Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 23:46, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық.

Содержание работы

Кіріспе
1. Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі
1.1 Ядролық қарудың тарихы
1.2 Ұлттық ядролық орталық
1.3 Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

2. Қорытынды
3. Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

СӨЖ Ядролық қарулар Айғаным.docx

— 40.57 Кб (Скачать файл)

 

Жоспар:

 

Кіріспе

1. Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі

1.1 Ядролық қарудың тарихы

1.2 Ұлттық ядролық орталық

1.3 Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

 

2. Қорытынды

3. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында былай, деген болатын: «Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетеміз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс. Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы – жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану. Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды», -деді Президент Н.Ә.Назарбаев.

Әрине мұнда Қазақстан Республикасын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы екендігін айта кету керек.

Ядролық қарудан бастарту мәселесі – ХХІ ғасырдың ең ауқымды, әрі күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Егер әлемдік халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі

 

1.1 Ядролық қарудың тарихы

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.

Атом бомбасы – авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.

Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелірадиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.

Осыдан 64 жыл бұрын тамыздың 6-ы күні Жапонияның Хиросима қаласына американдық «Малыш» атты бомба тасталды. Бұл қаланы манхэттэндік жобаның зерттеуші тобы 1945 жылдың көктемінде Кокура, Нигата және Жапонияның ең көне әрі қасиетті болып есептелетін Киото қалаларының арасынан таңдап алды. Топқа математиктер, физик-теоретиктер, қопарушы мамандар мен метеорологтар кірді. Қаланың аумақтылығы, ондағы әскери қоймалар мен қаланың қыраттар арасында орналасқандығы – Хиросиманы дүниежүзіндегі алғашқы ядролық бомбаны сынау «мәртебесіне» ие етті. 26 шілдеде «Индианаполис» крейсері «Малыш» атом бомбасын Тиниан аралына жеткізді. Тамыздың басында барлығы операцияның жүзеге асуына сақадай сай болды, тек қолайлы ауа райын күтіп тұрды. Экипажға барлық суреттер мен нұсқаулар таныстырылды. Бұл шараның тарихи маңыздылығын түсінген авиаполктің командирі полковник Тибетс өз ұшағына, анасымен аттас «Энола Гей» деген есім берген екен. 6 тамызда шамамен сағат 8-де Жапонияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бомбалаушыларды байқаған. Алайда, жақындаған ұшақтардың саны аса көп емес – үшеу ғана екендігін байқап, әуе дабылын қоспаған. Қаланың тұрғындары алаңсыз өз жұмыстарын істеп, енді біреулері аспандағы ұшақтарды бақылаумен болған. Бомбалаушылар қаланың орталығына жеткенде бірінен парашют түсіріледі де дереу ұшақтар кері кетеді. Көзді ашып жұмғанша 8 сағат 15 минутта жер мен көкті екіге бөлгендей әсер қалдырған күшті жарылыс болады. Бомба жарылысынан аспанға аппақ сәуле көтерілген еді, жан-жақтан қирап жатқан үйлер мен соғылып жатқан ауыр техниканың дауысы шығып жатты. Жарылыстан кейін Хиросима күні шаң мен түтіннен көз аша алмады. Қуаты 20 тонналық тротил эквивалентін құраған бұл бомба қаладан 600 метр биіктікте жарылғандығына қарамастан, қаланың 60 пайызын жойып жіберді.Кей ақпараттарға қарағанда үш жүз мыңнан аса тұрғыны бар қаланың 150 мыңға жуығы сол күні-ақ мерт болған. Тамыздың 9-ында Жапон елінің екінші қаласы - Нагасаки ядролық бомбаның құрбаны болды. Ондағы жарылыстан 70 мың адам қайтыс болып, тұрғын үйлердің 36 пайызы қиратылды. Нагасаки бұрын бомбаланған Хиросимаға қарағанда аз зардап шекті. Дей тұрғанмен бұл жайттар салыстыруға келмес. Міне осылайша, әлем жұртшылығы осы жылы ядролық қарудың күш қуаты мен қасіретін алғаш рет байқап көрген еді.

Осыдан соң көп ұзамай-ақ ол қаруға Совет үкіметі де қызығушылығын таныта бастады. Ядролық қарудың мүмкіндігін байқау мақсатында сынақ өткізуге Қазақстанның Семей аймағы таңдап алынды. Сөйтіп, 1949 жылдың 29 тамызында Семейде алғаш атом бомбасы жарылды. Кей құжаттар бойынша 1949 жылдан 1991 жылға дейін Совет Одағы Қазақстан жерінде 450-ден астам ядролық сынақ өткізіпті. Семей полигонында ұзақ жылдар бойы ядролық зымыран қозғалтқышының жеке элементтері ғана емес, жер үсті прототипі де сыналған. «Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбек қазақ жерінде өткізілген жарылыстардың Хиросимадағы жарылыстан бірнеше есе күштірек болғандығын айтады. Семей өңірінде 40 жыл бойы сыналған ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 мың есе асып түседі екен.

 

1.2 Ұлттық ядролық орталық

Ұлттық ядролық орталық – ғылыми-зертеулік мекемесі. ҚР Президентінің қаулысымен 1992 жылы бұрынғы Семей полигоны әскери-өндірістік кешені, сондай-ақ республика аумағындағы осы салаға қатысты басқа да мекемелер мен нысандар негізінде құрылған. Орталық қызметінің негізгі бағыттары: Қазақстан аумағында ядролық қару сынағы зардабын жою; Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мақсатында ғылыми-техникалық, технология және кадрлық негіз жасау; бұрынғы әскери-өнеркәсіптік Семей сынақ полигонын конверсиялау және оның ғылыми-техникалық әлеуетін бейбіт мақсатқа пайдалану; дүние жүзіндегі әлі жұмыс істеп тұрған полигондардағы ядролық қару сынағына бақылау жасау. Орталықтың ұйымдық құрылымы: Ядролық физикалық институты (Алматы қаласы, Курчатов қ., Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай к.), Атом энергиясы институты (Курчатов қ.), Геофизикалық зерттеулер институты (Курчатов, Алматы, Ақтөбе, Қаскелеңқалалары, Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы ауданы), Радиациялық қауіпсіздік және экология институты (Курчатов қ.), «Байкал» кәсіпорны (Курчатов қ.), Қазақ мемлекеттік жарылыс жұмыстарының ғылыми-өндірістік орталық (Алматы қаласы). 1957 жылы құрылған Ядролық физика институты 1992 жылы Ұлттық ядролық орталық құрамына енді. Институт қызметінің негізгі бағыттары: ядролық физика, қатты дене және материалтану саласында іргелі зерттеулер жүргізу, радиоэкологияның ядролық-физикалық әдістерін дамыту, жоғары санатты мамандар даярлау. Атом энергиясы институты 1992 жылы Ресей Федерациясы Атом энергиясы министрлігінің «Луч» ғылыми-өндірістік бірлестігінің негізінде құрылған. Институттың басты мақсаты ҚР-да атомдық энергетика саласын дамыту үшін ғылыми-зерттеулік және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарын, атом станциясы құрылыстарындағы атомдық және термоядролық энергетика, ғарыштық ядролық энергетикалық қондырғылар, радиациялық қатты дене физикасы мен реакторлық материалтану қауіпсіздігіне техникалық-экономикалық негіздеуді жүргізу. Геофизикалық зерттеулер институты 1993 жылы құрылған. 1994 жылдан Боровое, Қаскелең қалаларындағы геофизикалық обсерваторияларды, Ақтөбе, Курчатов қалаларындағы, Мақаншы ауданындағы сейсмикалық станцияларды біріктіреді. Институт ядролық сынақтарға бақылау жасау, олардың зардаптарын геологиялық-геофизикалық тұрғыдан зерттеу, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, т.б. мәселелермен айналысады. Радиациялық қауіпсіздік және экологиялық институты 1992 жылы әскери және радиоэкологиялық бөлімшелері негізінде құрылды. Негізгі ғылыми бағыттары: радиоэколигиялық және сынақ жүргізілген немесе радиациялық қауіпті нысандары бар аймақтарға радиациялық бақылау орнату. Қолданбалы ғылыми-зерттеулер мен инженерлік-техника жұмыстарды атқаратын «Байкал» кәсіпорны КСРО Жалпы машина жасау министрлігі кәсіпорындарының негізінде құрылған (1992). Қазақ мемлекеттік қопару жұмыстарының ғылыми-өндірістік орталық құрылған (1993). Қызметінің негізгі бағыттары: жарылғыш материалдар өндіру, арнайы жабдықтар мен аспаптар, жарылу жұмыстарын механикаландыру құралдарын шығару, өндірістік жарылғыш заттарды өңдеу, сынау және қолдану бойынша жарылу жұмыстары аумағындағы құжаттарды жобалық және технологиялық сараптау, т.б. Ұлттық ядролық орталық Еуропа, АҚШ, Жапония, Франция, Бельгия, Үндістан, т.б. мемлекеттердің, жетекші халықар. ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс істейді. 1995 жылы Курчатов қаласында ядролық технология мүмкіндіктерін бейбіт мақсатта пайдалану және дамыту үшін бірлескен Қазақстан – Америка «SEMTECH» кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын ғылым, техника саласында коммерциялық қызмет көрсетеді және озық технологияларды тарату, геологиялық зерттеулер жүргізу, атом электрстларының ядролық қауіпсіздігін сараптаумен айналысады. 1996 жылы Ұлттық ядролық орталығы негізінде екі кешеннен тұратын жоғары технологиялық Қазақстан – Америка «KK Іnterconnect» бірлескен кәсіпорны құрылды. Бұл кәсіпорын Курчатов және Алматы қалаларында орналасқан.

Қазақстанның Ядролық Қоғамы – тәуелсіз коммерциялық емес ұйым, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы барынша кең білімге қол жеткізуді мақсат еткен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. Қазақстанның ядролық қоғамы 1992 жылы құрылған, республика бойынша бөлімшелер тармағына ие. Ұйымның басты міндеті атом энергиясын бейбіт пайдалану саласындағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыруға, мемлекеттік және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды сараптаудан өткізуге қатысу, қауымдастық мүшелерінің ядролық ғылым, техника және технология, радиациялық экологияның жаңа жетістіктеріне болған кәісіби қызығушылықтарын қанағаттандыру, атом энергиясын бейбіт пайдалану мәселелеріне қатысты кеңінен ақпарат алмасуды, атом энергиясының нақты абзалдықтары жөнінде жан-жақты түсінікті қалыптастыру үшін жұртшылықпен түсндіру жұмыстарын ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

 

1.3 Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

 

1. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың иерархиясы белгіленген құрылымның графикалық схема немесе мәтіндік сипаттама түріндегі өтініш берушінің ұйымдық құрылымының болу керек.

2. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес мәлімделген жұмыстарды орындау үшін өндірістік-техникалық базаның (мамандандырылған өндiрiстiк ғимараттардың, инженерлiк құрылыстарды, машиналардың, механизмдердің, жабдықтардың) болуы керек.

3. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекiткен жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың дәйекті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайын айқындайтын мәлімделген жұмысты орындаудың технологиялық регламенттері сақталу керек.

4. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – персоналдың сәулелену дозасын өлшеу және есепке алу жүйесiнiң (үй-жайлардың, аспаптар мен құралдардың, өлшеу әдістемесінің, жауапты адамдардың) немесе персоналға жеке дозиметрлік бақылау жүргізу құқығына лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғамен шарттың болуы қажет.

5. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес ядролық қауіпсіздікті және өндiрiстiк радиациялық бақылауды қамтамасыз ету қызметiнiң (қызмет туралы бұйрық пен ереженің, нұсқаулықтардың, кестелердің) болуы керек.

6. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен ядролық, радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың, ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалар мен техникалық регламенттердің және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы талаптарына сәйкес ықтимал авариялардың алдын алу және оларды жою жөніндегі нұсқаулықтар мен жоспарлардың қамтамасыз етілуі керек.

7. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық материалдарды және иондаушы сәуле шығару көздерін есепке алу және бақылау (өтініш беруші бекіткен нұсқаулықтар, түгендеу актілері, есепке алу, беру және сақтау журналдары) жүйесінің болуын қамтамасыз ету керек.

8. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – өтініш беруші бекіткен техникалық регламенттердің және ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес радиациялық қауіпті жұмыстарға жіберілген персоналдың жеке қорғану құралдарының болуын қамтиды.

9. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өтініш беруші бекіткен және атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен келісілген ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің қабылдау актісінің болуын қамтиды.

10. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметкер еңбек (қызметтік) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.

11. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы шарттың болуын қамтиды.

12. Осы қызмет түрінің шеңберінде барлық кіші қызмет түрлері үшін – мiндеттi экологиялық сақтандыру шартының болуын қамтиды.

 

Қорытынды

Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту үшін дәйектілікпен қолдау көрсетуін жалғастыратынын хабарлады, осыған байланысты күш-жігер жұмсау қажет болатын бірқатар бағыттарды атап көрсетті.

Олардың бірі ретінде ядролық қауіпсіздіктің бірден-бір кепілі болып саналатын толық және жалпыға ортақ ядролық қарусыздану аталды. Тағы бір кейінге қалдыруға болмайтын міндет ретінде Қазақстан Президенті ядролық терроризмге қарсы іс-қимылды және оның негізін жоюды атады.

Информация о работе Ядролық қарулармен жұмыс істеу тәртібі