген нормалар  бойынша жүргізіледі. Нормаланған  сынау кернеуін қолдану уақыты 1 мин:

4) Тұрақты токқа кедергiнi өлшеу:

қоздыру орамдары. Кедергi мәнiнің өндіруші зауыт деректерінен айырмашылығы  2 %-дан көп болмауы тиіс.

зәкiр орамдары (коллектор пластиналарының арасындағы). Кедергiлерi мәндерiнің біреуі екіншісінен, бұл шамалардың заңды тербелiстерi орамдардың қосу схемасымен шартталған жағдайларды қоспағанда, 10 %-дан көп болмауы тиіс;

реостаттар және іске қосу реттеу резисторлары. Жалпы кедергi өлшенедi және дәнекер түсiрулердiң тұтастығы тексеріледi. Кедергiлер мәндерiнің айырмашылығы дайындаушы зауыт деректерінен 10 %-дан көп болмауы тиіс.

5) Бос жүрiстiң сипаттамасын  алу және орамды оқшаулауды  сынау. Кернеудi көтеру 130 % номиналды  кернеуге дейiн тұрақты токтың  генераторлары үшiн; қоздырушылар  үшiн - ең үлкен (төбе) немесе өндіруші  зауыт қойған кернеуге дейiн  жүргізіледі. Көршi коллектор пластиналарының  арасындағы полюстар саны төрттен  астам машиналардың орамды оқшаулаулары  сынау кезінде орташа кернеу  24 В-тан аспауы тиіс. Орамды оқшаулағышты сынау ұзақтығы 5 мин.

Алынған сипаттама мәндерінің зауыттық сипаттама мәндерінен ауытқуы өлшеу дәлдігі шегінде болуы тиіс.

6) Жүктеме сипаттамасын  алу. Генераторды қоздыру номиналды  тогынан дан төмен емес мәнiне  дейiн жүктеме қоздырушылары үшiн  жүргізіледі. Зауыт сипаттамасынан  ауытқу нормаланбайды.

7) Полюстар арасындағы  әуе саңылауларын өлшеу. Қарама-қарсы  нүктелердегi саңылау өлшемдерi бірі-бірінен  саңылаудың орташа мөлшерінен 10 %-дан көп емес аспауы тиіс. 300 МВт турбогенераторлар қоздырушылары  үшiн бұл айырмашылық 5 %-дан және  одан жоғары көп болмауы тиіс.

8) Бос жүрiсте және жүктемеде  сынау. Зауыт және жобалау деректеріне  сәйкес келуi тиіс айналу жиiлiгiн немесе кернеуді реттеу шегі айқындалады.

Жүктемемен жұмыс iстегенде осы Қағидаларға 5-қосымшаның                59-кестесінде келтiрiлген шәкiл бойынша бағаланатын ұшқындау дәрежесі тексеріледi.

Егер ұшқындау дәрежесін өндіруші зауыт арнайы ескертпесе, онда ол номиналды режимде 1,5-нан артық болмауы тиіс.

 

 

4. Айнымалы ток  электр қозғалтқыштары

 

 

280.      1 кВ-ге дейiн айнымалы токтың электр қозғалтқыштары осы Қағидалардың 279-тармағының, 2), 4-2), 10), 11) тармақшалары бойынша сыналады.

1 кВ-ден жоғары айнымалы  тогың электр қозғағыштары осы  Қағидалардың 279-тармағының 1)-4), 7), 9)-11) тармақшалары бойынша сыналады.   

Осы тармақтын 5), 6), 8) тармақшалары бойынша бөлшектенген кезде монтаждауға түсетін электр қозғалтқыштары сыналады.

1) 1 кВ-ден жоғары кернеудегі  электр қозғатқыштарын құрғатусыз  қосу мүмкiндiгiн айқындау.

2) Оқшаулау кедергiсiн  өлшеу. 1 кВ-ден жоғары кернеудегі  электр қозғалтқыштарды оқшаулау  кедергiсiнiң мүмкiн мәндерi осы  Қағидалардың   279-тармағында көрcетiлген нұсқаулық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Оқшаулауның кедергiсi қалған жағдайларда осы Қағидаларға 5-қосымшаның 60-кестесінде келтiрiлген нормаларға сәйкес келуi тиіс.

3) Өнеркәсiптiк жиiлiктiң  үлкен кернеуiмен сынау. Толық  жиюлы электр қозғалтқышта жүргізіледі.

 

 Статор орамын сынау корпусқа қажетті әрбiр фаза үшiн жеке корпуспен жалғанған екi басқа жүргізіледі. Әрбір фазаның шығыстары жоқ қозғалтқыштар үшін корпусқа қатысты барлық орамды сынауды жүргізуге жол беріледі.

Сынау кернеулерiнің мәндері осы Қағидаларға 5-қосымшаның 60-кестесiнде келтiрiлген. Нормаланған сынау кернеуiн қолдану ұзақтығы 1 мин.

4) Тұрақты токқа кедергiнiң  өлшемi:

статор және ротор орамдары. Электр қозғалтқыштарының қуаты 300 кВ және одан жоғары болған кезде жүргізіледі.

Әр түрлi фазалар орамдарының өлшенген кедергiлерiнің айырмашылығы зауыт деректерінен  2 %-дан көп емес болуы тиіс.

реостаттар және іске қосу реттеу резисторлары. Жалпы кедергi өлшенедi және дәнекер түсiрулердiң тұтастығы тексеріледi. Кедергi мәнiнің айырмасы төлқұжат деректерінен 10 %-дан көп болмауы тиіс.

5) Ротор және статор  болатының арасындағы саңылауды  өлшеу. Ротор осіне қатысты 90º-қа  жылжытылған қарама-қарсы нүктелердегi әуе саңылауларынын өлшемдердің  айырмашылығы ротордың осiне 10 %-дан  көп емес болуы тиіс.

6) Сырғанау мойынтiректерiндегi саңылауларын өлшеу. Саңылауларды  өлшеу осы Қағидаларға 5-қосымшаның 62-кестесiнде келтiрiлген.

7) Электр қозғалтқышы  мойынтіректерінің дiрiлiн өлшеу. Әрбiр мойынтіректе өлшенген дiрiл  мәндері төменде келтiрiлген мәндерден  аспауы тиіс:

Электр қозғалтқышының синхронды айналу жиiлiгi, Гц

50

25

16,7

12,5 және одан төмен

Жол берілетін дiрiл, мкм

50

100

130

160

Информация о работе Электр қондырғыларын орнату қағидалары