Электр қондырғыларын орнату қағидалары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат
Описание работы
1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Файлы: 1 файл
реверсив.docx
— 273.28 Кб (Скачать файл)жерге тұйықтау құрылғылары
202. Жердің меншікті кедергісі
жоғары болып келетін аудандарда
тиімді жерге тұйықтау бейтарабы
бар кернеуі 1 кВ жоғары электр
қондырғыларының жерге тұйықтау
құрылғылары жанасу кернеуіне
қойылатын талаптар сақтала отырып
орындалады.
Тасты құрылымдарда осы Қағидалардың 188-190-тармақтарында кқрсетілгендерден кем, бірақ 0,15 м кем емес тереңдікте көлденең жерге тұйықтағыштың төселуіне жол беріледі. Сонымен қатар осы Қағидалардың 185-тармағында талап етілген, кіретін жерлердегі тік жерге тұйықтағыштардың орындалмауына жол беріледі.
203. Жердің меншікті кедергісі
жоғары болып келетін аудандарда
жасанды жерге тұйықтағыштарды
орнату кезінде мынадай іс-шаралар
орындалады:
1) егер де жердің меншікті
кедергісі тереңдеген кезде төмендейтін,
ал табиғи тереңдетілген жерге
тұйықтағыш болмаған кезде, ұзындығы
ұлғайтылған тік жерге тұйықтағыш
құрылғылар;
2) егер де электр қондырғысының жанында (2 км-ге дейін) жердің меншікті кедергісі аз орындар болатын болса, шығаратын жерге тұйықтағыш құрылғылар;
3) көлденең жерге тұйықтағыш
маңындағы орға тасты құрылымдардың
сулы балшықты топырағының бетін
тегістеп, ордың бетіне дейін
қиыршық тасты төсеу;
4) егер де басқа әдістер қолданылмайтын немесе тиісті әсер етпейтін болса, оның меншікті кедергісін азайту мақсатында топырақтың жасанды өңделуін пайдалану.
204. Меншікті кедергісі 500 Ом.м жоғары жер үшін ажыратылған бейтарабы бар желілердегі 1 кВ-ден жоғары, сондай-ақ 1 кВ-ге дейін кернеудің электр қондырғыларында осы Қағидалардың 201-202-тармақтарында көзделген іс-шаралары бар, экономикалық тұрғыдан қолайлы емес жерге тұйықтағыштарды алуға жол берілмейді, осы тарауды талап етілетін жерге тұйықтау құрылғылары кедергілерінің мағынасын 0,002с есе арттыруға жол беріледі, мұндағы с – жердің баламалы меншікті кедергісі, Ом.м. Бұл ретте осы тарауда талап етілетін жерге тұйықтағыш құрылғысының кедергісін ұлғайту он еседен аспауы тиіс.
9. Жерге тұйықтағыштар
205. Табиғи жерге тұйықтағыштар ретiнде мыналар қолданыла алады:
1) ғимараттардың металдық және темiрбетон конструкциялары және топырақпен жақын болатын, нашар агрессивтi және орташа агрессивтi орталарда болатын, судан қорғайтын жамылғылары, соның iшiнде темiрбетон iргелері;
2) су құбырының жер салған металдық құбырлары;
3) бұрғы ұңғымаларының шеген құбырлары;
4) гидротехникалық ғимараттарды металдық шпунттардың, затворлардың бiр бөлiгiнiң суағарлары, кепiлдеме қағаздары және т.с.с;
5) рельстер арасындағы қасақана қойылған ұстатқыштар магистральдық электрленбеген темiр жолдардың рельс жолдары және кiрiс жол рельс жолдары болған жағдайда;
6) жер болатын басқа, металл құралым және ғимарат;
7) жер салған сауыт қапталған кәбілдердiң металдық қабықтары; кәбілдердiң қабықтары табиғи жерлендiргiштер мен кәбілдер санында екiден кем емес қызмет көрсете алады.
Жерге тұйықтағыштар ретінде кәбілдердiң алюминий қабықтарын қолдануға рұқсат етiлмейдi.
206. Жерге тұйықтағыштар ретінде орталық жылу және кәріз құбырларын, жанғыш сұйықтық, жанғыш немесе жарылыс қауіпі бар газдар мен қоспалардың құбырларын қолдануға рұқсат етілмейді.Көрсетілген шектеулер осы Қағидалардың 178-тармағына сәйкес әлеуеттерді теңестеру мақсатында осындай құбырларды жерге тұйықтау құрылғысына қосу қажеттілігін жоққа шығармайды.
Алдын ала кернеулi арматурасы бар ғимараттар мен темірбетонды құрылыстары жерге тұйықтағыштар ретiнде пайдаланылмайды, бірақ бұл шектеу ӘЖ тiреулеріне және АТҚ-ның тіреуіш құрылыстарына қолданылмайды.
Токтардың ол бойынша тығыздығының шарты бойынша табиғи жерге тұйықтағыштарды қолдану мүмкiндiгi ағатын, темiрбетон iргелердiң арматуралық сырықтарына ғимараттар мен конструкциялардың темiрбетон iргелерiнiң арматуралық сырықтарының дәнекерлеуi, құрыштан жасалған бағаналардың анкерлiк бұрандамаларын дәнекерлеудiң қажеттiлiгi, сонымен бiрге күштi агрессивтi орталардағы iргелердi қолданудың мүмкiндiгiн есептеумен анықталуы тиіс.
207. Жасанды жерге тұйықтағыштар қара немесе мырышталған болаттан немесе мыстан жасала алады.
Жасанды жерге тұйықтауыштар боялмауы тиіс.
Жерге тұйықтағыштардың материалдары мен ең кiшi өлшемдерi осы Қағидаларға 5-қосымшаның 45-кестесінде келтiрiлген мәндерге сәйкес келуi керек.
208. Кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғылары үшiн көлденең жерге тұйықтағыштардың қимасы рұқсат етілетін 400ºС қыздыру температурасында ыстыққа төзімділігі шарты бойынша (ажыратқыштың қорғаныс әрекетінің уақытына және сөнуіне сәйкес келетін қысқа мерзiмдi қыздыру) болып таңдалады.
Жерге тұйықтау құрылғыларының коррозиясы қатері болған жағдайда жерге тұйықтағыштардың және жерге тұйықтау өткізгіштерінің қимасын олардың қызмет ету мерзімін есепке алумен үлкейту керек немесе гальваникалық жабындысы бар немесе мыс жерге тұйықтағыштар мен жерге тұйықтау өткізгіштерін қолдану керек.
Бұл ретте коррозияға байланысты болуы мүмкiн жерге тұйықтағыш құрылғылар кедергiсінiң ықтималды ұлғаюы есепке алынады.
Көлденең жерге тұйықтағыштарға арналған орлар қиыршықтаспен және шағылтасы мен құрылыс қоқысы жоқ бiркелкi топырақпен толтырылуы керек.
Жер құбырлар жылудың әсерiнен және т.с.с кептірілетін орындарда жерге тұйықтағыштар қолданылмайды.
10. Жерге тұйықтағыш өткізгіштер
209. 1 кВ-ге дейiнгі кернеулі электр
қондырғыларындағы жерге тұйықтағыштардың қималары
қорғайтын өткiзгiштерге осы Қағидалардың 217-тармағыныңталаптарына сәйкес келуі
тиіс.
Жерде өткізілген жерге тұйықтау өткізгіштерінің ең кiшi қималары осы Қағидаларға 5-қосымшаның 45-кестесінде келтiрiлгендерге сәйкес келуі тиiс.
Жерге алюминий оқшауланбаған өткізгіштерді төсеуге жол берілмейді.
210. Кернеуі 1 кВ жоғары
электр қондырғыларда жерге тұйықтағыш
өткізгіштердің қималары тиімді
жерге тұйықталған бейтарабы
бар электр қондырғыларында олар
бойынша бір фазалы ҚТ ең
үлкен тогы немесе оқшауландырылған
бейтарабы бар электр қондырғыларында
екі фазалы ҚТ тогы өткенде,
жерге тұйықтау өткізгіштерінің
температурасы 400ºС аспайтындай (ажыратқыштың
қорғаныс әрекетінің уақытына
және сөнуіне сәйкес келетін
қысқа мерзiмдi қыздыру) таңдалуы тиіс.
Оқшауланған бейтарабы бар кернеуі 1 кВ жоғары электр қондырғыларда қимасы мыс бойынша 25 мм2-ге дейін немесе оған тең басқа материалдардан жасалған жерге тұйықталған өткізгіштердің өткізу қабілеті фазалық өткізгіштердің өткізу қабілетінің 1/3 -нен кем болмауы тиіс. Қималары 25 мм2 асатын мыс, 35 мм2асатын алюминий, 120 мм2 болат өткізгіштерін қолдану талап етілмейді.
211. Жерге тұйықтау құрылғының жайлы орнында кедергiнi өлшеуді орындау үшiн жерге өткiзгiшiн ажырату мүмкiндiгі ескерiлуі тиіс. Кернеуі 1 кВ дейiн электр қондырғылардағы мұндай орын бас жерге тұйықтағыш шина болып табылады. Жерге тұйықтағыштың өткiзгiшiн ажырату тек қана құралдың көмегімен орындалуы мүмкiн.
Кернеуі 1 кВ дейiн электр қондырғыларда жерге тұйықтағышты жұмыстық (істеп тұрған) жерге тұйықтағышын бас тұйықтағыш шинасына қосатын жерге тұйықтау өткiзгiшінің қимасы мыналардан кем болмауы тиіс: мыс - 10 мм2, алюмини - 16 мм2, болат - 75 мм2.
Ғимараттарға тұйықтағыш өткізгіштерді енгізу орындарында айырым белгісі көзделуі тиіс.
11. Басты жерге тұйықтағыш шинасы
212. Басты жерге тұйықтағыш шина электр қондырғы iшiнде немесе одан бөлек орындалады.
Басты жерге тұйықтағыш шина ретiнде енгiзу құрылымы iшiнде нөлдiк қорғайтын шина қолданылады.
Бас жерге тұйықтағыш шинаны жеке орнатқанда, енгiзу құрылғысының жанында қызмет көрсету үшiн қолжетімді, ыңғайлы жерде орналасады.
Бөлек орнатылған басты жерге тұйықтағыш шинаның қимасы қоректендіру желісінің нөлдiк өткiзгiшiнiң қимасынан кем болмауы керек.
Бас жерге тұйықтағыш шина мыстан орындалуы тиiс. Бұл мақсаттарда болатты қолдануға рұқсат етiледi. Алюминийді қолдануға рұқсат етiлмейдi.
Шина конструкциясында оған қосылған өткізгіштердің жеке ажыратылу мүмкiндiгi ескерiлуі керек. Ажыратылуы құралдың көмегімен ғана қарастырылуы керек.
Тек қана білікті персоналдың қолы жетімді жерлерде бас жерге тұйықтағыш шина ашық орнатылады. Бөгде адамдардың қолы жетімді жерлерде ол кілтпен жабылатын есігі бар (жәшiкке) шкафқа орналастырылуы керек.
Есікте немесе қабырғада шинаның үстіңгі жағында тану белгісі салынады.
213. Егер ғимаратта бірнеше өзгешеленген кіреберістері болса, бас жерге тұйықтағыш шина әрбір енгізу құрылым үшін орындалуы тиіс.
Кiрiктiрiлген трансформаторлық қосалқы станциялар болған жағдайда басты жерге тұйықтағыш шина олардың әрқайсыларының жанында орнатылуы керек. Осы жағдайда барлық орнатылған жерге тұйықтағыш шиналар қимасы қиманы ең үлкен алатын қосалқы станциялар кернеуiнiң шегiнетiн аласа қалқандарының арасында сол сызығының нөлдiк өткiзгiшiнiң қимасының жартысы болуы керек болатын әлеуеттерді теңестiруiн өткiзгiшпен тұйықтауы керек. Егер олар үзiлiссiздiкке және электр тiзбегiнiң өткiзу қабiлеттерi 300 талаптарына сәйкес келсе, бiрнеше бас жерге тұйықтағыш шиналардың қосулары үшiн бөтен өткiзушi бөлiктер қолданыла алады.
12. Нөлдік қорғау өткізгіштері