ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси ғаламдастыру үрдістері халықаралық құқықтың басты-басты принциптерін алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ОБСЕ, Халықаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болу үлкен маңызға ие[17, 30-38 бб]. 1992 жылы  2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясының (БҰҰБА) 46-сесс-иясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жөніндегі  46/224 резолюцияға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметін белсенді түрде қолдай бастады.1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдайтын қимылдарына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51-ші мемлекетке айналды.

БҰҰ адамзат дамуына қатысты кең көлемді мәселелерді шешумен айналысады. БҰҰ бөліп көрсетуі бойынша адам қауіпсіздігіне қатер төндіретін төмендегідей құрылым тізімі қабылданған: экономикалық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамдық қауіпсіздік, саяси қауіпсіздік. Бұлардың барлығы әр түрлі ұйымдар мен конференциялардың қызметінде көрініс тапқан. 1992 жылы Рио-де Жанейрода, 1993 жылы Венада - адам құқығы, 1994 жылы Каирде - халық саны мен дамуы, 1995 жылы Копенгагенде - әлеуметтік даму, 1996 жылы Пекинде - әйелдердің жағдайы, Стамбулда елді мекендер мен даму және басқалар жөнінде мәселелер қаралды. Қазақстан БҰҰ-ға енген уақытынан бастап бұл конференциялардың жұмысына белсене ат салысты.

 БҰҰБА-да қаралған  ең басты мәселе келелі мәселелердің  бірі Семей ядролық полигонына  қатысты болды. 1998 жылы 16 қарашада  БҰҰБА-ның 53-ші сессиясы «Халықаралық ынтымақтастық және тұрғындарды реабилитациялау және Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы сақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталған резолюция қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен  (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру»,  «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі»  және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді.  1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.

1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ- ның білім, ғылым және мәдениет  мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкен ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

1994-1995 жылдарда ОБСЕ-нің  төмендегідей құрылымдары мен  тұрақты ынтымақтастық байланыстар  орнады: аз санды ұлттар жөніндегі  институты, демократиялық институттармен  адам құқы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан Алматыда ОБСЕ орталығы тұрақты жұмыс істейді.

Қазақстанның дипломатиялық қызметі 1991 жылдан  2001 жылға дейінгі он жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991-1993 жылдары Қазақстан халықаралық құқық субъектісі ретінде әлемдік қоғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды.

Халықаралық коғамдастықтағы еліміздің жағымды образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мүмкін болды. Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау, діни экстремизмге қарсы тұру, әлем діндері арасында толерантты қарым-қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады. Осының негізінде еліміз аймақтық, және ғаламдық қауіпсіздік мүддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды. Мысал ретінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына (ЕКЫҰ) бұрынғы кеңес кеңістігіндегі елдердің көшбасшысы ретінде төрағалық етуге 2003 жылы өз кандидатурасын ұсынуын атап өтуге болады. Соңғы жылдары Қазақстан осы мақсатқа қол жеткізуде тиянақтылық пен қажырлық танытты. Төрағалыққа ұсынылған біздің мемлекетіміздің кандидатурасын Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік турасында сіңірген еңбегін бағалаған көптеген мемлекеттер қолдады. Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге өз кандидатурасын ұсынуының бір ceбeбі біздің мемлекетіміздің аталмыш ұйымды қазіргі таңда оның кеңестігінде пайда болған әpi көбейіп келе жатқан түрлі қауіпке төтеп бере алатын күшті, әpi тиімді ұйым ету болып табылады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуге ұмтылысының қортындысы 2007 жылдың қараша айында Мадрид қаласында өткен ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Сыртқы icтep министрлері Кеңесінің қабылдаған шешімі болды. Бұл шешімнің нәтижесінде Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ төраға болуда. Мадрид құрылтайының шешімі халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде соңгы 18 жылда қол жеткізген жетістіктерінің маңыздылығын мойындағанының бірден бір дәлелі болып табылады. Бұл ретте Қазақстанның аталмыш халықаралық ұйымның төрағасы ретінде халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған өзекті мәселелерді шешу турасында бірталай ұсыныс жасай алатындығын айтып кету керек.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына басшылық еткен Қазақстан Еуразия құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, яғни, еуропалық және азиялық мемлекеттердің рухани жағындасуына ықпал етті. Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымындағыдағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Н.Назарбаев: «Біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемге түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» деген болатын. «Тағдыр және ЕҚЫҰ перспективалары» атты мақаласында да ел Президенті «Қазақстан мәдениетаралық және өркениеттер арасындағы диалогты құптайтын көпұлтты, поликонфессиялық мемлекет ретінде ұйымның қуатты әлеуетін ұлтшылдық, діни төзімсіздік, нәсілшілдік, ксенофобия және антисемитизмді жеңу үшін пайдаланатындығын» атап өтті[18, 18 бб].

Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығындағы ұраны төрт Т: Trust (сенім), Tradition (дәстүр), Transparency (транспаренттілік) және Tolerance (толеранттылық) болғаны белгілі. Бұл схемадағы төртінші  компонент -толеранттылық – мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогты нығайту қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ жоғары деңгейдегі конференциясы барысында Президент Н. Назарбаев төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ Орталығын құруды ұсынды. Мемлекет басшысы осындай бастама көтерді.«Өздеріңіз білетіндей, төзімділік, сенім, дәстүр – Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты бағыты. Осы мәнмәтінде біздер келесі ұсыныстардың қаралуын маңызды деп есептейміз. Біріншіден – төзімділік пен кемсітпеушілік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ Орталығын ашу қажет», - деді Н.Назарбаев.«Екіншіден – этникааралық және дінаралық төзімділік мәселелері жөнінде ЕҚЫҰ рөлін арттыруды қарастыру керек. Мұндай институттың қызметі ЕҚЫҰ едеріндегі түрлі діни ұйымдар арасындағы диалогты реттеуге, жанжалдың алдын алуға, орын алған алауыздыққа шұғыл араласуға  жол ашады, және ұйымның бедел-абройын көтереді», - деді ҚР Президенті.

«Қазақстанның бір мезгілде өте беделді екі халықаралық ұйымда, белгілі бір мағынада Шығыс пен Батысты білдіретін Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Ислам конференциясы ұйымына төрағалық етуі шын мәнінде өркениеттер сұқбатын, әлемдік діндер сұқбатын дамытудағы тарихи миссиясын орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күнде бұл орындалатын және өте жауапты іс-шара болып табылады, себебі, аталған екі халықаралық ұйымның алдында бір мақсат – қауіпсіздік және ынтымақтастық, әлеуметтік экологиялық мәселелерді шешу, жеке адам құқығын қорғау және әртүрлі ксенофобия мен исламофобия көріністерімен күресу, мұсылман халықтарының мұсылман емес елдерде бейімделу мәселелерін шешу» [19, 12 б].

Астанада алғаш рет 11 жыл үзілістен кейін жоғарғы деңгейде өткен ЕҚЫҰ саммитінің қорытындысы негізінде «Қауіпсіздік қауымдастығына бетбұрыс» Астаналық декларация қабылданған болатын. Аталған Декларация тағы да өзінің ЕҚЫҰ мен БҰҰ-ның Жарғысының негізінде жатқан Хельсинки қорытынды актісінің нормалары мен принциптерін толық ұстанатынын тағы да дәлелдеді.  Мүше мемлекеттердің қарым-қатынасын реттестіруде Астаналық декларация кезінде Хельсинки қортынды актісінде қарастырылған 10 қағидатқа  негізделеді: тәуелсіздікке негізделген теңдік, суверенитетке тән құқықтарды сыйлау, күш көрсетпеу, шекараның бұзылмастығы, мемлекеттердің территориялық тұтастығы,  дау-жанжал мәселелерін бейбіт жолмен шешу, ішкі іске араласпау, адам құқығын және еркіндігін, ой және ар-ождан еркіндігімен қоса діни сенім мен еркіндігін мойындау, халықтар теңдігі және өз тағдырын айқындаудағы құқылығы, мемлекет арасындағы байланыс, халықаралық құқық бойынша алынған міндеттемелерді ұқыпты орындау.

Ислам Конференциясы Ұйымы – Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка құрлықтарындағы 57 мемлекеттің басын біріктіретін, ауқымы жағынан БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі ұйым. Ұйым мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдетіп, нәсілдік кемсітушілікті жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау шараларын қолдану, мұсылмандар үшін қасиетті жерлерді қорғау және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекітуді өзіне мақсат етіп алды.

Ұйымның тетіктері мен рәсімдеріне келетін болсақ, үш жылда бір рет өтетін Мемлекет және үкімет басшыларының саммиті мен жыл сайын бас қосатын Сыртқы істер министрлерінің конференциясы барысында мұсылман елдердің ортақ саясаты анықталады. Шешімдер консенсус пен ислам ауызбіршілігінің қағидаты бойынша қабылданады. Қазақстан осы шараларға тиісті деңгейінде қатысып, оның ұйым жұмысына қосқан оң үлестері ИКҰ қарарларында көрініс беруде.

ИКҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесі саяси шешімдер қабылдап, саммиттер үшін құжаттар мен қарарлар дайындайтын Ұйымның негізгі әрекет етуші органы болып табылады. Сол себепті ИКҰ СІМК-інде төрағалық ету маңызды әрі құрметті іс. ИКҰ Ұйым қарарларында көрінісін тапқан халықаралық күн тәртібінің барлық өзекті мәселелері бойынша мұсылман елдердің көпшілігінің топтастырылған ұстанымы болып табылатын саяси пікірді әзірлейді.

Бүгіндері ИКҰ – жаңғыру жолындағы ұйым. 2008 жылы Сенегал астанасы – Дакарда өткен ХІ Ислам саммитінде Ұйымның жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл ИКҰ-ның белсенділігін арттыра түскен қадам болғанын сарапшылар күні бүгінге дейін айтып келеді. Ислам әлемімен белсенді әрі берік ынтымақтастық – Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттарының бірі. Соның бір дәлелі, Қазақстан ИКҰ-ға 1995 жылдан бері мүше. Қазақстан халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан да дүниежүзілік мұсылман қауымдастығы Қазақстанды өзінің ажырамас бір бөлшегі ретінде қарайды. Ал Қазақстан делегациялары ИҚҰ-ның барлық ірі шараларына қатысып келеді. Атап айтқанда, 1997 жылғы Тегеранда (Иран) өткен ИҚҰ-ның VІІІ саммиті, 2000 жылғы Дохадағы (Катар) ІХ саммит, 2003 жылғы Путраджайяда (Малайзия) өткен Х саммит, 2005 жылғы Меккедегі төтенше саммит, 2008 жылғы Дакардағы (Сенегал) ХІ саммит және тағысын тағылар.

 Қауіпсіздікті қамтамасыз  етудегі Қазақстанның салмақты  тәжірибесі халықаралық деңгейде  үлкен қызығушылыққа ие болып  келеді және де ЕКЫҰ дамуына  жағымды серпіліс беретіндігі анық. Өйткені ЕКЫҰ-на төрағалық ету - бұл Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі аймақтық жүйесіне интеграциялануының, ұйымның бас мүшелерімен жалпы еуропалық өзекті мәселелерді шешу турасындағы тең құқықты сұхбатты жалғастыру мүмкіндігі болып табылады. Қазақстан дипломатиясының ipi жетістіктерінің бipi – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК) жию идеясының жүзеге асқаны болып табылады. Аталмыш идеяның Қазақстан басшысы 1992 жылдың қазанында айтқан болатын. Бұл кезден бepi Қазақстан АӨСШК мүше мемлекеттер басшыларының саммитін 2002 және 2006 жылдары екі мәрте өткізіп үлгерді. Бұл басқосулар халықаралық деңгейде үлкен бағаға ие болды. 2006 жылдың 17 маусымында Алматы қаласында өткен АӨСШК II саммитінде Азиядағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік негізгі мәселелерін форум қатысушылары біріге шешетіндігі сипатталған декларация және де аталмыш ұйымның хатшылығы жайлы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде АӨСШК-не азиялық 20 мемлекет мүше, 7 мемлекет және 3 халықаралық ұйым бақылаушы дәрежесіне ие. Аталмыш форумның жұмысы Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған, бұл ұйым бейбіт сұхбат және Азия кұрлығындағы күрделі геосаясаттық мәселелерді шешу алаңына айналды. ЭСКАТО-ға мүше 62 мемлекеттен 400-ден астам делегат қатысқан Алматы қаласында өткен Азия мен Тынық мұхиты мемлекеттерінің Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ ЭСКАТО) 63-i сессиясы Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия үшін маңызды шараға айналды. Бұндай дәрежедегі шара Орталық Азияда тұңғыш рет өткенін атап өту қажет. Қалыптасып келе жатқан халықаралық жағдайда халықаралық және аймактық ұйымдармен қарым-қатынасты орнату ерекше маңызға ие болып келеді. Олардың басты қызметі қауіпсіздік саласымен байланысты. Осындай ұйымдардың бipi Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы болып табылады (ШЫҰ). 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын (ШЫҰ) құру бастамасына ат салысты және де дәл осы ұйым аясындағы қызметі сыртқы саясаттағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазіргі кезде ШЫҰ Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның басын қосып отыр, ал бұл ұйымдағы бақылаушы мемлекеттерге Моңғолия, Иран, Үндістан және Пәкістан кіреді. ШЫҰ шеңберіндегі диалогарқасында Қазақстан саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалар бойынша көптеген мәселелерді шешуге бағытталған сындарлы сұхбат жүргізу мүмкіндігіне ие және де бұл ұйым аясында терроризм, экстремизм және сепаратизммен күресуде күш жұмылдыру мәселелері талқыланады. ШЫҰ саяси тұрақтылық және қауіпсіздік қамтамасыз етудегі маңызды рөлі оны халыкаралық деңгейдегі беделді ұйымға айналуына септік етті.

Жоғарыда айтып кеткен фактілер Қазақстанның тәуелсіздік жылдар ішінде сыртқы саясатын белсенді жүргізетін нығайған, сенімді мемлекетке айналғандығын көрсетіп отыр. Бұл мемлекет басшылығының сыртқы саясатты дұрыс және тиімді жүргізуіне байланысты мүмкін болып отырғанын атап кету керек. Мемлекеттің алтынвалюта қоры тұрақты көбеюде. 1995 жылдан 2005 жылға дейін алтынвалюта қорының көлемі 9 есеге көбейді. 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәрежені берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің белгісі. Бүкіләлемдік экономикалық форум жария еткен 2006-2007 жж. әлемдік бәсекелестік индексіне сәйкес Қазақстан Ресей, Түркия мемлекеттерін озып 56 орынды иемденді. Бұл тізім бойынша ҚР Орталық-Азия мемлекеттері арасында көшбасшы. Кеңейген экономикалық мүмкіндіктер республика алдында жаңа сыртқысаяси мақсаттар қойып отыр. Сарапшылар көз-қарасы бойынша; Қазақстанның қарқынды дамып жатқан экономикасы «тұрақтылық экспортері» ретінде бүкіл аймақ экономикасының дамуының катализаторы болуы мумкін. Бұл ретте қазақстандықтардың зияткерлік мүмккіндігі мен мемлекеттің табиғи байлыкқары негіз бола алады. Мұнай мен газдың үлкен қорлары бар республика болашақта қалыптасып келе жатқан галамдық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын әлемдік нарыққа көмірсутегін жеткізетін жетекші мемлекетке айналуы әбден мүмкін.

От оранып, жалын құшқан жанкешті жұмысқа жігерлінің жігерлісі, төзімдінің төзімдісі ғана шыдаса керек. Соған шыдас беріп, үдесіне жеткендердің бірі Нұрсұлтан Назарбаев екен.

Қазір адамзат әлемінде озық елдердің қатарына қосылған Түркия басшыларының, Түрік халқының Қазақсатан Президентін қалай күтіп алғанының куәсі болдым. Қазақ қазақ болғалы оның бір де бір басшысын басқа мемлекеттің бұлай күтіп алуы тарихта кездескен емес. Түркияның Астанасы Анкара әкежайында Нұрсұлтан Назарбаевты терезесі тең мемлекет басшысы ретінде әскери шерумен, аса бір ыждағатты құрметпен қарсы алғаны Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың оны туған бауырындай құшқаны кімді де болса тебірентпей қойған жоқ.

Әскери салтанаттан соң Түркия үкіметінің мүшелері тізіліп тұрып, Қазақстан Президентімен қол алысып тұрып амандасып жатты. Олардың соңын ала Түркияда тұратын қазақтың өкілдері: еңкейген кәрісінен бастап еңбектеген баласына дейін емірене, тебірене сәлемдесті.

Ататүрік әуежайындағы жағдай әлі ойымнан кетпейді, әлі көз алдымда. Мыңдаған түрік, қазақ «А, құдайлап», «Назарбайлап» ұран тастап, ұзақ уақыт тұрып алғаны әлі құлағымда. Үлкен-үлкен үш қошқарды бастарын үкілеп: «Иә, Ақсарбас!», «Иә, Тәңірі Нұрсұлтан Назарбайға ғұмыр бер!», «Иә, Алла, қазақ халқына абырой бер» деп үшеуін бірдей бір сәтте құрбандыққа шалып жібергені сірә естен кетер ме!

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері