Б.Т. Жұмағұлов 1953 жылы 18 тамызда туылған
Реферат, 11 Октября 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
Файлы: 1 файл
Б.Т. Жұмағұлов ,.docx
— 18.90 Кб (Скачать файл)
Б.Т. Жұмағұлов 1953 жылы 18 тамызда туылған.
Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Қазақстан Республикасы білім және ғылым саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері».
Есептеу математикасы, мұнай-газ саласында практикалық және гидродинамикалық міндеттерді шешу барысында математикалық модельдеу және математикалық әдістер, ақпараттық технологияларды қолдану мен әзірлеу саласындағы танымал ғалым. 350-ден астам Қазақстанда және алыс-жақын елдерде жарияланған ғылыми жұмыстар мен сегіз іргелі монографияның авторы.
Еңбек жолын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми және ұстаздық қызметтен бастады. Ассистенттен бастап профессор, кафедра меңгерушісі, проректор (1979-1991 жж.) сатыларынан өткен. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті (1991 жылдан бастап).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі (2001-2005 жж.) қызметтерін атқарған.
2005 жылдың сәуір айында «Отан» партиясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тағайындауымен «Отан» РСП партиясы төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Н.Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабын басқарды. 2007 жылдың маусым айында «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
2007 жылдың 18 тамызында депутаттыққа сайланып, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» халықтық-демократиялық фракциясының жетекшісі қызметтерін атқарды.
2008 жылдың сәуір айында ҚР Президентінің өкімімен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры болып тағайындалды.
ҚР Президентінің 2010 жылдың 22 қыркүйегіндегі №1065 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.
Б.Т. Жұмағұлов 20-дан аса ғылым докторы мен кандидатын даярлаған. Д 14.6101 докторлық диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады.
«Парасат» орденімен, «Ерен
еңбегі үшін» медалімен, "За трудовое
отличие" КСРО медалімен, Қазақ КСР
Жоғары Кеңесінің құрмет грамотасымен
марапатталған. ҚР Президенті
Ғылым, техника және білім беру саласында интеграциялық үдерістерді дамыту бойынша жүргізген белсенді жұмысы үшін, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ЮНЕСКО мен Халықаралық инженерлік академияның Үлкен алтын медалімен, FEIIC Ислам елдері Федерациясы инженерлік академиясының ерекше белгісімен марапатталған. Ғылым мен инженерлік істі дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін халықаралық жоғары награда – «Инженерлік даңқ» орденіне ие болды.
1998 жылдан бері – Халықаралық инженерлік академияның (штаб-пәтері Мәскеу қ. РФ) бірінші вице-президенті. 1999 жылдан бері – Ислам елдері Инженерлік академиясының (штаб-пәтері Куала-Лумпур қ., Малайзия) бірінші вице-президенті. 2009 жылы Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті қызметіне тағайындалды.
2003 жылы «Отан» партиясы бюросының мүшесі болып сайланды, 2007 жылдан бастап – «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес бюросының мүшесі.
500-ден аса жарияланымдары бар - мақалалар, қоғамдық-саяси тақырыптағы очерктер.
2009 жылдың мамыр айында Б.Т. Жұмағұлов Дамаск (Сирия) қаласында өткен Х Мерейтойлық Бас Ассамблеясының (FEIIC) Ислам елдері федерациясы инженерлік академиясының бірінші вице-президенті болып сайланды, ал осы жылдың шілдесінде Түркі әлемі математикалық қоғамының президенті қызметіне тағайындалды.
22.09.2010 Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.