Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

Ішкі істер халық комиссариаты мен КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ресми құжаттары күштеп қоныстандыру себептерін фашистік режимді қолдаушыларға, бандитизмнің пайда болуына қарсы жасалған әрекет деп түсіндіреді.

Жалпы алғанда Қазақстанда 30 — 50-жылдары қоныстанушылар саны, ГУЛАГ тұтқындарын санамағанда, орта есеппен 1560мың адамға жетті.

1939–1959 жылдар аралығында халықтың өсуі 3210234 адамды құрады. Бұл кезеңде қазақ халқының тағдырына зор қауіп төнді. Тоталитарлық режим Қазақстанды қоныс аударушылар лагеріне, ГУЛАГ, концлагерьлер еліне айналдырып жіберді. Қазақ халқы сталиндік саясат құрбандарын құшақ жая қарсы алды. Олармен азық-түлігімен бөлісті, қайғысына ортақтасты, өздері аш-жалаңаш отырған қазақтар бақытсыздарға бала-шағасының аузынан жырып көмек көрсетті.

Қазақстан – майдан арсеналы (1941–14–945 жж.)

Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).

Қарағанды шахтерлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тонна көмір өндірді, бұл шахтаның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тонна артық еді. Орал-Ембі мұнайлы ауданының кәсіпорындары сұйық отын шығаруды 39 пайызға арттырды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Көмір өнеркәсібі

1941 жығы 27 қарашада БК (б) П ОК «Қарағанды көмірін тиеу туралы» шешім қабылдады. Партияның ОК ӨҚХК-ін (Өнеркәсіп пен құрылыс халық комиссариатын) көмір тасу үшін Орал мен Сібір жолдарында қосымша 200 айналма бағыт ашып, Томск, Омбы, Қарағанды, Оңтүстік Орал, Пермь, Орынбор, Пенза, Оңтүстік-Шығыс, Рязань-Орал, Қазан Түркістан-Сібір жолдары басқармаларында көмір мен кокс тиелген поездарды бақылап отыратын арнайы диспетчерлік топ құруға міндеттеді: МҚК құрылыстары толық аяқталуын күтпей, Ақмола – Қарталы желісінің өткізу қуатын арттыру туралы шешім қабылдады.

Мұнай өнеркәсібі

Әскери-шаруашылық жоспарға сәйкес Еділ бойы, Батыс Сібір, Қазақстан мен Орта Азия аудандарында қара және түсті металлургияны, отын-энергетикалық өнеркәсіпті, темір жол транспортын жедел дамыту қолға алынды. Ембіде мұнай көздерін барлап өндіру, Қарағанды мен Маңғыстауда шахталар, бірқатар электр стансалары мен балқаш мыс қорыту зауытында от пен мыс тазарту цехы құрылыстарын салу белгіленді. Қазақстандағы отын-энергетика комплексі мен түсті металлургияны дамыту нұсқауы бойынша КСРО-ның соғыс кезеңіндегі халық шаруашылық жоспарының құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды.

Шахталар құрылысын тездету кен шығарудың шапшаңдатылған әдістері есебінен жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде соғыстың алғашқы бір жарым жылында 12 жаңа шахта іске қосылды.

Соғыс жылдарындағы ірі құрылыстар

Қорғаныс өнеркәсібінің  кәсіпорындарын түсті металдармен жабдықтаудың негізгі ауыртпалығы соғыс қарсаңында КСРО-дағы мыс қорының жартысынан астамы топтастырылған Балқаш пен Жезқазған зауыттарына жүктелді. 1941 жылғы шілдеде Шығыс Қоңырат молибден кен орнының, Балқаш мыс қорыту зауытындағы мыс тазарту және ұсатып-үгіту цехтарының құрылыстары әскери маңызы бар екпінді құрылыс деп жарияланды. Қысқа мерзімнің ішінде су корпусын – арнаулы молибден цехының құрылысын аяқтады. 1941 жылдың 7 қарашасына қарай еліміздің металлургиялық зауыттарына қажетті алғашқы молибден өнімі шығарылды. Бұл құрылысқа Орал мыс кеніштерінің бұрғылаушылары келді.

Ақшатау молибден-вольфрам комбинатын салу аса ірі екпінді құрылысқа айналды.

Темір жол

Республика көлік қатынасы ұжымдары да өз жұмыстарын соғыс уақытына бейімдеп, қайта құрды. Поездар қозғалысы ауыспалы графикке көшірілді. Бірінші кезек әскерлер мен әскери жүкке берілді, жолаушы тасымалдауға шектеу қойылды. Түркістан-Сібір темір жолында шаруашылық жүктерін тасу жылына 2,5 есе өсті. Бүкілодақтық жарыс жеңімпаздарының қатарында 1942 жылғы маусымда Түрксібтің Шар бөлімі де болды. Бұл ұжымға ең жоғарғы награда – МҚК-нің ауыспалы Қызыл Туы тапсырылды.

Село еңбеккерлерінің ерлігі

Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес қосты. Республиканың колхоз-совхоздарына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған аудандардан көшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері тары өсірудің шебері – Шығанақ Берсиевті, атақты күрішшілер – Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен астықтан мол өнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, Нүрке Алпысбаеваларды және т. б. орынды мақтан етті. Ақтөбе облысы Ойыл ауданының озат тары өсірушісі Ш. Берсиев тарының қуаңшылыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сортын өсіріп шығарды. Ол 1942 жылы әр гектардан – 175ц, ал 1943 жылы – 202ц. өнім жинады. Қызылордалық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жылы әр гектардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал шаруашылғы өнімдерін өндіру мен қоғамдық мал басының өсу жоспарлары ойдағыдай орындалып отырды. Малшылар арасынан көптеген республикаға танымал еңбек озаттары шықты. Мысалы, Жезқазған ауданы Аманкелді атындағы колхоздың шопаны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қойдан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Атырау облысы «Жаңа талап» колхозының жылқышысы Ш. Шұғаипова бір мыңнан астам жылқыны ешқандай шығынсыз бақты. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылғын өркендетудегі орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері өздерінің патриоттық және еңбек парыздарын айтарлықтай өтеді. 1941–1945жж. олар майдан мен елге 5 829мың тонна астық, 734мың тонна ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Қазақстан халқының материалдық жағдайы

1941–1945жж. Қазақстаннан батыс аудандардың 532,5мың тұрғыны баспана, жұмыс, тыл еңбекшілерінің қатарынан өз орнын тапты. 970мыңдай репатрицияланған немістер, поляктар осында келді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға таратылып орналастырылды. Ал қалаларда соғысқа дейін қиын болған тұрғын үй проблемасы одан сайын шиеленісе түсті: 1940 жылы қаланың әрбір тұрғынына 5,1 шаршы метрден келсе, соғыс жылдары 4,3 ал Қарағанды қаласында 2,2 шаршы метрден ғана келді.

Бөлшек сауда жүйесіне азық-түлік және көпшілік қолды товарлар бұрынғыдан 7–15есе аз түсті, ал базардағы баға 10–15есе көтерілді. Елде халықты нан және басқа аса маңызды азық-түлікпен жабдықтауға карточка жүйесі енгізілді, көмекші шаруашылықтар жүйесі, ұжымдық және жеке бақша шаруашылығы кеңейтілді. Мемлекеттің, еңбек ұжымдарының, республика тұрғындарының бірігіп күш жұмсауы арқасында ел азық-түлік проблемасын шеше алды. Молшылық болған жоқ, бірақ барлық жұрт ең аз қажетін өтеді.

Бүкілхалықтық майдан мен тылға көмек

Майданға ерікті көмек кең құлаш жайды. Халықтың патриоттық үлестерінен жиналған қорғаныс қоры 1943 жылы қазанға дейін ақшалай 185,5 млн. сомға және тапсырылған облигациялардың құны 193,6 млн. сомға жетті. 1941 жылы күзден бастап патриоттардың қаржысына танктер, ұшақтар, сүңгуір қайықтарын сатып алу науқаны басталды. Олар нақты жауынгерге арналды. Сондай-ақ бүтіндей колонна, эскадрилья сатып алынды. Қазақстанның қару-жарақ жасауға өткізілген барлық соғыс заемдарының және ақшалай-заттай лотереялардың құнын есептегенде республика халқының майдан қажетіне ерікті үлесі 4700 млн. сом болды, бұл соғыстың екі жетілік тікелей әскери шығынын өтеуге жететін еді.

Әсіресе соғыстың бірінші қысында жылы киім көмегі едәуір болды. Республикада халықтың 2,5 млн. жылы киім, оның ішінде 11,5мың шолақ тон, 312мың пар киіз байпақ түсті. Мұның үстіне майдандағы солдаттарға 1600 вагон жеке және ұжымдық сәлем-сауқаттар жіберілді, кейде оларды облыстың немесе республиканың арнаулы өкілдері алып барды. Отан қорғаушылардың олармен кездесуі, сол сияқты Қазақстан артистерінің майдан шебіндегі ормандарда, жер астындағы клубтарда немесе алдыңғы шептегі блиндаждарда көрсеткен 1216 концерттері майдан мен тылдың бірлігінің айқын көрінісі болды.

1943 жылы Қазақстан өз ресурстарынан Ресейдің Краснодар және Ставрополь өлкелеріне, Украинаның шығыс облыстарына 2700 трактор, 123 комбайн, 880 сеялка, 2500 соқа және көп мал, азық-түлік, киім жіберді. Осының бәрін жеткізіп апарғандардың ішінен 295 комбайншы, 636 трактор бригадасының бригадирі, 115 механизатор, 115 агроном, 65 МТС директоры сонда қалып, шаруашылықты қалпына келтіруге көмектесті.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті (1941–1945 жж.)

Ғылым мен мәдениет

Соғыс жылдарында экономиканы соғысқа бейімдеу мақсаты мен КСРО Ғылым академиясы жанынан «Орал, Батыс Сібір, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру жөніндегі комиссия» құрылды. Комиссия құрамында А. А. Байков, В. Л. Комаров, В. К. Обручев сияқты ғалымдар болды. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Л. С. Берг, С. Н. Бернштейн, Н. Д. Зелинский, Л. И. Мендельштам, А. Н. Бах т. б. академиктер жұмыс істеді.

Академик А. С. Орлов соғыс жылдарында орысша-қазақша сөздік құрастырып, «Батырлар жыры» атты еңбек жазды. Алматыға майдан өңірінен 20-ға жуық ғылыми-зерттеу мекемесі көшіріліп жұмыс істеді. КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы да соғыс мұқтажына жұмыс істеді. Майдан қажетіне байланысты сирек металды зерттеу ісінде Қ. И. Сәтбаев көп еңбек сіңірді. 1942 жылы Қ. И. Сәтбаевқа Жезқазған мыс кен орындарын зерттеу еңбегіне байланысты Мемлекеттік сыйлық берілді. Қазақстанда орналасқан Москва авиация, алтын және түсті металдар институттары, Киев университеті ерекше екпінді еңбек етті. Соғыс жылдарында қазақстанда ашылған жоғары оқу орындары: Алматы шет тілдер институты, Шымкент технология институты, Дене шынықтыру институты т. б.

90-ға жуық ақын, жазушы майдандағы жауынгерлер қатарында болды.

Соғыс жылдарында Ж. Жабаев «Ленинградтық өренімді», Ж. Саин өлеңдер жинағын, Қ. Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыздар», С. Мұқанов «Өмір мектебін», М. Әуезов «Абай» роман эпопеясының 1 кітабын жазды. А. Толстой «Қазақстан жерінде болғанда», «Иван Грозный» кітабын жазды.

Майдан өңірінен Қазақстанға 23 көркемөнер ұйымы көшірілді.

1941 жылы Қазақстанға «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Бұл киностудиялар Алматы киностудиясымен бірігіп, екі жыл ішінде 23 кинокартина түсірді. Олардың ішінде «Партизандар», «Екі жауынгер», «Георгий Сакадзе» сияқты танымал кинокартиналар бар.

Соғыс жылдарында Алматыда актерлерді даярлайтын бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институты жұмыс істеді. Киностудиялар М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», «Саған майдан», «8-гвардиялық» сияқты картиналарды түсірді. Қазақстанда құрылған 11 концерт бригадасы майданда өнер көрсетті. Соғыс жылдарында ғылым мен мәдениет майдан қажетіне осылай аянба

 

Тарихи тұлғалар

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 — 1941 жж.)

Шығанақ Берсиев (1881 — 1944 жж.)

Талғат  Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 ж.)

Мәлік Ғабдуллин (1915 — 1973 жж.)

Хиуаз Қайырқызы Доспанова (1922 — 2008 жж.)

Қасым Қайсенов (1918 — 2006 жж.)

Қошқарбаев  Рақымжан (1924 — 1988 жж.)

Мәншүк  Жиенғалиқызы Мәметова (1922 — 1943 жж.)

Әлия  Нұрмұхамедқызы Молдағұлова (1924 — 1944 жж.)

Бауыржан  Момышұлы (1910 — 1982 жж.)

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов (1924 ж.)

Рахимов Сабыр Омарұлы (1902 — 1945 жж.)

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 — 1941 жж.)

Дүниеге келгені: 1920

Алматы облысы

Қайтыс болғаны: 1941 маусым

Көшентоған

Мансабы: батыр

Бақтыораз Бейсекбаев (1920 —1941 жж.)Жиырма бір жасында Отан үшін жанын қиған жас қаһарман Бақтыораз Бейсекбаевтың есімі кешеге дейін естілмеген еді. Біз мектепте оқып жүргенде соғыстың бесінші күні жау танкілерінің легіне үшағын арнайы бүрып құлаған Гастеллоның ерлігін көкірегімізге тоқып өстік. Жарты ғасыр өткенде жағдайдың басқаша болғанына көзіміз жетіп отыр.

Мазмұны:

  • 1. Гастеллоның ерлігі;
  • 2. Биліктін қателігі;
  • 3. Батыр атағы;
  • 4. Бақтыораз Бейсекбаевқа құрмет.

Гастеллоның ерлігі

Оқиғаның жалпы сарыны былай: 1941 жылдың 26 маусымында Смоленск маңындағы Боровское аэродромынан 42-ші алыстан бомбалаушы әуе дивизиясының 207-ші полкінің алғашқы күнгі қиян-кескі үрыстан аман қалган үшақтарының бөрі қайтадан аспанға көтеріледі. Бүл үшудың барысында Минскіден батысқа қарай 40 шақырым жердегі Радошковичи поселкесінің аймағында немістің танк колоннасын аяусыз бомбалау жүктеледі. Көктегі гүріл мен жердегі дүрілден қүлақ түнған шақта екі топқа бөлінген үшақтарды капитан Александр Спридонович Маслов пен Николай Францевич Гастелло командир болған экипаждары бастады. Жаудың танк колонналарына шүйілген үшақтар тобының алдыңғы қатарында Масловтың экипажы бар еді. Жерде қоңыздай жорғалаған қүрыш сауытты танкілерге олар ойдағыдай ойран салып қайта бергенде жау жақтан атылған оқ алдыңғы екі экипажды да отқа орады. Штурвалына зақым келді ме, немесе басқадай бір себеп болды ма — Гастеллоның үшағы әлдеқайда алысқа құлаған. Әйтеуір бір өлім барын тез үққан Масловтың экипажы үшақты тура танкілердің колоннасына бүрған. ішінде атқыш Бақтыораз бар экипаж түгелдей опат болса да, бүрын-соңды қүлақ естіп, көз көрмеген ерлік жасаған еді.

Биліктін қателігі

Бүл оқиғаны көрген басқа ұшақтардағы экипаж мүшелері танктердің үстіне түсіп өртенген экипаж Гастеллоныкі шығар деп топшылаған. Аға лейтенант Воробьев пен лейтенант Рыбастың сырттай болжауымен Масловтың экипажы батырлар — ел қорғаны елеусіз калған да, Гастеллоның даңқы дүние жүзіне тарап кетті. Тарамағанда қайтсін, Ұлы Отан соғысындағы ең алғашқы Батыр! Арада он жыл өтеді. 1951 жылы 12 мамырда Белоруссия мемлекеттік әскери мүражайының директоры Шучкий Молодечненский облыстық атқару комитеті төрағасының атына «құпия» деген белгімен хат жазып, Родошковичи поселкесінің маңына құлаған Гастелло басқарған ұшақ экипажының мүшелерін орталық зиратқа әкеліп қайта жерлеу жөнінде ұсыныс жасайды. Директордың ойында имандылықтан өзге ештеңе жоқ,

Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі