Халықаралық сауда теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 08:13, доклад

Описание работы

Абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезендерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.
Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет.

Файлы: 1 файл

Халықаралық сауда теориялары.docx

— 23.13 Кб (Скачать файл)

Халықаралық сауда теориялары

Абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтары. Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезендерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Халықаралық сауданың классикалық теориясы.

  Халықаралық сауданың классикалық теориясы әйгілі ағылшын экономистары А.Смит пен Д.Рикардомен ұсынылған. А.Смит өзінің «Халықтың байлығының табиғаты мен себебін зерттеу» 1746 ж атты еңбегінде, халықаралық сауданың дамуын абсолютті шығындардың әртүрлігімен негіздейді және одан шығатыны, тауарды шығындары абсолютті аз елдерден импорттап, ал шығындары аз тауарларды экспорттау қажет. Смит елдердің халықаралық сауданы дамытуға мүдделі екенін көрсетті, өйткені олардың экспортер немесе импортер болатынынан тәуелсіз олар жеңіп отырды.

  Егерде  басқа елге, қарағанда бір тауарды  белгілі бір шығын бірлігінде көп өндіре алатын болса, онда ол ел абсолютті артықшылыққа ие.

  Мұндай  абсолютті артықшылықтар нақты  факторлардан тууы мүмкін-ерекше климаттық жағдай немесе табиғи ресурстардың болуы. Табиғи артықшылықтар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру өндірісінде маңызды роль атқарады.

  Елдер арасында сауда қатынастарын орнатқаннан  кейін сыртқы сауда ағымдарының  бағыты өндіріс шығындарының қатынастарының айырмасымен бағытталады.

  А.Смит көзқарасы кейіннен Д.Рикардомен толықтырылып, дамытылды. Ол салыстырмалы шығындар теориясын  қалыптастырды. Бұл теорияға сәйкес, егерде елдің абсолютті артықшылығы  болмаса да, сауда 2 елге де табыс әкеледі. Салыстырмалы шығындар теориясында балама баға немесе орнын басу шығыны түсінігі қолданылады.

  Бұл түсінік өндіріске жұмсалған  жұмыс уақытының саны арқылы ішкі нарықтағы екі тауарлы бірліктің  бағасын қарапайым салыстырумен түсіндіріледі.

  Орнын басу шығыны түсінігі мазмұны бойынша балама бағаға эквивалентті.

  Балама  баға-басқа тауар бірлігін шығаруға қажетті жұмыс уақытымен өрнектелген  бір тауар бірлігін шығаруға қажетті  жұмыс уақыты.

 Сол ғалымдардың бірі - ағылшын саяси экономиясының классигі А.Смит "Табиғатгы зерттеу және халықтың баю себептері" деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді", - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде.

 А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада "Абсолюттік артықшылық теориясы" деп аталып кетті.

 Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысты тиіс екендігі.

 Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек, мамандардың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді? Осы кезде "экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?" деген сұрақтар туындайды.

 А. Смит Франция,  Португалия, Шотландиа елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.

 Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

 А.Смиттің теорясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік:

 • біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері, сол өндірістің жүзеге асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады;

 • екіншден, егер табиағи артықшылықтарға жаңа технологиялардың жетістіктерін қоссақ, оңда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.

 • Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:

 • біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады, бірак та шын мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес

 • екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады;

 • үшіншіден, абсалюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінін алтернатавтік (балама) құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

 А. Смиттің "Абсатюттік артықшылық" теориясыңдағы аталып өтілген кемшіліктерді ағылшын саяси экономиясының тағы бір классигі Д. Рикардо "Компаративтік (салыстырмалы) артықшылық" теориясында жоюға тырысты.

Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген елде оның табиғи - климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.

 Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге болады, бірақ Жерорта теңізі маңында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп шығынды қажет етеді.

 Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден сатып алу өте тиімді болмақ. Рикардоның халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте зор.

 Мысалы, екі елден (Англия мен Португалия) тұратын қарапайым экономиканы қарастырайық. Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп есептейік.

 Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қалданады.

Матаны өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әріпімен, шарап өндіруге қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен белгілейік.

 Егер де әрбір елдің ресурстары шектеулі болса, сонымен бірге ол шығарып жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса, онда ол екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады. Оны төмендегі мына теңсіздікпен көрсетсек: Англия үшін

Португалия үшін

Осы келтірілгек тенсіздіктер негізінде, өндірістік мүмкіндіктердің шегін көрсетуге болады, яғни көлбеу сызық матанын құнына тең, ал матаның құны шараптың мөлшерімен өрнектеледі.

Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет. Әрбір сектор өндірістік фактордың біреуін ғана пайдаланғандықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

Автаркия (елдік басқа елдермен байланысының болмауы) кезінде ел екі иглікті де шығаруға мәжбүр болады.

Шараппен салыстырғанда матаның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.

Басқаша айтқанда, екі игліктің салыстырмалы бағалары оларды өндірісте қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.

Мата мен шарап өндірісінде қолданылатын технологиялар арасында белгілі бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары ер елде әр түрлі болып келеді. Автаркияның болмауы - сыртқы сауданың жүргендігінің дәлелі.

 Ал мата құнын шарап құнымен салыстырғанда, Англияда мата арзанырақ екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді. 

Англия 

 Португалия

 Мата 

 Шарап 

Жоғарыда көрсетілген кестеден Англияның абсолюттік артықшылығы айқын көрінеді.

 Енді екі игліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі анықталады.

 Ол үшін төмендегі кестені қарастыру керек. 

 Англия 

 Португалия

Матаның бір данасының шараппен өрнектелген құны  

 Бұл кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.

 А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек қана еңбек факторымен қарастырды.

 Бірақ іс жүзінде кез келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.


Информация о работе Халықаралық сауда теориялары