Эфир этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы жиырма жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты.
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

Ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым Аристотель адамның ақыл-парасатының қабілетін этикадағы ең жоғарғы қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін ойлайтын ой» – нағыз кемелденген философ. Аристотель: «Рақымшылдыққа ең алдымен дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді» . Демек, адам баласының сезімі дұрыс бағытталса, онда ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады.

Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық. Олар: «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында», «Никомаха этикасы» деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль мәселелеріне ерекше назар аударып отырған. Этиканың зерттеу объектісі – мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады.

 

                             

                     1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары

 

Журналистік қауымдастықтың этикалық кодексі:

1. Шындықты  айту;

2. Ешкімге  тәуелді болмау 

3. Сіздің  жазбаңыз ешкімге ешқандай зиян  әкелмеуі қажет 

4. Әдейі ойластырылған өтіріктен аулақ болыңыз.

Журналистің міндеті:

1. Журналист өз газеті мен  оқырманына ғана қызмет етуі  керек.

Бірде-бір саяси партияның, қоғамдық ұйымдардың, ақпараттың қайнар көзінің, коммерциялық және басқа да топтардың мүддесіне орай қызмет етпеуі тиіс;

2. Журналистің жазғандары мемлекеттік және ұлттық мүддеге қайшы болмағаны абзал:

3. Кез-келген мақаланы жазуда  тек шындықты іздеу көзделуі  тиіс:

4. Ешкімнің жетегінде кетпеу; біреулердің  сізді басқаруына жол бермеу;

5. жазған мақалаңыз үшін пара  алмау;

6. жарнама берушінің ықпалына жығылмау.

7. Сіздің жазған мақалаңызға  сырттан біреудің нұсқау беруіне  жол бермеу.

8. Біреудің әсіресе саясаткердің  айтқанын сөзбе-сөз қайталауға  тырысыңыз,

9. Журналистік қызметіңізді асыра  пайдалануға жол бермеңіз.

10. Сіздің газетке жарияланғалы жатқан мақалаңызды жібермеуді өтінген адамның ешқандай ұсынысын (достығын, қызметін) қабыл алмаңыз.

11. Ақпаратты алудың жөні сол  екен деп, зіңіздің журналист  екеніңізді жасырмаңыз. Яғни, ақпаратқа  алдау арқылы қол жеткізбеңіз.

12. Ақпараттың қайнар көзін жасырмауға тырысыңыз.

13. Егер, қателікке бой алдырсаңыз, оны түзетуден және мойындаудан  қашпаңыз.

14. Обьективті болуға тырысу

 

Қазақ журналистикасындағы негізгі тенденциялар

Қазіргі қазақ журналистикасындағы тенденциялар:

1. лид ережесін  сақтамау

2. атам заманнан  орағыту,

3. нақтылықтың  болмауы 

4. Алғашқы  екі үш абзацта керексіз ой  толғамдар 

5. оқиғаға  баға берушілік 

6. тұжырым  жасау 

7. бір жақты  пікірлер 

8. эмоцияға  берілу 

9. жеке пікірін  таңу 

10. ой айту 

11. ақпараттық негіздің болмауы

12. фокустан ауытқу 

 

Қазіргі журналистиканың талаптары:

1. Лидке  мән беру 

2. Эмоциядан  аулақ болу 

3. ақпараттық  негізге сүйену 

4. бағаламау 

5. тұжырым  жасамау 

6. жан жақты  пікірлерге сүйену 

7. пікірлердің  дәлелі мен дәйегін іздеу 

8. дәлелсіз сөйлемеу

9. фокустан  ауытқымау 

10. бейтарап пікір ұстану

Материалға қажетті үш мәселе:

1. болған  оқиғаны баяндау 

2. оқиғаға  қатысушылардың пікірін білу 

3. дәлелдер мен дәйектерді сараптау, оның нақтылығына кӛз жеткізу

Дәлел мен дәйек

Дәлелге не жатады?

Куәгерлердің куәлігі:

Оқиғаға араласқан адамдардың куәлігін жинаңыз

журналистік бақылау және сипаттау:

Журналист өзі сол ортада тұрса, өзінің көрген білгенін сипаттап, бақылау жасай алады.

құжаттар мен суреттер:

Куәгерлерден не оқиғаға қатысқан адамдардан алынған құжаттар, журналистің түсірген суреті.

куәгерлерден сұхбат:

Егер, журналист оқиға болған жерде болса, сондағы адамдардан сұхбат алсаңыз бұл сіздің дәлеліңіз бола алады.

ресми мәліметтер

осыған орай жарияланған ресми құжаттар

Жала жабу және қорлау (ҚР Қылмыстық кодексінен)

Жала жабу мен қорлауға қатысты кінәалау бойынша істер Қылмыстық кодекс бойынша қаралады.

БАҚ-та таратылған жала жабу үшін заң Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 129-бабы бойынша жазалауды кӛздейді. БАҚ арқыл жалған нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқан үшін жазалау Азаматтық кодексінің 143-бабында кӛзделеді.

Жала жабу деген не және ол қалай білінеді?

Жала жабу – азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін жалған мәліметтерді тарату. (Қазақстан Республикасының ҚК 129-бабы)

Нұқсан келтіретін мәліметтер деген не?

Нұқсан келтіретін мәліметтер азаматтың заңдар мен қоғамның моральдық қағидаттардың сақтау жөнінде көзқарас тұрғысынан алғанда, қоғамдық пікірде немесе жекеленген азаматтардың пікіріндегі олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін кемітетін шындыққа сай келмейтін мәліметтер.

Жалпы алғанда мәліметтердің не екенін жіті түсінген өте маңызды.

Мәліметтер деп фактілер туралы тұжырымдарды түсінген жөн. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде қолданылып отырған түсініктемеде адамның жүріс-тұүрысына, моральдық бет-бейнесі мен іскерлік бет-беделіне берілген жалпы баға (мәселен, N азамат қылмыскер немесе адамгершілігі жоқ т.б.) түріндегі тұжырымдар да нұқсан келтіретін мәліметтер болып саналады деп нақтыланған. Осы Түсініктемеде «адамның қызметімен байланысты нақты фактілерге негізделмеген, баға беретін пайымдары бар болса, мәліметтер нұқсан келтіретін болып табылмайды: бұл бағалар әр адамның ішкі нанымына қатысты іс» делінген.

Нақты фактілерге құрылмаған пікірлер, бағалар, пайымдар шын немесе жалған болуы мүмкін емес. Ал, қылмыстық іс қандай жағдайда туындайды:

1. Мәліметтер таратылып  кетті 

Азаматтың немесе заңдық тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату оларды баспасӛзде жариялауды, теледидар мен радио немесе басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ бір адамға болса да ауызша хабарлауды білдіреді.

2. Пікірлер немесе нанымдар  емес, керісінше дәл мәліметтер таратылды

Қылмыстық және Азаматтық кодекстерде пікірлер, баға беретін пайымдар, кӛзқарастар емес, нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік туындайды делінеді

3. Таратылған жалған мәліметтер азматтың ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді.

Егер таратылған мәліметтер жалған болса, бірақ адамға нұқсан келтірмесе – сізді ол үшін кінәлауға болмайды.

Сыңаржақтық және обьективтілік

Мәселен, «Шаңырақтағы» қанды оқиға және ішкі кӛші-қоннан туындайтын мәселелер» деген тақырыпта мақала жазу керек болды. Бұл жердегі сараптамалық мақаланың өзегі не? Оқиға неден туындады? Әрине, ең алдымен аңдатпа (информационный повод) – «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге?» деген сауалдарға жауап береді. Әуелі «Шаңырақтағы» қанды оқиғаны сипаттаңыз. Осы ақпараттың негізінде сіз сараптама жасауыңыз керек. «Шаңырақтағы» оқиғаның себеп-салдары, оның туындауына әсер еткен обьективті және субьективті жағдайлар. Ішкі кӛші-қон мәселесі, оны реттеудің қажеттілігі.

Әрине, бұның барлығында сіз оқиғаға қатысушы адамдардың пікірі мен дәлел-дәйектерсіз қимылдай алмайсыз. Қарапайым жұрт билікті, билік қарапайым жұртты және оқиғаның туындауына себепші болды деген оймен оппозицияны кінәлайды. Мақалаңызға осы тараптың адамдарының барлығының пікірін қосуыңыз керек. Және оқиғаға қатысы жоқ бейтарап сарапшы тартылуы тиіс. Демек, сіз сыңаржақ пікірге бой алдырған жоқсыз. Баланстар, тепе-теңдік сақталды. Әрі дерек пен дәйекті, дәлел мен болжамды қажетіңізге жарай пайдаландыңыз. Енді қорытынды жасау, ой түю ісі ғана қалды. Тағы бір есте ұстайтын жағдай, сіз әрбір комментарийден кейін сұхбатысыңыздың пікірін «деген ой айтты. Демек Пәленшеев осындай пікірді ұстанады екен» деген сөздермен қорытындылай кетуді ұмытпаңыз. Егер, олай етпесеңіз, сіз немесе сіздің басылымыңыз сұхбат берушінің кӛзқарасына қосылады деген түсінік туындайды.

 

 

 

Эмоция және жеке көзқарас

Өз көзқарасыңызды таңудан аулақ болыңыз.

Мақалаңызды бастағанда және аяқтағанда міндетті түрде ӛз сӛзіңізді қолданыңыз. Мақаланың кіріспесінде әрі қысқа, әрі нақты болған оқиғаның мән-жайы суреттелетін болсын. Сіздің не айтпағыңыз яғни кӛмекейіңіздің бүлкілі кіріспеде байқалып тұруы керек. Ол оқырманын тарта білсе, мақалаңыздың кӛлеміне қарамай тез оқылып кетерін ұмытпаңыз. Ал, мақаланың соңында сіз келтірілген деректер мен дәйектерден қорытынды жасап, ой түюіңіз керек. Ешуақытта өз пікіріңізді оқырманға таңбаңыз. Бұл демократиялық журналистиканың басты – қағидасы. Сіздің міндетіңіз болған оқиғаны және оған қатысы бар адамдардың ой-пікірін оқырманға жеткізу.

Жеке эмоцияңызды ішіңізде сақтаңыз

Біздің журналистикада журналистің жеке көзқарасы мен эмоциясы айқын аңғарылып тұрады. Өз эмоциясын ішке бүгіп қалу тым сирек кездеседі. Ал, сарабдал сараптамада эмоцияға жол беруге болмайды..

Ақпараттың қайнар көзі және оған қол жеткізу мәселесі

Іс жүзінде журналист, әсіресе мемлекеттік органдар мен шенеуніктер тарабынан ақпарат беруден заңсыз бас тартуға жиі кезігіп отырады. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 20-бабы журналиске ақпаратты сұрастыруға және алуға құқық беретінін, ал 2-бабы мемлекеттік органдары, қоғамдық бірлестіктері, лауазымдық адамдарды әр азаматтың құқықтарына және мүдделеріне қатысты оны құжаттармен, ақпарат көздерімен танысуын қамтамассыз етуге міндеттейтінін естеріңізге сала кетейік. Осы заңның 18-бабы меншіктік нысаны мен қатыстылығына қарамастан кез келген БАҚ өкілдеріне ақпарат берудің теңдей шарттарын теңдей шарттарын белгілейтіндіктен ақпарат таңдаулы түрде берілуі мүмкін. Журналиске ақпарат бермегендіктен мемлекеттік орган немесе шенеунік оқырман қауымның (азаматтардың) ақпарат алуға конститутциялық құқықтарын бұзады.

Әдеттегідей, мемлекеттік органдар немесе шенуніктер өздерінің жұмыстарына қатысты үнемі жедел түрде ақпаратты бере бермейді. Сондықтан оны алу үшін табандылық таныту мен біршама уақыт керек болатынын сіз түсінуіңіз тиіссіз. Осыған байланысты заң не дейді және тәжірибе нені кӛрсетеді?

Ақпарат алу үшін жазбаша нысанда қайырылған жөн.

Ауызша сұрау салуыңызға көңіл бөліп, өзіңізге керекті ақпаратты берсе жақсы. Жазбаша сұрау салу – бұл өзіңізді сақтандыру деген сөз.

Заң не дейді?

Қазақстан Республикасының қазіргі күші бар заңдары қандай жағдайларда ақпаратты алу мен таратудың құқықтық нормаларын заңды түрде бекітіп берген?

Ол - бірінші кезекте, ҚР Конститутциясы. Оның 20 бабы әрбір азаматқа заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және оны таратуға құқық беріп отыр, тек мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерден басқаларын.

Ал Конститутцияның 18 бабының 3 тармағында: мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қарасты құжаттармен,шешімдеріменжәне ақпарат көздеріментанысу мүмкіндігін қамтамассыз етуге міндетті деп кӛрсетілген.

Конституцияның осы баптарын ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның 2-ші, 18 және 20-баптары да қайталайды. Оның үстіне ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңында ақпараттың берілетін процедурасы нақты көрсетілген және журналистің ақпарат алуға қосымша құқықтар бекітіліп және сонымен бірге ақпарат бермеген жағдайда қалай арыздануға болатын жолдары жазылған.

. әрбір азамат ақпарат алуға  және таратуға құқылы.

. мемлекеттік органдар қоғамдық өзгеде ұйымдар олардың меншіктік нысанына қарамастан және кезкелген лауазым иелері ақпарат беруге міндетті.

. журналист ҚР заңдары тиым  салатын жағдайлардан басқа кезде, жазбалар жүргізе алады, соның  ішінде дыбыс бейне техникасын  қолданып, кино, фотоға түсіруге  де құқылы.

. журналист ҚР заңдары тиым  салатын жағдайлардан басқа кезде, жазбалар жүргізе алады, соның ішінде дыбыс бейне техникасын қолданып, кино, фотоға түсіруге де құқылы.

Алайда, барлық ақпарат кез келген адам үшін ашық боп келе бермейді. Олар ашық және шектеулі болып бөлінеді.

Саясаткердің сөзін әдейі бұрмалау

Қазір Қазақстан қоғамында сенсация іздеудің жәні осы деп саясаткердің сөзін әдейі бұрмалау, негізсіз дәйексіз жала жабу белең алып барады. Жақында «abai.kz» сайтында «Оралмандарды ұрғаным бар» деген мақала жарық кӛрді. Онда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының тәралқа төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтің сөзі әдейі бұрмаланған. Егерде Мамашев аталған басылымды сотқа берсе, олар сөзсіз жеңілер еді. Алайда, ол көпшілік алдында кешірім сұрау жағдайына дейін барды. Сол секілді дәйексіз, дәлелсіз жала жабудың да етек алып бара жатқанын ұмытпаған абзал.

Информация о работе Эфир этикасы