Эфир этикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 15:18, курсовая работа

Описание работы

Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміз егемендік алған соңғы жиырма жыл көлемінде қоғам өмірінің барлық саласында қалыптасқан стереотиптер бұзылып, көптеген өзгерістер орын алғаны мәлім. Осындай өзгерістер жаңалық жаршысы болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ерекше көрініс тапты.
Журналист – ашық қоғамның, әділеттіктің салтанат құруының тілеулесі әрі халық мүддесінің жанашыры. Сондықтан да олар қоғамдық ортада ерекше ілтипат пен зор құрметке қашанда лайық. Публицистің абырой-атағын жоғары ұстау, оған кір келтірмеу әрбір журналистің кәсіби парызы және этикалық нормасы болуы тиіс.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

Өнер - шынайы өмірдің әдебиет, театр, музыка, кино, сурет арқылы айқындалған бейнесі. Өнер атаулының барлық түрлерін жинақтап, бәрін жаңаша жаңғыртқан нысан - радио, телевизия өнері болып отыр. Телевизия, радио - халықтың санасына ықпал етіп, ақпараттары арқылы танымға жетелеп, ой-өрісін жетілдіріп, тәлім-тәрбие беретін БАҚ қана емес, сонымен қатар ол көруге, тыңдауға арналған айырықша өнер. Біз радионы, телевизияны және сахнаны өнер ретінде мойындаймыз. Олай болса, олардың нақты айқындамасы болып табылатын бағдарлама жүргізуді де өнер ретінде тануға тиіспіз.

Өнерге сезім арқылы бойлағанда ғана біз оны түсінеміз және игереміз. Сондықтан да, белгілі дәрежеде табиғи түйсіктің, дарын қабілеттің болғаны абзал. «Бір пайыздық дарын мен 99 пайыздық еңбектің арқасында табысқа жетуге болады» деген тәмсілдің жүргізушілік өнерге де қатысы бар.

Атақты шешен, саясаткер Роберт Пеел ерекше дарын иесі болмаған. Соған қарамастан бала кезінен қалыптастырған жаттығу, дайындықтың арқасында биік атақ абыройға жеткен көрінеді. Бала кезінде әкесі оны үстелдің жанына тұрғызып қойып жатқа сөйлетеді екен. Пеел өзі де діни уағызды қайталап оқып, жаттауға тырысты. Алғашқы кезде соншалықты нәтиже бола қойған жоқ. Жаттығуларын жалғастырған сайын назар аудару, зейін қою қабілеті арта берген. Осылайша, уағызды бір сөз, бір әріп қалдырмай жатқа соғатын жағдайға жеткен. Кейін ол теңдессіз шешендігімен саяси бәсекелестерін шаң қаптыратын қабілетті игерген. Оның оқыған нәрсесін жадында айна қатесіз сақтау қабілеті бала кезінде әкесінен үйренген жаттығудың арқасы еді. Мұндай қабілет тележүргізушілер үшін өте маңызды. Бір оқығанын есінде сақтай алатын алғырлық жүргізушіге қажет ең басты қасиет деуге болады.

Әлемде жүргізуші өнері ғажайып ретінде мойындалып, таңдай қақтырған талай дикторлер, жүргізушілер туып шықты. Айталық, атақты Ларри Кингтің еркін әрі ашық жарқын қатынасы, ресейлік диктор Г.С. Шумаковтың қарапайым әңгіменің табиғатына жақын оқитын мәнері, қазақ радиосының аты аңызға айналған «үні» Әнуар Байжанбаевтың құлаққа жағымды қоңыр даусы дегендей мысалдарды келтіруге болады. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан телеарналары мен радиосында да халықтың ықыласына бөленген жүргізуші, дикторлер көп болды.

Хабар жүргізушілер арасында әлемнің елеулі оқиғаларына арқау болғандары да баршылық. Мысалы, Доминикан республикасының «Соль» радиосының дикторы Х.Н. Идальго сексен сағат бойы үзіліссіз тікелей эфирде хабар жүргізіп Гиннес кітабына енуге мүмкіндік алған. Ол бағдарламаны жұма күні таңертең бастап, дүйсенбіде түстен кейін аяқтаған. Сексен сағат бойы үзіліссіз жұмыс істегенде оған 12 адам көмектесіп, оқитын мәтіндерін өңдеп дайындаған. Гиннестің талабы бойынша 52 минут бойы үзіліссіз сөйлеу және арасында 15 минут қана тынығуға тиіс болған. Ол соңғы 45 сағатта тыңдаушылар сұрақтарына жауап берген. Оның басты мақсаты елінің атын Гиннеске енгізу еді.

Радио, телевизия бағдарламаларын, түрлі іс қызметтерін ұйымдастыруда автордың идеясын өз іскерлігімен байыта отырып, көрермен, тыңдаушыларға жеткізетін ерекше міндетті атқаратын, туындыны аудиторияға жеткізетін ақырғы сатысында жұмыс істейтін еңбеккер жандар айналып келгенде дикторлер мен хабар жүргізушілері. Олардың жұмыс көрсеткіштері арқылы тек бір телекомпанияның ғана емес, бүкіл елдің телеөнерінің даму деңгейі  айқындалады.

Жүргізушінің мәдениеті, қарым-қатынасы, білімі мен қабілет-қарымы бағдарлама мен оқиғаның барысын анықтаумен қатар тыңдаушылар мен көрермендерге ықпал ететіндігімен ерекшеленеді. Себебі, тыңдаушы, көрермен қауым жүргізушінің сөйлеу мәнеріне, тіл байлығына, қабілетіне, мінез-құлқына еліктеп, қатынас мәдениетін игереді. Сондықтан, жүргізушілік өнерге оның этикасы, мәдениеті, шеберлігі және денсаулығында ешбір ақаудың болмауы секілді ұғымдар да жатқызылады.

Күні бүгінге дейін елімізде дикторлер мен жүргізушілердің кәсіби ерекшеліктерін, кешегісін, бүгіні мен ертеңін зерттеген ғылыми еңбек атаулы жоқтың қасы. Оқулық жайын тіпті ауызға алудың өзі артық. Мәнерлеп оқу, көркемсөз жайында туындылар баршылық. Олардан алғашқы мағлұматтарды алуға, жалпы ұғымдарды түсінуге болады. Алайда, микрофонмен, камерамен қатынас жасайтын радио, телевизия дикторлеріне, жүргізушілеріне мамандық талабына сай келетін оқулық бүгінде ауадай қажет болып отыр. Қорыта келе мынандай ұсыныстар жасауды жөн көрдік:

-  Жүргізушілік өнері  мен шеберлік мәселесі кәсіби диктор, жүргізуші, шешен лекторлердің аясымен шектелмейді, әлем журналистикасының қазіргі бағыт-бағдары жүргізушілікті алға шығарып, кәсіби дәрежеге көтеріп, лайықты бағалап отыр. Әр журналистің жүргізуші болуы міндетті болмаса да жүргізушілік шеберліктен мол білімі мен толық мағлұматы болғаны абзал;

- Радио, телевизия бағдарламаларын  халыққа таратып жеткізушісі - диктор, ал, аудиторияны өзіне бағындырып, жетелеушісі - жүргізуші деп түсінуге болады. Аталмыш сипаты диктор мен жүргізуші жұмысының аражігін айырып, бағыт-бағдарын айқындайды. Дегенмен, оларға қойылатын талап пен жауапкершілік ортақ;

- Елде радио, телевизия арналарының  көбеюі жүргізушілерге деген сұранысты арттырды. Телеарналарда жүргізуші болу үшін түрі келісті, даусы жағымды болса жеткілікті деген теріс ұғым қалыптасты да оны оңай санап, кім қаласа сол игеріп кететіндей жеңіл ойлайтын қате түсінік пайда болды;

- Журналист-жүргізуші мамандығын оқытатын жеке оқу орнының өзін айтпағанда, арнайы мамандандыру курс те, жекелеген пәндер мен оның практикумы да ЖОО факультеттерінің базасында жоқтығы кадр дайындау саясатының осалдығын көрсетеді;             

- Алдағы уақытта дикторлік, жүргізушілік өнерін зерттеуге білікті ғылыми мамандарды жұмылдырып, тәжірибелі ұстаздардың қатысуымен білім жетілдіру семинар-тренингтерін жетекші телеарналардың жанында тұрақты ұйымдастыруды жолға қою керек.

«Абай-ақпарат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Қорытынды 

 

Журналист этикасы – қоғамда, әлеуметтік ортада бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің ұстанымымен, қызметімен, сондай-ақ, белгілі тұлғалар, ұжымдық топтармен арадағы қарым-қатынастармен тікелей байланысатындықтан, оның кәсіби шеберлігіне де ықпал етуші негізгі фактор бола алады. Өз міндеті мен жауапкершілігін терең сезіне білу, іскерлікті, кішіпейілділікті, мәдениеттілікті қастерлеу – журналистің кәсібіне, күнделікті қызметіне әбден сіңісті болған этикалық қасиет болып табылады. Жеке бастың мүддесін көздеп, өзінің қарақан басының қамы үшін баспасөз мінберін пайдалануға әрекеттену БАҚ қызметкерлері арасында кездесіп жатады. Мұны этикалық, моральдық жағынан азғындау деп таныған жөн.

Адал әрі әділ болу – журналист этикасының ең бір игі қасиеті. Өмірдің объективтік шындығын көпке жеткізуші, сол арқылы қоғамдық пікірді қалыптастырушы, төртінші билік иелерінің ешқашан да өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға қақысы жоқ. Бұл екінші жағынан журналист этикасының да қастерлі қасиеті болып табылады.

Журналистік мамандықтың бір ерекшелігі, әртүрлі көзқарастағы, сан қилы мінез-құлықты көптеген адамдармен күнделікті жолығып, сөйлесіп, жақын сырласудың арқасында ғана шығармашылық туындыларын жасайды. Сондықтан адамдармен тіл табыса білетін, ақылды, байсалды, мінезі жайлы болғаны дұрыс. Сонда ғана адамдардың сеніміне кіре алады, ой-пікірлерін айтқызады, өзіне қажетті ақпараттарды табады. Мұндай қабілеттерді игеру үшін де этикалық үлкен жауапкершілік, тәлім-тәрбие керек. Ешкімге тіс жарып айтпаған, жақын-жуық туыстарына ашпаған сырларын адамдар журналистке ғана сеніп жеткізетіндей ахуалды қалыптастыру – журналистің шеберлігі мен дарындылығының сыртында оның этикалық деңгейіне, қарым-қатынасының биік мәдениетіне тікелей байланысты. Ол үшін өзі де біреуге сене алатын, сол арқылы өзгенің де сенімін ақтай білетін этикалық қастерлі қасиетті игерген болуы абзал.

Егер журналистің қылығынан білгірсу, мақтаншақтық, кеудемсоқтық секілді жағымсыз әрекеттер байқалып жатса, онда оның моральдық жағынан азғындай бастағанының белгісі және оның салқыны әзірленген теле-радио бағдарламасын да, жариялатқан шығармасына да тиері заңдылық. Сонымен  қатар, мұндай кері мінез журналистің дарынын да тежейтіні сөзсіз. Нағыз ақылды әрі білімді және этикалық тәрбиелі журналист сапалы жақсы жарияланымдар жасаған сайын сабырлы салмақты кейпін сақтай біледі, одан да артық туынды жасауға талаптанып, іздене түседі.

Журналист кәсіби этиканы қашан да құрметтеуге, оны аяқ асты етпеуге тиіс. Жазған жарияланымдары қаншалықты сәтті шығып, ел ықыласына бөленген сайын ол соншалық кішіпейіл, елгезек, адал бола түсуі керек. Себебі, журналист мамандығының бір ерекшелігі, ол үнемі елдің көзінде, халықтың бақылауында болатындығында. Оқырман журналистің жазған әрбір мақаласына баға беріп отырады. Оның жазған дүниелерінен менменсіген, мақтанған сыңай байқалса, автордың өзінен бұрын оқырман дереу сезіп қояды. Біреу болмаса да біреулер сырттай бақылап отыр дегенді журналист естен шығармауы керек. Сондықтан, журналист адам өзінің жеке басының мүддесін ешқашан да қоғамдық, халықтық ортақ мұраттан жоғары қоймайды.

Этика мәселесі – журналистердің басты назарында болатын мәңгілік өлмейтін тақырыптардың бірі. Бұл бұрын да солай болып келген, адамзат қоғамы тірі организм ретінде бар кезде алда да тұрақты көтеріліп, көптің талқылауынан өте берері сөзсіз. Этикалық, моральдық процестердің дұрыс-терісін, ақ-қарасын халық қана әділдікпен айырып бере алады. Сондықтан этикалық нормалар жөнінде БАҚ құрғақ уағыздан гөрі нақты дерек пен оқиғаларды көбірек жарыққа шығарса қоғамдық пікірдің дұрыс қалыптасуына, имандылықтың орын алуына көмектескен болар еді. 

Қазақстанда журналистік этика мәселесі «Бұқаралық ақпарат құралдары» Заңында мазмұндалған. Аталған заңда этикамен бірге БАҚ-тың жұмыс істеу міндеттері мен журналистердің құқықтары бірнеше бапта белгіленген. Сондай-ақ, республикамызда «Ұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі этика кодескі» қабылданған. Мұнда БАҚ-тың, журналистің осынау мақсаттағы алар орны мен рөлі айқындалған. Ал, Қазақстан Конституциясы мен басқа да кейбір заң актілерінде БАҚ пен журналистикаға қатысты мәселелер қамтылған.

Журналист – баспасөз ісіндегі негізгі тұлға. Онсыз қандай баспасөз болса да талапқа сай дайындалып, халықтың рухани талғамын қанағаттандыра алмайтыны түсінікті. Сондықтан, ең алдымен журналист кәсіби тұрғыда толыққанды маман ретінде еңбек етіп, танылуы керек. Ол өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені, объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өмірде осылай еңбек етуге, осылай өмір сүруге тиіс. Бұл – журналист алдында тұрған үлкен борыштардың бірі.

Жалпы журналистика –халықтық,ұлттық болып саналады. Өйткені журналистика-халықтың қамын ойлайтын,соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға,халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай,нағыз адамзатқа қызмет ету-биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат. 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

  1. ҚР Конституциясы, 1995 жыл
  2. ҚР БАҚ туралы Заңы, 1995 ж.
  3. Медиалық, авторлық, жарнама, сайлау және еңбек құқықтарынан арнайы курс. Алматы, 2008 ж.
  4. Журналистің кәсіптік этикасының Кодексі // Журналист, №6, 1991.
  5. Практическая журналистика в Казахстане. Алматы, 2006 ж.
  6. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004,
  7. Школа Американской журналистики // Журналист, № 10. 1993.
  8. Теплюк В.М. Этика журналистского творчества. –Москва: Мысль, 1980.
  9. Жақсылықбаева Р., филология ғылымдарының кандидаты, доцент. 26 қантар «Ақиқат» журналы
  10. Эндрю Спэрроу Парламентік журналистика. Халықаралық тәжірибе
  1. Қуандық Шамахайұлы. Беті жылтырдың бәрі тележүргізуші бола сала ма?

  1. 23.11.2011
  2. Қазақстан Масс-Медиасы: Негізгі ойыншылар, мүмкіндіктер,

қажеттіліктер мен қауіп-қатерлер MediaNet Халықаралық журналистика орталығы

  1. Қуандық Шамахайұлы Телеэфирде қалай сұхбаттасып жүрміз халықаралық журналист ф.ғ.к.доцент
  2. Тұрсын Қ, Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. Алматы. Білім; 2003. – 380 бет.. 
  3. Әбдіжәділқызы Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.
  4. Мұқатай Ж. Қазақ телережиссурасы қай деңгейде? // Қазақ әдебиеті. 2004. 27 тамыз. 3 бет.
  5. Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі //Ақиқат. №9. 1997. 85-88 бет.
  6. Тұрсын Қ. Сөз сиқыры. Алматы: Қазақ университеті, 1998. 112 бет.
  7. Ықсан А. Қазақ теледидарының үні неге құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті. 2001. 24 тамыз. 4 бет.
  8. Боқаш Ғ. «Теледидар тілі оңай шағылатын жаңғақ емес. //Ана тілі. 2004. 16 сәуір. 2 бет.
  9. Уәли Б. Дода халыққа бет алды. http: www. 31.kz. сайты. 2006. 3 наурыз.
  10. Құрманбай Ш. Қап сүйреген қазақ ток-шоудың тапқырлығы ма?.. //Айқын. 2006. 16 ақпан.
  11. Бораш Қ. БАҚ халыққа жақ болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 2005. 30 мамыр. 1 бет.
  12. Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1977. 221 бет.
  13. Жолдыбай К. Ізденіс әркімнің өзінен басталады. //Егемен Қазақстан, 2002. 5 сәуір.
  14. Броватая Л. Психологический фактор в работе ведущих прямого эфира. //Хабаршы. Журналистика сериясы. №5. Алматы, 1999. стр.  
  15. Тұрсын Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы. Қазақ университеті, 1998. 265 бет.
  16. Тұрсын Қ. Телевизиядағы кері байланыс процесі. Алматы. Қазақ университеті, 2003. 132 бет.
  17. Сәрсенов Қ. Тележурналистка терең тамырлы өнер. //Егемен Қазақстан 2004. 28 желтоқсан.
  18. Олжабай Л. Қазақ телевизиясының қара шаңырағы .//Егемен Қазақстан 2003. 8 наурыз.
  19. Хабар агенттігінің интернеттегі сайты: www.khabar.kz
  20. Г. Красильникова. Как освещать выборы. Алматы, 2007 ж.
  21. Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен, 2009 ж.
  22. Сборник законодательных и нормативных актов в области СМИ, Алматы 2007
  23. Р. Қарымсақова. Жаз, бірақ, ушықтырма. Алматы, 2007 ж.
  24. Каким быть закону о СМИ. Алматы, 2007 ж.
  25. 6. Масс-медиа в Казахстане. Алматы, 2009 ж.
  26. Н.Омашев «Ақпарат әлемі» Қазығұрт,Алматы 2006 ж
  27. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Хабаршы»Алматы
  28. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Радиохабардың

Информация о работе Эфир этикасы