Туған жер - тұғырым

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 10:57, сочинение

Описание работы

«Әркімнің туған жері – жерұйығы» дегендей әр адамға өз Отаны қашан да ыстық. Шыр етіп дүние есігін ашып, алғаш кіндік қаны тамған жер, сол адамның туған мекені болып табылады. Қайсы бір адам болмасын «туған жер» сөзімен намыс, күш, жігер, рух сынды қасиеттерді ұштастырады. Бала бесікте жатқаннан кең дүниені көзімен көріп өседі, туған жерінің топырағының иісін иіскеп, Отан сөзінің мәнін түсіне бастайды. Өз жерінің, елінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бойына сіңісті етеді. Осының барлығы кейін атамекеніне деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы борышына деген патриоттық сезімінің бастамасы болады.

Содержание работы

Отан-анаға деген ыстық махаббат
Туған жер тағдыры
Патриотты жастар

Файлы: 1 файл

туған жер - тұғырым.doc

— 28.50 Кб (Скачать файл)

Туған жерім - тұғырым

 

Бақыр қазан қайнаса, бәрміздің бағымыз

Туған жердің әр тасы біздің алтын  тағымыз

 

Жоспар:

  1. Отан-анаға деген ыстық махаббат
  2. Туған жер тағдыры
  3. Патриотты жастар

 

«Әркімнің туған жері – жерұйығы»  дегендей әр адамға өз Отаны қашан  да ыстық. Шыр етіп дүние есігін ашып, алғаш кіндік қаны тамған жер, сол адамның туған мекені болып табылады. Қайсы бір адам болмасын «туған жер» сөзімен  намыс, күш, жігер, рух сынды қасиеттерді ұштастырады. Бала бесікте жатқаннан кең дүниені көзімен көріп өседі, туған жерінің топырағының иісін иіскеп, Отан сөзінің мәнін түсіне бастайды. Өз жерінің, елінің салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын бойына сіңісті етеді. Осының барлығы кейін атамекеніне деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы борышына деген патриоттық сезімінің бастамасы болады.

Тарлан тарихтың тар жол, тайғақ кешуінде талайсыз тағдырдың қасіретін  басынын өткізді қазақ елі. Туған жерлерін сақтап қалу үшін талай алысты, қан төгісті. Қасық қандары қалғанша, өз жерлерін қорғады. Осынау атамекеніміздің бір жылдық емес, сірә, мың жылдық тарихы батыр бабаларымыздың қанымен ойып тұрып жазылған. Қазір біз, жастар, осындай бейбіт елде тұрып жатқанымыз үшін оларға бас иеміз.

«Аққу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды». Рас, бөтен жерде, елде жүрген адамдар туған жерін аңсайды, сағынады. Адам тұрмақ айуан да туған жерін біледі, сол жерге бейімделеді, ұрпақ қалдырады.

Байырғы қиын-қыстау кезеңдерде тарыдай  бытырап кеткен қазақ  ағайындарымыз әзір бастары қосылып  жатыр. Бірақ әлі де болсын тарихи Отанын аңсап жүрген қазақтар шет елде баршылық.

«Атамекен – анаң екен, қысылғанда панаң екен» деген  сөздер тегін айтылмаған. Атамекенді «ана» сөзімен пара-пар қылу әбден мүмкін, өйткені кім болмасын өз мекенінде алшаң басып, еркін жүре алады. Қиын кездерде туған жері, елі құшақ жая қарсы алып, қол ұшын береді. Бұл қасиетті ұғымды әрбір патриот биік бағалайды, алайда оны түсіне алмай жүргендер де бар екені айтпаса да түсінікті. Сол себепті де қазіргі таңда Қазақстанда патриотты жастарды тәрбиелеу көзделген. Ел басына күн туса етігімен су кешетін нағыз азаматтар елімізде бар, оған күмән келтіруге болмайды. Алайда туған жерді қорғау, сүю біздердің, барша халықтың міндеті деп білемін.  

 

 

Халел Әзия

Бозанбай орта мектебі

10 «а» сынып


Информация о работе Туған жер - тұғырым