Адвокатура және оның міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июня 2013 в 04:49, курсовая работа

Описание работы

Бүл дипломның мақсаты - адвокатураның мәні мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңи түрпаты, олардың мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың қүкықтары мен міндеттері туралы. Сонымен қатар, адвокаттық қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы, азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса назар аударылады.
Дипломға адвокаттық қызметті реттейтің қолданыстағы заңнама мен жоғарыда тізбеленген мәселелер бойынша жетекші қазақстандық жэне ресейлік ғалымдардың жарияланымдағылары мүмкіндік берді.

Файлы: 1 файл

аиу диплом арстанов.doc

— 661.50 Кб (Скачать файл)

Екіншіден, мемлекеттік  қызметшілер қызметтік міндеттемені орыңдайды, мемлекеттің немесе оның органының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Олардың көпшілігі мемлекеттік-биліктік өкілеттіктерді атқарады. Бүл қағида ешбір жағдайда да адвокаттарға қолданылмайды. Олар азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсетеді, өз атынан сөз сөйлейді және азаматтар мен мемлекеттік органдарға катысты мемлекеттік-биліктік өкілеттіктер жүктелмеген.

Үшіншіден, адвокаттар өз еңбегі үшін мемлекеттік қызметшілер сияқты мемлекеттен сыйақы алмайды. Көрсеткен заң көмегі үшін төлем ретінде азаматтар мен үйымдардан адвокаттар кеңсесіне және заң консультациясына түскен қаражаттан еңбекақы алады (Заңның 5-бабы). Заңнамада азаматтарға тегін көмек көрсетілетін жағдайдың өзінде адвокат енбегі заң консультациясының немесе адвокат кеңсесінің қаражатынан, ал егер адвокат клиенті процесті жүргізген орган немесе сот қаулысы негізінде төлемнен босатылса, онда республика бюджеті қаражатынан төленеді. Заң консультацияларында меңгерушінің кесімді жалақы алуы да, мүнда да жалакы сол көздерден төленгендіктен істің мәнін өзгерте алмайды.

"Адвокаттық  қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 1-бабына сәйкес адвокатураның негізгі міндеті азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсету болып табылады, ал ҚР Конституциясының 13-бабы әрбір адамның білікті заң көмегін алу қүқығына кепілдік береді. Бүл көмекті көрсетудің сан алуан түрлері бар. Алайда қүқықтық кемек беруді, әр түрлі заң қүжаттарын қүрастыруды және заң көмегінің баска түрлерін кызмет көрсетумен толық теңестіруге болмайды.

Біздің ойымызша, кәсіпкерлік тәртібімен қызмет көрсету  ретінде жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) негізделген тауарға (жүмысқа) сүранымды  қанағаттандыру жолымен пайда немесе жеке кіріс алуға бағытталған қызмет түсініледі. Бүл жағдайда осы қызмет оның атынан, кәсіпкердің тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүргізіледі.

Адвокатураға  қатысты ешқандай да кәсіпкерлік қызмет туралы әңгіме болуға тиіс емес. Адвокаттардың аталған іс-әрекеті азамматтар мен үйымдарға олардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық үйымдармен және бір-бірімен

қарым-қатынасында  өздерінің құқықтары мен мулделерін жүзеге  асыруда жәрдемдесуге бағытталған.

"Заң қызметін  көрсету" термині сонымен адвокаттардың  сезіктілер мен айыпкерлерді. қорғаушы, жәбірленуші өкілі, азаматтық  талапкер, азаматтық жауапкер ретінде алдын-ала тергеу мен сотқа қатысуы кезінде қолданылмайды. Бұл - "қызмет көрсету емес", кайта азаматтардың құқығы мен занды мүлдесін қорғаудың, сот төрелігіне жәрдемдесудің бір түрі.

Азаматтар мен  үйымдарға көрсетілетін өзге заң қызметі де, ақыр аяғында, олардың қүқығы мен мүлдесін қорғауға және заңдылықты сақтау мен нығайтуға бағытталған. Айтылғандарға орай, "қызметтер", "заң қызметін көрсету" терминдері адвокатура қызметінің мәнін қүрайтындардың бәрін бірдей түсіндіруге келмейді. Ал осы мән "Адвокаттық қызмет туралы" заңның 1-бабында қарастырылғанда азаматтар мен үйымдарға тек заң көмегін көрсету болып табылады. Сөйтіп, қоғахмның қүқық қорғау жүйесінің маңызды элемен ттерінің бірі ретіңдегі адвокатураның мәнін былайша анықтауға болады: адвокатура - бүл азаматтар мен үйымдарға олардың қүқықтары мен заңды мүлделірін қорғау мақсатыңца кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын түлғалар қызметінің негізін аныктайтын мемлекеттік емес қүкыктық институт. Бүл анықтаманың негізгі түйіні -адвокатура мемлекеттің немесе сот төрелігінің мүлдесін қорғау үшін қызмет етпейді, қайта мемлекеттік емес, жеке мүлдені білдіреді және қорғайды.

Адвокатура көрсететін заң көмегінің ерекше сипаты бар, өйткені ол азаматтар мен үйымдардың күқығы мен мүлдесін қорғау саласына жатады. Бүл түрғыдан адвокатура қүкық корғау органы болып табылады, ал оның маңызы басқа мемлек органдардан (прокуратура, сот және басқалар) ешбір кем емес.

Қазакстан Республикасы дамуында саяси лоне қүқықтық жүйе институты ретіндегі адвокатураның орны қүқық рөлінің сапалы артуымен, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің қүқықтық негізін нығайтумен тікелей байланысты.

Әлеуметтік  басқару саласы әкімшілік басқарумен салыстырғанда қүкықтық әдктті қолдануды  талал етеді. Бүл үрдіс қазіргі  уақытта айтарлықтай қанат жайын келеді. Мемлекет халыққа заң көмегі мен қызметтер саласында қүқықтық реттеуден бас тарта алмайды. Мүндай реттеудің мақсаты, ең алдымен, осы қызметтер нарығын әрбір азаматтың қорғану үшін өз конституциялық күкығын жүзеге асыруына кепілдік беретін жоғары сапалы қүқық қорғау жүмысымен толтыру.

Осыған байланысты адвокаттардые азаматтар мен үйымдарға көрсететін заң қызметінің әлеуметтік және саяси маңызы артады. Өкінішке орай, көрсегілетін көмектің қазіргі денгейі өз көлемі мен сапасы бойынша адвокатура алдында түрған міндеттерге жауап бермейді. Мәселе тіпті, бір жағынан, адвокатураның соншылықты жүмысбастылығында және заң көмегіне халықтың өсіп отырған сүранымын қанағаттандыра алмайтындығында, екінші жағынан, бүл көмек сапасының және көлемінің қазіргі талаптарға сәйкес болу үшін қажетті қүқықтары мен өкілеттіктерінің жоқтығында ғана емес. Басты себебі заң денгейінде жедел шешу талап етілетін адвокатура қызметін ұйымдастыруға, түрлері мен әдістеріне қатысты мәселелердің орын алғандығында болып отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына сәйкес нарық экономикасының терендеу жағдайында адвокаттар ұйымы мен қызметін реттеуге арналған адвокатура туралы қолданымдаға заң қазіргі уақытта жетілдіруді қажет етеді. Уақыт пен практика талаптарына орай адвокаттық кызметті реттейтін ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықлырулар жөнінде үсыныс даярлау кажет.

Адвокаттар алқасы Заңға сәйкес құқықтық құралдармен азаматтар құқығын заңмен қорғаудың сан алуан түрлерін көрсету үшін қүрылған және әрекет ететін білікті заңгерлердің кәсіби үйымы болып табылады.

Заң шығарушы адвокаттар алкасының азаматтар мен үйымдарға заң көмегін көрсететіндігін, олардың қүқықтары мен заңды мүлделерін қорғауды қамтамасыз ететіндігін атаумен шектелмейді. Сонымен қатар, адвокатураның Қазақстан Республикасында адамның өз күкықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және білікті заң көмегін алуға алуға мемлекет кепілдік берген және ҚР Конституциясымен баянды етілтен күкықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу керектігі атап өтіледі.

Адвокатураның алдында міңдеттердің бүлайша қойылуының көптеген мәселелерді дүрыс түсіну мен шешу үшін ерекше маңызы бар.

Адвокаттар алқасы - адам мен азахматтың, мемлекет пен қоғамдық үйымдардың заңды қүқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер қүратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес қүрылым.

Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:

♦ шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

♦ талап қою арыздарын, шағымдар мен күқықтык сипаттағы басқа қүжаттарды жасау;

♦ адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап коюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

♦ соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік күкық бүзышылық істері бойынша өкілдік ету;

♦ азаматтар  мен үйымдарға заңда тиым салынбаған баска да заң көмегін көрсету.

Заңды қолдану  мәселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағаты болып табылады. Оның мәні - қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбаслық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дүрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсіндіру мән дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.

Консультация:

♦ даудың материалдық-қүқықтық астарын;

♦ азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар);

♦ іс бойынша тұпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

♦ заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, қүқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т.б.;

♦ мазмұндау нысаны бойышпа жеңіл, яғни түсінікті;

♦ нақты: жалпы қүқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудін ықтимал жолдарын көрсетуге;

♦ нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашаған анық көруге тиіс.

Кейбір жағдайларда  талап қою өтініштерінің (анықталып  қойылған талаптарға сәйкестік), шағымдардың (азаматтар қүқықтарының, бостандықтарының және заңды мүлделерінің бүзылуы, өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды адамдардың теріс қылықтары туралы) және қүқықтық сипаттағы өзге де қүжаттардың дүрыс жасалуы талап етіледі.

Адвокаттың қылмыстық  сот ісіне қатысуы - адвокаттық қызметтің негізігі бағыттарының бірі. Мүнда адвокат қызметі негізінен айыпталушыларды (сезіктілерді) қорғау міндетін жүзеге асырумен байланысты. Оның кәсіби тәжірбиесі мен қүкықтық білііМІ қорғайтын адамына аса білікті көмек көр-сетуіне мүмкіндік береді. Қоғам мен мемлекет бірде-бір азаматтың жеткілікті айғақсыз қылмысшқ жауапкершілікке тартылмауын және сотталмауын көздейді.

Үсталған, түтқындалған, қылмыс жасады деп айыптағылған әрбір адам үсталған, түтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға қүқылы. [11, 68 б]

Заң сезіктілердің және қылмыс жасағандығы туралы айыпталғандардың, сондай-ақ сотталғандардың қорғану қүқығын қамтамасыз етеді Осы қүқықты қорғаушы ретінде заңмен қажетті кепілдіктер берілген адвокаттар жүзеге асырады. Атап айтқанда, қылмыстық істі жүргізу заңы сот талқысы кезінде (сот талқысы және нақты іс бойынша шығарылған үкімдердің заңдылығы мен қисындылығын ізінше тексеру сатысы), сондай-ақ алдын-ала тергеуде нехмесе анықтауды жүргізу кезінде, сонымен қатар қадағалау тәртібімен істі қарау кезінде адвокатқа (қорғаушыға) берілетін қүқықтардың үлкен шеңберін айқындайды.

Адвокаттар (қорғаушылар) іске қатысуға айып тағылған немесе сезікті адам мойындаған сәттен - үстау жүргізілген я болмаса айып тағылғанға дейін бүлтартпау шарасы қолданылған сәттен бастап жіберіледі. Бүл жағдайда ол үстау хаттамасымен немесе қамауға алу түріндеге бүлтартпау шарасы тандалғандығы туралы қаулымен таныса алады. Қорғайтын, адаммен оңаша жүздесе, одан жауап алуға қатыса алады және т.б. Жүздесу саны мен олардың үзақтылығы шектеусіз. Конституцияның 16-бабының 2-тармаға түтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығын береді. Бұл құқықтардың көлемі мен мазмүнын реттеу ұдайы жтіліп отырады.

ҚІЖК - де анықталған көп жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартынған адамның қорғаушысы болуға міндетті. Егер бұл азамат немесе оның туысқандары не заңды өкілдері адвокатты шақыруға ынта білдірмесе, адвокат тергеушінің, прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша тағайындалуға тиіс. Мүндай адвокат та айыпталушы немесе оның жақын туысқаңдары шақырған адвокаттардың қүқығын пайдаланады. Оның еңбегі толығымен бюджет қаражатынан төленеді.

Қылмыстық істі қарауға қатысқан адвокат айыпталушыны ақтайтын немесе оның жауапкершілігін жеңілдететін жағдайды анықтау мақсатында заңда барлық қорғау қүралдары мен тәсілдерін пайдалануға айыпталушыға кажетті қорғау мен заң көмегін көрсетуге міндетті.

Адвокат қылмыстық істі караған кезде тек айыпталушының қорғаушысы ғана емес, сондай-ақ жәбірленушінің мүлдесін білдіруші, азаматтық талап коюшы, азаматтық жауапкер ретінде де қатыса алады.

Адвокат азаматтық іетер бойынша талқылауға, сондай-ақ әкімішлік істерге талап қоюшының, жауапкердің және үшінші тараптың өкілі ретінде қатыса алады. Сотта процессуалдық әрекетті жасау үшін адвокат-өкілдер көмек сүраған адамның заңды қүқықтары мен мүлделерін тиімді қорғауға мүмкіндік беретін белгіленген өкілеттіктерді (күқықтарды) пайдаланады.

Занда заң көмегінің, алайда олар адвокаттық қызметтің ауқымды  саласы болса да, тек негізгі түрлері ғана көрсетілген. Сондықтан заң шығарушы "заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді" деген жалпы үғыммен шектеледі

Атап айтқанда, мына кызмет түрлері мензеліп атыр:

- талап-кузау жүмыстары;

- қүқық бүзушылықпен күрес жүргізетін еңбек үжымдары мен органдарға заң көмегін көрсету;

- жарғылар әзірлеу және заңды түлғалар қүжаттарын тіркеуге даярлау;

- келісім-шарттар жасау;

- коммерциялық үйымдарға қызмет көрсету;

- заң кеңесшілері жоқ үйымдарды заң көмегімен камсыздандыру және заң көмегі ретінде заңда аталғандардан басқа заңда тиым салынбаған өзге де осындай қызмет түрлерін көрсету.

Қызметтің соңғы  түрі үйымдардың заң консультацилармен жасалған шарттар негізінде жүргізіледі. Ол шарттарда тараптардың күкықтары мен міндеттері қарастырылады. Үйымға оның меншік нысанына қарамай қызмет көрсететін адвокат саттарда және өзге органдарда қүқыктық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіппен оның мүлдесін білдіреді, басшылыққа қол коюға берілген бүйрық, нүсқаулық, шарт және қүқықтық сипаттағы өзге қүжаттың заңға сәкестілігін тексереді, бүл күжаттарға қол кояды және талап-шағым жүмыстарын жүргізеді, шаруашылық даярлауға қатысады және оларға қол қояды. Тараптардың өзге қүқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Министрлер Қабинетінің 1995-жылғы 5-мамырдағы N624 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттік басқару органдарының және оларға қарасты кәсіпорындардың, мекемелердің заң қызметі туралы Ережемен" белгіленеді

Информация о работе Адвокатура және оның міндеттері