Электр тогы және найзағай соққандағы алғашқы көмек

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 21:13, реферат

Описание работы

Мұндай зақымданулардың себептері жақсы мәлім. Олар техникалық немесе атмосфералыық электр тогы әсер етуінің нәтижесінде туындайды. Электр приборларын техникада да,тұрмыста да дұрыс қолдана алмау, сондай-ақ бұл приборлардың дұрыс болмауы электр жарақаттарына соқтырады. Ток соғуы организмге термиялық, электролиттік және механикалық әсерлерден тұратын күрделі физикалық химиялық процесс. Ток әсері күші 3-5 мА тең болған жағдайда сезіле бастайды, ал күші 20-25 мА тең ток бұлшық еттердің еріксіз қысқаруына соқтырады. Электр тогы соққандағы өлім және мүгедектің едәуір пайызы оларды барлық жарақаттанудың алдыңғы қатарына қояды. Электр тогы соғуының себептерін және фактілерін кейде анықтау өте қиын болады, сонымен қатар электр жарақатын зақымданудың басқа түрлерімен (дене бетінің шағын бөлігінің термиялық түйісу күйіктері,электр тогы соғып биіктен құлаған кездегі сынықтар, т.б.) жеңіл шатастырып алуға болады.

Файлы: 1 файл

Электр тогы және найзағай соққандағы алғашқы көмек.docx

— 19.26 Кб (Скачать файл)

№3 Тәжірибелік жұмыс

Электр тогымен жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету

Жұмыс мақсаты: Еңбек қорғау бойынша нұсқаунама құрастырудың әдістемесін игеру  және практикалық тапсырма  алу.

Өз бетінше дайындалуға  арналған тапсырма: Оқытушы ұсынған әдебиетті және жұмысты орындау жөніндегі әдістемелік нұсқауларды оқып үйрену.

Практикалық жұмыс  туралы есепте еңбек қорғау бойынша нұсқаунама құрастыруға қойылатын жалпы талаптарды, олардың құрылымын сипаттау.

 

Мұндай зақымданулардың себептері жақсы мәлім. Олар техникалық немесе атмосфералыық электр тогы әсер етуінің нәтижесінде туындайды. Электр приборларын техникада да,тұрмыста да дұрыс қолдана алмау, сондай-ақ бұл приборлардың дұрыс болмауы электр жарақаттарына соқтырады. Ток соғуы организмге термиялық, электролиттік және механикалық әсерлерден тұратын күрделі физикалық химиялық процесс. Ток әсері күші 3-5 мА тең болған жағдайда сезіле бастайды, ал күші 20-25 мА тең ток бұлшық еттердің еріксіз қысқаруына соқтырады. Электр тогы соққандағы өлім және мүгедектің едәуір пайызы оларды барлық жарақаттанудың алдыңғы қатарына қояды. Электр тогы соғуының себептерін және фактілерін кейде анықтау өте қиын болады, сонымен қатар электр жарақатын зақымданудың басқа түрлерімен (дене бетінің шағын бөлігінің термиялық түйісу күйіктері,электр тогы соғып биіктен құлаған кездегі сынықтар, т.б.) жеңіл шатастырып алуға болады.

Электрлік жарақаттанулар тері қабаттарының тереңдігі артатын ,сондай-ақ нөсер кезінде атмосферада электр зарядтарының едәуір жинақталуы нәтижесінде найзағай ұруы мүмкіндігі туындайтын көктем-жаз және күз мезгілдерінде жиі кездеседі. Бұл жағдайда найзағайдың жерге өту жолы даладағы жалғыз ағашқа,ормандағы ең биік ағашқа немесе кез келген металл конструкциясына бағытталуы мүмкін. Сондықтан нөсер жаңбырда олардың астында тұру қауіпті. Жайлардың ішінде найзағайдың зақымдаушы әсерінен сақтану үшін терезелерді, самалдатқыштарды жабу,барлық электр приборларын желіден ажырату қажет.

Электр тогының өлімге соқтыратын қауіпті зақымдауы оның кернеуі 127-220В және төмен болғанда туындауы мүмкін. Кернеуі 10000В-тан жоғары ток соққанда адам кең көлемдегі күйік нәтижесінде өліп кетуі мүмкін. Төменгі вольтты токтарды қауіпсіз деп есептеуге болмайды.Бірдей кернеулер кезінде айнымалы ток тұрақтыға қарағанда қауіптірек екені байқалған. Кернеуі неғұрлым жоғары ток соққанда зардап шегушілерде электрлік күйіктердің көптеген орындары болады.

Дене арқылы өтетін ток күші оның кернеуіне тура пропорционал және тері қабаттары мен оны жерден ажыратып тұрған заттардың кедергісіне кері пропорционал. Организмнің электрлік кедергісі ең бастысы оның тері кедергісіне байланысты  және 2000-нан 20000000 Омға дейін аралықта болады. Терінің белгілі бір орындағы қарсылығы едәуір ауытқуда болуы мүмкін. Тері неғұрлым жұмсақ әрі ылғал болса,соғұрлым оның қарсылығы кедергісі төмен.Ішкі органдардың электрлік кедергісі 500-1000 Омды құрайды.

Токтың денеге ену нүктесінен шығу орнына дейінгі жолы ток тұзағы деп аталады.(5-сурет). Төменгі және жоғарғы тұзақ түрлері болады. Төменгі тұзақ –аяқтан аяққа (қауіптілігі төмен); толық тұзақ (ең қауіпті), бұл жағдайда ток міндетті түрде аяқ-қол арқылы ғана емес, сондай-ақ жүрек арқылы да өтіп, жүрек қызметінің бұзылуын тудыруы мүмкін.Токтың ені және шығу орындарында электрлік күйіктер түзілуі мүмкін,оларға ток белгілері тән. Олар терінің дөңгелек, эллипс немесе сызықтық түрінде күл немесе сұр балшық, боз-сары немесе сүт түстес күйінде болады,олардың ортасында қара қошқыл көтеріңкі және шеттері ашық түстегі тартылулар байқалады.Ток белгілерінің айналасындағы түктер жалынға шарпылмаған,олар серіппе тәріздес ширатылған. Әдетте ток белгілері ток енген орында айқын білінеді,ал шығу орындарында олар металмен түйіскен кезде түзіледі. Ток белгілері электр тогының тері қатпарлар бойымен жүру жолында да түзілуі мүмкін.

Электрлі жарақаттанудың төрт дәрежесі белгіленген:

1-дәреже-зардап шегуші  есінен танбайды,бұлшық еттері  қалшылдай қысқарады;

2-дәреже-бұлшық еттердің  қалшылдай қысқаруы науқастың  естен тануымен қатар жүреді;

3-дәреже-зардап шегуші тек есінен танып қана қоймайды,сонымен қатар оның жүрек қызметі мен тыныс алуы да бұзылады;

4-дәреже-науқас клиникалық өлім жағдайында болады.

Электр тогы зақымдануының клиникалық картинасы жалпы және жергілікті белгілерден жинақталады. Ток денесі арқылы өткендегі зардап шегушінің субьективті сезінулері әр түрлі болады:жеңіл соққы,күйік ауруы,бұлшық еттердің қалшылдай жиырылуы,діріл,т.б. Белгілері:тері қабаттарының бозаруы,көгеріңкі болуы,сілекейдің артық бөлінуі, құсық болуы;жүрек маңындағы ауырсынулар әр түрлі күште және тұрақсыз болады. Ток әсерінен жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, денедегі ауырлықты, дел-салықты немесе еліруді сезінеді. Зардап шегушілердің 80%-ның естен тануы байқалады. Ес-түссіз жатқан мазасыз болады. Олардың тамыр соғысы жиілейді, абайсыз зәр шығарулар болуы мүмкін.

Бұлшық еттердің қалшылдай жиырылуын немесе биіктен құлауды туғызған электр жарақаттануы кезінде ішкі органдардың зақымдануы әдетте,едәуір аз болады. Мұны күйген және көмірленген тканьдардың токты күйік шегінен шығып кетуіне кедергі туғызуымен түсіндіруге болады. Көлемі шағын электрлік күйіктер ток әсер еткен соң бірден айқын шекараларға ие болады,күйіп қалған қара түстегі тканьдардың айналасы ашық түстегі сақинамен қоршалады. Айналасындағы тканьдардың ісінуі тез жүреді. Электр күйігі маңында ауырсынулар болмайды.

Электр жарақаттануы кезіндегі алғашқы көмек-зардап шегушіні тез арада электр тогымен жанасудан ажыратады. Мұны орындағанда электр тізбегіне қосылып кетпеу және ток соғудан сақтану үшін,қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып,абай болған жөн. Егер мүмкіндік болса шаппаны (рубильникті) немесе қосып-ажыратқышты ажыратқан дұрыс. Егер олар бұзылған болса,онда электр сымдарын,қысқа тұйықталу болмайтындай етіп,жеке-жеке қиып тастау керек. Зардап шегуші ток әсері астында жатқан кезінде денесінің ашық бөліктерінен ұстауға болмайды.

Клиникалық өлім жағдайындағы зардап шегушіге алғашқы көмек тез арада және үздіксіз-оқиға орнында,емханаға жеткенге дейінгі тасымалдау кезінде көрсетілу тиіс. Ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға жасанды дем берулер және жүрекке қиялай массаж жасау қажет.

Электр жарақатын алғандардың барлығы ауруханаға жатқызылады. Олар қатаң төсек режимін сақтап,дәрігердің қадағалауында болуы тиіс.

Электрлік күйік алған науқастарға алғашқы көмек көрсеткенде күйіктерді әтірмен өңдеп таза таңғыш қойып,көліктік (қозғалыссыздандыру) жүргізу керек. Оларды стационарға жағдайының қанағаттанарлық екеніне қарамастан жатқызған күйде жеткізеді.

Электр тогы немесе найзағай ұрғандарға дер кезіндегі қан тірілту шаралары (жасанды дем беру,жүрекке қиялай массаж) зардап шегушіні құтқарудағы бірден-бір мүмкін вариант болып табылады.


Информация о работе Электр тогы және найзағай соққандағы алғашқы көмек