Эфир этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы жиырма жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты.
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

Ақпараттық негіз және лид ережесі

Кез келген мақаланың ақпараттық негізі және лиді болуы тиіс. Мәселен сіз Президент жолдауы туралы мақала жазуыңыз керек болды. Бірақ Президенттің халыққа жолдауынан алты ай уақыт өтіп кетті. Оның ақпараттық негізі не болады? Әрине, сіз мақала жазып отырған уақытта Президент жолдауын негізге алған қандайда бір оқиға болуы тиіс. Мәселен, жалақының өсуі, жолдардың жӛнделуі, Тәуелсіздіктің 20 жылдығының тойлануы деген секілді. Ал, лид ережесі бойынша мақалаңыз дәстүрлі кім? не? қашан? қайда? және неге? деген сауалдарға жауап беруі тиіс.

Ұлтаралық араздықтарды тудыру және этика

Конституцияның 20-бабы, Қылмыстық кодекстің 164-бабы және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 2-бабы әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық және нәсілдік астамшылықты насихаттау мен үгіттеуге тыйым салады және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға да осы тыйым салуды қолданады.

Осындай насихат пен үгіт делініп түрлі ұлттық, нәсілдік, рулық немесе діни кӛзқарасқа қатыстылығы белгілері бойынша азаматтар арасында дау-жанжал тудыруға ұмтылу түсіндіріледі.

Азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін, діни сезімін қорлау ұғымы тараудың басында берілген әдепсіз түрде жүзеге асырылады. Осы әрекеттің- ұлттық аруақтылықты, өмір салтын, нәсілдің, ұлттық, ұлыстың тарихын кемсітіп көрсету.

Тектік-топтық, діни, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша азаматтардың астамшылығын насихаттау деп азаматтардың басқа дінге көзқарасына, сондай-ақ тектік-топтық, діни, ұлттың рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша бағалауды түсіну керек. Теледидарды, радио, газеттерді, журналдарды пайдалана отырып, осындай насихаттауды жүргізгені үшін журналист қылмыстық жауапкершілікке жатқызылады.

Көп ұлтты және түрлі діни өкілдері бар елдерде осы бапты қолдану ықтималдылығы үнемі бар.

 

1.3 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында

 

Кейінгі жылдары журналистік этика, яғни кәсіптік әдеп туралы сөз баспасөз беттерінде сирек те болса айтылып жүр. Журналистің кәсіптік әдебін терең біліп, оны зерттеу – Қазақстан журналистикасы үшін зәру мәселелердің бірі. Өйткені, бұл – соңғы жылдар көлемінде ғана назар аударыла бастағаны болмаса, әлі ғылыми тұрғыдан да, кәсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгерілмеген тың да күрделі мәселе.Алғаш қоғамдағы моральдық қарым-қатынастарды жан-жақты зерттеп, әр түрлі пікірлерді жинақтаған Аристотель деп айтуға болады. Оның «Никомахова этика» атты еңбегін зерттеушілер этика ғылымының бастауы деп біледі. Ал, ұлы ойшыл Әл-Фараби этиканы, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. 
Журналистің кәсіби этикасы – ғылымның ең кенже салаларының бірі. Оның тарихы соңғы жиырма жылдан бастау алады. Оған дәлел ретінде осы уақытқа дейін журналистің кәсіби этикасы жайлы оқулықтардың жарыққа шықпауын атап көрсетуге болады. Ал, педагогикалық мақсатта тек ғылыми монографиялар қолданылады. Соңғы жылдары Ресей ғалымдары журналистикадағы этикалық ғылымға көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатын, кәсіби этика мен журналистің шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашық дәлелдесе, зерттеуші В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастардың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік мәселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды. Баспасөз зерттеушілері Г.В. Лазутина мен Д.С. Авраамов журналистің кәсіби этикасын бүгінгі жаңа тұжырымдар мен көзқарастар негізінде қарастырса, ғалым М.А.Федотов журналист этикасын БАҚ туралы заңның негізгі тармақтарымен байланыстыра отырып зерттейді. Ал, бүгінгі журналистің кәсіби этикасы жөнінде елімізде өте аз зерттелген. Осы маңызды мәселемен арнайы айналасып жүрген ғылыми мамандар да жоқтың қасы. Сондықтан алдағы уақытта журналист этикасы туралы мәселелерді жан-жақты терең зерттеу қажеттілігі бүгінгі өмірден туындап отыр.

Этика кәсіби моральдың құрылымын зерттейтін ғылым десек, журналистке моральдық нормаларды ұстану – ең бір қажетті қасиет. Журналистердің жазған еңбектері, ең бастысы одан шыққан қорытындылары көптеген бұқара халықтың мүддесіне тиісті болып табылады. Себебі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның көзқарасы, оқиғаны түсінуі үнемі өзгеріп отырады. Журналистке қойылатын моральдық талаптың қиындығы жоқ, тек талапты дұрыс пайдалана білу қажет. Тіпті, егжей-тегжейлі қабылданған кодекстің өзі журналистің аяқ-асты тап болған оқиғасына түсінік бере алмауы мүмкін. Бұл кезде тек журналистің кәсіби этикасы мен ар-ұяты ғана маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада БАҚ өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Қоғам және халық арасындағы үлкен жауапкершіліктің өзі журналистке моральдық-этикалық және имани игі қасиеттерді игеруін талап етеді. Журналист этикасының қалыптасу негізіне келсек, ол өз халқының озық дәстүрінен нәр ала отырып, имандылыққа бой түзеп, қоғамдық мейірбанды да салауатты ортада тәлім-тәрбие алып, өсіп-жетілуге тиіс.

Журналист – кәсіп иесі. Сондықтан оның әрбір қимылы белгілі бір адами, кәсіби заңдармен шектелуі тиіс. Кейбір журналистер еш нәрсеге жіті мән бермей, кәсіби әдептілік сатының биігіне «өзінің өмір сүру қағидасы» арқылы көтеріліп, кемшіліктер жіберген тұста этикалық кодекс немесе канондар арқылы ақталып жатады. Кейде шектен шығу салдарынан тіпті арсыз атанып та жатады. Бұл жағдайда өз қатесін дер кезінде түзетуге шешім қабылдамаса, оның алда әлі де талай қиындықтарға тап болары сөзсіз. Журналистер арасындағы мұндай өрескел жайттар көбінесе өзін-өзі жоғары бағалаудан келіп туындайды. Көп ретте олар өз бойындағы қабілеттің жоқтығын есепке алмай жатып, барлық кінәні тек кәсібіне арта салады. Сондықтан да ең алдымен, журналистика мамандығын таңдау үшін оның маңыздылығы мен қажеттілігін терең сезіну қажет.

Кәсіби мораль – еңбек етуші әр қызметкердің жұмыс істеу барысында өз-өзін ұстауы. Яғни, белгілі бір іс-әрекеттен пайда болады. Оның қызметі – кәсіби топ мүшелерінің өз-өздерін ұстау арқылы еңбектің жақсы көрсеткіштерін көрсетіп, қоғамдағы өз орнын ақтай білу. Еңбек пен кәсіби моральдың арасында айырмашылық бар. Еңбек моралі қоғамға қызмет етеді. Ал кәсіби мораль кәсіби топ пен қоғамға қызмет етеді. Кәсіби және жалпы моральдың өзара байланысынан «кәсіби борыш», «кәсіби жауапкершілік», «кәсіби ар-ұят», «кәсіби міндет» т.б. қосымша мағыналар пайда болды.

Кәсіби міндет баршамызға белгілі журналистің іс-әрекетіндегі кәсіби тәрбиелік қарым-қатынастан туындайды. Бұл кәсіби тәрбиелік қарым-қатынаста «кәсіби жауапкершілік» пен «кәсіби ар-ұяттың» тығыз байланыстылығы айқын көрінеді. Журналист ар-ұяты адами болмысымен бірге өсіп-өнеді. Журналистің ар-ұяты – күллі іс-әрекетінің өлшемі, көрсеткіш нәтижесі іспетті. Егерде журналист тәрбиелік, этикалық заңдылықтарды бұзып, оған қайшы келетін іс-әрекет жасаса, ар-ұятының деңгейі тереңірек айқындала түседі. Осы ретте данагөй ғұлама Әл-Фараби: «Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық және интеллектуальдық. Интеллектуальдық – жанның ақыл-парасаттық жағына жататын, қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық – жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді. Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уақыт бойына көп рет қайталануы және оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды», - деп жазады [1]. 
Журналист моралі – шынайы ақпаратты тауып алу құқығын шектеп, кедергі келтіріп отырған жөнсіздікке қарсы кәсіби топтардың берген жауабы іспетті пайда болған дүние. Жалпы кәсіби моральды белгілі топтарға қатысты қарастырған дұрыс. Ал норма – кәсіби моральдың ең алғашқы элементі болумен бірге, мінез-құлық, ар-ұжданның қоғамға қажетті, ортақ әрі әдеттегі нұсқаларды анықтап, мойындалмаған әрекеттерге тыйым салу секілді негізінен сүзгіштің рөлін атқарады.

1991 жылы қабылданған «Баспасөз  және басқа бұқаралық хабарлама  құралдары туралы» Заңның І  бабында еліміздегі бұқаралық  ақпарат құралдарының бостандығы  былайша көрсетілген: «Баспасөз  және басқа бұқаралық хабарлама  құралдары ерікті. Азаматтарға Қазақ ССР Конституциясы кепілдік берген сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы баспасөзді және басқа бұқаралық хабарлама құралдарын қоса кез-келген формада пкірілер мен нанымдар айту, хабарлама, идеялар іздестіру, таңдау, алу және тарату правосын білдіреді. Бұқаралық хабарламаға цензура жасауға жол берілмейді» [2]. Сөйтіп, енді бұқаралық ақпарат құралдарының еріктілігі жағдайында журналистерге қойылатын талаптар да өзгерді. Бұрын журналист үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы деп аталып келді, енді оның негізгі қызметі – қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету. Әрбір журналист өзі үшін өзі жауап беруге міндетті, жария етілген әрбір сөзі, әрбір материалы үшін автордың өзі жауапты болады.

Журналистиканың даму деңгейі, қоғам арасындағы беделі әрбір басылымның, жеке журналистің қызметіне, баспасөз бостандығының қандай дәрежеде пайдаланылып жүргеніне тікелей байланысты. Демек, біздің елде демократия орнады деп сөз бостандығын теріс пайдаланып, кез-келген ақпаратты жария етуге болмайды.

Мұнымен қатар, журналист жеке басының тәрбие деңгейін, мәдениеттілігін, әдептілігін қоғам алдындағы парызын қалай түсінетіндігін аңғартатын этикалық мәселелер бар. Этикалық талаптар, нормалар жазылмаған заң деп те аталып жүреді, олардың орындалуы не орындалмауының маңызы өте зор. Осы жағдайдың барлығы ескеріліп, 1991 жылдың 24 сәуірінде Кеңестер Одағы ыдырымай тұрған уақытта КСРО-ның конфедерациялық негіздегі журналистер Одағының І съезі «Журналистің кәсіптік этикасының Кодексін» қабылдады. Бұл Кодекстің негізгі мақсаты – демократия мен жариялылық жағдайында сөз бостандығын теріс пайдалануға жол бермей, журналистиканың мәдениеттілігі мен әдептілік дәрежесін сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Құжат үш бөлімнен, он үш баптан тұрады. Кодекстің «Журналистің кәсіптік этикасының принциптері» деп аталатын бірінші бөлімінде журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттерін былайша көрсеткен:

1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі.

2. Шыншылдығы мен объективтілігі.

3. Ар-ұяттылығы.

4. Адалдылығы.

5. Жеке адамның ар-намысы мен мәртебесін құрметтеу.

6. Жалпы адамзаттық құндылықтарды  дәріптеу.

7. Журналистердің кәсіптік ынтымақтастығы.

Біз осы жеті міндетті жеке-жеке алып қарастырғанды жөн көрдік. 
         1. Журналистің әлеуметтік жауапкершілігі. Қазіргі кездегі журналист ең алдымен қоғам, оқырман, көрермен, тыңдарман алдында жауапты, жұртшылыққа қызмет етіп, ақпаратпен қамтамасыз етеді. «Азаматтардың ақпарат алу құқығын қамтамасыз ету – журналистің ең бірінші парызы» [4]. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет жасайды, яғни адамдардың жаңалыққа деген сұранысын қанағаттандырады. БАҚ-ның аудиториясы өте кең, олардың тарататын хабарларының жетпейтін жері жоқ. Сондықтан да журналист өзінің қызметін ойдағыдай атқаруға тиіс. Бұл үшін ол өзінің мамандығын терең меңгеріп, шеберлікпен жұмыс жасау керек. Журналист әлеумет мүддесін көздейді, халықтың мүддесіне жат, Конституцияға, демократияға қайшы келетін нәрселер журналист үшін де жат болу керек. Журналист моральдық, этикалық жанынан таза болуға тиіс, сонда ол өз жұмысын жақсы атқарады. 
Жоғарыда айтылғандай, журналист міндеті – мемлекеттік, қоғамдық маңызы зор оқиғалар жөнінде дер кезінде ақпарат беру. Ол қоғам алдында ұсынып отырған хабары үшін жауапты болады, демек оның баспасөз, телевизия немесе радио арқылы тартқан жаңалығы шындыққа сай болуға тиіс. Сонымен қатар, «БАҚ туралы» Заңда және Кодексте көрсетілгендей, баспасөз, теледидар, радио арқылы қоғам мүддесіне сай келмейтін, жеке азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарын бұзатын ақпаратты жариялауға жол берілмейді.

2. Кәсіптік этиканың екінші міндеті  – шыншылдық және объективтілік. Журналист еңбегіне қойылатын негізгі, маңызды талаптардың бірі – ақпараттың шыншыл, әділ болуы. Қызметкері өзі жария еткен хабар-ошары арқылы өмірдің көрінісін жасайды, бұл көрініс шындыққа сай болу үшін, журналист болған оқиға, фактіні сол күйінде, өңін айналдырмай, өзгертпей, еш нәрсе қоспай оқырман, көрермен, тыңдарманға жеткізуге тиіс. Сонда ғана адамдар орын алған өзгерістер, құбылыстар туралы нақты түсінік ала алады. Әрине, фактілер, жағымды да, жағымсыз да болады, сол себептен шыншыл, әділ болу оңайға түспейді. Бірақ, журналист мамандығы осыны талап етеді, демек журналист фактіні іріктеу, бағалау, өңдеу, тарату кезінде объективтілік принципін басшылыққа алуға тиіс. БАҚ-та міндетті түрде пікір алалығына жол берілу керек.

«Тура биде туған жоқ» дегендей, журналист болған жайға, фактіге әділ көзбен, шыншылдықпен, ешқандай бөтен ықпалсыз қарап, салқынқандылықпен таразылау керек. Журналист бүкіл қоғам үшін қызмет етеді, соған жауап береді, сондықтан ол белгілі бір топтың, таптың мүддесін емес, бүкіл қоғамның мүддесін көздеуге тиіс. Журналистің қоғамдық маңызы бар ақпаратты жасыруға, фактіні біреудің пайдасына бұрмалауға құқығы жоқ. Демократиялық жолға түскен мемлекетте фактіге, жаңалыққа деген көзқарас өзгеше болады. Сөйтіп, журналист шыншылдық пен объективтілік міндетін басшылыққа алу керек.

3. Журналистік этиканың тағы  бір маңызды міндеті – ар-ұяттылық. Осы міндетке сәйкес журналист арлы, ұятты болуға тиіс. Материалды жарияламас бұрын ол фактіні мұқият тексеріп, хабарларды өте дәл етіп, ыждахатпенен даярлау керек. Құжаттардан және басқа да ақпарат көздерінен алынған хабар, жаңалықты журналист қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Америка журналистеріне берген кеңестерінде Лоуренс К. Бопре, «Уэстчестер Роклэнд ньюспейперз» газеттер тобының вице-президенті әрі атқарушы редакторы, былай деп жазады: «Кез-келген ақпаратқа сенімсіздікпен, күдікпен қараңыз. Оны екі рет тексеріп алыңыз. Америка газеттерінің редакцияларында мынадай мәтел бар: «Ақпаратты туған анаңыз хабарласа да, тексеріп алыңыз…» [5].

Шындығында, журналист, алдымен, фактіні тәптіштеп тексеріп алуы керек. Өйткені, фактілерді бұрмалау, ешбір дәлелі жоқ пікірлерді жария ету, ойдан шығару, өтірік ақпаратты тарату сияқты нәрселерден аулақ жүріп, арына кір келтірмей, ұятқа қалмау керек. Кемшілік, қате жіберіп қалған жағдайда журналист міндетті түрде газет, журнал, телевизия не радио арқылы кешірім сұрап, кемшілікті мойындап, теріске шығаратын материалды жариялауға тиіс.

     4. Журналист әдептілігінің бір міндеті – адалдық. Осы міндетті шын мәнінде орындайтын журналист ешқашан да өзінің қызметі беретін мүмкіндіктерді жеке басының немесе туған-туыстарының мүддесі үшін пайдаланбайды. Қандай жағдай болмасын, БАҚ-ты лайықсыз мақсаттарға жету үшін, өзіне ұнамаған азаматтарды қудалау, олардан кек алу үшін пайдалануға жол берілмеуге тиіс. Сонымен қатар, журналист оқырман, көрермен, тыңдарман, кейіпкер алдында адалдықты сақтауға тырысу керек. Кей кездерде журналист сұхбат жүргізген уақытта кейіпкерге уәде беріп, одан оның жеке басының құпиясы болып табылатын ақпаратты алады, ал кейін бұл уәдені орындамай, хабарды жария етеді де, кейіпкерді қатты ренжітіп алады. Кейде кейіпкердің өзі берген сұхбаттын танымай қалатын жағдайлар да болады. Журналистиканың беделін түсіретін нәрселердің бірі – плагиаттық. Адалдық міндетіне қайшы келетін әрекеттердің бірі – оқырман, көрермен, тыңдарман атынан материал, хат жариялап, кейіпкердің айтқан сөзінен бір үзіндіні ғана бөліп алып жариялап, оның айтқан ой-пікірінің өңін айналдырып, бұрмалау. Осының бәрі БАҚ беделін түсіріп, журналистерге деген сенімсіздік, сыйламаушылық туғызады.

Информация о работе Эфир этикасы