Туған тілім -тұғырым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 16:17, реферат

Описание работы

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды.»Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы» ,»Қазақстан РеспубликасындағыТіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым қатынас құралы. Адамның ой- өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл- парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп ,қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды - қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті.

Файлы: 1 файл

Мама ЖАЗ.doc

— 45.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Кіріспе

Ел тәуелсіздігін  тіл тәуелсіздігімен астастыра  қарап  туған тілдің тұғырын биіктету қамы  қолға алынғалы  да біраз уақыт  болып қалды.»Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының  тұжырымдамасы»  ,»Қазақстан РеспубликасындағыТіл туралы Заң»  сияқты стратегиялық маңызы бар  құжаттардың  дүниеге келуі  осы бағытта жасалған  оң қадамдар.  Тіл қарым  қатынас құралы.  Адамның ой-  өрісін, мәдени  дәрежесін,   ақыл-  парасатын, рухани  байлығын  көрсететін айна.  Тіл мәдениетінің  өзектілігі  әрқашан  ескеріліп  ,қай  халық  болса  да бұл  мәселені  айналып  өткен емес. «Өнер  алды - қызыл  тіл»  деп қазақ  халқы  да сөйлеу  шеберлігіне  үлкен  мән  берген.  Қазіргі таңда тіл мәдениетінің  көкейтестілігі  арта  түсті.

Ұлттық  тіл  - әр халықтың  өзіне  тән ой-  санасының парасатты бүкілл болмыс  -

 тіршілігі  мен   сезім  түйсігін  ұрпақтан –  ұрпаққа  жеткізетін  күре тамыр.                                                         

 

Қазіргі  уақытта   қазақ тілі – Қазақстанның  мемлекеттік  тілі.  Біріншіден  қазақ халқының  салт – дәстүрі мен  тұрмысын  ,әдет – ғұрпын, мәдениетін , тарихын білуге  жол ашады ,

Екіншіден  көпұлттыхалықтың  қарым-  қатынасындағы  өндірістік  әрі  тұрмыстық  қажеттілікті  іске асыруға,  халықтардың  достық  қарым-қатынасын  күшейтудің  құралына  айналды.  «Қазақстанның  болашағы - қазақ тілінде»  деп  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев айтқандай,  мемлекеттік тілдің  біздің  өмірімізде  алатын  орны  мен  байытудың  баға  жетпес  құндылығын.  Алматы  облысы  кітапханалары  тілдің  қолдану  аясын  кеңейту  мен  дамыту  мақсатында  туған  тіліміздің  мерейін  тасытып,  мәртебесін  асырып  келеді.

 

   Асылы, тілді   адамдар арасындағы   қатынас   құрал  деп  түсіну  жеткіліксіз.

Өйткені,  тілдің  артында  бүтіндей  бір  ұлт  тұр. Яғни, тіл-қай халықтың  болмасын  баға  жетпес  мұрасы,  байлығы.  « Өткірдің  жүзі,  кестенің бізі,  өрнегін сендей сала  алмас.....»  деп ұлы Абай  атамыз  тәнті болып тағзым  етіп  кеткен  ана тілімізді сақтау,  құрметтеу,  ардақтау,

міндетіміз,парызымыз.  Жуырда   халықтың  талқылауға  ұсынылған  Тіл  бағдарламасының  жобасы-бүгінгі  тілдің  мәртебесін   арттыруға  қызмет  жасайтын  маңызды  құжат  екендігіне  дау  жоқ.

Қазақстан  Республикасы  президентінің   «Тілдерді  қолдану  мен  дамыту  бағдарламасында» : «Тілді  дамыту- Қазақстан Республикасы  мемлекеті  саясатының  аса  өзекті  бағыттарының  бірі»,  сондай –ақ

«Мемлекеттік  тілді  оқытудың  саны  мен  сапасына  көңіл  бөлу  керек »

делінген.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінде» - деп тұжырымдайды

 

 

 

 

 

             Негізгі  бөлім

 

Қазақ тілін  құдереттілігін  Халел Досммедұлы  «Тіл – жұрттың  жаны. Өз тілін  білмеген  ел –  ел  болмайды.  Мәдениетке  ұмтылған  жұрттың  алдымен  тілі  өзгермекші   Тілінен  айырылған  жұрт – жойылған  жұрт»

,-деп керемет айтқан

 

Әр адамның азаматтық  қасиеті  мен  мәдениеті - өз  халқын,  өзінің  атамекенін қалай сүюмен  өз ана  тілін  қалай  білумен  өлшенбек.  Әркімнің  тіліне  деген  құрметін  өз  анасына,  өз  ұлтына, өз  Отанына  құрметпен білу керек.  Дана  Абай:  «Естілердің   айтқан  сөзін  ескеріп  жүрген  кісі,  өзі  де  есті  болады» - деп тегін  айтпаған  екен.

 Кімде – кім  қазіргі уақытта  өз  ана-тілін,  өзінің  мәдениетін  сыйламаса,  бағаламаса,  оны  сауатты,  мәдениетті  адам  деп  санауға  болмайды.

 

Ана  тілін ұмытқан  адам - өз халқының  өткенін де,  болашағынан  да  қол  үзеді.  Ана  тілі  дегеніміз  сол  тілді  жасаған,  жасап  келе  жатқан  халықтың  мәңгілік  мәселесі.

 

Ана  тіліміз  арқылы  ғана  қабылдап  біз халқымызды,тарихымызды,  туған жерімізді.  Халық рухының сарқылмас бастауы сонда жатыр.

Ел-жұртымызды,тарихымызды,туған  жерімізді,оның  өзен – көлдерін,

әсем  табиғатын  ана  тіліміз  арқылы ғана  қабылдап,   соларға  деген  перзенттік   махаббатымызды  ана  тіліміз

арқылы  жеткіземіз.

 

Қазақ  тілінің  биязы  мақалы – домбыраның  күмбір  қаққан  сазындай.

Асқақтаған  әуенділігі – шырқап  салар  әніндей.  Шешендерден  шыққан  қара  сөздің  өзінде,  келісім  іштей  үйлескен  ырғақ  болады.

Сөз  бен  сөз,  дыбыс  пен  дыбыс  өзара  ұйқасып,  жымдасып  жатыр.

Тыңдаусышысын  бірден  ұйытып  әкететін  осы  үндестік  пен әсем  ырғақ – құлақ түбінде мөлдір  шыныдай сыңғырлап,  қазақ тілін   сұлу  да  сиқырлыетіп көрсетеді.

 

Ел тағдырын  шешкен  дана  билер,  шешендер,ақындар  тіл  құдіретін  көп  танытып,  асыл  сөздер  мен  ұлағатты пікірлерді  ғасырдан  ғасырға  жоғалтпай  жеткізіп,  халықтың  асыл  қазынасына  айналдырған.

Халқымыздың тарихында  ел   үшін, ұрпағының  болашағы үшін  алысып  өткен кемеңгерлері аз болмаған.

Солардың ең бастылары  – от ауызды,  орақ  тілді ақылы асып  туған билер Төле би,  Қазыбек би,Әйтеке билер ел  тағдыры сынға түскенде абыздай күңіреніп , аршаға келіп атқарған  қызметтері  ұшан- теңіз.

Тіл - әр  ұлттың қайталанбас  байлығы   асыл қазынасы. Тіл ьар  жерде ұлт та ел де, жерде бар.

Сондықтан, әрқайсымыз өз ұлтымыздадың  тілін осы тіәл арқылы бүкіл әлемге танытып  тіл  арқылы бүкіл әлемге танытып,  тіл арқылы  басқа да  салт  -  дәстүрді,  әдет – ғұрыптарды,   тарихты  мәдиниетті  үйренеміз.  Сондықтан,  ана  тілі-  дана  тілімізді  өркендетуге  әр  азамат өзіндік  үлесін  қосса,  ұлтының  қамқоршысы,  жарсышы,  қорғаны  болары сөзсіз.

 

 

 

 

 Елбасымыздың  2013  жылға  арналған  Қаазқстан   халқына  жолдауында  айтып  кеткендей,  жауапкершілікті  тіл  саясаты  қазақ  ұлтының  басшылық  ету факторларының  бірі.  Қазақ  тілі

- бұл  біздің  алтын   діңгегіміз,  рухани  өзегіміз.  Бүгінгі  таңда  бізге   қойылған  мақсат  -  ол   өз  тілімізді  жан-  жақты  дамытып,  барлық  саларда  қолдануға тырысуымыз  керек. 

Бұл мақсат   өзін  қастерлей  білетін  әрбір  азамат  өздігінен  шеше  білуі  керек.  Бүгінгі  таңда  мемлекет  өз  тарапынан   мемлекеттік тілді    нығайту үшін  бірқатар  ҚАЖ департаментімізді  де   мемлекеттік  тілдің

Мәртебесін   көтеруге   байланысты    жыл  сайын  әр   түрлі 

іс - шаралар   жүзеге  асырылды.   Солтүстік  Қазақстан  облысының  тұрғындарының   арасында      орыс  тілінің  басым   болуына  қарамастан,  ҚАЖ    департаменттерінің  ҚР   IIM құрамында ауысуына    байланысты  іс   жүргізудегі іс  қағаздар  толыққанды  мемлекеттік тілге көшірілген  және  алдағы  уақытта мемлекеттік тілдің  деңгейін  көтеруге   арналған  игі істер одан  әрі жалғасын  таппақ.                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Туған тілім -тұғырым