Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Сентября 2013 в 20:40, реферат

Описание работы

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат,әр түрлі төтенше жағдайлардан, сондай – ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдалынылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Негізінен алғанда, қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге жақын орналасуы тиіс және де олардың салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек.

Содержание работы

І.Кіріспе: Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қорғаныс ғимараттары-панаханалар
2. Қорғаныс ғимараттарының тұрғызылуының негізгі талаптары
3.радиациядан қорғайтын орын
4. Жылдам тұрғызылатын панаханалар
5. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мен құралдары
6. Жеке қорғаныс құралдары
ІІІ. Қорытынды

Файлы: 1 файл

Панахана.docx

— 139.08 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар:

І.Кіріспе: Халықты қорғаудың  ұжымдық құралдары

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қорғаныс ғимараттары-панаханалар 

2. Қорғаныс ғимараттарының  тұрғызылуының негізгі талаптары

3.радиациядан қорғайтын  орын

4. Жылдам тұрғызылатын  панаханалар

5. Халықты қорғаудың негізгі  әдістері мен құралдары

6. Жеке қорғаныс құралдары

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат,әр түрлі төтенше жағдайлардан, сондай – ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жүйесінде пайдалынылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Негізінен алғанда, қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге жақын орналасуы тиіс және де олардың салыну мерзімі бойынша  бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек. Бұл қорғаныс ғимараттарының негізгі  мақсаты – халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға  ыңғайлы болуы қажет.

Панаханалар жан-жақты қымталған, радиациялы сәулелердің жолына бөгет  бола алатын арнайы салынған баспана. Олардың көмегімен адамдар тіпті  қираған панахананың өзінде ұзақ уақыт бола алады,олардың қауірсіздігі бірнеше тәулік бойы қамтамасыз етіледі. Панахананың кіретін және шығатын жерлері болуы керек.

Бұл ғимараттар негізінен су баспайтын учаскелерде салынады. Олар тереңдетілген топыраққа берік материалдардан салынады. Сырт жағындағы жамылғының төменгі жағы, әдеттегідей, жер бетінен биік орнатылмайды. Панахана еденінің деңгейі жер асты суының деңгейінен жоғары болуы тиіс.

Панахананың сыйымдылығы  отыруға (бірінші деңгей) және жатуға раналған (екінші және үшінші деңгей) орындардың санымен анықталады. Панахананың  өзі 3 түрге бөлінеді:


 


 

 

 

 

 

Панахана, онда жасырынған адам үшін, қажетті санитарлық – гигиеналық  жағдаймен қамтамасыз етілуге тиіс: ауадағы көмірқышқыл газдың көлемі 1%   (жоғарғы шегі – 3%), ылғалдылық 70% (жоғарғы шегі - 80%), температура  29ºС (жоғарғы шегі - 31 ºС) аспауға  тиіс.

Мұндай қорғаныс ғимараттары  негізінен мынандай талаптармен  тұрғызылуы тиіс: адамдарды үздіксіз қабылдап, шығарып салуды қамтамасыз ету мүмкіншілігі; панахананың су жайылып кету қауіпі бар жерлерге салынбауы; су беру және қысымдық канализация  желісінен алыс болуы; панахана арқылы транзиттік – инженерлік коммуникацияның  өткізілмеуі, апаттық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кірер және шығар  болуы тиіс.

Онда негізгі және қосалқы  бөлмелер жасау көзделеді. Негізгі  бөлмелерге басқару және санитарлық бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіретін және шығатын  есіктер. Панахананың ішкі бөлімдері (қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздерді және кеңейту камераларын қоспағанда) 1 жасырынушы үшін 1,5 м³ кем болмауға тиіс. Бір жасырынушы үшін негізгі бөлме едені алаңының нормасы екі ярусты нар кезінде 0,5 м² және үш ярусты нар кезінде 0,4 м² болуға тиіс. Бөлменің биіктігі бейбіт уақытта оны пайдалану тадаптарына сәйкес болуы қажет, алайда бөлменің төбесінен еденнің төменгі жағына дейінгі биіктік 2,15 болуға тиіс (ал ең кемі – 1,85 м).

Жасырынуға арналған бөлме  бірнеше бөлікке бөлінуге тиіс, адамдарды  орналастыру үшін бір және екі  ярусты орындықтар немесе панаханада жалпы орынның 20% - ын, ал үш ярусты орналасқан кезде 30%-ын құрауға тиіс.

Басқару жүйесіне арналған бөлме қосымша электр көзі бар  бөлмеге орналасады. Жұмыс істейтін алаң нормасы 2 м² болып белгіленген.

Желдетілетін бөлме панахананың  ішкі қабырғаларымен түйісуге және кірер  есік пен апаттық шығар есікке жақын орналасуға тиіс. Сыйымдылығы 150 адамға дейінгі панаханада желдеткіш  қондырғысын жасырынатындар бөлмесіне  тікелей орналасуға рұқсат етіледі.

Радиациядан қорғайтын  орын (РҚО) ауылдық жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоктивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО қымталмаған қорғаныс ғимараттар. Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс жолдарын, тері мен киімді радиоактивті заттардың түсуінен қорғайды. 

 

 

 

Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт пен қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл  халық қарапайым қорғаныс құралдарды – қуыстарды (ашық және жабық) салады. Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималдығы  2,3 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың түсуінен, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды. 


 

 

Қуыс ашық немесе жабық  болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40-50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады, оның терендігі 180-200 см, жоғарыдағы ені 110-120 см және төмендегі  ені – 80 см болады. Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстың – 50 адам. Қуыстың жабыны бөренеден темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ  себеді (0,6-0,7) және түгелдей дерлік жабады.

Панаханалардың жеткілікті саны жоқ жағдайда соғыс барысында  немесе шабуыл қаурі кезінде қалалар  мен өндіріс обьектілерінде жылдам тұрғызылатын панаханалар (ЖПТ) салынады. Олар қысқа мерзімді темір бетон жиналмалы құрылысынан немесе ағаш материалынан жасалынады. Мұндай панахананың сыйымдылығы (жататын орынды скергенде) – 50 – 200 кісілік болады.

ЖТП типті салынған панахана сияқты жасырынатындарға арналған бөлмеден, сүзгілік желдету қондырғылары, санитарлық топтар үшін арнайы орындары бар, апаттық  су қорымен, кіретін және апаттық  шығатын есіктерімен қамсыздандырылуы тиіс. Сыйымдылығы шағын панаханада санитарлық торап пен қалдықтарға  арналған ыдыс тамбурда, ал су құйылған ыдыстар жасырынатындар бөлмесінде орналасуға тиіс.

ЖТП ішкі қондырғыларына ауа  беру құралдары, ауаның улы заттардан  тазалауға арналған құм және шлак сүзгілері, дәрет пен қоқыстарға арналған ыдыстары, ауаны шаңнан тазалайтын мата сүзгілері, су құйылатын ыдыстары, ауа жинағыш және сорғыш саңылауларды қорғайтын қорғау құралдары, жарық  приборлары, сондай – ақ нарлар мен  орындықтар жатады.

ЖТП желдеткіші екі режим  бойынша: таза желдеткіш және сүзгіш желдеткіш режимімен қамсыздандырылады. Ауа беру үшін әр түрлі желдеткіштер пайдаланылады.

Қазіргі қалаларда панахана ретінде ыңғайластыруға болатын  сан алуан жер асты ғимараттары  бар: метро, көлік немесе жүргіншілер  өткелдері, жерасты көлік жайы, кафе, кинотеатрлар, ғимараттардың арасындағы жалғағыш тоннель.

Халықты қорғаудың негізгі  әдістері мен құралдарына келетін  болсақ,оның ішінде жарықтық сәулелену.Жарықтық сәулеленуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, үйдің тасасы.Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз кезінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал. 
Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғырлым ол әлсірей береді. Мысалы, ашық траншея – 3 есе азайтады; жабық траншея – 7-10 есе азайтады; бір қабатты ағаш үй – 10-15 есе; Жер астындағы үй – 7-15 есе (земляка), арнай дайындалған жер асты үйі – 400 есе; Көп қабатты үй подвалы – 100-400 есе; арнай салынхан баспахана – 1000 есе; темір бетоннан салынған баспана, шахта, тау қуысы – түгел қорғайды еш зиянсыз. 
Радиоактивті ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп жетмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды. Ол 3 зонадан тұрады:  
а)қауіпті зона; 
б)күшті ластанған зонасы; 
в)аздау ластанған зонасы. 
 
Ластау мөлшеріне байланысты: 
а)жарылыс түрінен (бомбаның); 
б)оның күшінен (неше мегатонна); 
в)жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан; 
г)эпицентрден қашықтығынан;

 
жер бетінің рельефінен (таулы, жазық дала т.с.) убежище), радиацияға қарсы панаханалар (РҚП) және қарапайым панаханалар жатады. 
Арнайы қорғану құрылымы бұл соғыс және бейбіт уақыттағы ядролық және химиялық қауіп қатерде пайдаланатын герметикалық қорғау құрылымы. Арнайы қорғану құрылымында паналайтын адамдар тері мен тыныс жолдарын қорғайтын құралдарды пайдаланбайды. Радиацияға қарсы панахана бұл адамдарды жедел сәуле мен радиоактивті заттар және биологиялық аэрозольдерден қорғайтын құрылым. Қарапайым панахана бұл жер қабатындағы саңлау, арық, траншея, арнайы қазылған үңгір (землянка). Бұларды жасауға көп уақыт кетпейді және оларда адамдар тиімді қорғана алады.  
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сыйымдылығына байланысты топталады. 
Қызметіне байланысты қорғаныс құрылымы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі қорғаныс құрылымы қаладағы халықты қорғау үшін, ал арнайы қызметтегі құрылымы басқару органдары қызметіндегі қызметкерлер, байланыс және хабарлау жүйелері және емдеу мекемелерінің қызметкерлерін олардың құралдарымен қоса қорғау үшін пайдаланады. Себебі бұл органдар тоқтаусыз жұмыс жасау керек. 
Көпшілікті қорғау құралдарына арнайы қорғану құрылымы орналасуы бойынша қосылып салынған және жеке тұрғызылған қорғану құрылымы болып бөлінеді. Қосылып салынған құрылымға ғимараттың подвалын жатқызуға болады. Бұл қорғаныс құрылымдардың ішінде кең тарағаны. Қорғану құрылымының жеке тұрғызылған түрі ғимараттан бөлек орналасады.  
Тұрғызылу уақтысы бойынша алдын ала тұрғызылған және тез арада тұрғызылған болып келеді. Алдын ала тұрғызылған қорғаныс құрылымы жанбайтын құрылыс материалдарын пайдаланып салынған салынған тұрғылықты құрылым. Ал тез арда тұрғызылатын қорғаныс құрылымы қолдағы бар материалдармен төтенше жағдай туындағанда ғана тұрғызылатын құрылым. 
Қорғаныс қасиеті бойынша қорғану құрылымы (убежище) бірнеше топқа бөлінеді. Атап айтқанда қорғану мүмкіншіліктеріне, оның қабырғаларының конструкциясына және оның соққылы толқынының қысымының белгілі бір шамасына шыдамдылығына байланысты болуы.  
Сыйымдылығына байланысты олар кіші сыйымды (600 адамға дейін), орта сыйымды (600-2000 адамға дейін) және үлкен сыйымды (2000 адамнан артық) болып бөлінеді.  
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді. 
Тыныс органдарын қорғау құралдарына противогаздар, респираторлар және қарапайым қорғау құралдары жатады. 
Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал фильтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпвәскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респераторлар тыныс алу органдарын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата және маталы-дәке таңбалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.

Теріні қорғайтын  құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскелік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді. 
Егер қарапайым киімдерге сабынды-майлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады. 
Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады. 
Жарақат және күйік кезінде, улы заттарды, бактериялық заттарды жеке ионды сәулені әлсірету және алдын алу үшін, өзара және өзіне көмек көрсету, антидот препараттары және радиопротекторлар бар. 
 
Жеке аптечка бірнеше ұялардан тұрады: 
1–ші ұяда – ауруды басатын заты бар шприц-тюбик орналасқан. Ол қатты жарақат алғанда, сүйек сынғанда және күйгенде колданады. Оны пайдаланғанда сол колымен бұдыр дөңгелегінен ұстайды да тюбиктің денесінен оң қолысен ұстап сағат тіліне қарай айналдырады. Сосын инені жауып тұрған қалпағын алып, шприц-тюбикті жоғары қаратып, ине ұшына тамшы пайда болғанша ауаны шығарады. Сосын инеге қол тигізбей, санның жоғары жағынан егеді. Жедел жағдайда киімнің сыртынан да егуге болады.  
2-ші ұяда - фосфорорганикалық улы заттармен улануды әлсірететін және алдын алатын зат – торен (6 дана) таблеткасы дөңгелек қызыл түсті пеналда орналасқан. Оны «Химиялық кауіп» белгісі берілгенде 1 таблеткадан қабылдайды. Улану белгісі күштірек болса, таблетканың тағы 1 данасын қабылдайды. Келесі қайталап қабылдау 5-6 сағаттан кейін болады. 
3-ші ұяды – түссіз үлкен пеналда N2 бактерияға қарсы қолданылатын зат – сульфадимотксин (15 таблеткасы) орналасқан. Оны сәуле алғаннан кейін азқан-ішек қызметі бұзылуы пайда болғанда 7 таблеткасын ішеді, кейінен 2 тәулікте 4 таблеткадан қабылдайды.  
4-ші ұяда – алқызыл түсті, сегізқырлы 2 пеналда, әр қайсысында 6 таблеткадан N7 радиоактивтіуланудан қорғайтын зат – цистамин орналасқан. Оны сәле алу қаупінде 6 таблеткадан бір қабылдайды және тағы сәуле қауіпі төнгенде6 таблеткасын 4-5 сағаттан кейін қабылдайды. 
 
5-ші ұяда – түссіз төрт қырлы 2 пеналда, әр қайсысы 5 таблеткадан тұратын N4 бактерияға қарсы қолданатын зат тетракциклин гидрохлориді орналасқан. Оны бактериялық улану және қауіп төнгенде, жарақат және күйік алғанда пайдаланады. Алдымен 5 таблетканы су ішумен бірге қабылдайды. Сосын 6 сағаттан кеиін 5 таблетка қабылдайды. 
6-шы ұяда – ақ түсті төрт қырлы пеналда N2 радтоактивті уланудан қорғайтын зат калий иодиді 10 таблетка) орналасқан. Оны радиоактивті заттар түскенде күніне 1 таблеткадан 10 күн қабылдайды. Ең алдымен балаларға 1 таблеткадан береді. 
7-ші ұяда – көгілдір түсті дөңгелек пеналда құсуға қарсы қолданатын зат этаперазин 5 таблетка) орналасқан. Оны сіуле алғаннан кеиін тез арада және бас жарақатынан кейін лоқсу пайда болғанда 1 таблеткадан қабылдайды. 
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.  
Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді. 
Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мендәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілтіті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.

Информация о работе Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары