ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

Айта кетерлігі, бұл басылымда дінаралық үнқатысу мәселесі мемлекеттік дәрежедегі жиындар негізінде көтерілген. Осы тақырыпқа қатысты Танатар Табынұлының мақалаларын атап өтуге болады. Журналист өз мақалаларында дінаралық диалог ұғымының мәнін нақты мысалдар келтіре отырып ашып береді. Десек те, осы мазмұндас терең әрі әр қырынан талданған мәнді мақала, сүбелі сұхбаттар көбірек жариялануы тиіс.

Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде дінаралық үнқатысу мәселесі «Дінаралық келісім – мемлекет ұстанған қағида», «Өркениет диалогы», «Бейбітшілік және келісім - адамзат таңдауы», «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстан еуропалық қауіпсіздіктің байланыстырушы буынына айналуға әзір!», «Ынтымақтастық» және т.б. мақалаларда кеңінен талданған.

«Нұр Астана» газетінде «Дінаралық келісім – татулықтың белгісі» деген тақырыпта жарияланған мақаласында философ ғалым Е.Смағұлов Қазақстанның дінаралық қатынастарға қатысты саясатын баяндай келіп, «Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстан дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара әрекеттесуінің үлкен тәжірибесі бар, сондықтан Қазақстанның конфессиялар мен өркениеттердің жемісті диалогы орнаған мекен атануға құқығы бар» - деген пікір айтады.

Жаңа саяси мәдениет пен қоғамдық сананың қалыптасуы туралы айтқанда Н.Назарбаев “Біз құқықтық мемлекет пен соған сәйкес саяси жүйені құра отырып, мемлекет пен қоғамның өміріне демократиялық қағидаларды өз ретімен енгіземіз. Бірақ маған бөтен тәжірибені көзсіз көшіру мен теориялық догмаларға сөзсіз ере беру қоғамның толысуынан, оның экономикалық ахуалы мен демократиялық қалпынан маңызды деп ешкім де дәлелдей ал­ма­й­ды. Біз қан­дай жақсы заңдар жазсақ та, бәрін өмірдің өзі айқындайды” деп атап көрсетті.

Қазақта “қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” дейтін мәтел бар. Кейде кертартпа, Елбасымен бой салыс­тыр­ғы­сы келетіндер Қазақстан бұдан да жыл­дамырақ дами алар еді деп санайды. Тіп­ті, жұрттың да сол ойдың жетегімен жүруін қалайтынын қайтерсіз?!. Бірақ олар мемлекет өзінің қалыптасу кезе­ңінде дамудың белгілі бір сатыларынан өтуі тиіс екенін, бұл бәрінен бұрын халықтың дүниетанымындағы өзгерістер арқылы көрінетінін қаперге алмайды. Мемлекеттік институттарды жаңарту қар­қыны тым тез немесе тым баяу бола алмайды ғой. Шын кемел саясаткер қоғамның өзгеру жылдам­дығына қарай халықтың бейімделу қабілетін де сезіне білуі тиіс. Қазақстан Президентінде осы қасиет терең ор­ныққан.

Жаңғыру үрдісінің қарқыны туралы мәселе түбегейлі өзгерістер барысында пайда болатын міндеттердің ерекшелігіне де байланысты. Қоғамдық маңызды жобаларды жүзеге асыруды тездету ісін көптеген жағдайда Ұлт көсемінің өзі мойнына алады. Н.Назарбаевтың бас қаланы Алматыдан Астанаға ауыстыруы мұның айқын мысалы.

Бұл тарихи жоба іске асырылған кез­де Қазақстан мемлекет ретінде қалып­тасу­­дың бастапқы кезеңінде ғана тұрған еді. Астананы ауыстыру туралы кең кө­лемді әрі шығыны мол идеяға сол уақта оппо­зиция өкілдері ғана емес, Прези­дент­ке жақын кейбір адамдардың да нара­зы болғаны белгілі. Олардың бәрі де жаңа Астананы сомдауға бөлінетін қар­жыны әлдеқайда қарабайыр жобаларға жұмсауға болар еді деп ұқты.

Тап осы мезетте Елбасы факторы бірден үш тұрғыда, айрықша жарқырап көрінді.

Бірінші деңгей – ішкі-сыртқы себеп­терден тұратын факторлардың барлығын ескере отырып, шешім қабылдау. Н.На­зар­баевты шешім қабылдауға итермеле­ген негізгі себеп жаңа Қазақстанның, ұлт­тық жаңғыртылған жобаның, бола­шақ­қа ұмтылған елдің бейнесін жасау мұраты еді. Бұл – Қазақстан халқының, қа­зақтың көкірегіндегі ұлы мұрат болатын.

Екінші деңгей – қоғамды қабыл­дан­ған шешімнің дұрыстығы мен қажет­ті­гі­не сендіру болды. Н.Назарбаевқа, Ұлт көшбасшысы ретінде, саяси практика тұрғысынан диктаторлық тәсіл мүлдем жат. Оның қолтаңбасы – табандылық, сонымен бірге істің дұрыстығына қарсы­ластардың көзін жеткізу, тіпті қар­сы­ласты өзінің одақтасы мен пікірлесіне айнал­дыра білу. Рас, бұл маңызды саяси шешім үшін ымыраласу деген сөз емес, әрдайым оң нәтижеге ұмтылу ниеті ғана. Елбасы осы ниетіне жетті әрі осы жолда алдымен ел-жұртының қолдауы мен түсіністігіне, артынан құрметі мен алғысына ие болды.

Үшінші деңгей – бастаған істі аяғына дейін жеткізу. “Астана жобасы” тек астана ауыстыру мақсаты емес, тек жаңа қаланың символына айналған таңға­жай­ып ғимараттар салу емес, бұл – Аста­на­ны Қазақстанның, қала берді құр­лық­тың нағыз қаржылық, экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналдыру­дың күн сайынғы қауырт жұмысы, тірлігі.

Жаңа елорда бүгінде қазақстандық жаңғыру мен жаңарудың бастауы, мем­лекеттің табыстарының көрмесі тәрізді. Қазақстандағы ғана емес, күллі еур­азия­лық кеңістіктегі ең бір маңызды, мақтан тұтарлық жоба. Мұның бәрінің артында саясаткердің ауыр да ғажап еңбегі тұр.

Астана ауыстыру тәжірибесі, Н.Назарбаевтың терең сенімі бойынша, ТМД-ның өзге елдеріне де өзекті мысал болып қалады. Шын мәнінде, Елбасы ұсынған “Астананы дамыту арқылы мемлекетті дамыту” тезисі тоталитарлы экономи­кадан нарықтық экономикаға көшіп жатқан елдер үшін ерекше көкейкесті ұғым. Өнеге аларлық дүние.

Ұлт көсемінің рөлі қиын-қыстау, күрделі уақытта ғана емес, елдің ертеңін, болашағын айқындайтын “тарихи жылдарда” да өзекті бола түседі. Жаңа Қазақстан тарихы үшін Елбасының рөлі дәл сондай. Тұрақтылық кезеңінде ко­ман­­далық жұмыстың күшеюі байқалады. Халықтың да бірлігі, ынтымағы нығай­ды. Бүгінге деген сенімі күшейді. Келер күнге деген үміті зорайды. Бүгінгі таңда ұлт­тық элитаның жауапкершілігі барын­ша артып отыр. Бұл да Н.Назарбаев құрған саяси жүйенің артықшылығын көрсетеді.

Назарбаев халық шаруашылық кешенінің құлдырауынан кейін үлкен дағдарысқа ұшыраған Қазақстан экономикасын түбегейлі реформалауға баса назар аударды.

1992 жылдың басында «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады. Қажырлы еңбектің нәтижесінде өнер-кәсіпті жандандыру, жекешелендіру, макроэкономикалық тұрақтану, қаржы-бюджет және салық жүйесін, жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты реформалау, т. б. іс-шаралар жүзеге асырылды.

Назарбаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы» әзірленіп, мемлекет дамуының басым бағаттары айқындалды. «Қазақстан – даму стратегиясының» іске асырылуының нәтижесінде 1999 жылдың аяғына таман Қазақстанда экономиканың тұрақты және шапшаң өсімі, өндіріс көлемінің ұлғаюы, қаржы ресурстарын жинақтау үрдісі белгіленді.

1997 жылы 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Респуб-ликасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Елдің ішкі саясатында Назарбаев Қазақстан қоғамын демократияландыру мәселесіне мән береді. Қазақстанда демократиялық институттардың дамуы дәйекті жүргізілді, елде саяси плюрализм мен көп партиялық жүйе орнықты.

Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттілікті сақтап қалу ең басты мақсат деп санайды. Оның бастамасымен ұлттық қауіпсіздікті нағайту мақсатында лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизмнің өзге көріністерімен күрестің мемлекеттік бағдарламалары бекітіліп, ТМД мемлекет-терінің лаңкестікке қарсы орталығы құрылды.

Әлем қазақ елін тыныштық пен бейбітшіліктің, ұлтаралық, дінаралық үйлесімділік пен келісімнің үлгісі ретінде таниды, этносаралық, конфессия-аралық келісімнің қазақстандық моделі де қалыптасып үлгерді. Ол сан тараптан сарапталды, бағасын алды. Бұл келісімнің өзіндік ерекшелігі «өзгерістер мен инновацияға икемділігі, ашықтығы, ашық қана емес, жасырын түрдегі қауіп-қатерлер мен келеңсіздіктерге қарсы тұруға қабілеттілігі» [14, 1, 155 б]. 

Қазақ жерін мемлекет құраушы қазақ ұлтынан басқа да жүзден астам салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық мінезі, діни сенімі сан алуан ұлт пен ұлыс өкілі мекен ететіндігі мәлім. Қазақ елінің ішкі саясаты да алдымен дінаралық, этносаралық үйлесімділікті сақтауға негізделеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 140-тан астам ұлт өкілдері мекен ететін болса, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның қабылдануымен жүргізілген мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу шараларынан кейін Қазақстан аумағында 17 діни конфессия мен 3088 діни бірлестік әрекет ететіндігі белгілі болды. Жалпы алғанда, діни конфессиялардың үлес салмағы: ислам діні – 72 пайыз, православие – 9 пайыз, католиктік – 3 пайыз, протестанттық – 14 пайыз, қалған діни конфессиялар 2 пайызды көрсеткен.

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан  халқы Ассамблеясы құрылды. Ел  Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан  халқы Ассамблеясын құру идеясын  алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің  бірінші жылына арналған Қазақстан  халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды.

«Егемен Қазақстан» басылымының 2011 жылғы 23-сәуірде жарық көрген санында «Тәуелсіздік және демократия» деген тақырыптағы көлемді мақаласында Ә. Қалмырзаерзаев: «Ассамблеяның міндеті әр этностың рухани сұраныстарын қанағаттандыру, тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрпын жоғалтпай дамытуға қамқорлық жасау, әртүрлі ұлт өкілдерін өзара жақындастырып, ұлт пен ұлттың достығына дәнекерлік ету болып табылады. Ассамблея – осындай маңызды міндеттерді жүзеге асыратын, бір ұлт жасауға ұмтылмайтын қоғамдық институт. Өйткені, 2001 жылы қабылданған ЮНЕСКО-ның жалпыға ортақ декларациясында атап көрсетілгеніндей, мәдениеттің, халықтың бірлігі, тұтастығы саналуандықты жүзеге асыру арқылы қалыптасады» – деп жазады да ойын мынадай жолдар арқылы сабақтай түседі:

«Ұлт саясатында ең алдымен демократия көрініс табуы керек. Ұлттық ар-намысты қоздыру – қылмыстың нағыз өзі. Әр ұлттың өкіліне ең алдымен адам ретінде қарауымыз керек. Адам – табиғаттың ең басты құндылығы, бұл туралы бүкіл елдің конституцияларында арнайы бап бар. Ал содан кейін барып оған белгілі бір мәдениеттің, ұлттың, ұлыстың өкілі деп қарауымыз керек. Бұл екінші жағдайда олардың ұлттық дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне, діні мен діліне құрмет көрсетілуі керек. Мұнсыз халықтар арасындағы сыйластықты, татулықты, бірлікті қамтамасыз ету мүмкін емес.

Демократиялық үрдіс әрбір ұлттың, ұлыстың өкілдерін өз елінде тең құқықпен пайдалануына, сайлау не сайлану құқығын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Демократияны дамытуға бағытталған әрбір қадам еліміздегі тәуелсіз-дікті баянды етуге, оны түбегейлі орнықтыруға қызмет етеді» [15, 1, 19б]. Осылайша автор қазақ елінің негізгі ұстанымдары жайлы сөз етеді.

Қазақстан дінге қатысты конфессияаралық келісім мен сұқбат саясатын ұстанады.

Конфессиялардың толыққанды және мағыналы сұхбаты үшін және тиісінше тәуелсіз мемлекеттің тұрақтылығы мен берік дамуы үшін Қазақстан Республикасында бүгінде қажетті алғышарттардың бәрі бар. Оның қатарына Қазақстан басшылығының, ең алдымен Президент Н.Ә.Назарбаевтың ЕурАзЭС желісі бойынша қатынастарды ілгері дамытуға қатысты соңғы бастамалары; Каспийдің құқықтық мәртебесі проблемасы бойынша Қазақстанның маңызды перспективалық шешімдері, Алматыда конфессияаралық диалогтің халықаралық масштабын құру туралы, мемлекет басшыларының конфессияаралық келісім мен бейбітшіліктің Еуразия хартиясын қабылдау туралы, Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Съезін өткізу туралы мәселелер жатады.

Діни төзімділік пен келісім принциптері Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси қызметінде көрініс табады. Олар көпбағытты, ықпалдастық, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік жолындағы ынтымаққа, әділеттілік пен прогреске негізделген. Қазақстан өзінің қуаты жөнінен әлемде төртінші орын алатын ядролық қару-жарақтарынан өз еркімен бас тартқан және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жапқан мемлекеттердің ең алғашқысы. Бұл біздің ғаламдық қауіпсіздікке қосқан лайықты үлесіміз және ол басқа халықтар мен мемлекеттердің бізді бейбітсүйгіш ел деп тануына ықпал етті. Сонынен қатар, еліміз Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруаға бастамашы болды. Астанада өткен бейбітшілік пен келісім конференциясы, оған қатысқан көптеген көрнекті діни қайраткерлер, түрлі конфессия өкілдері бірлесе отырып, «Бейбітшілік пен келісімге қарай» деклорациясын қабылдады, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумын құрды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің бірінші Съезінде Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Біртұтас діни кеңістік құруға болмайды. Қазіргі айырмашылықтарды ақырына дейін еңсеруге болмайды, оның үстіне олар ұлы діндердің негізіне қатысты болып отыр. Алайда тұрақты үнқатысудың құндылығы мынада, орын алып отырған келіспеушіліктерге қарамастан, бәз бір «алтын ортаны» іздеудің мәні мен процесінің өзі сақталады. Және ең бастысы – үнқатысу бейбітшілік пен келісім аумағын, үйлесім мен айқындық уақытын қалыптастырады. Мен діни үнқатысудың сөзсіз құнды-лығын осыдан көремін».

Президенттің өзі өркениеттердің шиеленісі, ыдырауы туралы тезиске батыл түрде тойтарыс берді, қазір «өркениеттердің жанжалы» туралы емес, қайта «өркениеттердің кездесуі» туралы айту әлдеқайда орынды деп атап көрсетті. Қазіргі заманғы әлем халықтардың, өркениеттердің маңызды сұхбатқа және мәдени өзара ынтымақтастыққа ұмтылуына жақындау белгісімен дамиды. Дін жаһандану дәуірі басталғанға дейін ізгілік пен мәдениет сұхбаты идеясын әлемде сақтаған және таратқан бірден-бір жаһандық құбылыс екендігін ол өз сөзінде атап өтті. Дін рухани әмбебаптықпен қатар халықаралық ынтымақтастықтың қолданып келе жатқан институты екендігіне мән бердіғ бұл орайда ондай құрылым толеранттылық, өзара түсіністік пен келісім принциптерін бекітуге жәрдемдеседі.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері