Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Адвокатураны  ұйымдастырудағы киындықтарға қарамастан республикада мүмкіңдік шегінде адвокат кадрларын даярлау жүргізілді Осылайша, 1936-жылы адвокаттар алқасында 141 адам болды. Сол жылы алка қызметкерлерінің алғатықы бүкілқазақстандық съезі шақырылды, онда халыққа заң көмегін жақсарту жөніндегі адвокатура міндеттері анықталды.

30-40-шы жылдары  қылмыстык істер бойынша (әсіресе  саяси істер бойынша) қорғау  қызметінің үтымдылығы бірқатар бежілі себептер бойынша төмендеді "Одақтас республиқалардың қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер еңгізу туралы" 1934-жылғы 1-желтоқсандаға КСРО (СССР) Орталық Атқару Комитетінің (ЦИК) Қаулысы өте жағымсыз роль атқарды. Онда террористік үйымдар мен террористік актілер туралы істер бойынша сот жүргізудің ерекше тәртібі бегіленді: тергеу уақыты 10 күннен аспайтын мерзімде аяқталды, ал айыпталушыға айыптау корытындысы сот істе каралғанға дейін бір тәулік бүрын тапсырылды; айыптаушы мен корғаушының сотқа қатысуы тоқтатылды; қассациялық шағым жасауға және кешірім жасау туралы өтініш беруге рүқсат етілмеді. Кейіннен 1937-жылғы 14-қыркүйектегі КСРО (СССР) Орталық Атқару Комитетінің (ЦИК) Қаулысымен осы тәртіп контрреволюциялық зиянкестіктер және диверсиялар туралы істерді қарауға қатысты белгіленді".

1936-жылы КСРО (СССР) Конституциясы қабылданғаннан кейін 1939-жылға 16-тамызда КСРО ХКК (СНК СССР) бекіткен жаңа Адвокатура туралы Ереже қабылданды. Нақ осы ереже адвокатураның кеңестік қүқықтық жүйедегі орнын түпкілікті анықтады және адвокаттар алқасы Әділет халық комиссариатының мекемелерінің біріне айналып, оның нүсқауларын қатаң орындап отырды.

Осы ережеге сәйкес адвокаттар алқасы өлке, облыс, автономиялы және одактас республикалар шектерінде қүрылды. Тек өлкелік (облыстық) бөлініс жоқ республикаларда ғана одақтас республикалар шектерінде үйымдастырылды.

Мына түлғалар адвоқаттар алқасының мүшесі бола алады: жоғары заң білімі бар; кемілде 1 жыл, сот, прокуратура және әділеттің басқа органдарында практикалық жүмыс өтілі бар заң мектептерін бітіргендер; заң білімі жоқ, алайда аталған лауазымдарыда кемінде 3 жыл істегендер. Заң мектебін бігіріп, алайда сот, прокуратура және әділеттің баска органдарында практикалық жүмыс өтілі жоқ түлғалар адвокат алкасына тағлындамадан өтушілер ретінде қабылданды. Алқаның басқару органдары мыналар болып табылды: адвокаттар жалпы жиналысы, облыстық, өлкелік және республикалық адвокаттар алқасы мен теқсеру комиссиясы. Адвокаттар барлық жүмысын заң консультациясында жүргізді. Адвокаттар алкасына жалпы басшылық КСРО Әділетінің одақтық, республикалық халық комиссариатырына және олардың жергілікті органдарына жүктелді. Оларға алқалар ісіне кедергісіз араласуға және оған басшылық етуге мүмкіндік беретін ауқымды өкілеттіктер берілді

Адвокатураға  жағымсыз козқарастың болуына қарамастан, сол кездің өзінде адвокаттарды қызмет көрсету саласының қызметшілері ретінде санауға бола ма деген пікір теріске шығарылды. Заңи ортада "адвокатураны жұртшылық алдында мансүқ ететін, оны қарапайым кәсіп дәрежесіне түсіретін және оны өз қызметін сататын кім көрінгеннің қатарына қоятын осындай көзқарасғы батыл айыптау керектігі" атап көрсетілді. Сол жылдары елдің крғамдық-саяси дамуыны төзбеушілік, жаулық, жаппай күдік, қорқақтық, жала және андуншлық ахуалы теріс ықпал етті. Мүндай жағдайда адвокатураның қандай да бір бөлек маңызды ролі туралы айту мүмкін емес еді. Алайда, осы жәйттар адвокатураның дамуы мен белгілі бір корпоративтік түтастыкты және шектеулі автономияны сактауға бөгет бола алмады, кәсіби адвокаттық корпустың қалыптасу процессі тоқтаған жоқ, олардың көпшілігі өз парыздарын адал атқарды.

Үлы Отан соғысы жылдары адвокатура әскери қызметшілерге, олардың отбасы мүшелеріне, соғыс мүгедектеріне заң көмегін көрсетуге баса назар аударды.

Соғыстан кейінгі мерзімде біздің республикадағы адвокатура жүмысының үйымдық нысандары өзгеріссіз қалды: алқа қызметіне жалпы басшылықты Қазак ССР Әділет халық комиссариаты, ал тікелей басшылықты сол алқалардың сайланбалы органдары - төралқалар жүргізді Алайда, адвокатурада білікті мамандар тапшылығы өткір сезілді, оның материалдық базасы нашар болды, оның кызіметкерлерінің кызметін қүқықтық тәртіптеуде елеулі кемшіліктер орын алды. Алда адвокатураны нығайту, оның үйымдық нысанын жетілдіру, беделін көтеру міндетті түрды.

Сот ісін жүргізу туралы 1958 жылғы 25-желтоқсандағы заңнама негіздері "сотта қорғауды жүзеге асыру, сондай-ак азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен үйымдарға заң көмегін көрсету мақсатында адвокаттар алқасының жүмыс істейтіндігін, адвокаттар алқасының адвокаттық қызметпен айналысатын түлғалардың, ерікті бірлестігі екендігін және одақтас республика Жоғары Кеңесі бекіткен Ереже негізінде өз қызметін жүргізетіндігін" белгіледі. Осы нүсқауға сәйкес әрбір одақтас республика адвокатура туралы өз Ережесін қабылдады. Қазақстанда мүндай ережені 1960-жылғы 5-шілдеде ҚССР Жоғары Кеңесі бекітті.

1950-60 жылдары Қазақ ССР Министрлер Кеңесі жанындағы заң комиссиясының төрағасына адвокаттар алқасы жиналысымен қатар алқа төралқаларының төрағаларына тәртіптік жаза қолдану күқығы берілді. Басқа республикаларда бүл мәселе сол уақытта тіпті Адвокатура туралы ережелермен де реттелген жоқ. Бүл мәселе осы күнге дейін үлкен күдік пен алшақтық туғызып келеді. Өйткені, кейде алқа төралқаларының төрағаларыш немесе олардың орынбасарларына қатысты соттар мен өзге мемлекеттік органдардың жеке анықтамалары және ақпараттары келіп түрады. Адвокатураға мемлекеттік басшылыктың нысаны ретінде төралқаны тарату қарастырылды, одан кейін жаңа қүрам сайлануға тиіс болатын.

1977-жылы кеңестік заңнама тарихында КСРО Конституциясында алғаш рет адвокатураның күқықтық жағдайы бекітілді (161 бап). Сөйтіп, мемлекет ресми денгейде адвокатураны конституциялық орган, ал адвокатта сот ісін жүргізу кезінде тікелей қатысушы ретінде мойындады. 1979-жылғы 30-қарашада КСРО-дағы адвокатура туралы Заң қабылданды. Осы нормативтік қүқықтық актімен жалпы одақтық көлемде кеңестік адвокатураның үйымдық және қызмет мәселелері реттелді Осы заң негізінде әрбір одақтас республикада "Адвокатура туралы Ереже" әзірленді (Қазақстанда мұндай Ереже 1980-жылғы 13-қарашада бекітілді). Осындай актілерді қабылдау адвокаттар қызметін бірізді реттеуді қамтамасыз ету және сонымен қатар адвокаттар алкасының ролін көтеру, кейбір мәселелерде адвокаттарға үлкен дербестік беру қажеттігінен туындады. Сонымен қатар адвокатураның мемлекетке тәуелділігі күшейді. Осылайша, адвокаттар алқасы тек жергілікті мемлекеттік органдар хМен Әділет министрлігінін; келісімімен және мақүлдауымен ғана қүрыла алатын, осы органдар алқаның сандық күрамын реттеді, адвокаттан соттағы мінез-қүлқын бақылады және т.б.

Ережеде адвокатураның  міндеті, адвокатураға мүше қабылдау және одан шығару гәртібі анықталып, алқаның  үйымдық қызметін жетілдіру шаралары қарастарылды және адвокаттьщ қызметтің  кепілдігі түжырымдалды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар адвокаттьщ сауалы бойнша заң көмегін көрсетуге байланысты қажетті қүжаттарды заң консультациясы арқылы беруге міндетті болды. Адвокатурадан шығарылған адвокаттар шағамын караудың соттағы тәртібі қарастырылды. Алканың басшы органдарын сайлау, өкілеттік мерзімі тәртібінің бірынғай ережесі белгіленді. Осының барлығы, сөз жоқ, кеңестік соі төрелігі жүйесінде адвокатураның орны мен маңызын көтерді, азаматтар мен үйымдарға көрсетілетін заң көмегінің саласын арттырды, соңғылардың өз занды қүқықтары мен мүдделерін жүзеге асыруына көмектесті Осы Ереженің көптеген баптары ізінше қолданыстағы "Адвокаттық қызмет туралы" ҚР Заңына негіз болып қаланды, адвокаттар қызметін конституциялык. реттеу, Қазак ССР адвокатурасы туралы Ереженің кабылдануы қылмыстык сот ісінде заңдылықта қамтаіугасыз ету, соттың заңды, қисынды және әділ укім шығаруы түрғысынан қорғау институты ролінің өскендігін көрсетті.

Кеңес қоғамын  қайта қүру және онтайландыру дәуіріңде, 80-жылдардың екінші жартысында заң саласын қамшған кооперативтік козғалыс өрістеді. Барлық жерлерде хальщка ақылы барлық мүмкін заң қызметтерін көрсететін әртүрлі кооперативтік-қүқықтық үйымдар, кауымдастықтар, одақтар және т.б. пайда болды. Қүқық қорғау органдарының бүрынш кызметкерлері, заңгерлік жоғарғы оқу орындарының және техникумдарының практикалық тәжірибесі жоқ оқытушылары мен тулектері және т.б. осы қүқықтық кооперацияларға мүше болды. Іс жүзінде дәстүрлі жүмыс істейтін қорғау институттарына өзіндік бәсекелестік туғазды, оның үстіне 1989 жылғы 30-маусындаға Қазақ ССР Жоғарға соты пленумының "Қүкыктык кооператив мүшелерінің қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы туралы" Қаулысына сәйкес жарғаларында азаматтарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен үйымдарға заң көмегін көрсету көзделген қүқықтық кооператив мүшелері айыпталушының (сотталушының) қорғаушысы немесе қылмыстык, сот ісі процесіне өзге Қатысушы және азаматтық сот ісіне азаматтардың, зақцы түлғалардың өкілі ретінде жіберілуі мүмкін . Алайда практика осы шешімнің кате екенін көрсетті (кейде өзінің тек пайдакүнемдік мүддесін ойлаған, адвокаттық әдеп төртіптерін өрескел бұзған, біліктілігі төмен және тәжірибесі жоқ, адвокатар алқасынан шығарылған, теріс құлықтары үшін күқық органдарынан босатылған адамдар қорғаушы болды, осының барлыға заңсыз сот шешімдерінің шығу ықтималдыған күрт өсірді) және олар ізінше 1991 жылғы 28-маусымдаға заңмен жойылды. [13, 159 б]

Қылмыстық сот ісінің алғашқы сатысындағы қорғау қүқығы заңдык түрғадан 1989-жылғы 13-қарашадағы сот қүрылысы туралы КСРО және одақтас республикалары заңнамасы Негіздерінде бекітілді Негіздерге, 1990-жылға 10-сәуірдегі КСРО Заңына сәйкес Қылмыстық сот ісі Негіздерінің 13, 22, 23 - баптарына өзгерістер мен толықтарулар енгізілді. Осындай заңдар ҚазССР-ында тиісінше 1990- жылғы 23-қараша мен 1991 жылғы 16-ақпанда қабылданды.

Осы заңдар қабылданғаннан кейін республика Әділет министрлігі мен адвокаттар алқасының төралқасы прокуратура органдарымен және ІІМ (МВД) бірге 1989-1990 жылдардағы үстау, түтқындау, айып тағу, кылмыстық ізге түсуді тоқтату санының өсуіне талдау жасады және осы негізде азаматтардың заң көмегіне жүгінуінің ыктимал өсуі болжанды. Осы факторлар адвокаттар санының өсуіне, қылмыстық істі тергеудің алғатықы сатысындаға корғану қүқығы туралы заңды жүзеге асыру бойынша бірқатар шүғал шараларды қабылдауға және т.б. ықпал етті. Ағап айтқанда, барлык заң консультациясында прокуратура және ІІМ келісілген кесте бойынша адвокаттар кезекшілігі үйымдастырылды.

Жоғарыдағы  өзгерістер "Адвокатура туралы Ережеге өзгерістер мен толықтылар енгізу туралы" 1991-жылға 28-маусымдағы Қазақстан Республикасынын Заңында өз көрінісін тапты, онда адвокаттар алкасының санын көбейту үшін шектеулер алынды; біліктілік емтиханын тапсырғандар және адвокаттық практикамен шүғылдану қүқығына патент алғандар тиісінше алқаға мүшелікке қабылданды; адвокаттарға заң консультациясында жүмыс істеумен катар х\іеншікті адвокат кеңсесін және азаматтарға заң көмегін үйымдастырудың өзге де нысандарын күру мүмкіндігі және т.б. берілді.

Осы заңға сәйкес, жоғары заңи білімі бар, қажетті тәжірибе мен кәсіби дағдыларды алған үміткерлерді адвокатураға кабылдауды камтамасыз ету мақсатында халык депутаттары облыстык, Алматы калалык Кеңестері атқару комитеперінің әділет басқармалары жанынан біліктілік комиссиялары қүрылды.

Комиссия тиісті әділет басқармасы бастығының бүйрығымен және ҚазақССР Заңгерлер одағы облыстык атқару комитетері мүшелерінің, заң ғалымдары, тәжірибелі заңгер-практиктер өкілдері үсынған адвокаттар кіретін адвокаттар алқалары жалпы жиналыстары қаулысынен үш жыл мерзімге қүрылды. Комиссия қүрамына адвокатардың кемінде елу пайызы кіруге тиіс болды.

Бұл комиссия адвокат атағына үміткер түлғалардан емтихан қабылдады; үміткердің Ережеде мазмүндалған талаптарға сәйкестілігі туралы мәселені шешті; адвокаттық практикамен шүғылдану қүқығына патент берді

Осы заң адвокат корпусының санының сапалық және сандық өсуіне жағдай жасады, бүл өз кезегінде қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамды қорғауды қамтамасыз етуге (оның ішінде айыпталушының (сезіктінің) нақты адвокат тандау қүқығына) мүмкіндік берді.

Қазақ ССР ҚЖК  жүзеге асыру кезінде қорғаушының  қатысуын, әсіресе сезіктіден алғаш  рет жауап алған кезде қамтамасыз ету туралы баптың және осы заңның басқа да ережелерінің әртүрлі себептерге орай бірқатар қиындықтарға кездескендігін атап өткен жөн, олардың арасында: әкімшілік-аумақтық бірліктің шалғайлығы мен көлемі; өңірдегі халықтаң аздығы, сондшдан да бір ауданда тек бір адвокаттың ғала болуы; білікті заң махМандарының аздығы; алқа мүшелерінің материалдық мүдделілігінің болмауы (мемлекет адвокаттаң орта айлық қорғауақысының жоғары шегін кунтізбелік жылға есептеп анықтады, бүл мөлшер белгіленген сомадан аспады) және т.б. Сонымен қатар, 1991-жылғы 16-ақпандағы заң қорғаушының қорғауды жүргізуге кедергі келтіретін тәндік және психикалык кемшіліктері бар кәмелетке толмағандар мен сот ісі тілін білмейтін түлғалар істері бойынша үстау хаттамасы немесе түтқынға алу туралы қаулы жарияланған сәттен бастап міндетті қатысуын еңгізді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 12-ақпандаға Қаулысымен Қазакстан Республикасындағы күкықтық реформаның мемлекеттік багдарламасы (негізгі бағыттар) бекітілді. Онда республика заң жүйесінің терең дағдарысты өткеріп отырғандығы, оның қүқықтық реформалардың нарықтық экономиканың дамуынан, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесінен, қазіргі парламентаризм және өзге де демократиялық институттардың қалыптасуынан айтарлықтай арта қалуынан ушыға түскеңдігі атап өтіледі. Осындай жағдайларда мемлекет халыққа күқықтьщ қызмет, қүқықтық көмек саласындағы кызметті қүқықтық реттеуден шет қала алмайды. Реттеудің мақсаты, ен алдымен, қүқықтық қызметтер нарығын әрбір азаматқа оның қорғануы үшін Конституциялық қүқығын жүзеге асыруына кепілдік беретін жоғары сапалы күкық қорғау жүмыстарымен қамсыздандыру болып табылады.

Қүқықтық реформаның түжырындамалық бағытталуы адвокатура институтының республика қүқық қорғау жүйесінде лайықты орын алып, өзін-өзі басқаратын, өзін-өзі қаржыландыратын коммерциялық емес үйым ретіндеті дербестігін сактайғындығында. Ал бул үшін адвокат өзінің кәсіби парызын орындауға тиісті іс жүргізу қүқықтары мен міндеттемелерін алуға тиіс.

80-ші жылдар  шегіңде және 90-шы жылдардың басында  қүқық саласында басталған өзгерістердің  пәрменді, білікті адвокатураны  қалыптастыру үшін негіз калағандығын атап өткен жөн. Адвокатураның "косалкы сот мекемесі", екендігі туралы жалған үғымға негізделген қоғамдық теріс пікір біртіндеп лсойылды (дәйек сөз Ю.И.Стецовский бойынша).

Сөйтіп, адвокатура шын мәнінде мемлекеттің қажетті қоғамдық-күқықтық институтына айналды, бұны адвокаттар еңбегінің ролі мен беделінің артуы айғақтайды. Мысалы, 1995-жылдың басында адвокаттардың жалпы санының 1989-жылмен салыстырғанда үштен бір есеге артып, екі мыңнан асты. 1992-жылы Алматыда 244 адвокат болды, ал 1997-жылдың 1-қаңтарында Алматы қалалық адвокаттар алқасында мүшелердің саны 300 адамнан асты. Алайда адвокаттың сот ісінің кез келген сатысында бәсекелестік, түлғаға кол сүқпаушылық, абырой мен беделді күрметтеу, кінәсіздік презумпциясы, заң көмегі хмен қорғау қүкығын алу принципімен қамтамасыз етілуі түрғасында процеске толыққанды қатысушы болғандығы туралы айтуға әлі ертерек.

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері