Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 19:28, реферат

Описание работы

Тарихи хроника
Ұлы Отан соғысы¬ның бас¬та¬луы (1941–1945 жж.)
1940 жылғы 18 жел¬тоқсан – фа¬шистік Гер¬ма¬ния бас¬шы¬лығы «Бар¬ба¬рос¬са» соғыс жос¬па¬рын жа¬сады.
Мақса¬ты:
1. КСРО-ға қар¬сы соғыс ашу;
2. «Қауырт соғыс» иде¬ясы бойын¬ша соғыс¬ты 1941 жыл¬дың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жос¬па¬ры бойын¬ша фа¬шис¬тер КСРО-ны:
1. Сан¬сыз көп ұлттың жа¬сан¬ды және тұрақсыз бірлест

Файлы: 1 файл

тарих конф.docx

— 469.49 Кб (Скачать файл)

«Гитлер үйі» мен Рейхстагка дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқжаудырылған ашық алан, үстінде еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдатгарымен бұл қанды метрлерді толассыз атылған оқтың астында 7 сағатта, жерге жабыса еңбектеумен өтті. Рейхстагқа ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетті және бұйрықты орындап, Рейхстагтың фронтанына туды тікті. Бүл сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи ерлік жайындағы бүл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады, баспасөзде кеңінен хабарланды. Бүрынғыдай мүнтаздай, денесі тіп-тік, келбетті жігіт қалпы. 

Омырауын жауынгерлік «Қызыл ту», «1 дәрежелі Отан соғысы» ордендері, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдары ажарландырып түрды. «Жауынгерлік Қызыл Ту» ордені Рейхстагқа ту тіккені үшін беріліпті. Халық қаһарманы атағы Р. Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді. Ал Рақымжан 1988 жылы дүниеден өткен еді. Батырдың жұлдызын тапсыру сәтіне Қошқарбаевтың жары Рахила, қызы Әлия жөне майдандас досы Ж. Жанасов шақырылды. Награданы тапсыру кезінде еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қошқарбаевтың батырлық ерлігіне барынша жоғары баға берді, оның тәрбиелік және патриоттық мәнін атап айтты.

Мәншүк  Жиенғалиқызы Мәметова (1922 — 1943 жж.)

Дүниеге келгені: 1922

Орда ауданы, Орал облысы

Қайтыс болғаны: 1943 қазанның 16-ы

Невель

Мансабы: пулеметші

Мәметова, Мәншүк (шын есімі Мәнсия) Жиенғалиқызы — 1922, Орал облысы Орда ауданы, — 1943 ж. қазанның 16-ы — қаһарман қазақ қызы, Кеңес одағының Батыры (1944).

Қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Батыс Қазақстанның Орда ауданында дүниеге келген.

Ата-анасынан ерте айырылған Мәншүк балалық, жастық шағын Алматыда Ә. Мәметованың тәрбиесінде өткізеді. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Алматы медикалық институтында оқып жүрді.

Алматы қаласындағы №28 мектепте оқыған. Мәншүк Ұлы Отан соғысы басталғанда, 1942 жылы Алматы қаласындағы медицина институтында оқып жүрген еді. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы құрамында майданға аттанады.

1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Павлодар облысының колхозшылары Батыр қыздың құрметіне Мәншүк атындағы танк колоннасын құруға қаражат жинады. Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал, т. б. қалаларда Мәншүк атында көшелер бар. Республиканың ондаған мектептері, Қызылорда қыздар педагогикалық училищесі Мәншүк есімімен аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы «Мәншүк туралы жыр» (авторы — А. Михалков-Кончаловский, режиссері М. Бегалин) көркем фильм түсірілді.

Мәншүк Мәметова – Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жауды қырып, ерлікпен қаза тапты.

Қасындағы жолдастарынан айырылған Мәншүк үш пулеметті қатарынан қойып, жауды 3 сағат бойы жалғыз бөгеп тұрған.

Невель қаласын корғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметова есімімен аталады. Қаһарман қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова (1924 — 1944 жж.)

Дүниеге келгені: 1924 ж. 15 маусым

Бұлақ ауылы, Қобда ауданы, Ақтөбе облысы

Қайтыс болғаны: 1944 ж. 14 қаңтар

Казачиха деревнясы, Новосокольники ауданы, Псков облысы

Мансабы: мерген

Мазмұны:

  1. Өмірбаян
  2. Әлия атындағы ескерткіштер
  3. Ә. Молдағұлова атындағы көшелер
  4. Суреттер
  5. Гобелендер

Өмірбаян

Әлия (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), снайпер, ефрейтор.

1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. [1] Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербор, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.

Әлия атындағы ескерткіштер

  1. Новосокольники қаласы (авторы М. Айнеков);
  2. Ақтөбе (Л. Рапутов, Е. Штамм);
  3. Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б. Әбішев);
  4. Әліпбайсай ауылы (Б. Әбішев);
  5. Алматыдағы «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен;
  6. Мәскеуде ескерткіш (Б. Әбішев);
  7. Мемориалдық музейдегі бюсті (О. Шанов).

Ә. Молдағұлова атындағы көшелер

Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында

Суреттер

«Әлия» (С. Әлімбетов), «Мәңгілікке сапар» (А. Ануфриев), «Ауыл Бұлақ» (А. Корват), «Мерген Әлия Молдағұлова» А. Сапугов), «Мерген Әлия» / күріштен жасалған / (Ф. Терещенко), «Әлия» (О. Нұржұмаев), «Бұлақтағы Әлияның үйі» (Н. Өтегенов), «Соңғы көктем» (Т. Телеушев).

Гобелендер

"Әлия” (М. Нартов, Н. Рахманқұлов), триптих «Әлия” (Б. Атыраубаев).

Әлия атты музейлер

Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Әлия-ән

»Әлия-Мәншүк" жинағы, «Песнь Праматери Хобды» (А. Утегенов), «Гүл-ғұмыр» поэмасы, ән «Он тоғыз жас» (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия" мен «Сағыныш» әні (Г. Аймаханова), «Әлия» әні (Б. Тәжібаев пен С. Байтереков), «Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз» әні (композитор Қ. Қожанбаев), «Әлия» әні (Ә. Садуакасова), «Әлия» деректі повесі (Ә. Оралбай), «Әлия-Мәншүк» поэмасы (Т. Молдағалиев), «Әлияның жүрегі» (Я. Хелемский), «Әлия Молдағұлқызы» повесі (Ж. Жұмақанов), «Әлия» дастаны (С. Жиенбаев), «Шығыс шынары» повесі (Ә. Нұрмаханова), «Әлия» поэмалары (К. Деркаченко, Р. Трофимов), балет «Әлия» (М. Сағатов), «Әлия» атты деректі фильм (режиссер Ю. Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), «Әлия» спектаклі (Ә. Тарази), «Жарық жұлдыздар» поэмасы (С. Жиенбаев). Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды.

Бауыржан Момышұлы (1910 — 1982 жж.)

Дүниеге келгені: 1910 ж. желтоқсанның 4 (1910—12—04) (100 жыл)

Көлбастау, Жуалы ауданы, Жамбыл облысы

Қайтыс болғаны: 1982 ж. маусымның 10

Алматы, Алматы облысы

Ұлты: қазақ

Мансабы: жазушы

Момышұлы, Бауыржан (1910–1982) — Екінші Дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қазақтың көрнекті жазушысы.

Мазмұны:

  • 1 Өмір жолы
    • 1.1 Бауыржаның соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалығы
  • 2 Бауыржанға арнап
  • 3 Батыр наградалары
  • 4 Фильм
  • 5 Абай шығармалары
  • 6 Момышұлы Бауыржан туралы Фильм

Өмір жолы

Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.

Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.

1941 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.

Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын.

Бауыржаның соғыс тарихында болмаған 27 тактикалық жаңалығы

Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И. В. Капров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып, майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ. Шәріпов, Р. Жанғозин, Б. Жетпісбаев, М. Әлімжанов, Д. Снегин, Е. Таймасов, Т. Ахтановтардың ерлігі бір төбе. Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И. В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б. Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И. В. Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қақты.

Информация о работе Ұлы Отан соғысындағы Қазақ жауынгерлерінің ерлігі