Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Қаулыда ҚР ҚІЖК 72 және ҚР АІЖК 114-баптарында анықталғандармен катар,  ҚР АІЖК 304 және  "Әкімшілік қүқык бүзушылыктар туралы" ҚР

Кодексі 590-баптарында анықталған адамдардың мүдделерін қорғау жөніндегі адвокаттар қызметін республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылды. Көрсетілген жаңа Қаулыда айлық жалақының ең төмеңгі көлемінің 1/21 есептемесімен анықталатын адвокат жұмысының әрбір сағаты үшін төлемнің кепілді ең төмеңгі көлемі белгіленді (2003 жылы ЕТЖ 5000 теңге). Бұл жағдайда төлем көлемі соңғы екі айдағы адвокаттың орташа жалақысынан кем болмауға тиіс.

Қолданыстағы  заңнамада белгіленген айлық  жалақының еселік мөлшерін ескере отырып ең төмеңгі көлемді енгізу адвокаттың өз еңбегі үшін ең төмеңгі төлем  алуына кепіл болып табылады.

Қаулымен, сондай-ақ Тәртіпке мынадай өзгеріс еңгізілді: сезіктіге (айыпталушыға) Қазақстан  Республикасының Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 68-бабында белгіленген  мерзім аяқталатын кезек күттірмейтін жағдайлардағы түнгі уақыттағы  тергеуші нехмесе анықтаушы жүргізген жауап алуға адвокат қатысқан әрбір сағат үшін кемінде бір жарым есе, ал жексенбі және мереке күндері екі есе төленеді.

Жоғары аталған  Қаулыны жүзеге асыру барысында  азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған  санаттарына адвокаттар көрсететін заң көмегімен қатар қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуде түлғаларды қорғауды қамтамасыз ету деңгейі де айтарлықтай көтерілді.

Жалпы, Заң мен  заңнама адвокаттар өз қызметінде тап болатын мәселелерді толық шешкен жоқ. Атап айтқанда, ҚР ҚЖК 74-бабы 2-тармакшасында және 14 бабы 3-тармағы 5- тармақшасында көзделген (іске жіберліген сәттен бастап өзі корғайтын түлғамен олардың санын, уақытын шектеусіз және қүпиялылықтың, сақталу жағдайында оңаша кездесуі) адвокат қүқықтары қылмыстық процесті жүргізуші жекелеген түлғалар тарабынан үдайы бүзылуда, осы қызметкерлер заңнама талаптарын елемей, кейде қасакана және қисынсыз себептер бойынша адвокаттың өзі қорғайтын адаммен кездесуіне кедергі жасайды. 1999-жылғы 30-наурыздағы Қазакстан Республикасының "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте үстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Заңының 17-бабы осы ережені орнықтырып, оны айтарлықтай кеңейті. Онда "қорғаушы ретінде іске катысушы адвокатқа оның адвокатураға қатыстылығын айғақтайтын күжатты және осы іске адвокаттың қатысу қүқығы үшін заң консультациясы берген ордерді немесе маңызы бойынша оған теңестірілген қүжатты көрсетуі бойынша жолығуға жіберетіндігі» анық айтылған, алайда, өкінішке орай, арнайы мекеме қызметкерлері үшін бірден бір күжат тергеуші немесе судьяның рүксаты ғана болып табылады. Кедергінің басқа бір түрі "бір жолға" рүқсат дейтін бойынша адвокатқа өзі қорғайтын адамға жолықтыру практикасы болып отыр. Әрбір кездесу мен өзінің кәсіби міндетін орындау үшін адвокаттар осындай "бір жолғы" рүқсатты тергеуші немесе судьядан жалынып алуға мәжбүр. Оны тергеу оқшалауғышының қызметкері адвокат шыққан бойда алып калады, ал оны екінші рет жолығу үшін алу өте киын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта адвокаттар қызметіндегі осы  кедергілердің негізінен жойылғандығын атап еткен жөн, алайда кейбір жекелеген жағдайлар әлі де орын алып отыр.

Қылмыстық сот ісіндегі адвокаттың рөлі мен маңызын түсінбеушіліктің кұқық қорғау органдары басшылығы тарабынан да кездесетіндігін айта кеткен абзал. Бұл ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезінің жүмысы барысында баса айтылды (1999 жыл 30 қазаң). Съезд Үндеуінде жазбаша шақыруды өз уақытында алғанына қарамастан Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, ІІМ, Салық полициясы және ҮКҚ жоғары лауазымды тұлғаларының ешқайсысының осы съезд жұмысына және тек адвокаттарды емес, сондай-ақ бүкіл коғахмды аландатып отырған мәселелерді талқылауға катыспағандығы атап өтілді.

Адвокаттардың, олар қорғайтын түлғалар қүқығының  үдайы бүзылуы, жоғарыда аталған  органдардың пайдалы пікірсайысына  қатысу ниетінің жоқтығы, бірқатар өзге шешілмеген мәселелер Қазақстанның жоғары қүндылықтары адам, оның өмірі, күқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық және қүқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді Бүл қүқықтық немқүрайлылық пен азаматтардың мемлекеттің өзі жариялаған принциптерін жүзеге асыру қабілетіне сенбеуін туғызады, азаматтардың қорғану және білікті заң көмегін алудағы конституциялык қүкыктарын кемсітушілікке алып келеді.

Нарықтық экономиканың дахмуы, қүқық жүйесін реформалау, жаңа нормативтік актілерді қабылдау және басқа да көптеген жайттар заңдарды терең білу мен оның дүрыс қолдануды талап етті. Осының бәрі адвокатураның алдына жаңа міндеттер мен мәселелерді қойды. Әңгіме бүл жерде әр турлі қызмет салалары бойынша адвокаттарды бүдан әрі- мамандандыру туралы болып отыр. Оның үстіне, қазір адвокаттар алқасында тиісті мамандар баршылық. "Мысалы, Батыста "жәй ғана адвокат" дегенді түсінбейді. Оларда ал<ырасу, ауыр дене жарақатын салу туралы істерге маманданған адвокаттар бар, кеңестік қызметтерді көрсететін адвокат, салық және кеден мәселелері, корпоративктік қүкық, бизнесті заңмен қамсыздандыру жөніндегі адвокаттар бар".

Адвокаттар қызметін мамандандырудан туралы мәселе, өкінішке орай, қолданыстағы "Адвокаттық қызмет туралы" Заңда орын таппаған, ал бүл мәселе оны күнделікті практикаға еңгізу мақсатында адвокаттар аяқасында талай рет койылып талкыланған. Ақиқатында адвокаттарды мамандандыру пропесінің қазір жүріп жатқандығын айта кеткен жөн, алайда заң көмегінің дербес түрі ретінде тамырын тереңге жайған жоқ.

Сонымен, адвокатуранның даму деңгейі - бүл адам мен азаматтың қүкықтарын және бостандықтарын заңмен камсыздандырудың накты өлшемі Заңнама қүр сөз болып қалмай, адвокатураның тәуелсіздігі мен үлкен абыройына кепілдік беруге, оның кызметіне, заң актілерінде тікелей көзделген л<ағдайларды коспағанда, прокуратура, сот, аныктау және алдын ала тергеу органдары, баска мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, өзге үйымдар мен лауазымды түлғалар тарапынан араласушылыққа жол бермеуге тиіс.

Қазақстан Республикасының "Адвокаттық кызмет туралы" Заңы азаматтар мен заңды түлғалардың қүкықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру мақсатында заң көмегін көрсету кепілдігі болып табылады.

 

 

1.2 Қазақстан Республикасындағы адвокат

 

 

Адам мен азаматтың қүқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды конституциялық принцип ретінде қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында әрбір адамның білікті заң көмегін алуға қүқығының бар екендігі -тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі.

Қазірге уақытта  Қазакстанда адам мен азаматтың  құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді  атқаратын әртүрлі мемлекеттік  және мемлекеттік емес органдар, мекемелер  мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған қүқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдык-күкықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандык заңнамада адвокатура ешбір жерде қүқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде қүқық корғау қызметі міндетін атқарады. Әдетте, күқық қорғау қызметі ретінде біз азаматтар мен үйымдардың қүқыған қорғауды мақсат ететін және заңға сәйкес заңдық эсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін және олар белгілеген тәртіп мүлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз.

Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу қүқыған  қамтамасыз етуге тиісті қүкык қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі Адвокатураның негізгі үйымдық-қүқықтық нысаны - адвокаттар алқасы -білікті заңгерлердің кәсіби үйымы. Оның міндеті жеке және заңды түлғаларға заң көмегін көрсету, қүқықтар мен заңды мүлделерді, закаылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ зандарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жәрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кәсіби шеберлігін, олардың қүқықтық және әлеуметтік корғалуын камтамасыз етуге көмектеседі.

Жеке адамның  қүқығын қандай да бір қол сүғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен  міндеттерді қаншалықты тимді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның күқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.

Әрбір азамат заңға  кайшы емес барлық әдістермен, соның  ішінде адвокатқа - заңгерлік білімі және азаматтар мен үйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну күқығын пайдалана отыра, сотта өз қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға қүқылы.

Адам мен азаматтың қүқығы мен еркіндігін түбегейлі жүзеге асыру олар істі қисынды және жете біле отырып қорғалған жағдайда ғана ықтамал. Мүндай қорғауды екінің бірі жүргізе алмайды. Бүл жағдайда заңдарды жақсы білумен қатар нормативтік қүқықтық актілердің қолданылу практиқасын білу, қүқық қорғау органдарында іс жүргізу тәжрибесі талап етіледі Басқаша айтқанда, тиімді көмекті көрсету үшін білікті маман қажет. Азаматтар әдетте заңнаманың негізгі қағидаларын біледі, ал субъектілік қүқықтарды қорғау үшін терең білім мен зандарды қолдану тәртібін білу талап етіледі. Бүл үшін адвокаттардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Адвокат - ол өзінің заңи білімі мен практиқалық тәжірибесін заң көмегін көрсету кезінде пайдаланатын біліктілігі жоғары кәсіпқой.

Білікті заң  көмегін алу қүқығын коноституциялық  цринцип деңгейіне көтеру аса маңызды мән-жайдан туындайды. Өйткені, түлғаны заң көмегін алу қүқығынан айыру кемсітушілікке, айтарлықтай шектеуге, ал кейде азамат пен қоғамды орны толмас залалға алып келеді. Конституцияның Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күнгі мен тікелей пәрмені болғандықтан заң көмегін алу қүқығын қосымша баянды ету міндетті емес (қолданыстағы кодифицияланған актілерде бүл қүкык көрсетілген): кез келген мемлекеттік орган, лауазымды түлғалар, адвокаттардың өздері және азаматтар осы конституциялық нормадан туындайтын міндеттер мен өкілеттіктер туралы біледі

Қазіргі қоғамда адвокатура институтының тиімді жүмыс істеуі заңдылықты сақтау мен жеке адамның күқығын қорғауға ықпал етеді. Сондықтан адвокат қызметі нақты азаматттың немесе үйымның мүлдесіне де, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның жария-қүқықтық мүлдесіне сай келеді. Бүны соңға уақытта көпшілік сезінді және адвокатураға қоғамдағы көзқарас баяу болса да өзгеріп келеді. Адвокат мамандығының беделі өсіп келеді.

Адвокаттар  алқасы заң көмегін көрсететін негізгі орган, алайда бірден бір орган емес. Қүқықтық жүйеде азаматтарға заң көмегін көптеген үйымдар мен түлғалар (заң фирмалары, заң кеңесшілері, қүқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшілер, ақылы заң көмегін көрсету үшін лицензиясы бар жеке түлғалар және т.б.) маңызды рөл атқарады. Мысалы, заң фирмаларының қызметі азаматтар мен үйымдарға адвокаттық кызметпен байланысты емес ақылы кызметтер көрсету жолымен тиісті лицензия негізінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері кәсіподақ кеңестерінің заң консультациясы көрсететін көмекті тегін пайдалана алады. Азаматтар белгілі бір заң көмегін өздері жүмыс істейтін үйымдардың, оның ішінде меншік нысаны әртүрлі кәсіпорындар мен мекемелердін заң кенесішлерінен алады. Кәсіподақ кеңесшілері заң көмегін көбінесе кеңес беру және еңбек заңнамасы бойынша күжаттарды толтыру жолымен көрсетеді. Бүл жағдайда заң кеңесшісінің жүмысы, ең алдымен, өз үйымы мен оның мүшелеріне көмек көрсету түрінде жүргізіледі, ал кез келтен азамат немесс үйым олардан толық көмек ала алмайды [2, 25 б]. Сондыктан адвокаттардың заң көмегінің маңызы мен пәрменінің орны ерекше.

Адвокаттардың негізгі қызметіне жоғарыда аталған  міндеттермен қатар, өзіне өтініш жасаған  түлғалардың құқықтары мен заңды  мүлделерін қорғаудың қолданыстағы заңнамада қарастырылған барлық қүралдар мен әдістерін пайдалана отырып көрсететін заң көмегінің саналуан түрлері кіреді Бүл жағдайда кәсіби қорғаушы ретінде қылмыстық процесске тек қана адвокаттар ғана жіберіледі. Конституцияда айтылған білікті заң көмегін кәсіби негізде көбінесе тек адвокаттар ғана көрсете алатындығы осыдан келіп шығады.

Конституцияның  білікті заң көмегін алуда  азаматтар мен ұйымдарға кең  және тең мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра, "Адвокаттық қызмет туралы,, 1997-жылғы 5-желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңында адвокаттардың шешілімі кәсіби заң білімін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретіндігі; талап қою арыздарын шағымдар мен басқа да қүқықтық сипаттағы қүжаттарды жасайтындығы; қылмыстық және азаматтық сот жүргізу істері мен әкімшіліқ қүқық бүзушылық істерге қатысатындығы; азаматтар мен үйымдарға өзге де заң кызметін көрсететіндігі тікелей айтылған.

Халықтың қүқықтық мәдениеті деңгейінің өсуіне орай адвокаттарға өтініш жасаушылар саны үнемі артуда. Осындай өсу көрсеткішінің бірі ретінде Қазақстанда қазіргі уақытта заң көмегін адвокаттардың он алты аумақтық адвокаттық және бір аумақаралық алқасы көрсететіндігін атап өтуге болады. Адвокаттар алқасы қүрамында филиалдары бар 176 қалалық және аудандық заң консультациялары яине 217 адвокат кеңсесі жүмыс істейді, мүндағы адвокаттардың жалпы саны - 2475 адам [3, 124 б].

Адвокатураға  қызмет мазмүны мен міндеті бойынша  жақын, заң көмегін көрсететін өзге де үйымдар тартылуда. Бүл үрдіс соңғы жылдары қанат жая бастады. Олар - өзіне азаматтар мен заңды түлғаларға ақылы заң қызметін көрсету міндетін алатын, адвокаттық қызметпен байланысты емес қызметтерді көрсететін фирмалар мен өзге де кәсіпкерлік субъектілер.

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері