ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 12:35, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеу жұмысында Н.Ә.Назарбаевтың публицистикасына талдау жасалады, сондай-ақ тұңғыш елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымдары қазақ және шетел публицистерінің көзімен қалай бағаланатындығы баспасөз беттерінде жарық көрген материалдар негізінде айқындалады.
Тақырыптың өзектілігі. Н.Назарбаев публицистикасы тәуелсіз қазақ елінің тарихын түзуде, егемен елдің тәуелсіз тарихына баға беруде таптырмас дерек көзі. Назарбаев публицистикасы ғылыми түрде сараланбағанын ескерсек, бұл тақырып автордың жеке еңбектері мен Елбасының саяси ұстанымдары жайында жарияланған БАҚ материалдарын ғылыми тұрғыдан талдауымен өзекті.

Содержание работы

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

І ТАРАУ. ХХ ҒАСЫР АЯҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЭЛИТАСЫ
1.1. БАҚ: Н.Ә. Назарбаевтың қайта құру жылдарындағы саяси-әлеуметтік қызметі..........................................................................................................................9
1.2. Баспасөз Н.Ә. Назарбаевтың экономиканы, жаңа тұрпаттағы халықтық демократияны реформалау қадамдары...................................................................12
1.3. Ұлттық ғылым және мәдениет мәселелері Н.Ә. Назарбаев көсемсөзінде...............................................................................................................22

ІІ ТАРАУ. ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ
2.1 Қазақстан және шетел баспасөзі президент Н.Ә. Назарбаевтың
ішкі саясаты жайында................................................................................................26
2.2 Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары............................................................................................................41
2.3 Н.Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіздік стратегиясы...........................54

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................64

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ............................................................................................67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................. ..........................................69

Файлы: 1 файл

Үмбетәлі Меймеш.doc

— 450.00 Кб (Скачать файл)

 Ал бұқаралық ақпарат  құралдары мемлекеттік саясатты  жүзеге асыруда, сонымен қатар, қоғамда  қалыптасқан үйлесімділікті мығымдай түсуде шешуші рөлдердің бірін атқарады, яғни БАҚ – қоғамның барометрі ғана емес, қоғамның беталысын бағыттаушы да.

Темірбек Қожакеев баспасөздің ықпалды құрал екендігін былай пайымдайды: «Руханияттың қайнар көзі – баспасөз. Баспасөз ел санасын оятады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Баспасөз – әсіресе, жастардың бойына жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруде ең ықпалды мектеп. Сөз бостандығын, пікір алауандығын пйдаланып, рухани мұраларымыздың, бай дәстүр, парасатты әдет-салтымыздың жоқтаушысы, жинаушысы, насихаттаушысы болуда» [16, 3 бб].

Қазақстанның басты саясаттарының бірі – рухани келісім, дінаралық сұхбат, мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негізі ретіндегі діни толеранттылық сияқты тақырыптар өзекті тақырыптардың бірі ретінде республикалық басылым беттерінде тұрақты жарияланып тұрады.  

Бұл аталған мәселелер республикалық басылымдарда жан-жақтылығымен, мәселені тереңінен көтеруімен ерекшеленеді. «Егемен Қазақстан», «Дала мен қала», «Президент және халық», «Жас қазақ», «Айқын», «Нұр Астана», «Түркістан» сынды алдыңғы қатарлы мерзімді басылымдарда жоғарыда аталып өткен тақырыптар сан алуан жанрда, түрлі пішінде жарық көреді.

Аталған басылымдардың әрқайсысына жеке тоқталар болсақ, баспасөздің алдыңғы легін бастап тұрған жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде ұлттық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы келелі мәселелермен қатар, дін тақырыбы сан қырынан сараланады. Бір ғасырға жуық тарихы бар ата басылым жарияланымдарының объективтілігімен, тақырыптың тереңінен талданатындығымен дараланады.

Басылымның мемлекет ұстанатын сарабдал саясатты насихаттаудағы маңызы орасан. Ол газеттің ресми басылым болуымен ғана емес, басылымның әбден қалыптасып, бір арнаға түскен басты бағытымен, мықты журналистік мектептің қалыптасқандығымен тікелей байланысты болса керек. Ұлттық біртұтастық, этносаралық татулық, дінаралық үнқатысу мен конфессияаралық келісім сынды келелі тақырыптар төңірегіндегі маңызды мақалалар газеттің басты тақырыптарының бірі десек қателеспейміз. Сөзіміз дәйекті болуы үшін осы басылымда жарық көрген «Мұраты –дінаралық келісім» (ЕҚ, 19-маусым, 2007 жыл), «Дінаралық келісімнің орны бөлек» (ЕҚ, 18-тамыз, 2009 жыл), Дінаралық түсіністік – тұрақтылық кепілі» (ЕҚ, 3-маусым, 2009 жыл),   «Келісім діңгегі» (ЕҚ, 11-қаңтар, 2010 жыл), Дінаралық келісім (ЕҚ, 19-қаңтар, 2010 жыл), «Дінаралық үнқатысу» (ЕҚ, 20-ақпан, 2010 жыл), «Келісім – тұрақтылық кепілі» (ЕҚ, 6-наурыз, 2010 жыл), «Конфессияаралық келісім мен үнқатысудың қазақстандық үлгісі» (ЕҚ, 22-қаңтар, 2011 жыл),   «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі»  (ЕҚ, 2-сәуір, 2011 жыл), «Тағаттылық тағылымы» (ЕҚ, 17-шілде, 2012 жыл), «Орта жолды ұстаңдар, тура жолдан таймаңдар!»  (ЕҚ, 30-қазан, 2012 жыл) сынды жарияланымдарды атап өтуге болады.

Газет бетіндегі дінаралық қатынас мәселесі терең талданған мақалалардың бірі ретінде теолог ғалым М. Исаұлының «Дінаралық келісім – бейбітшілік кепілі» деген тақырыпта 2011 жылдың сәуір айында жарияланған мақаласын атап өтуге болады. Мақалада ислам  дінінің өзге діндермен арадағы қатынасы дәйекті дәлелдермен дәріптелген. Автор ойының түйіні «...бесіктей ырғақпен тербеліп ғарасатқа қарай кемедей бет түзеген жұмыр жердің бетінде қамшының сабындай келте ғұмыр сүруге келген адамзатқа өзара түсіністік аса қажет. Бұл үш түрлі болмақ. Ең бастысы – адамзат жаралғалы дінсіз ғұмыр кешкен емес. Тарих сахнасындағы болған барлық саясаттың да, мәдениеттің де астарында сол дін, сенім жатыр. Демек, әлемдегі татулықтың ең басты белгісі – дінаралық үнқатысу. Екіншісі – ұлтаралық үнқатысу мен жарасымдылық. Ақырғысы – еларалық үнқатысу мен ымырашылдық. Қандай қоғам болса да ол бес негіз арқылы өзін сақтай алады. Ол – діннің, жанның, нәсілдің, мал-мүліктің және ақылдың сақталуы. Ал осы бес негіздің ең бастысы – діннің сақталуы. Дінаралық келісім, үндестік және татулық өзін сақтауымен қатар, қалған төрт негіздің де сақталуына арқау болады», - деген жолдарда жатыр.

«Толеранттылық және демократия» деген тақырыппен басылымның 2006 жылғы наурыз айында философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының көлемді мақаласы берілген. Онда автор толеранттылық ұғымының мәнін түсіндіріп береді. Мақалада толеранттылық идеясына қатысты автордың жеке көзқарасы былайша баяндалады: «Толеранттылық идея сырт көзге қарайып көрінгенімен, шындығында, жай төзімділік қана емес. Ол өмір талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады. Өзінен бөтенге, дербес пікірі бар, өзге тілде сөйлейтіндерге, бөтен дінге жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза, төзімсіздік кектесушілікке айналады. Ол жеке адамнан бастап, ұлттарға, дінге, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Демократия – ол тек еркіндік қана емес, ол ісің мен сөзіңе деген жауапкершілік, өзіңді өзің билей білу. Ойланбай айтылған сөз оқтан да қауіпті. Толеранттылық ой-пікіріміздің, наным-сеніміміздің шектілігін, әрқайсымыздың да қателесуімізге “құқымыздың” барлығын мойындатады. Татулықсыз, келісімсіз демократияның мүмкін еместігі секілді, демократиясыз, еркіндіксіз татулық мүмкін емес».

Дінаралық үнқатысуға арналған екінші бір көлемді талдау мақаласында А.Айталы ислам мен христиан, ислам мен иудаизм арасындағы өзара қатынастарды осы аталған діндердің тарихы негізінде қарастыра келіп, Қазақстанның бүгінгі саясатына баға береді. Автор мақаласында дінаралыұ үнқатысудың мәні турасында: «Дінаралық диалог жай ғана пікір алысу емес. Ол өркениет, мәдениет, идеология, көзқарас салаларындағы ешқашан үзілмейтін, ауқымды өзара ықпалдастық. Оның негізінде зиялылар әдебиет, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өз ойларын ортаға салуда. Мұндай диалогтың басты талабы өзара сыйластық, еркіндік, мұнда артықшылық, үстемдік жүрмейді. Диалог батыс, шығыс демократиясы сияқты балама құндылықтарды сыйлауға, қолдан келгенше түсінуге жетелейді. Дінаралық диалогтың басты мақсаты – діндердің рухани беделін, күшін әлемдегі қорда-ланған мәселелерді шешуге жұмылдыру болып отыр... бүгін тарихи дәстүрлі діндермен қатар қаптаған секталарға көзқарас қалай болу керек дейтін сұрақ қоғамды ойландырып отыр. Әр жеке адамның ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен біте қайнасқан таңдаған діні бар. Бір діннің өкілін екінші бір діннің өкіліне зорлықпен, алдап-арбап, қаржымен ынталандырып таңу Құдайға қарсы іс.

Бір сөзбен айтқанда, «діндер диалогы» дегеніміз діндердің рухани күшін, беделін қақтығыстарға емес, бүгінгі заманның өткір мәселелерін шешуге арнау болып отыр», -деген пікір білдіреді.

Дін, ислам, дінаралық қатынас, діни толеранттылық тақырыптары респуб-ликалық «Дала мен қала» басылымының басты тақырыптарының бірі. «Иман» айдары аясында ислам дініндегі негізгі әдет-ғұрыптар мен діни ілімнің негіздері жайында мақала, сұхбаттар топтастырылса, Қазақстанның дінаралық қатынастарға байланысты саясаты турасында жазылған, Қазақстан тарапынан жүргізіліп отырған осы саясатты насихаттайтын жарияланымдарды да басылым беттерінен оқуға болады. Бұл басылымда дінаралық үнқатысу мақсатында жүргізіліп жатқан түрлі шаралар жан-жақты талданып, сарапталған. «Өркениеттер диалогының ашық алаңы» (Дала мен қала, 28-мамыр, 2011), «Діндер диалогы: түсіністік пен келісім» (Дала мен қала, 25-маусым, 2011) «Толеранттылық мәні – татулықта» (Дала мен қала, 2-шілде, 2011), «Дін сана-сезіммен сабақтас па?» (Дала мен қала, 22-қараша, 2011) «Нұрсұлтан Назарбаев: Біздің тірегіміз – бейбітшілік!» (Дала мен қала, 7-қаңтар, 2012),   «Тұтастық тірегі» (28-сәуір, 2012), «Бірлік пен ынтымақтастықтың бірегей формуласы» (Дала мен-қала, 2-маусым, 2012), «Дін –дүниенің діңгегі» (Дала мен қала, 2-маусым, 2012), «Конфессияаралық келісім» (Дала мен қала, 8-қыркүйек, 2012), «Толеранттылық тәрбие татулыққа бастайды» (Дала мен қала, 29-қыркүйек, 2012) сынды тақырыптарда жарияланған мақала, кореспонденциял сөзімізге дәйек болмақ.

Айта кетерлігі, бұл басылымда дінаралық үнқатысу мәселесі мемлекеттік дәрежедегі жиындар негізінде көтерілген. Осы тақырыпқа қатысты Танатар Табынұлының мақалаларын атап өтуге болады. Журналист өз мақалаларында дінаралық диалог ұғымының мәнін нақты мысалдар келтіре отырып ашып береді. Десек те, осы мазмұндас терең әрі әр қырынан талданған мәнді мақала, сүбелі сұхбаттар көбірек жариялануы тиіс.

Республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде дінаралық үнқатысу мәселесі «Дінаралық келісім – мемлекет ұстанған қағида», «Өркениет диалогы», «Бейбітшілік және келісім - адамзат таңдауы», «Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстан еуропалық қауіпсіздіктің байланыстырушы буынына айналуға әзір!», «Ынтымақтастық» және т.б. мақалаларда кеңінен талданған.

«Нұр Астана» газетінде «Дінаралық келісім – татулықтың белгісі» деген тақырыпта жарияланған мақаласында философ ғалым Е.Смағұлов Қазақстанның дінаралық қатынастарға қатысты саясатын баяндай келіп, «Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан Қазақстан дінаралық диалогтың бастамашысы мен белсенді қатысушысы атануы кездейсоқ емес. Біздің елімізде көптеген этностар мен діндердің өкілдері тұрып жатыр, олардың өзара әрекеттесуінің үлкен тәжірибесі бар, сондықтан Қазақстанның конфессиялар мен өркениеттердің жемісті диалогы орнаған мекен атануға құқығы бар» - деген пікір айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Н. Ә. Назарбаевтың сыртқы саясатындағы шет елдермен қарым-қатынас парадигмалары

 

Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі мақсаты сыртқы жағдайлардың Қазақстанның дамуына ықпалын іске асыруда Президент Н. Ә. Назарбаевтың қабылдаған статегиясын егеменді Қазақстанның дамуына қолдана білу және жоғары жетістіктерге жету. Мемлекеттің территориялық біртұтастығын, халықтардың егемендігін сыйлау принципі халқымыздың әлемдік тәртіпті сақтауда белсенділік. Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарды өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу  принциптеріне негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей,Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006-2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекетбасшылығының Вашингтон, Мәскеу,Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (соцалистік жүйе – капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.

1993 жылдың 13 желтоқсанында  Үкімет қаулысына сәйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Дегенмен, республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім – ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жыл үшін үш мемлекеттің Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапеште өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның тәуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды.

Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика  84 млн. доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында  ядролық қарудың соңғы  бөлшектері республика аумағынан әкетілді.1995 жылдың  30 мамырында Семей полигонында қалған ең соңғы ядролық заряд жойылды.

90-жылдары әлемде бірқатар  аса маңызды геосаяси және  экономикалық өзгерістер болды: КСРО-ның тарауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді:

- АБӘСШ (Азияда бірігіп  әрекет ету және сенім шаралары) 1992 жылдың қазан айында, БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйлеген.

- Еуразиялық Одақ (1994 жыдың наурыз айындағы Мәскеуге сапары кезінде Н.Назарбаев бұл одақты құру жөнінде мәселе көтерді).

- 1992 жылдан бері Қазақстан  экономикалық өзара қарым-қатынас  ұйымына (оған Иран, Пәкстан, Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кіреді) мүше.

Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік – экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар: Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді.

Қазақстанның  геосаяси жағдайы, қазақстандық өнімдерді дүниежүзілік рынокқа шығару жолдарын іздестіру қажеттігі жан-жақты халықаралық байланыстар орнатуға қосымша түрткі болды.

Информация о работе ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың публицистикасындағы ғылым, білім, мәдениет және ақпараттық саясат мәселелері