Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2015 в 21:32, реферат

Описание работы

Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады.Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.

Содержание работы

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім.
1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі
2. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
3. Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы
4. Қылмыс және қылмыс құрамы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Қылмыстық құқық.docx

— 33.13 Кб (Скачать файл)

 Барлық қылмыстарға жалпылама  ортақ немесе нақты қылмыс  топтарына тән белгілер Жалпы  бөлімнің баптарында анықталады.Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын  Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында  осы қылмыстың не субьектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.   

 Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық  кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175- бабында  ұрлықтың оған тән белгісі  – басқа біреудің мүлкін жасырын  түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы  белгі арқылы ұрлық тонаудан  ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген  уақытында көптеген белгілермен  сипаталады. Осы белгілердің барлығы  да қылмыс құрамына жатпайды. Қылмыс құрамында мұқияттылқпен  таңдап алынған түрлік белгілер  ғана қосылады.   

 Түрлік белгілер дегеніміз  барлық қылмыстарға ортақ, олардың  қоғамға қауіптілігін және құқыққа  қайшылығын білдіретін жиынтығының  көрінісі болады.Түрлік белгіге  жатпайтын тек қана жекелеген  қылмысқа тәне белгілер қылмыс  құрамына қосылмайды.Сондықтан олар  қылмыс құрамынан тысқары болады  да, осыған байланысты оның қылмысты  саралау үшін мвңызы болмайды.Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.с.с) немесе ол ұрлықтың  қашан болғаны қылмысты саралауға  әсер етпейді.   

 Түрлік белгі сол немесе  басқа қылмыстың міндетті белгілері  болып табылады.Осы түрлік белгілердің  біреуі жоқ болса, онда қылмыс  құрамы да болмайды.Мысалы, басқа  біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік  белгісі – оны жасырын ұрлау.Егер  басқа біреудің мүлкін алу  жасырын түрде емес, ашық түрде  жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы  - тонау болады.    

 Қылмыс құрамы бір ғана  қылмыстық құқылық нормада –  бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап – қызмет жөніндегі  жалғандық.   

 Басқа жағдайларда Қылмыстық  кодекстің бір бабында қылмыс  құрамының бір немес бірнеше  түрі қарастырылуы  мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті  асыра пайдаланудың үш құрамы  көрсетілген: баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екінші, үшінші бөлігінде  осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.   

 Ерекше бөлімнің баптарында  әдетте аяқталған немесе орындаушының  тікелей істелген қылмыстары  көрсетіледі.   

 Алдын ала қылмысты әрекеттерде  немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші  әрекеттеріне  сол немесе басқа қылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды.Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге  оқталғанда қылмыстың зардабы – адам өлімі жоқ.Бірақта осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың барлық белгілерінің болмауы олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деуге негіз болмайды.Бұл жағдайда да қылмыс құрамы бар, бірақ ол оның құрамы Ерекше бөлімнің, сол сияқты Жалпы бөлімнің тиісті баптары көрсетіле отырып белгіленеді.Мысалы, әйел зорлауға оқталғанда кінәлінің әрекетінде Қылмыстық кодекстің 120 және 24-баптарында көрсетілген қылмыс құрамының белгісі бар.Қылмыс құрамының заңдылықты  сақтауда және оны нығайтуда маңызы зор. Заңдылықты  қатаң сақтау, бұлжытпай жүзеге асыру, тәуелсіз мемлекетіміздің нығаюының негізгі шарты.Заңдылық қағидасын сақтау, жүзеге асыру құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қасиетті борышы.Бұл азаматтардың  конституциялық құқығын, бостандықтарын жүзеге асырудың негізгі кепілі болып табылады. Заңдылық талабын дұрыс жүзеге асыру қылмыс істеген адамға заңды дұрыс қолданып, оның әрекетіне заң талабына сай баға беру   болып табылады.

    Қылмыстық заңды дұрыс  қолданудың маңызды шарттарының  бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге  заңды дұрыс қолданып, оның әрекет  немесе әрекетсіздікке қылмыстық  заң нормасының талабына сай  баға беріп саралау   болып табылады.    

 Қылмысты саралау дегеніміз  адамның қоғамға істеген қауіпті  іс-әрекетін қылмыстық заңда көрсетілген, нақты қылмыс құрамының белгісі  бар бапқа дәлме-дәл жатқызу  болып табылады.   

 Қоғамға қауіпті іс-әрекет  қылмыстық заңда көрсетілген  нақты қылмыс құрамымен қамтылса, онда ол дұрыс сараланған деп  саналады.Қылмысты саралауда іс-әрекеттің  қылмыс құрамының тиісті баптары  немесе оның бөліктеріне, тармақтарына  сай келетіндігін дәлме-дәл көрсету  қажет.Егер адамның іс-әрекетінде  бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті заңның  бірнеше баптары немесе баптардың  бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша  сараланады.Қандай түрде болса  да қылмысты дұрыс сараламау, ол заңдылықты бұзуға, қылмысқа  қарсы күрес жүргізетін органдардың  беделіне нұқсан келтірумен байланысты  болады. Мұндай құбылысқа жол  бермеу үшін қылмыстық заңды  дұрыс қолданып, істің мән-жайын  терең зерттей білу, істелген  іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс еместіліктен  немесе соған ұқсас басқа қылмыстардан  ажырататын белгілерді анықтау  керек.Міне, бұл жерде қылмыс құрамының, оның белгілерінің қылмысты саралаудағы, заңдылықты сақтаудағы маңыздылығы  ерекше болып отыр.   

 Біздің құқықтық мемлекетімізде  бірде –бір адам, егер оның  істеген іс-әрекетінде қылмыс  құрамы жоқ болса, қылмыстық жауаптылыққа  тартылу немесе жазалануға тиісті  емес.Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің  негізгі талабы қылмыстық жауапқа  және жазаға тек қана қылмыс  істегенге, яғни қылмыстық заңда  көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті  қасақана немесе абайсыздықтан  істеген кінәлі адамды ғана  тарту болып табылады. 

 

 

 

 

 

 

4.Қылмыс және қылмыс құрамы   

 Қылмыс пен қылмыс құрамы  өзара тығыз байланысты, бірақ  бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық -құқылық  түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әртүрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамның әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті  және құқыққа  қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.   

 Қылмыстың жалпы түсінігі, сол  қылмыстың заңдылық сипаттамасын  беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси  мәнін де ашып көрсетеді.Өмірде  қылмыстық құбылыстар әр түрлі  нысандарда көрініс тауып немесе  түрлі түрде болатындықтан қылмыстық  заң қылмыстың жалпы түсінігімен  бірге нақты қылмыстардың да  түсінігін қарастырған.   

 Қылмыстың жалпы түсінігі  – барлық қылмыстарға тән, оның  белгілері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінде көрсетілген  жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.   

 Қылмыстық заңда сипатталған  әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы  өзінің ерекше белгілерімен сипатталады.Қылмыстың  құрамы – бұл қылмысты іс-әрекет  емес, тек соның нысанын сипаттайтын  түрі ғана.Ол – нақты қылмыстың  заңды сипаттамасы, жеке нақты  қылмыстың заңдылық түсінігі.Егер  қылмыстың түсінігінде барлық  қылмыстарға тән белгілер –  қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлік  және жазаланушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілердің жиынтығы есепке алынады.Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады.Осы екі қылмыстың құқылық- түсініктерінің бағыты да әр түрлі.Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды.    

 Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының  жалпы түсініктері кеңінен қолданылады.Жалпы  және нақты қылмыстың құрамының  түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне  қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.Бұл  ұғым теорияда нақты қылмыстардың  түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының  жинақталған белгілері арқылы  анықталады және өз бойында  жалпылама барлық қылмыс құрамдарының  белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді.Нақты қылмыстың құрамы  нақты қылмысқа тән белгілерді  көрсетеді деп жоғарыда атап  өттік.Бірақ әрбір қылмыс құрамында  барлық қылмыстардың құрамына  тән, жиынтығында қылмыс құрамының  жалпы түсінігін құрайтын, яғни  кез келген қылмыстар құрамының  жалпы белгілерін белгілейтін  белгілер бар.   

 Қылмыстық құқық теориясы  әрбір қылмыста болатын төрт  түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың  обьектісін, қылмыстың обьективтік  және субьективтік жақтарын, және  субьективтік жақтарын, және субьектінісін  атап көрсетеді.Осы белгілерге  орай кез келген қылмыстың  құрамы осындай төрт түрлі  элементтерге бөлінеді.Әрбір қылмыс  құрамында оның обьектісін, обьективтік  және субьективтік жақтарын, және  субьектіні бейнелейтін белгілері  міндетті түрде болады.Осы элементтердің  әрқайсысы қылмыстың құрамдас  бөлігі болып табылады, сондықтан  да осы элементтердің біреуінің  жоқ болуы қылмыс құрамының  мүлде және қылмыстық жауаптылыққа  негіздің де жоқ екендігін  көрсетеді.   

 Қылмыстың құрамының жалпы  түсінігі барлық қылмыс құрамына  тән осы төрт түрлі элементтермен  сипатталады.Қылмыстың осы немесе  басқа элементтерін сипаттау  тиісінше қылмыс құрамының элементтерін  сипаттау деп аталады.Мысалы, қылмыстың  субьективтік жағының белгілерін  сипаттау қылмыс құрамының субьективтік  жағы деп аталады.   

 Қылмыстың обьектісі деп, сол  қылмыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін  немесе келтіруге нысана алғанын  айтамыз.   

 Қылмыстың обьектісі заң  қорғайтын қоғамдық қатынастар  болып табылады. Қылмыстық құқықта  олар шартты түрде жалпы, топтық  және тікелей обьект болып бөлінеді. Қылмыстың обьектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.   

 Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін  сипаттайтын белгілердің жиынтығы  қылмыстың обьективтік жағын  құрайды.   

 Обьективтік жағының белгісіне  ең алдымен қоғамға қауіпті  мінез-құлық актісінің сыртқы  көрінісі – адамның әрекеті  немесе әрекетсіздіктің нысандары  мен түрлері қылмыстық заң  тұжырамдарында әр түрлі және  жан-жақты (мүлікті жою немесе  бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда  қалтыру, т.б.).Біршама қылмыс құрамының  обьективтік жағы әрекет немесе  әрекетсіздіктен басқа қылмыстың  зардабы және іс-әрекеттің зардап  пен себепті байланысын көрсетеді.Көрсетілген  белгілерден басқа заңда кейбір  қатынастардың обьективтік жағын  сипаттауда оның міндетті белгілеріне  уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу  тәсілдері де жатады.   

 Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің  дәрежесін белгілеуде, қылмысты  саралауда обьективтік жақтың  осы белгілерінің маңызы зор.    

 Қылмыстың субьективтік жағының  белгілеріне қылмыстың ішкі жағын  құрайтын белгілері, яғни адам  істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет  не психикалық қатынас сипатталады.      

 Субьективтік жақтың белгілеріне  кінә, ниет және мақсат жатады.Кінә  екі түрлі нысанда: қасақаналық  және абайсыздық түрінде (20,21-баптар) көрініс табады.   

 Субьективтік жағынан бір  қылмыстар қасқаналықпен (ұрлық), екінші  біреулер абайсыздықпен (абайсызда  кісі өлтіру), үшіншіден қасқаналықпен  де, абайсыздықпен де жасалуы  мүмкін.   

 Кінәнің нысанының көпшілігі  қылмыстық заңның өзінде тікелей  ашып көрсетіледі.Ал көрсетілмеген  жағдайда олар қылмыстың құрамының  белгілеріне талдау жасау арқылы  анықталады.Кейбір қылмыс құрамының  субьективтік жағының белгілерін қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады.Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру.   

 Қылмыс құрамының субьективтік  жағының белгілерін анықтау, қылмысты  саралауда қылмыстың және қылмыскердің  қауіптілік дәрежесін анықтау  үшін және жаза мөлшерін белгілеу  үшін аса маңызды болып табылады.    

 Қылмыстық заң бойынша   қылмыстың субьектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады.   

 Қылмыстық жауаптылыққа  есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толғпн (14,15-бап) жеке адамдар жатады.   

 Сонымен кез келген қылмыс  құрамының субьектісінің жалпы  белгілері болып:жеке адам, есі  дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар  саналады.Қайсыбір қылмыс құрамдары  үшін жауаптылыққа осы жалпы  белгілерден бөтен қосымша белгілер  болғанда ған жол берілуі мүмкін. Әдетте, мұндай қосымша белгілер  осы қылмыс үшін жауап беруі  мүмкін адамдардың шеңберін шектейді.Мысалы, пара алудың субьектісі болып  тек қана мемлекеттік органдардың  адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың  субьектісі болып әскери қызметшілердің  болуы қылмыстың субьектісін  белгілейтін белгілердің қылмысты  саралау үшін, қылмыстық жауаптылық  мәселелерін шешуде және жаза  мөлшерін белгілеуде маңызы зор.    

 Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық  құқық теориясында қылмыстың  құрамының жалпы түсінігі, қылмыс  құрамының қажетті, міндетті белгілері  және факультативті белгілері  болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену  қылмыс құрамының мазмұнын ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға  көмектеседі.   

 Қылмыстың құрамының  факультативті нышандары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады.    

 Факультативтік белгілерге  жататындар: уақыт, қылмыс істеу  тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың  заты, қылмыстың арнаулы субьектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.    

 Егер факультативті белгі  сол немесе басқа бір құрамда  атап көрсетілсе, онда ол  өзінің мәні жағынан осы құрамның  қажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді.Мысалы, басқа біреудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі – мүлікті ашықтан-ашық алу, осы қылмыстың белгісі.    Егер факультативті белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді.Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгілегенде есепке алынады.Мысалы, қызметшінің, құжаттары қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен істелгені есепке алынбайды (314-бап).Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі.Қылмыс құрамының жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.   

Информация о работе Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері