Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Адвокат ұйымдарға заң қызметін көрсетерден бұрын оның қызметінің ерекшелігімен мұқият танысуға, оның алдында түрған негізгі мақсат пен міндетті анықтауға және соған байланысты өзінің барлық жұмысын жоспарлауға тиіс.

 

 

1.3 Адвокаттар алқасы мүшелелерінің қүқықтары мен міндеттері

 

 

Адвокаттық  қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін  және оның жүзеге асыру тәртібі мен  мазмүнын анықтайтын, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен  қабылданған нормативтік қүқықтық актілер болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы  адвокаттық кызмет туралы заңнама көздерінің түрлері туралы мәселе ҚР Конституциясының 4-бабы және "Адвокаттық қызмет туралы" Заңның 2-бабының нормативтік үйғарымдарына сәйкес шешіледі. Конституция 4-бабының 1-бөліміне сәйкес, Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы күкық Конституцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге нормативтік қүқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. "Адвокаттық қызметі туралы" заңның 2-бабында адвокаттық кызмет тәртібінің осы Заңмен және адвокаттык қызметті реттейтін өзге заңдармен тәртіптелітіндігі белгіленген.

Жеке және заңды түлғалар істері бойынша адвокаттар өздері қорғау мен өкілдік етуді жүргізген кездегі іс жүргізушілік қүқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді (1997 жылғы 13-желтоксандағы Қазақстан Республнқасының қылмыстық-істер жүргізу кодексі, 1999 жылға 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексі, 1999 жылғы 30-наурыздағы Қазақстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" заңы және т.б.).

Жоғарыда тізбеленген  заңңама актілерінің ережелеріне  сәйкес адвокаттык қызхметті реттейтін заң негіздеріне мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы;

2) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған конституциялық заңдар;

3) "Адвокаттық қызмет туралы" заң;

4) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндал-ан өзге де зандар;

5) адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған заңға негізделген нормативтік актілер;

6) адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмүндалған Қазақстан Республикасының халыкаралық шарттық және өзге міндеттемелері;

7) адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;

8) адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Соттының нормативтік қаулылары;

Бұл негіздер нормативтік  құқықтық актілер деңгейін, яғни, нормативтік  қүкықтық актілер сатысындаға нормативтік  құқықтық актілердің орнын ескере отырып оның зандық күшіне байланысты тікелей  реттілікпен орналасады. Аталған  сатыдан тыс тек Қазақстан Республикасының Конституциялык Кеңесінің нормативтік қаулылары, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары ғана орналасады.

Заң күші - нормативті қүқықтық актінің белгілі бір қүқықтық салдар туғызу ерекшелігі. Осындай акті заң күшінің дәрежесі мемлекет органдарының жүйесінде осы актіні шығарған органның күқықтық мәртебесінің жағдайы мен қүзыретіне байланысты.

Адвокаттық  қызмет туралы заңнаманың жоғарыда аталған  негіздерін жан-жақты ашып, талдау қажет.

Барлық тізбеленген  негіздерден 1995 жылғы 30-тамызда Республикалык реферерендумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын ерекше атап көрсету керек (Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 7-қазаңдағы заңына сәйкес).

Қазақстан Республикасының  Конституциясы - бүл Қазақстан Реслубликасы заңдарының қүқықтық негізі, жоғарға заң күші бар және республика аумағында тікелей қолданылатын негізгі заң. Адвокаттық қызметте, қүқықтық реттеудің басқа салалары сияқты Конституциялық нормалар тікелей қолданылады.

Адвокаттық  қызметке қатысты конституциялық үйғарым II тарауда мазмүндалады. Оның негізгі мазмүны адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарына арналған. Адвокат туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясыңда тек 1-бапта ғана аталатындығын бөле көрсету керек. 16-бапқа сәйиес үсталған, түтқындалған, қылмыс жасады деп айтып тағылған әрбір адам үсталған, түтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін тайдалануға қүкылы.

Әркімнің білікті  заң көмегін алуға күқыға бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

Осы қағида жеке адамның қүқықтары мен заңды мүлделерін қорғау негізінде жатқан аса маңызды және принципті ережені мазмүндайды.

Келесі негіз  Қазақстан Республикасының конституциялык; заңдары мен Қазақстан Республикасының Президентінің констутуциялық заң күші бар жарлықтары болып табылады.

Заңдар Конституциялық деп Қазақстан Республикасының  Конституциясында көзделген мәселелер  бойынша Парламенттің әрбір Палатасы депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі дауысымен кабылданатындыктан аталған. Конституцияда тікелей көзделген жағдайларда бүл мәселелер Елбасының ерекше Жарлықтарымен тәртіптелуі мүмкін. Олар Конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыктары деп аталады.

Атап айтқанда, 2000-жылғы 25-желтоқсандағы Қазақстан  Республикасының "Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы" конституциялық заңының негізгі мақсаты сот жүйесі мен соттар қызметін одан әрі жетілдіру болып табылады.

Осы норматавтік құқықтық акті соттар құрылымьіның маңызды саяси-әлеуметтік мәселесін, олардың құзыретін, соттар мәртебесін анықтайды. Алайда, оларда адвокаттардың (қорғаушылардың) кызметіне тікелей қатысты, нақты мәселелерді шешу үшін цринципті маңызға ие нормарлар да бар. Осы мәселелер арасынан тиісті ретпен тәртіптелген мына хайттар айрықша ерекшенеледі:

- сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен үйымдардың қүқықтарын, бостандықтары мен заңды мүлделерін қорғауға, республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді;

- әркімге мемлекеттік органдардың, үйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген қүқықтарға, бостандыктар мен заңды мүлделерге нүксан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғануға кепілдік беріледі;

- ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып қүзыретті, тәуелсіз және алаламайған соттың қарау қүқығынан айыруға болмайды;

- сот билігі азаматтық, кылмыстық және заңда белгіленген сот жүргізу ісінің өзге де нысандарымен жүзеге асырылады (1-бап, 2-тармақ).

Норматиктік құқықтық актілер негіздерінде адвокаттардың қүкықтык жағдайын барынша толық реттейтін Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылға 5-желтоксандағы заңы ерекше орын алады (2001 жылғы 11-шілдедегі N235 және 2003 жылғы 3-мауысымдағы N424 өгерістермен және толықтарулармен). Онда адвокатура міндеттерінің үйымдастырылуы мен қызметтері анықталған, аса маңызды үғымдар, адвокаттардың қүкыктары мен міндеттері, адвокаттар көрсететін заң, көмегінің түрлері түсіндірілген.

"Адвокаттык  қызмет туралы" заң негізгі болса да, адвокатураға катысы бар жалғыз заң емес. Өзінің бүкіл маңызына қарамастан осы Заң адвокаттар қызметін, әсіресе сот жүргізу ісіне катысатындардыкін, олардың өкілеттігін және т.б. толығымен реттей алмайды. Осы заңның кағидаларын дүрыс қолдану бірқатар заңдардың ережелерін білуді талап етеді Оған жататындар:

- 1997ж. 16-шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

- 1997ж. 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

- 1994ж. 27-желтоқсандағы: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.

- 1999ж. 1-шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі.

- 1999ж. 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

2001ж. 30-қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік қүкық бүзушылық туралы кодексі.

- 2001ж. 15-қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңы.

- 2001ж. 12-мауысымдағы Қазақстан Республикасының бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер кодексі (Салық кодексі).

- 2000ж 5-шілдедегі Қазақстан Республикасының "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" заңы.

- 1999ж. 30-наурыздаға Қазақстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" заңы.

- 1995ж. 17-сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" N2200 заңы.

- және басқа да заңнама актілері.

Жоғарыда тізбеленген  нормативтік қүкыктық актілер және өзге заңдар ! жалпы тиісті қүқықтық катынастарды реттеуге арналған. Мысалы, олар мемлекеттік күқық қорғау органдарының өкілеттігін, сондай-ақ басқа қатысушылармен қүқықтық қатынастардың өзара байланыс тәртібін реттей алады. Алайда, оларда сонымен қатар адвокаттык қызметте туындайтын накты мәселерді шешу үшін принципті маңызы бар нормалар мазмүндалған. [12, 76 б]

Заңға негізделген  нормативтіқ актілер, яғнн- заңдар негізінде  және мемлекеттік органдардың өз қүзірет шегіңде орындауы үшін шығарылған нормативтік қүқықтық актілер өзге негіздер болып табылады. Олар зандар нормаларын нақтылауы және тәртіптерді белгілеуі мүмкін, алайда, бүл жағдайда олар заңға сәйкес және оған қайшы болмауға тиіс.

Мысалы, Қазақстан  Республикасы Үкіметінің "Адвокаттар көрсететін заңи көмектер мен қорғауға және өкілдікке байланысты шығындардың  орнын толтыруды республикалық бюджет есебінен төлеу ережелері туралы" 1999-жылға 26-тамыздағы Қаулысы. Осы Қаулыда заңнамада көзделген жағдайларда адвокаттар көрсететін заңи көмектер және қорғаумен, өкілдікпен байланысты шығын-дардың орнын толтыру тәртібі реттеледі (Адвокаттардың Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 114 және 304-баптарына, "Әкімшілік қүқық бүзушылық туралы" Қазакстан Республикасы Кодексінің 590-бабына және "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес). Заңға негізделген актіге сондай-ак, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001-жылғы 25-қыркүйектегі "Адвокаттық не нотариаттық кызметпен айналысу қүкығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін" және басқа да актілерді жаткызуға болады.

Адвокаттық  кызмет үшін маңызды түжырымдамалық мәні бар қүқық негіздеріне Қаізақстан Республикасындағы қүқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын (негізгі бағыттар) жатқызуға болады (1994 жылғы 12-ақпанда Қазақстан  Республикасы  Президентінің  қаулысымен   бекітілген),   онда  сот

жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін күшті, білікті адвокатура қажеттігі атап өтілген.

Аталған мемлекеттік  бағдарлама қабылданған сәтте қүқықтық реформа адвокатура туралы қолданыстағы заңдарды қайта қарауды көздеді. Оларда мына ережелер орын алуға тиіс болатын: адвокаттық қызметтің саналуан тәуелсіз, өзін-өзі басқаратын үйымдық нысандары; олардың міндетті лицензиялануы; тиімді қорғау мен өкілдік үшін кепілдік; азаматтарды қорғау және өзге заң көмегін көрсету бойынша адвокат қызметіне араласпаушылық; кез келген мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен мекемелерде сот ісінің кез келген сатысында кәсіби заң көмегі мен қорғау қүқықтары; мемлекет есебінен заңмен анықталған адамдарды корғау үшін шығындарды төлеу; адвокаттардың ерікті бірлестіктерінің, адвокаттық кеңселер мен фирмалардың женіндегіиген салыға. "Адвокаттық қызмет туралы" 1997-жылғы 5-желтоқсандағы заң және адвокатты қызметті реттейтін өзге де заңдар мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың манызды нәтижесінің бірі болып табылады.

Жалпы осы қүкықтық реформаның өзінің рөлін орындағандығын атап көрсеткен жөн. Ол уақытша сипатта болған коғам дамуының белгілі кезеңі болды. Қазір реформалардан гөрі мемлекеттің қүқықтық дамуының түжырым-дамасы туралы көбірек айту керек. Енді қолданыстағы заңға қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен кодификациялы қабылданған актілердің кемшіліктері жойылуға тиіс. Атап айтқанда, негізсіз айыптаудан және соттаудан, адам—мен азаматтың қүқыктары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды калайша толығамен камтамасыз ету және сонымен қатар қылмыстық процестің өзін барынша онай, қарапайым және тиімді етуге болады. Соңдықтан ҚР Әділет министрлігінің Қазакстанның күқықтық дамуының түжырымдамасын жүзеге асыру жүмыстарын жалғастыруға тиістілігі әділ айтылған.

Қазакстан Республикасы Әділет министрлігінің бүл жүмысы Қазақстан  Республикасы Президентінің 2002-жылғы 20-қыркүйектегі N949 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қүқықтық саясат Түжырымдамасына сәйкес орайластырылған. Қылмыстық іс жүргізу заңдарын одан әрі жетілдіру кажет. Бүл орайда негізгі мақсат қылмыстық іс жүргізудің адам қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған мынадай түбегейлі принциптерін нақты нормаларда одан әрі дәйекті жүзеге асыру болып табылады (басқалардың арасында): сот ісін жүргізуді сотта іс қарауда айыптау функциясын қорғау функциясы мен істі шепгу функциясынан бөлек болатындай етіп қүратын тараптардың бәсекелестігі мен тең күкықтыға, сол секілді Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген, халықаралық күқықтық нормалармен және Республиканың қылмыстық іс жүргізу заңымен танылған басқа да принциптер негізінде жүзеге асыру. Оның ішінде Түжырымдама қылмыстық сот ісін жүргізудегі қылмыстық саясат ізгілігі үрдісінің көрінісі мыналар болып табылатылдығын белгілейді (басқалардың арасында): жәбірленушілердің, соның ішінде мемлекеттің қүқықтары мен заңды мүлделерін кеңейту іс жүзінде қылмыстық процестің негізгі басымдықтарының

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері