Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері қаһармандықпен қаза болған ерлерге жаңа ескерткіш орнату ғана пиғылы бар еді. Мектеп оқушылары, әскери адамдар, зиялы қауым қатысқан осынау жиынның көзінше Гастеллоның қабірі қазылады. Қабір ішінен Гастеллоның емес, Масловтың мәйіті шыққанда таңғалмаған адам болмайды. Қап-қара боп күйген қаңқа сүйекте қол мен аяқ жоқ еді. Есесіне жанған мөйіт бойынан көзөйнек, пәтердің кілті, Масловқа тиесілі тағы басқа заттар табылады. Қабірі ішінен бір медальон көзге түседі. Ол аздай Маслов экипажының атқьші-радисі, аға сержант Г. И. Реутовтың қүжаттары салынған жеке футляр да бүзылмай сақталған екен. Естерінен тана жаздаған жұрт, іштерінде басшы қызметкерлер де бар, бүл шындықты айтып, ресми орындарға қатынас қағаз жаза бастайды. 

Бірақ олар Жоғарғы Кеңестің Жарлығымен шыққан Указды бұзуга болмайтынын ескермесе керек. СОКП Орталық Комитеті мен КСРО Қорғаныс министрлігіндегілер бұл шындықты білсе де, кеңес өкіметінің тастай қатқан идеологиясына зақым келмеу үшін «жабулы қазанды жабулы» күйінде қалдырған. Дегенмен, пластмасса футлярдағы қүжатта көрсетілген И. Реутовтың 1918 жылы Чкалов облысындағы Кулагино деревнясында туғаны, 42-ші әуе дивизиясының 207-ші полкінің атқыш-радисі қызметінде болғаны және Кеңес Армиясының есепке тіркеу мәліметі бойынша «1941 жылғы 26 маусымда хабар-ошарсыз кеткені» толық анықталған еді. Осы дерек басқа да ақиқаттың бетін ашты: бүл экипажда онымен бірге капитан Маслов (Мәскеу облысы, Коломенск ауданының түрғыны) лейтенант Балашов (Горький қаласының түрғыны) және кіші сержант Бейсекбаев Бахтурас (Алматы облысы, Ӏле ауданының түрғыны) — бәрі бір сапта болып, 1941 жылы 26 маусымда ДБ-ЗФ бомбалаушы үшағымен әскери тапсырманы орындаудан полкқа қайта оралмаған. Бүл ақиқатты мойындату үшін талай адамдар тер төкті. Масловтың жесірі Софья Евграфоновнаға күтпеген жерден мынадай хат келді: «1941-жылы 26 маусымда ерлікпен қаза тапқан экипаж қалдығы табылды. 

Олардың арасында Александр Спридонович Маслов та бар… Ержүрек экипаж қалдықтары Радошковичи орталығына ауыстырылып, көмілді». Күйеуі Отан соғысының қүрбаны болғаны анықталып, өзі де, қызы да мемлекеттен жөрдем ала бастағанына қарамастан, елеусіз қалған ерінің намысы үшін С. Е. Маслова ашық айқасқа шығады. Бүл күреске 30 жыл өмірін арнаған прокуротура тергеушісі Василий Харитонов деген азамат өзі дүниеден өтерінде Жуковский атындағы әскери академияны тәмамдаған ұлы Эдуардқа осы істі аяғына дейін жеткізуді аманат етіп тапсырады. Әскери шені майор, мамандығы инженер Эдуард Харитонов, қүдай сәтін салғанда, 1991 жылы Коломна қалалық кеңесінің депутаты, КСРО халық депутаты, Қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Владимир Яковлевич Стадникке көмекші болып тағайындалады. Бұл кезде де С. Е. Маслова да, өз әкесі В. Харитонов та шындықтың түбіне жете алмай, дүниеден арманда кеткен еді. Бірақ Эдуард Харитонов ер жігіт екенін танытудан танбады. 

Маслов экипажының мүшелері туралы туған жерлерінен дерек жинады. Әскери әуе атқышы Бахтурас Бейсекбаевтың (Ресейдегі қүжатта солай делінген) — үлты қазақ, туған жері Алматы облысы, Ӏле ауданы екені ескеріліп, Қазақстан Президентіне де арнайы хат жолдайды… Э. Харитонов өз жазбасында мынадай жайды еске алады: «Ресей Мемлекеттік Думасында бір комитет төрағасының референті Гущинге кездестім. Менде Ельциннің атына жазылған 4 беттік хат бар болатын. Онда Масловтың орнына Гастелло батыр атағын алған делініп жазылған еді. Гущин: „Сіз өзіңіз не жазғансыз?.. Егер хатты Дума төрағасы Иван Петрович Рыбкин арқылы тапсыратын болсақ, орынды“ деген сөзді, сондай- ақ үшқыштар арасында басқа да қарсы пікір туғызатын сөздерді алып тастаңыз. Рыбкинге төрт беттен аспайтын, ал Рыбкиннің атынан Ельцинге бәрін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу қажет» деді. Мен бүған келістім. Ельциннің атына: «Бір күнде, бір ұрыс кезінде сәл ғана ертерек Масловтың экипажы Гастеллоның жасаған ерлігіндей өзінің отқа жанған үшағын немістің зениттік артиллериясына қарай бағыттап, осылайша отты таран жасады» деп, түжырымдап қана хат жаздым".

Батыр атағы

Ерлік жасалған күннен 55 жыл өткеннен кейін Ресей федерациясы Президентінің пәрменімен Маслов экипажының мүшелеріне Ресейдің Батыры атағы берілді! Белгілі қаламгер, Қазақстан парламенті Мәжілісінің депутаты Арғынбай Бекбосын Парламентте болған кездесуде бүл жайды Нурсултан Назарбаевқа қүлаққағыс етеді. Ӏле-шала «Егемен Қазақстан» газетіне оның «Ресей батыры — Бақтурас Бесекбаев» деген тақырыппен жарияланған шағын мақаласы талай адамға ой салды. Бұл — балалық шағы соғыс жылдарына дөп келген, Гастелло атын жаттап өскен Арғынбай үшін де асқан жаңалық еді. Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Тайыр Мансүровтың белгісіз батыр туралы тиісті орындармен хабарласып, аты- жөнін, туған жерін анықтауға атсалысқанын айта кету керек. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының хатшылығы, 

Республикалық Ардагерлер кеңесі бүл жауынгерге «Халық қаһарманы» атағын беруге үсыныс жасайды. Көп үзамай беймәлім батырдың бүрмаланған есімі «Бақтыораз Бейсекбаев» екені анықталды. Осы ақиқат негізінде Қазақстан Республикасы Президенті Нурсултан Назарбаевтың 1998 жылы 6 мамырдағы Жарлығымен Бақтыораз Бейсекбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілді. Екі елге ортақ қаһарманның туған жерін анықтап, туыстарын табу жөнінде «Атамұра» корпорациясы арнаулы экспедиция үйымдастырып, оған қаржы бөліп, үлкен адамгершілік іс істеді. Корпорация президенті Мүхтар Қүлмүхаммед, «Егемен Қазақстан» газетінің жауапты қызметкері Мейрамбек Төлепберген талмай іздену арқасында барлық шындықтың бетін ашты. Өйткені о баста батыр Ӏле ауданында туған деп, жаңсақ көрсетілген ғой. Шындығында, ол ашаршылық кезінде Ӏле көпірі деп аталатын жердегі жетімханада болғаны рас. Бірақ өзінің шын туып өскен жері — Алматы облысы, Балқаш ауданының қазіргі «Жиделі» деп аталатын ауылда. Туыстары да қазір сол маңайда тұрады.

Бақтыораз Бейсекбаевқа құрмет

Жарты ғасыр өткеннен кейін аты-жөні анықталған, адам таңғаларлықерлігі айқындалған ағамызға «Атамұра» корпорациясы ас беріп, республикалық ақындар айтысын өткізді. Астанада көше аты берілді. Журналист Мейрамбек Төлепберген батыр өмірін жан-жақты зерттеп, шағын кітап жазды. Балқаш ауданының Әмір Құлмаханов бастаған еңбеккерлері Бақтыоразға Бақанастан үлкен ескерткіш орнатып, орта мектепке атын берді. Маған жақын ағайын болып келетін, мен туып-өскен топырақтың түлегі Бақтыораз Бейсекбаевтың даңқы ұрпақтан ұрпаққа жете бермек. Ол жасаған ерлік қазіргі, кейінгі жастарга мәңгі-бақи жарық жүлдыздай жарқырап көрініп түрады!

Шығанақ Берсиев (1881 — 1944 жж.)

Дүниеге келгені: 1881

Қайтыс болғаны: 1944

Мансабы: тары өсіру шебері

Шығанақ Берсиев (1881 —1944 жж.) Асан қайғы бабамыз «Ойыл көздің жасы еді, Ойылда кеңес қылмадың, Ойылдан елді көшірдің…» деп Жәнібек ханға зілді сөйлеп, Ойылдың орны бөлек екенін айғақтады. Осы Ойыл өңірінен шыққан текті тұлғаның бірі — Шығанақ Берсиев.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы «Құрман» колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Ол әуелі «Құрман» колхозында мұрап, 1938 жылдан звено жетекшісі болып істеді. Шөлейтті аймақтың ауа райына қарамастан, ұзақ жыл бойы Берсиев тарыдан мол өнім алды. Оның звеносы әр гектардан: 1939 ж. 25,5; 1940 ж. 155,8; 1941 ж. 165; 1942 ж. 175; 1943 ж. 201 ц өнім жинады. Берсиев тарыға арам шөптен таза, құнарлы жер таңдап алып, оған қой қиын төкті. Сеялкамен әр гектары 20 кг-нан тоғыспалы әдіспен 5–6 см тереңдікке тұқым сеуіп, топырақты ауыр ағаш катокпен тегістеді. Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңінде егістікті 4 рет суарып, 2 рет үстеп қоректендірді. Берсиев жаз бойы егістіктің 3 рет арам шөбін отап, кейде оған күл мен құс саңғырығын шашты. Ол тарыны пісуіне қарай таңдап оратын.

Жыл сайын ойыл ақ тарысының сабағы майысып тұрған күлтелерін таңдап, оның ірі дәнін ғана тұқымға іріктеп алды. Сөйтіп, тарының жақсартылған жаңа сортын өсірді. Жазушы Мұстафиннің «Шығанақ» романы Берсиев өмірінен жазылған. Осы еңбегін бағалап, Кеңес үкіметі Берсиевті Ленин орденімен (1940) марапаттады. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу мен оған ұласқан аштық, одан кейінгі отыз жетінің сойқаны ел-жұртты есеңгіретіп тастағаны былай тұрсын, тұтас елдің жер бетінен жоғалу қаупі туғанда кез Ойылдағы Шығанақтың белсеніп еңбек еткен кезеңіне түспа-түс келеді. Ол аштықтан қырыла бастаған ел- жүртын аман сақтап қалудың бірден-бір жолы — тары өсіріп, жұрттың өзегін жалғау деп ұғынды. Өз үйінің көмбесінен алған ақ тары тұқымы Ойылға ауған жұрттың жаппай қырылып қалуына жол бермеді. Сол уақыт өткеннен кейін Қызыл Армияның мұқтаждығына жұмсалды.

Шығанақ қолдан жасалған ашаршылық әбден діңкелеткен халқын аман сақтап, мақсат-бағдарынан айырылып, артына ерген әлсіз жұртына күнкөріс көзін ашты. Осы тұрғыдан алғанда, елінің көшбасшысы, ұйытқысы бола білді. Бұл ерлігі екпінді бесжылдықтар тізбесіне жазылмай қалды. Маңдай термен өсірілген астық дереу майданға жөнелтілді, еңбегіне тиесілі қыруар қаржы армияға қару-жарақ сатып алуға жұмсалды. Ал, өзі болса ұжымшардағы балшықтан соққан қоңыр үйінде, еңбегін міндетсінбей, жерлестерінен ерекшеленбей тіршілік кешіп жатты.

Әлемдік рекордтың атасы өлгенінше Қарасу бойындағы қараша үйінде тұрды. Одақтағы нөмірі бірінші тары өсіруші атағы оны Сталин кабинетіне дейін алып баруға күші жеткенімен, диқан болмысын өзгерте алмады. Мүмкіндігі болып тұрғанына қарамастан «Құрман» ұжымшарындағы шаруашылығын, кетпенін басқаға айырбастаған жоқ. Соғыстың соңғы шешуші сәттерінде, алпыстан асқан диқан сол тары егістігінің шетіндегі қарапайым үйінде сырқаттанып қалды. Кремль алаңдады, бүйрық берді. Мәскеудеі аттандырылған арнайы ұшақ «Құрман» ұжымшарына ұшып келген. Акыр 1944 жылы пайғамбар жасына жетер-жетпесте өмірден озды даңқты еңбек ерлері Ел-жүртын аштықтан құтқарған сол кездің ескерткіші — қастерлі ақ тары тұқымы Ленинград мұражайында сақталған.

Бұл колхоздан тары өсірудің көптеген шебері шықты. Берсиевшілер — тары шығымдылығын арттыруда дүниежүзілік рекорд жасаған Берсиев Шығанақтың ізін қуушылар. Ұлы Отан соғысы алдында Ақтөбе облысында берсиевшілер қозғалысы кең өріс алды. Әрбір шаруашылықта берсиевші звено, бригада құрылды. Мұны бастаушылар: Ойыл ауданында Зәуре Баймолдина, Ақбала Берсиева, Қашқын Соқыров, Таган Үзақбаев, Балмұқан Ақабаев, Қобда ауданында агроном Ивченко, Әзима Бектенова, Ырғыз ауданында Өксікбай Ашамбаев, Қойлыбай Белесов, Мартөк ауданында агроном Неженцева болды.

Талғат  Жақыпбекұлы Бигелдинов (1922 ж.)

Дүниеге келгені: 1922 тамыз

Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майбалық ауылы

Мансабы: ұшқыш

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5-тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған.

Өмірбаяны

Ұшқыш болсам деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, «У-2» деген ұшақпен ұшуды үйрендім" дейді аты аңызға айналған батыр. Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.

Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады. 

КСРО Жоғарғы  Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады. 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады. 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады. Бүгінде 86 жасқа аяқ басса да денсаулығы мықты, тың Талғат ағамыз табиғат аясында жиі болғанды ұнатады. Бал арасын, бау-бақша өсірумен айналысады, қоғамдық жұмыстан да қол үзген емес.

Мәлік Ғабдуллин (1915 — 1973 жж.)

Дүниеге келгені: 1915 ж. қарашаның 15

Ақмола облысы Зеренді ауданы Қойсалған ауылы

Қайтыс болғаны: 1973 ж. қаңтардың 2 (57 жаста)

Алматы қаласы

Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973, Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі (1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961). Кедей шаруа отбасында туған. М. Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып, әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

Мазмұны:

  1. Қызмет бастамасы;
  2. Әдебиетке қосқан үлесі;
  3. Қызметтері;
  4. Шығармалары.

Қызмет бастамасы

М. Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдары Кеңес әскерінің генерал И. Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқы бүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың «Правдада» жарияланған «Эпостың тууы» атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындары Ғабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейін Ғабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946–51), Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951–63) болды. 1963–1973 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушісі болды.

Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі