Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2015 в 12:51, дипломная работа

Описание работы

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген сауалдың жауабын іздестіруіміз керек. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі сондай ақ, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс

Файлы: 1 файл

диплом азамат.docx

— 70.44 Кб (Скачать файл)

Өз қызметкерлерің мен әлеуетті клиенттеріңнің, іскер серіктестеріңнің алдында сөзіңнің шынайылығын жеткізе білу немесе өз ісіңе уәждеу үшін, дипломатты, әрі өз бұлтартпас дәлелдеріңді қойып, әрі адамдармен сенімді және сыйлы қарым-қатынас орната білу үшін қажет деуге әбден болады. Телекөрермендер мен әріптестер асыға күтетіндей, бірегей, өзіндік сөйлеу стилін қалыптастыра білу керек. Сөздік қор неғұрлым бай болып, соны пайдалана білген дұрыс. Бұл әсіресе адамдармен көп қарым-қатынас ұстаушыларға маңызды. Өз дауысыңды қоя біліп, әңгімелесу барысында сирегірек шаршауға тырысу керек. Ал қойылған дауыс, ашық мақам мен әдеби дұрыс сөйлеу кез-келген жерде өзіңді еркін ұстауға жәрдемдеседі. Күйзеліс кезінде біз көбінесе сөзімізге ие бола алмай қаламыз. Ал сондай күйзеліс кезінде адамдар не тым жай, күмілжітіп, міңгірлеп немесе сөйлеу кезінде тым беріліп кетеді. Екі жағдай да тартымсыз әсер береді.

Денені тырыстырмау керек. Адам көпшілік алдында немесе камераның алдында сөйлегенде денесі алаңнан қысылып қалуы мүмкін. Ал тәнің қысымда болса, онда ойлар да қысымда болады. Ал алдында айтып кеткен қасиеттерге қол жеткізу үшін, алдымен өз денеңді басқара білуді үйрену қажет. Тағы бір айта кетерлік жайт, мәтінді алдын ала дайындап, көпшілікке шыққанша дауысты шынықтырған абзал.

Телехабарлар өңдеу барысы

Арналар арасында бәсекелестік қашан да бар. Көрермен үшін, жарнама берушінің ақшасы да маңызды. Солайша хабарлар бір ашылып, жабылып, сатып алынып, сатылып жатады.

Телевидение – ұжымдық жұмыс. Жобаны іске асыру барысында корреспонденттер мен продюсерлер, операторлар, тележүргізушілер де қатысады, ал редакторлар команданың қимылдарын біріктіре байланыстырып,  іске жұмылдырады.

Телехабар барысында журналистерге –стратег әрі әдіскер,жылдам ойды талап етеді. Бұл аталғандардан өзге де қасиеттері жетіп артылады. Ақпаратты сараптауды білумен қатар, тапсырма дұрыс беріліп, нақты шешімге келіп, соған жауапкершілікпен қарауы керек. Мәтіндер мазмұнды, ақылға қонымды, көпшілікке түсінікті, деректер тексерілген, сенімді әрі жарқын болуы керек. Қажет болса өзі сұхбат алып, материал жазып, эфирге шығуына да дайын болуы керек.

Қысқасы, ұйымдастырушылық қабілетімен қатар, ана тілін сезініп, біліп, әрі кәсібінің негізіне жақсы машықтанған болуы қажет. Сондықтан да, телевидениеде жақсы қызметкер болса оны алтынға теңеп жатады.

 

Тікелей эфирдегі диалогтың негізгі қырлары.

Телевизиядағы тілдік бірліктердің қызмет ету заңдылықтары, оларды қолданудың стилистикалық мүмкіндіктері телехабар тілінің өзіне тән табиғатын ашады. Өйткені, біріншіден, телехабарларда негізгі жүк сөзге, сөз жағдаятына түседі; мұнда визуалды бейнелер қосымша ақпарат түрінде беріледі. Сондықтан телехабарларда экраннан көрсетілетін бейнені қайталамайтын ақпарат тілдік бірліктердің көмегімен жүзеге асырылады. Телехабарлар заңдылығы бойынша көрсетуге болатын ақпарат сөз арқылы берілмейді. Журналистердің айтуынша, баспасөз бетіндегі ақпаратты теледидар арқылы көрсеткен кезде, ол ақпарат 75 пайызға қысқарады екен.

Телехабарлар арқылы таралатын ақпарат көпшілік қауымға бағытталғандықтан, телехабарлар тілі публицистикалық стильге негізделеді. Сөйтіп, журналистер экрандағы сөз арқылы жұртшылықты өздері хабарлап отырған ақпараттың мазмұнына сендіреді, көрерменнің санасына және сезім-күйлеріне әсер етіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына себепкер болады.

Телехабарлар көпшілік қауымға арналғандықтан және оның негізгі мақсаты қоғамымыздағы, әлемдегі оқиғалар туралы ғылыми емес, жалпы ақпарат беру болғандықтан, оның тілі сол халықтың түсінігіне қиындық тудырмайтындай дәрежеде құрылады. Демек, телехабарлар тілінде әдеби нормаға негізделген жалпы халықтық қолданыстағы сөздер пайдаланылады.

Телехабарлардың негізгі мақсаты – қоғамға қызмет ету, әрбір адамға азамат ретінде қатынасып, білімді көпшілікке паш ету; адамдардың қоршаған орта мен адамдар жайлы түсініктерін кеңейтіп, өздерін өзі тануға көмектесу. Жалпы, телевидение – қаржыландырудың ерекше формасынан өзге, өзгеше бағдарламалық саясат пен өзгеше басқаруға бағамдалған.

Телехабарлардың басты талабы – азаматтық қоғам құру. Телевидение нағыз өмірдегі адамдар мен көрермендерінің өмірлеріне қаншалықты жақын болса, әрі олардың өмірлеріне қаншалықты тығыз белсенді болса, өзіне жақсы.

Телехабарлар азаматтық қоғамды құрумен қатар, азаматтық қоғам өз қызығушылықтарына орай телевидениені де құрайды.

Коммерциялық телеарналар тікелей жарнамалардан түсетін ақша мөлшеріне байланысты рейтингтер үшін бәсекелеседі. Ал қоғамдық телеарналар көптеген коммерциялық арналар сияқты қоғамға кері ісерін тигізбей, керісінше, көрермендерді қызғылықты да танымды бағдарламаларымен, адами құндылықтар мен тұлғаны тәрбиелеуге бағытталады. Еліміздегі ғана емес, барша әлемдегі телеарналар рухани құндылықтарды насихаттап, аудиторияға позитивті ықпал етудің орнына жоғарғы рейтинг қуамыз деп ақпараттық шикілікке жол беріп, көрермендердің адамгершілік деңгейін төмендетуде.

Жағымсыз, кері ақпарат рухани, тән мен жан денсаулығын құртып, кейін барлық қоғамның індетіне айналары сөзсіз.

Телехабарлар ондай форматтардан аулақ болса, қоғамдық індетке де жол болмаушы еді.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда бәсекеге қабілетті ақпараттық нарық қалыптасқан деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау.

2.1 Тікелей эфирдегі “Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламаларының берілу тәсілдері.

Тікелей эфирде хабар жүргізу  аса жауапкершілікті талап етеді.  Әсіресе сұхбат жүргізу үлкен шеберлікті қай кезде болмасын қажет етеді.  Қанша білімді болғанымен эфир кезінде  қиналатын журналисттер де кездесіп жатады.  Кәсіби шеберліктің сатыларынан өткен  жүрізуші қай уақытта да, жол тауып жақсы пікір қалыптастыра білген. Тікелей эфирге шақырылған қонақтан тартымды  жауап ала білу жүргізушінің шеберлігіне байланысты.  Ия әр кезде, эфирді  жүргізу талабы қашанда мықты. Алайда біздің телеарналардағы  тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтуді жөн санадық. «Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты»атты диплом жұмысымның тақырыбы аясында  Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы және «Әйел бақыты» ток-шоуының тікелей эфирдегі жұмысына тоқталдым.  Алдымен Әйел бақыты ток-шоуы  бағдарламасын кеңінен тарқатып өтуді жөн санадым.Нәзік жандылардың бүгінгі қоғамды алға сүйреп,тыныс әрекетін еш бүкпесіз жариялай білген бағдарламада осында. Кәрі мен жасты,шенді мен қара халықты ұжымның қонағы еткен бағдарлама әңгімесі риясыз шындық пен орамды ойға өрнектелген. Жаңа ғасырда қазақ қай құндылығымен мақтана алады немесе қай жоғaлтқанын қайта жаңғырта алады? Сан сұраққа осы бағдарлама арқылы жaуап іздейміз. Бағдарлама жанры- ақпараттық- сараптамалық.«Қазақстан» ұлттық  телеaрнасы көрермендер назарына мемлекеттік деңгейде өзекті тақырыптарғa берілген сапалы сараптама мен публицистикаларды ұсынады. Бaғдарламаның авторлық ұжымы қашанда шынайы жоспарлар мен қадaмдар туралы толық мәлімметтендірілген. Сондықтан, олар дәйекті шешімдер мен анық жорамалдар жасайды. Бағдарлама қазақстaндық қоғамда орын алған үрдістерге деген өлшеулі ұстанымы мен объективті көзқарaсымен ерекшеленеді. Әйел бақыты ток-шоуы 2013 жылдың 9-қыркүйегінде шымылдығын түрді. Қыз-келіншектерге  арналған ток-шоу аптаның дүйсенбі мен жұма аралығында  көгілдір экраннан көрерменге жол тартады. Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Жасандылықтан алшақ ашық әңгіме құрылады. Бағдарламада аруларымыздың жан дүниесі, олардың басына түскен қиындығы турасындағы жайттар сарапқа салынып оң шешімді жолдарын қарастырады. Өмірдің қиын кезеңдерінде жолбасшы-серік болып, әйелдерге ақыл-кеңес беруді көздеген жоба. Бағдарлама мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету. Бұл жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін нәзік жандылардың беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, олардың құқығы,  ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріліп, күрмеуін таппай жүрген жайттардың да сырын ашады.   «Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз сауалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Телекөрермендер санын көп жинаған ток-шоудың  бастапқы жүргізушілері  Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі. 

 Қарбалас тіршілігі  қызықты бағдарлама барысында  жан түршігерлік оқиғалар, ерекше  әсер қалдыратын қыз-келіншектердің  тағдыры да студияда талқыға  салынады. Өмірдің ащы тұстары  да,  қызыққа толы қырлары да  Әйел бақыты бағдарламасында  боямыз түрде қалың көпшілікке  жол тартты.  Ток-шоудың тұсаукесері  «Арманым адастырмаса екен» атты  тақырыппен бағдарлама шымылдығын  түрді. Бағдарламаның алғашқы санында  жар таңдау мәселесі көтерілді.  Отбасылық өмірге қадам баспас  бұрын қыз бен жігіттің бір-біріне  сенім білдіруі,  қай жаста  шаңырақ көтерген дұрыс,  ерте  тұрмыс құрудың жауапкершілігі  қандай сынды деген өмірдің  заңды тұстары «Әйел бақыты»  бағдарламасының алғашқы санында  талқыға түсіп, жан-жақты пікірлер  айтылды.. Содан бері  бүгінгі  қоғамда нәзік жандыларымыздың  бастарынан өткеріп жатқан  түрлі  тақырыптар бағдарлама арқауына  айналды .Жанұядағы  әйел адамның  орны, отбасылық өмірде кездесетін  жайттар, қыз-келіншектеріміз  әдет-ғұрыпты  қалай ұстанады, келін мен ене  сыйластығы, бала тәрбиесі, бұрымдыларға  сән әлеміндегі пайдалы кеңестер, қыз жат жұрттық сынды тақырыптар  бағдарлама ілмегіне ілінді. Студиядағы  тікелей эфирдің бір сағаты, біртағдырға, мыңдаған көрерменге ықпал  етіп, қоғамда жақсы пікір қалыптастырушы  бағдарламаға айналды.

Бақытты әйел қандай болуы тиіс деген сауалға, бағдарлама жүргізушілерінің өзіндік пікірлеріне де назар аударсақ. Жүргізуші Әйгерім Есенәлінің ойынша Әйел бақыты әдімілікпен махаббат құралады деп есептесе, бағдарламаның тізгінін ұстаушылардың бірі  Қарагөз Сүлейменова, ошағын өшірмеген  заманмен үйлесін тапқан әйелді бақытты санайды.  Телевизия саласында табан аудармай жұмыс жасап келе жатқан  белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының ойынша Әйел бақыты ақыл мен парасат, арқа сүйер азаматтың қолдауында.  Аталмыш ток-шоудың тізгінін ұстаушылар әр бағдарлама сайын әйел бақытының сырын ашуға тырысады.

 Әйел бақыт жолындағы қиындықтар мен кедергілерді жеңе білсе бақытқа ие болмақ. Ол қандай бақыт? Қандай қиындықтар? Сенімсіздік, қызғаныш, жек көру, ашу, әділетсіздік, қорқыныш, тәкаппарлық, нағыз жаман қасиеттер. Егер әйел осы жамандықтарды жеңе алса, өз бойына жимаса бақытқа қол жеткізе алады. Әр әйел өз бақытын қайдан таба алады? Әйел баласының бақыты – отбасында. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бұлжымас қағида болғалы қашан. Сонымен әр әйелдің отбасы, ошақ қасында әрдайым ұстанар қағидаларына тоқтасақ:

  1. Ері үшін бойын түзеп, сәнді киіну. Еріне деген сағынышы мен сезімін білдіре жүру.
  2. Ол үйге келерден бұрын үй ішін тап-тұйнақтай жинап, дастарханға дәмді ас қою.
  3. Егер ерінің табысы аз болса соған бола шаңырақты шайқалтпау. Кедейлер мен мүсәпірлерге қарап, сол табысқа да шүкірлік еткен жөн. Алланы еске алып, Оның сізге бергендеріне шүкіршілік ету қажет. Ең үлкен байлық — Аллаға деген сенімде екенін әрдайым естен шығармау қажет.
  4. Ерін әрдайым көмектесіп, қолдап, қуаттап отыру. Оның азамат басын сыйлап, айтқанын орындаған дұрыс. Егер Исламда тыйым салынбаса, оның бұйырған барлық ісін орындау керек.
  5. Ашулы кезінде сабырға шақырып, кем-кетігін толықтыру. Мұны қазақ «жаманын жасыру, жақсысын асыру» дейді.
  6. Отбасылық құпияларды сақтай білу, ол жоқ кезде отбасының мүлкі мен отағасының арын қорғай білу.
  7. Оның ата-анасына барынша құрмет көрсетіп, туысқандарымен ұрысып-керісуден сақ болған жөн.
  8. Балаларды ешуақыт көзден таса қылмаңыз. Баланы туған сәтінен бастап қадағалау қажет. Оның тәрбиесі мен адами болмысына аса көңіл бөлген жөн. Үсті-бастары таза, дендерінің сау болуы ең алдымен әйелге байланысты.

Осы айтылғандарды мүлтіксіз орындай білген әйелдің бақыты —  қолында деген сөз.

 

Таңмен бірге таласып, күн ұясынан көтеріле бастағанда  қазақ еліне көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын  Таңшолпан бағдарламасы да диплом жұмысыма арқау болып отыр. Тарихы терең аталмыш бағдарламаның бүгінгі таңда  сұранысқа ие болуының да маңызы зор.Телеарна саласында тікелей эфирде жұмыс істеу табиғатының барлық қырларына жіті мән беретін бұл бағдарлама, ұлттық арнамен бірге жасасып келеді десем артық айтпаған боларымын.  Ақпараттық сазды бағдарлама бағытындағы ірі теле жобаның тарихына  қанық болсақ. Бағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шықты. Алғашқы хабардың тізгінін Иманбай Жұбай және Лаура Юсупжанова  сынды тележүргізушелер жүргізді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау жазушы, қоғам қайтаркері Шерхан Мұртазаның идеясы болатұғын. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атады. Бағдарламам нақты бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атады. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Осылайша, қаламы қарымды жазушы Шерхан Мұртаза батасын беріп, Иманбай Жұбаев қостап, қалың көпшілікке көгілдір экран арқылы жол тартты. Бағдарламаның алғашқы тобында бас редактордың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Серік Есенов, бас режиссер Нұрлан Жұманиязов, режиссер Асыл Қаптағаева, редакторлар – марқұм Кенжебай Жармұхамбетов, , Азамат Қалымбетов, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Мұхтар Түменбаев, Әміролла Саримов, Гүлмария Көптілеуова, Құдайберген Қазыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тастаев Ғалия Әженова, Балжан Баялиева  сынды шығармашылық ұжым мүшелері жұмыс істеді. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті. Бағдарламаның алғашқы жүргізушілері Ләззәт Танысбай, Гүлмира Дайрабаева, Хадиша Жәмекова, Лаура Юсупжанова, Архат Садықов, Ругина Лоджу, Жақсылық Шүйтенов. Бағдарламаның  ең алғашқы ашылған уақыттарында «Зейнеп апайды тыңдасақ» атты  айдары болды. Арнайы айдарды жазушы Зейнеп Ахметова тізгіндеді. Бұдан бөлек  «Заң мен заман» жобасы да бағдарламадағы айрықша айдарлардың бірі болды.  Бұл айдарға Мақсұт  Нәрікбаев жетекшілік етті. Ұлттық арнадағы күллі қазақ жұрты ғана емес, көршілес елдер Ресей, Қытай, Қырғыз, Моңғолия сынды мемлекеттер де көз тігіп, ұдайы тамашалайтын, экран бетінде өз ой-пікірін білдіріп жүрген «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының жарыққа шыққанына бүгінде 23 жылдың жүзі болды. Тұсауын Шерхан Мұртазадай қадірлі ақсақалдың өзі кесіп, «Таңшолпан» деп ат қойған таңғы бағдарлама осы 23 жыл ішінде әдебиет, өнер, мәдениет, руханият әлеміне, ғылым мен білім, саясат пен әлеуметтік тақырыптарға еркін құлаш ұрды. Елге тұтқа болған түрлі саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, өнер адамдары һәм біз білетін, білмейтін түрлі сала қызметкерлері өз өнерін осы «Таңшолпанда» ортаға салды. Халық мүддесін қорғап,   ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға да септігін тигізген бірден-бір тележоба. Тікелей эфирге шыққан «Таңшолпан» әр кезеңде әр түрлі атаумен көрерменге жол тартты. «Таңшолпаннан» кейін «Арай», Жаңа күн», «Таң сәрі», «Оян, қазақ!», «Көңілашар», «Қайырлы таң, Қазақстан!», «Ассалаумағалайкүм, ағайын!» деген атпен шығып, 2008 жылы қайтадан «Таңшолпан» атауы қайта оралды. Бағдарламада Тыныс Өтебаев, Иманбай Жұбай, Бақытжамал Ерманова, Гүлмира Дайрабаева, Ләззат Танысбай, Дана Нұржігіт, Әйгерім Шәймерден, Айнұр Қамысбекқызы, Назира Бердалы, Алтынбек Рахметов, Мақсат Әділхан, Жанар Шәмел, Нұрлан Албан, Нұрлан Әлімжан, марқұм Рүстем Есдәулет, марқұм Руслан Бөлебай сияқты  қаламы қарымды, әрі білікті журналистерден құралды. Әр таң сайын «Қазақстан» ұлттық арнасының шымылдығын түретін «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы  2012 жыл 23 қарашасында студенттер сарайында «Таңшолпан» бағдарламасының 20 жылдық мерейтойы аталып өтілді. 2012 жылдан бастап «Таңшолпан» бағдарламасы өз көрсетілімін Астанадағы «ҚазМедиа» орталығынан таратып көрсете бастады. Соған орай бағдарламаның дизайны да өзгерді.Сонымен қатар  аталмыш бағдарлама өз кезегінде түрлі байқаулар ұйымдастырып отыруды дәстүрге айналдырған. Бағдарламаның ерекше тұстарының бірі де осында.  Мысалға, «Ең жас батыр ана» байқауы, «Парасатқа құштарлық» байқаулары көрермендердің бағдарламаға деген құштарлығын оятып, бағдарлама дәрежесін көтеруге септігін тигізеді.

Исі қазақ жұртына тұщымды әрі мағыналы жаңалықтарымен қуантып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген «Таңшолпан» бағдарламасының бүгінгі жай-күйі қандай тоқталып өтсек. Ақпараттық-сазды бағдарлама тікелей эфирде өтеді.  «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды. 2014 жылдың 2 маусымнан бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды  бағдарламасы жаңа студияда, жаңаша бағытта шыға бастады. «Таңшолпан» бағдарламасының 2010-2014 жылғы жүргізушілері: Майя Веронская, Берік Көшербекұлы, Ирина Тен, Маржан Болатханқызы, Жансерік Бейсеев,Назерке, Нұртас. Үш сағат бойы тікелей эфир барысында сан –салалы тақырыптарды қамтып, ұланғайыр қазақ даласының түпкір-түпкіріне ән мен жырдан шашу шашады. Әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызыққа толы дереккөздер, танымдық ақпараттар, әлемдік оқиғалар, жағымды жаңалықтар-мұның барлығы «Таңшолпанда». Көрерменнің көзайымына айналған бағдарлама бүгінде кең ауқымға ие. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші  бірнеше шығармашылық ұжым жұмыс атқарады. Барлық тақырыптарды қамтитын  ақпараттық-сазды жанрдағы бағдарлама бірнеше  қыззыққа толы айдарлардан тұрады.  Атап айтсақ: қызықты мәлімет айдары. Бұл бөлімде  ғаламтордан алынған  мәліметттер көрермен қауымға ұсынылады.  Айрықша мәнге ие айдарлардың бірі «Қазақ жері».  Ұлан-ғайыр атырапты алып жатқан ұлы мекендер жайында бейнематериалдар көрсетіледі. 

 Ұлтарақтай болса да,

Ата-қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен жер қымбат- демекші – төл тарихымызды тану арқылы қазақ халқының келешекке  сенімін айқындап, уыздай ұйыған береке бірлігін одан әрі нығайтуды басты мақсат тұтқан бұл айдардың телекөрермендерге берері өте мол.  Қазақ жеріндегі тарихы тереңге бойлаған киелі мекендер турасында ақпарлар беретін бағдарламаның маңызды  айдарының бірі.  Табиғаты келіскен Қарқаралы, Бурабай, Алтай таулары сынды көрікті жерлерден бастап, әлі де сыры ашылмаған тарихи құндылықтарға ие  жер-су аттары жайында бағдарламаның шығармашылық ұжымы жақын таныстырады.

Күн бойына сергек жүруді насихаттайтын  «Ырғақ» айдары да көрермендердің көзайымына айналып үлгерген.  Спрот коментаторы, журнаист Индира Бектенова  аталмыш айдардың жүргізушісі. Таңғы  жаттығу барысында, ырғақты қимылдар, пайдалы жаттығулар  таңғы бағдарамадағы бой сергітер  айдар болып табылады.

 Ақпарат айдынынан  да хабардар ететін арнайы  айдар да осы бағдарламадағы  тұрақты бөлімдердің бірі.  «Баспасөзге  шолу» айдарында  бағдарлама жүргізушілері  еліміздегі баспасөз беттеріне  жарық көрген  әлеуметтік, -қоғамдық-саяси, мәнге ие мақалалармен  етене  таныстырады.  Қазақ басылымдарындағы  мақалаларға шолу жасап, көгілдір  экран алдына жиылған жұртты  ақпаратпен құлақтандыратын   айдар. Бұдан бөлек Таңшолпан  бағдарламасы телекөрермендер үшін  пайдалы кеңес, бүгін дүниеге  келгендер, қолөнер шебері,  байқаулар, студия қонағы,  мультфилмдер  сынды  көрермен көзайымына айналған  айдарларымен ерекшеленді. 

Информация о работе Теледидарда тікелей эфирде жұмыс істеу табиғаты («Таңшолпан», «Әйел бақыты» бағдарламасы негізінде)