Электр қондырғыларын орнату қағидалары
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 18:08, реферат
Описание работы
1. Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және қолданыстағы электр қондырғыларын жобалау, қайта жаңғырту және пайдалану кезінде қолданылады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) электр қондырғысы – электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, трансформациялауға, беруге, таратуға және оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы құралдардың (олар орнатылған құрылыстар мен үй-жайларымен бірге) жиынтығы.
Файлы: 1 файл
реверсив.docx
— 273.28 Кб (Скачать файл)Қорғану ретінде қоректендіруді автоматты ажырату қолданылатын электр жабдықтарында әлеуеттер теңестірілуі тиіс.
Қоректендіруді автоматты ажырату үшін артық ток немесе дифференциалды тогына жауап беретін қорғану-коммутациялық аппараттары қолданылуы мүмкін.
175. Ашық өткізгіш бөліктер нөлденген кезде қоректендіруді автоматты ажырату уақыты осы Қағидалардың 5-қосымшасы 43-кестесінде көрсетілген шамалардан аспауы тиіс.
Көрсетілген ажырату уақыты шамалары электр қауіпсіздігін, оның ішінде І класты қолды сайман, тасымал және жылжымалы электр қабылдағыштарын қоректендіретін топтық тізбектерде қамтамасыз етуге жеткілікті болып саналады.
Тарату, топтық, қабаттық және өзге қалқаншаларды қоректендіретін тізбектерде ажырату уақыты 5 секундтан аспауы тиіс.
Ажырату уақыты шамалары 43-кестеде көрсетілгеннен асуына жол беріледі, бірақ 5 секундтан аспауы тиіс тарату қалқаншаларынан қоректенетін тек тұрақты электр қабылдағыштары немесе мына шараларды орындаған кездегі қалқандарынан соң рұқсат етіледі:
1) басты жерге тұйықтау
шиналары және болу қалқаны
арасындағы қорғаныс өткізгішінің
толық кедергісінің шамалары
мына белгіленген формуладан
аспайды:
Zп = 42 × Zц / U0,
бұл жерде Zп – қорғаныс өткізгішінің толық кедергісі, Ом; Zц – «фаза -нөл» тізбегінің толық кедергісі, Ом; U0 – тізбектің номиналдық фазалық кернеуі, В; 42 – басты жерге тұйықтағыш шинасы мен болу қалқаны (қалқаншасы) арасындағы қорғаныс өткізгішінің аймағындағы кернеудің азаюы, В;
2) болу қалқаны (қалқаншасы)
жерге тұйықтау шинасына әлеуеттерді
теңестірудің негізгі жүйесі
сияқты бөгде өткізгіш бөліктерін
қамтитын әлеуеттерді теңестірудің
қосымша жүйесі қосылған.
Дифференциалды тогына әсер ететін ҚАҚ қолданылуына рұқсат етіледі.
176. Төрт өткізгіш үш
фазалық тізбектерінде дифференциалды
тогына әсер ететін ҚАҚ қолданылуына
рұқсат етілмейді. Мұндай тізбектерден
қоректенетін жекелеген электр
қабылдағыштарын қорғау үшін
ҚАҚ қолданылуы қажет болса, электр
қабылдағышының қорғау өткізгіші
қорғану-коммутациялық аппаратына
дейін бейтараптамаға қосылуы
тиіс.
177. Оқшауланған бейтараптамасы
бар үш фазалық тораптарында
ашық өткізгіш бөліктеріне екі
еселік тұйықталу кезіндегі қоректендірудің
автоматты ажыратылуы уақыты осы Қағидалардың 5-қосымшасы 44-кестесінде
көрсетілгенге сәйкес келуі тиіс.
178. 1 кВ дейінгі электр
қондырғыларындағы әлеуеттерді
теңестірудің негізгі жүйесі
мына өткізгіш бөліктерін өзара
қосуы тиіс:
1) қоректендіретін желінің
тұйық жерге қосылған бейтараптамасын;
2) электр қабылдағыштары
ашық өткізгіш бөліктерінің жерге
тұйықтаушы өткізгіштерін;
3) ғимаратқа кіруде қайта
жерге тұйықтау жерге тұйықтағышына
қосылған жерге тұйықтағыш өткізгіштерін;
4) ғимаратқа кіретін қатынас-байланыстық
метал құбырлары (ыстық және суық
сумен жабдықтау, жылу, кәріз, газбен
жабдықтау және т.с.с.).
Егер газбен жабдықтау құбырының үйге кірмесінде оқшаулайтын тетігі болса, әлеуеттерді теңестірудің негізгі жүйесіне құбырдың тек ғимарат ішіндегі бөлігі қосылады;
5) ғимарат қаңқасының металл бөліктері;
6) желдету мен шартқа сәйкестендіру, орталықтандырылған жүйелерінің металл бөліктері осы жүйелердің қоректендіру қалқандарының жерге тұйықтау шиналарына қосылады;
7) 2 және 3-санаттағы найзағайдан
қорғау жүйесінің жерге тұйықтау
құрылғысы;
8) қорғану жерге тұйықтауының
жерге тұйықталатын құрылғысына
жұмыстық жерге тұйықтау торабына
қосылуға шектеулер болмаса, функционалды
(жұмыстық) жерге тұйықталатын өткізгіш;
9) телекоммуникациялық кәбілдерінің
металл қабықшалары.
Ғимараттардың сыртынан кіретін өткізгіш бөліктер ғимараттарға кірменің қасынан қосылуы тиіс.
Әлеуеттерді теңестірудің негізгі жүйесімен қосылу үшін барлық көрсетілген бөліктер әлеуеттерді теңестірудің жүйесі өткізгіштердің көмегімен басты жерге тұйықтау шинасына қосылуы тиіс.
179. Әлеуеттерді теңестірудің
қосымша жүйесі жанасуға қол
жететін ғимарат құрылыс құралымдарының
металл бөліктері, штепсельдік розеткалардың
қорғану өткізгіштерімен қоса
қорғану жерге тұйықтау және
нөлдік өткізгіштерді қоса алғанда барлық
бір мезетте жанасуға мүмкін стационарлық
электр жабдығының ашық өткізгіш бөліктері
мен бөгде өткізгіш бөліктерінен болуы
тиіс.
180. Әлеуеттерді теңестіру
үшін электр тізбегі өткізу
қабілеті мен іркіліссіз жұмысына
қарай қорғану өткізгіштеріне
қойылатын осы Қағидалардың 214-тармағы
талаптарын қанағаттандырса, арнайы
ескерілген өткізгіштер немесе
ашық және бөгде өткізгіш бөліктері
қолданылуы мүмкін.
181. Екі еселік немесе
күшейтілген оқшаулама көмегімен
қорғану ІІ класты электр жабдығы
қолдануымен немесе ток өткізгіш
бөліктерінің тек негізгі оқшауламасы
бар электр жабдығын оқшаулайтын
қабықшаға енгізу арқылы қамтамасыз
етіледі.
Екі еселік немесе күшейтілген оқшауламасы бар жабдықтың өткізгіш бөліктері қорғану өткізгішіне немесе әлеуеттерді теңестірудің жүйесіне қосылмауы тиіс.
182. Тізбектерді қорғаудың электрлік бөлінуі бір тізбек үшін қолданылады.
Бөлінетін тізбектің ең жоғары жұмыс кернеуі 500 В аспауы тиіс.
Бөлінетін тізбектің қоректенуі бөлгіш трансформаторынан немесе оған тең қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз ете алатын өзге көзден жасалуы тиіс.
Бөлгіш трансформаторынан қоректенетін ток өткізгіш бөліктердің өзге тізбектердің жерге тұйықталған бөліктері мен қорғану өткізгіштерімен қосылуы болмауы тиіс.
Бөлгіш трансформаторынан қоректенетін тізбектер өткізгіштері өзге тізбектерден бөлек жүргізіледі. Ол мүмкін болмаса, мұндай тізбектер үшін, кәбілдер мен сымдардың номиналды кернеуі бірге жүргізілген тізбектердің ең жоғары кернеуіне сәйкес болып, әр тізбек артық токтан қорғалса, металл қабықшасы, сауыты, экраны жоқ кәбілдері немесе оқшаулама құбырлары, қорапшаларда және арналарда жүргізілген, оқшауланған сымдары қолданылуы қажет.
Бөлгіш трансформаторынан қоректенетін электр қабылдағыштарының ашық өткізгіш бөліктері қорғану өткізгіштеріне және өзге тізбектердің ашық өткізгіш бөліктеріне қосылмауы тиіс.
Бірнеше электр қабылдағыш бөлгіш трансформаторынан қоректенетін болса, мына жағдайлар орындалуы тиіс:
1) электр қабылдағыштарының
ашық өткізгіш бөліктерінің трансформатордың
металл корпусымен электрлік
байланысы болмауы тиіс;
2) электр қабылдағыштарының
ашық өткізгіш бөліктері өзара
әлеуеттерді теңестірудің жергілікті
жүйесінің оқшауланған орынды
өткізгіштерімен қосылуы тиіс;
3) барлық штепсельдік
розеткалардың әлеуеттерді теңестірудің
жергілікті жерге тұйықталмаған
жүйесіне қосылған қорғану түйіспесі
болуы тиіс;
4) ІІ класты жабдықты
қоректендіретіндерден басқа барлық
икемді кәбілдердің әлеуеттерді
теңестірудің өткізгіші ретінде
қолданылатын қорғаныс өткізгіші
болуы тиіс;
5) ашық өткізгіш бөліктеріне
екі фазалық тұйықталу кезіндегі
қорғану құрылғысының ажыратылуы
уақыты осы Қағидаларға 5-қосымшаның 44-кестесінде
көрсетілген шамалардан аспауы тиіс.
183. Қоректендірудің автоматты
ажыратылуы талаптары орындалуы
мүмкін болмаса, ал өзге қорғаныс
шараларының қолдануы мүмкін
емес немесе жерге тұйықталмаған
болмаса, 1 кВ дейінгі электр қондырғыларына
оқшаулайтын (өткізбейтін) үй-жайлар, аймақтар,
алаңдар қолдануы мүмкін.
Мұндай үй-жайлардың және аймақтардың, алаңдардың кез келген нүктедегі оқшаулайтын еденнің жекелеген жеріне кедергісі мыналардан төмен болмауы тиіс:
мегаомметрмен 500 В кернеуіне өлшенген 500 В дейін қоса электр қондырғысының номиналды кернеуі кезінде – 50 кОм;
мегаомметрмен 1000 В кернеуіне өлшенген 500 В астам номиналды кернеуі кезінде – 100 кОм.
Оқшаулайтын (өткізбейтін) үй-жайлар (аймақтар, алаңдар) үшін,
ең болмағанда, мынадай үш шарт орындалғанда,
0 класты электр жабдығын қолдануға рұқсат
етіледі:
1) ашық өткізгіш бөліктер бір бірінен және бөгде өткізгіш бөліктерінен кем дегенде 2 м алыстатылған. Бұл арақашықтықты 1,25 м дейін азайтуға болады;
2) ашық өткізгіш бөліктер бөгде өткізгіш бөліктерінен оқшаулау материалынан жасалған кедергілермен бөлінген. Бұл жерде 1) тармақшада көрсетілген арақашықтықтар кедергінің бір бөлігі жағынан қамтамасыз етілуі тиіс;
3) бөгде өткізгіш бөліктері 1 мин ішінде 2 кВ кем емес ауыспалы тогының сынамалы кернеуін ұстайтын оқшаулаумен жабылған.
Оқшаулайтын бөлмелерде (аймақтарда) қорғану
өткізгіші ескерілмеуі тиіс.
Бөтен өткiзушi бөлменiң бiр бөлiктерiне әлеуеттің күртiгiне
қарсы шара сырттай ескерілуi керек.
Айырғыш бөлмелердiң еденіне және
қабырғаларына дымқылдық әсерi тимеуі керек.
4. Желілердегі 1 кВ
кернеуінен жоғары тиімді жерге
тұйықталған бейтараптамасымен электр
қондырғыларының
жерге тұйықтау құрылғылары