Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500–600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан небір қасиетті сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін керемет білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б. Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

Бауыржанға арнап

Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысындағы Асса селосындағы көшелерге батырдың аты берілген; Алматы (№ 131), Тараз (№ 44), Шымкент (№ 42), және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттарыда батырдың есімімен аталады. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлының ескерткіші орнатылған. Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.

Батыр наградалары

Соғыс кезінде 1942 жылы 6 маусымда — «Қызыл ту» орденімен 1944 жылы 6 маусымда — «Москваны қорғағаны үшін» медалімен 1945 жылы шілдеде- 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды 1970 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен 1980]] «Халықтар достығы]]» орденін иеленген КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941–1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр адамы» деп танылды

Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.

Аты бүкіл әлем халқына  аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б. Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.

Фильм

1967 "Артымызда Москва" «За нами Москва», режиссері: Мажит Бегалин

Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен  Айманов атындағы

2010 — Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Нематұлы Қалила Омаров

Абай шығармалары

Момышұлы Ұлы ақын мұрасын терең танып қана қоймай, сол мұраны әрі зерттеуші, әрі оны тікелей орыс тіліне аударушы ретінде араласатыны да бар. Абай кітабының көптеген беттеріне қойылған, авторлық белгілерін былай қойғанның өзінде, осы басылымның 39, 143, 146–147, 186, 194, 196–197, 208, 243, 312-беттеріне жазылған көлемді пікірлері осының айғақты деректері. Немесе 1954 ж. «Родной край» альманағының 7-санындағы Абай мұрасы туралы мақаласы мен Абай өлеңін өзі орыс тіліне аударып бастыруынан да көп нәрсенің сырын аңғарғандай боламыз. Тіпті Абай өлеңдерін орыс тіліне аударуды соғыс өртінің ішінде жүрген қысылтаяң көзде-ақ қолға алғанын 1945 жылғы Абай кітабының 210- бетіндегі «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…» деген өлеңнің тұсына: «Найти мой перевод 1944» деп белгі соғуынанда көреміз. Оның Абай кітабына жазылған Һашияларында ә дегеннен көңіл бөлетіні — сауатты деген оқырмандардың өзі ұлы ақын шығармаларының тілін, әсіресе ақын сөздерінің мағыналық қырларындағы нәзіктікті түсіне алмайтын, жете танып біле алмайтын осалдықтарына тоқталады. Абай кітабына жазылған һашияларыңда көбірек пікір қозғап, молырақ ізденетін тұсы — Абайдың орыс классиктерінен аударған шығармаларына байланысты. 1945 жылғы Абай кітабының 143, 147, 186, 194, 198, 208, 248, 312-беттерінде жазылған Абайдың аударма өнеріндегі шеберлігі мен Абай өлеңдерінің өзін қайтадан орысшаға өнер тілімен аудару жөнінде тың пікірлер көтереді.

Момышұлы негізінен Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдеріне ерекше ден қояды. М. Ю. Лермонтовтан Абай аударған сегіз өлең, бір поэманы («Вадим») талдап оқи келе, бұларды шығармашылық аударма жасаудағы ақындық өнердің шыңы деп қарайды. Абайдың Лермонтовтан аударған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай…» («Я не хочу, чтоб свет узнал…») деген өлеңін Лермонтовтың тексімен қатар алып салыстыра отырып, аударма ерекшелігіне, әсіресе ондағы Абайдың ақындық өнердегі сөз қүдіреті мен көркемдік талғамының биіктігіне ерекше назар аударады. Момышұлының бұл аударма жайындағы ой толғаныстары мен өзіндікталғам, бағасына байтану тарихындағы соны өрнек үлгі демеске болмайды.

Міне, осы тұрғыдан Абай аудармасын ақындық өнер тұрғысынан талдай келе: «Абай аударғанда: тілін, өлең қүрылысы, ұйқасы, ырғағы, ақынның ішкі сырын бейнелерде мазмұнын толық біліп, түсіне отырып аударған. Өлеңнің қаймағы мен қаспағын жеп, сутін сіміріп, күбіге салып піскенде майын ажырата оқып, көп зерттегендіктен Абай терең бойлап, жеңіл қалқып отырады. Абайдың аудармалары ізбе-із формалистік саяздықтан аулақ болып, негізінен күшейіп, асып жатады. Мағыналы, баянды ырғақпен жетектеп ала жөнеліп, жорғалата оқытып отырады. „Қалауынтапса қаржанады“дегендейін, Абайдың қолдануында жай қарасөз жүйелі айтылғандықтан, өз орнына қолданғандықтан — ауыр салмақты болып, күшті мағынаға ие болып отырады. Олар жүйесін тапқандықтан жібектей жылтырап, желідей созылып отырады»-деп, Абай кітабының шетіне жазған Һашиясында өзінше ой қорытады. Бұл арада Момышұлы аудармашылық өнердің үлкен шығармашылық ізденуден, түпнұсқаны терең танып білуден туатын ерекшелігі жайында көз келген зерттеуші зерделей бермейтін ете нәзік әрі талғамы биік көркемдік танымын аңғартады. Абай кітабын оқудан туындаған Һашияларында айрықша ерекшелеңетін тұсы да Абайдың Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып…» (Из Гете «Горные вершины») деген өлеңін ерекше ден беріп талдауында жатыр. Әлемнің үш ақынының, яғни Гете, Лермонтов, Абайдың бірінен бірі жарыса аударған аудармашылық өнерінің қайталанбас ерекшелігін, ақындық өнер жолындағы бас айналдырар шеберлік жолындағы ізденістерін терең талдап, білуге ұмтылған әрекет жатыр. Гете жазған «Горные вершины» өлеңін әуелі орыс тіліне, одан қазақ тіліне аудару үстіндегі ерекшеліктері хақында жазушы пайымы ментерең мәнді ой толғаныстары жай айтыла салған пікірі емес, тереңдеп зерттеудің аналитикалық түрғыдан талдап оқудан, талмай ізденуден туған өзіндік қайталанбас соны ойлар. «Қараңғы түңде тау қалғып…» өлеңінің аударылу шеберлігі, оңдағы ақыңды қөнер жарысы жайлы пікірінде бірнеше елеулі ерекшеліктер де байқапады: а) Абайдың аударма өнеріндегі ғажап ақындық шеберлігін терең ұғыну үшін осы өлеңнің немісше, орысша, қазақша түпнұсқаларын қатар жазып салыстырған. ә) Енді осы үш өлеңнің түп нұсқаларын Момышұлы өзі жолма-жол аудара бастайды. Яғни немісшесін де, қазақшасын да орысшаға жолма-жол өлеңмен аударады. Мысалы, Гете өлеңінің немісше түпнұсқасын Абай кітабына көшіріп, оны:

«Над всеми вершинами покой,  
В листве не услышишь ты шороха.  
Птички молчат в лесу 
Подожди немного,  
Скоро отдохнешь и ты…»- деп,

жолма-жол өлеңмен өзі аударады. Яғни немісше мағынасын дәлме-дәл түсіреді. Лермонтов аудармасында қалып кеткен неміс тіліндегі бір өлең жолының («Die voglein sehweigen Wolge») мағынасын орысшаға «Птички молчат в лесу» деп аударып берген. Баукең неміс тіліндегі Гетенің өлеңін түпнұсқадан оқып талдай келіп: «Гете — наивный юноша. Его „Отдохнешь до первой хорчевани“ — юношеский марш беззаботного студента», — деп таниды да оған "3" деген белгі қояды, яғни өз бағасын береді. Ал Лермонтовтың «Горные вершины» деген өлеңінің де түпнұсқасын Абай кітабының бетіне көшіріп жазып, ол туралы: «Лермонтов-зрелый, как поэт с налетом пессимизма. У Лермонтова вольный перевод», — деп таниды да, оған "4" деген белгі қояды. Соңында Абайдың кітабындағы «Қараңғы түнде тау қалғып…» аудармасының үстіне Момышұлы оның орысша өзі тікелей аударған жолма-жол аудармасын:

«В темную ночь горы дремлют 
Ко сну уходят блаженному.  
В степи тихо тишине внемлют 
Ночь опускается легким покрывалом.  
Не пылит дорога 
Ни шороха листвы (Не могут встряхнуться листвы)  
Если наберешься терпения немножко…»-

Қалпында аударып берген. Абай аудармасының табиғатына ене отырып: «Абай-символизирует, обобщает многопланно… о вечном покое, У Абая глубже, у Абая близко к адекватному» — деп, "5" деген белгі қойып, аса жоғары бағалайды. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып…» өлеңінің үстіне «Реквием» деп тақырып қояды да, оны «Произведение траурного характера»деп, өз анықтамасын береді. Жоғарыда аталып отырған әлемдік үш ақынның туындыларын талдап, аударып, өзінше салыстырып бағалаудағы негізгі мақсат та әр ақынның өздері жырлап, аударып отырған тақырыбын өздерінің ақындық қуаты мен шеберлігіне қарай өзіндік мотивке орай қүратын қайталанбас ерекшелігіне көз жеткізу, сөзіну, өзінше танып білуге тіреледі. Осы арқылы үш Ұлы ақынның бір тақырыпты жырлауында үш түрлі ақындық қуаттағы ерекшеліктің барлығын анықтап, әділ бағасын бере кетуді де ұмытпайды. Лермонтов пен Абай аудармасында да осы өлеңнің немісше түпнұсқасында бар «Құстан үнсіз орманда» деген өлең жолы аудармада қамтылмай қалғанын да ескертіп өтеді. Мұндағы Момышұлы мақсаты — Абайдың аударма өнеріндегі ақындық шеберлігін, осы жолдағы ақындық өнер жолындағы ізденістерін анықтай отырып, Абай өз аудармаларында өзі аударып отырған ақындар мен ой, шеберлік, ақындық өнер жарыстыруға ұмтылған шын мәніндегі ақындық өнердегі іргеліде жаңа сапа танытатын ізденісін көрсетуге назар аударады.

Момышұлыда Абай өлеңдерін өлеңмен жолма-жол аударма жасау тәжірибесі де ұшырасады. Кейбір өлендерді тұтас, ал көпшілігінің тек бір-екі шумақтарын ғана аударып, өз қалам құдіретін байқап көргендей әсер қалдырады. Оның Абай өлеңдерін аударуы әдеттегідей жолма-жол аударма деп қарауға келе бермейтін сияқты. Өйткені Абай өлеңінде рухы мен көркемдік бояуы табиғи қалпында аумай түсетін аударма өлең жолдары да ұшырасып отырады. Бұл ерекшелік әсіресе Абайдың ұлттық бояуы басым өлеңдерін аударғанда анық сезіліп тұратыны бар. Мысалы, Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар…» өлеңінің бастапқы шумағын алып қарайық: «Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті кұй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй…» — деген:

«Пленяя слух, забирают душу мою вполон 
Красива песня и сладка мелодия 
И погружают меня в мир размышлений 
Если песню ты любишь — люби как и я…»

түрінде аударылған. Өлеңінің рухы, ішкі мағынасы түпнүсқадағыдай жетіп-ақ түр. Ал Момышұлының жолма- жол аударып берген өлеңдері де орысшасын оқығанда, түпнұсқасын оқығандай сөзімге белеп отырады. Мысалы: «Күшік асырап ит еттім, Ол балтырымды қанатты Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты..» дегенді: «Научил его обращаться с ружьем, Он, став метким стрелком, — стрелял в меня..,» деп аударады. * Жазушының Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдерінің кейбірінің орысша түпнұсқасы барын көре тұра, қайтадан орысшаға аударатыны бар. Яғни, Абай қазақшалаған өлеңді орысшаға аударады. Мұның себебі де Абай өзі аударып отырған тұпнұсқаға, оның рухы мен көркемдіқ бояуына қаншалықты жақындай алды, автормен ақындық өнер жарысына түсетін Абайдың аудармашылық құдіреті неде екендігін нақтылытанып-білуден туған өзіндік ізденіс мақсатында жатса керек. Өйткені Момышұлының көзқарасыңда өлеңді сөзбе-сөз сірестіріп аударуға іштей қарсылық айқын сезіліп тұрады. Абай аударған «Теректің сыйы» өлеңінің аударылу шеберлігіне кеңіл белгенде де Момышұлы сөздің көркемдік бояуының қанықтығы мен әр сөздің өз орнында тұрып, табиғи қиысу қалпына да ерекше назар аударады. Лермонтов өлеңінің тексі мен аударма өлеңінің тексін қатар алып салыстырып, осы ерек- шелікті сөзінуі себепті де: «… Абайдың ойы терең, керкі көлемді, теңеуі бай, ұтымды келіп отырады. Ішкі ырғақтары қарқынды келіп, қалпынан шықпай жатады», — деп бағалауы сезімталдықтың белгісі.

Момышұлы Бауыржан туралы Фильм

  1. 1. 2010 — «Қазақтың Бауыржаны» «Легендарный Бауыржан» режиссері: Қ. Умаров  
    Жанр: «Деректі фильм» Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы
  2. 2. 1967 — «Артымызда Москва» «За нами Москва», режиссері: Мажит Бегалин  
    Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов (1924 ж.)

Дүниеге келгені: 1924

Ақмола облысы, Қосым ауылы

Мансабы: генерал

Сағадат Нұрмағанбетұлы Нұрмағанбетов 1924 жылы Ақмола облысының Қосым ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысушы. 1942 жылы әскер қатарына шақырылды. 1-Белорус майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында соғысқан. Пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарды. Гитлер канцеляриясын шабуылдауға қатысты. 1946 жылы Әскери академияны, 1981 жылы Бас штаб академиясын бітірді. 1950–1989 жылдары – Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округы әскерлері бастығының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) бастығының бірінші орынбасары. 1990 жылдан ҚР соғыс, еңбек және Қарулы күштері ардагерлері Кеңесінің төрағасы, 1991–1992 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992–1995 жылдары ҚР қорғаныс министрі, армия генералы. 1996 жылы ҚР Президентінің кеңесшісі. КСРО.

Ресей, Украина, басқа да мемлекеттердің ордендерімен марапатталған. Армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы. Әскери адамды бойынан, жүріс-тұрысынан бірден аңғаруға болады. Маңғаздана денесін тік ұстаған офицерге кім болмасын біреудің алдында бас иген жараспас. Оның әр минуты санаулы және өз шенін қүрметтейтін офицер қандай жағдайда болмасын кешікпейді. Көп сөйлемейтін, шешенсуден аулақ генерал сұхбат кезінде өзі белгілеген бағытынан бір рет те таймады, әңгімесінің тоқ етерін ғана айтып, журналистердің арандатушылық сұрақтарына да бой алдырмады. Тәртіпке үйренген ол редакцияның қоқырсыған шкафына өзінің генералдық шинелін іліп жатып: «Сендерге старшина болғанда мына жерді тәртіпке келтірер еді!», — деді ренішті үнмен.

Отан алдындагы борышына асқан адалдықпен қараған ол Орта Азия әскери округінің ең беделді басшыларының бірі бола тұрып, өзінің ағайын немересін Ауғанстанға соғысқа жіберді… Ал өзінен шені төмен офицерлер болса, өтірік-шыны аралас сылтау келтіріп, өз жақындарын әскер қатарынан алып қалып жататын. Өкінішке орай, қатардағы жауынгер Кеңес Нұрмағамбетов дүшмандардың оғынан қаза болып, отбасына шайқас алаңынан осымен екінші рет суық хабар келді. Біріншісі — баяғыда қырық бірінші жылы келген болатын. Ол кезде Кеңестің атасы және Сағадат Қожахметұлының жалгыз ағасы (қатардағы жауынгер Сағит Нұрмағамбетов) Псков түбінде із-түзсіз жоғалды. Сағит қарапайым еңбеккер болды, шахтада, онан кейін колхозда Жұмыс істеді, — деп еске алды генерал. — Соғыс басталысымен, ол артына жары мен екі баласын қалдырып, майданға аттанды. Жолда кетіп бара жатып екі хат жолдап үлгерді. Бірінші хатында түн қата Мәскеуден өткенін жазса, екіншісінде — Псков маңында алғашқы ұрысқа кіріскендерін, күн қақап тұрғанын айтқан… Бұл 1941 жылдың соңы болатын.

Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі