Диплом журналистика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 20:00, дипломная работа

Описание работы

Әлеуметтену мен бір уақытта ететін процесс - инкультурация. Егер әлеуметтену дегеніміз - әлеуметтік тәжірибесін меңгеру болса инкультурация дегеніміз - индивидтің жалпы адамзаттық мәдениетін, тарихи қалыптасқан әрекеттер жолын игеру процесі. Ол әрекеттерде түрлі даму кезеңдерінде адам әрекетені рухани және материалдық өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып мүмкін. Адам мәдениетін табыспен игерсе, оның әлеуметтік жетікті деп айту дұрыс емес және керісінше. Тұлға дамуы теориясының негізгі мәселелерінің бірі - тұлғаның өзін-өзі өзектендіруі (самоактуализация). Ересек тұлға өзін-өзі дамытуы тиісті деп саналады. өзін-өзі дамыту және өзін-өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген казіргі заман концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
І. Журналист этикасы
1.1 Журналист пен журналистиканың қоғамдағы рөлі........................................5
1.2 «Журналистік этика» ұғымына түсінік.........................................................12 1.3 Журналистік этиканың негізгі қағидалары ..................................................13
1.4 Журналистің әлеуметтік ұстанымы мен кәсіби этикасы хақында..............19
1.5 Саяси журналистер кәсіби этикасы ..............................................................25

ІІ.Эфир этикасы
2.1Журналистің телеэфирдегі тіл мәдениеті......................................................34
Тікелей эфир ерекшеліктері...........................................................................38
Телевизиянық тікелей эфир сұхбаттары және журналистің кәсіби шеберлігі...........................................................................................................41
Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы ............................................45

Қорытынды............................................................................................................53

Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................55

Файлы: 1 файл

Диплом журналистика.doc

— 396.50 Кб (Скачать файл)

Саяси науқан, сайлауалды насихат, қоғамды елең еткізген өткір әрі даулы мәселелер бойынша ток-шоу өткізгенде бір біріне қарама қайшы позиция ұстанатын топтардың екі немесе одан да көп ақпарат көздерін қамтуға, олардың өзара диалог құруларына, пікірлерін ортаға салуларына жағдай жасайтын телевизияның мол мүмкіндігі бар. Мұндай ток-шоу бағдарламаларын тікелей эфирге шығару ғана шынайы әрі тиімді болмақ.

Сондай-aқ, телевизияның өзге ақпарат құралдарындағы сұхбаттардан өзгешелігі қазіргі заманғы озық техника, технологияның көмегі арқылы әлемнің әр тарабынан ақпарат көздерін бір сәтте эфирге жинақтап, бәрімен тікелей байланыс жасау арқылы ой, пікірлерін халықпен бөлісуіне жағдай жасай алады. Осының өзінен оның ақпарат құралдарының ең негізгі миссиясы болып табылатын ақпаратты жедел жеткізу талабын толықтай қанағаттандыра алатындығын аңғаруға болады.

Тікелей сұхбат барысында  кездесетін бір қиындық – респонденттің  жауабынан туындатып сұрақ қою  қабілеттілікті барлық журналистердің бәрі меңгере бермейтіндігі. Бұл  әсіресе, жас журналистер үшін тіпті оңайға соқпасы анық. Тележурналист оқиғаға қатысып отырса да, кез келген жағдайда ақпарат көзімен қоғамдық-саяси, экономикалық-әлеуметтік, заңдық-құқтық  тақырыптардың бәрімен де еркін пікірлесетін, көрерменнің көкейіндегі сауалды тастай алатын, мәселені салмақтап, таразылай білетін болуға тиіс.

Сонымен қатар телевизияның тікелей эфир сұхбаттары әрдайым  уақыттың тарлығына кіріптарлықпен өтетіндіктен тележурналист минутпен жарысып, онымен санасып режиссердің  ескерпелерін үнемі қаперде ұстап жедел қимылдауы қажет болады. Бұл да тележурналистің игеруге тиіс көптеген қабілеттіліктерінің бірі.

Телесұхбат әзірлеп  өткізгенде жоғарыда айтылған ерекшеліктер мен талаптардың болатындығына  қарамастан жалпы журналистикаға ортақ  өзге ұстанымдар мен нормалардың тележурналиске де міндетті түрде қойылатындығыны атап өткен жөн.

 

1.4 Диктор және тележүргізуші мәдениеті туралы

 

 Бұл екеуі екі  басқа ұғым ба, әлде, бір түсініктің  аясындағы екі түрлі нысан  ба, немесе қосарланған (гибрид) тұрпаттағы  мамандықтың атауы ма? - дегеннің басын ашып алайықшы, ең алдымен.

Бағдарламаны эфирде жүргізетін, мәтінді оқып телекөрерменге ұсынатын телевизия маманы. Егер осылай деп анықтасақ, анықтама екеуіне  де ортақ. Сол сияқты екеуіне қойылатын  талап, жүктелетін жауапкершілік, артылатын міндет те бірдей болып шығады. Дегенмен ішінара болсадағы әйтеуір, айырмашылықтың болуы дау тудырмаса керек.

Дикторден тұнық әсем дауыс, дұрыс әрі анық дикция, сөйлеудің  жоғары мәдениеті мен терең білім, алғырлық, тез ойлап пайымдау қабілет, төзімділік секілді өзге мамандардан дараланып тұратын көптеген қасиеттер талап етіледі. Олар біреу жазған мәтінді жай ғана оқып шыға салатын адамдар емес. Автордың айтар ойын толық түсініп, тақырыптың мазмұнына терең бойлап, әрбір сөз, сөйлемді дауыс ырғағы мен үн тынысына сай мәнерлеп лайықты жеткізумен қатар көрермен қауыммен жылы қарым-қатынас жасай білуге тиіс.

Жалпы белгілі бір  бағдарламаны талапқа сай тартымды жүргізу дегеніміз дикторден  де, тележүргізушіден де дарын, қабілеттілікті, алғырлықты талап етері белгілі. Ал, оны журналист, редактор немесе автор өзі атқарды ма, әлде, диктор немесе тележүргізушінің қабілеттілігінің арқасында эфир арқылы тарады ма дегеннің қайсы болсын, бәрібір хабар жүргізу шеберлікпен тығыз байланысты туындайды.

Соңғы жылдары жарыққа шыққан түсіндірме сөздіктердің бірінде бағдарлама жүргізушісі (host) мен диктордің (anchor) айырмашылығын анықтаған. Ол  «anchor - бағдарламаның барлық мазмұнын жеткізуші. Ал, host радио, телевизияның бағдарламасын игере отырып, шешім қабылдайтын тұлға» деп түсіндірген. Оның түсіндіруіне қарағанда, anchor жаңалықтарды эфир арқылы жеткізуші - диктор, ал, host белгілі бір телехабарды көрермен алдына ұсынушы - жүргізуші болмақ. Олай болса, мынандай дәйектеме ұсынуға болады:

Енді бұлардың әрбірінің  ерекшеліктеріне тоқталайық.

Диктор деген мамандық жүргізушіден әлдеқайда бұрын радио, телевизия өмірге келгенде онымен бірге  пайда болған.  Барлық елде радио мен телевизияның үні осы дикторлар арқылы қалыптасты. Барлық елде дикторлар радио мен телевизияның алғашқы үні әрі көрнекті өкілі ретінде тарихта қалды. Кеңес одағы тұсында да дикторларға биік талап қойылды. Елдің ішкі және сыртқы саясатын терең түсінген, білімі мен пайымы терең адам ғана диктор бола алады делінді. Шын мәнінде диктор дарын-қабілеттілікті, жағымды әсем дауысты, анық та айқын сөз саптауды, әртістікті терең меңгерген маман болуға тиіс болды.

Диктор - шебер шешен  оқу мәнерімен мәтінді жандандыратын  ішкі жан дүниесі бай өнер адамы. Диктордің жүргізушіден айырмашылығы неде? -дегенге келсек, ол аудиторияны басқарып, бағыттап отырмайды. Оның атқаратын міндетінің өзі тыңдаушылар мен көрермен қауымға ақпаратты, журналистің дайындаған мәтінін жеткізу. Алайда, бұл диктор қызметінің қатып қалған қағидасы емес. Егер диктор бағдарлама жүргізетін,  тікелей хабарға жетекшілік ететін болса, әрине, ол қатысушылармен, аудиториямен қарым-қатынас жасауына тура келеді.

Бағдарлама жүргізу  кезінде тіл байлығының мүмкіндіктерін толығымен пайдалану, сөзді мазмұнына  сай дұрыс қолдану талаптары  қойылады. Ал, хабар мәтінін оқығанда диктордің оқу мәнері мен өзіндік тәсілі айқын көрініс табады. Кейбір дикторлерде жүргізушілік мүмкіндігі кең, қабілет-қарымы жеткілікті болғанымен оқудың аясынан шыға алмай тар шеңберде тұйықталып қалатыны бар. Сондықтан, жүргізушілер секілді еркін қимылдай алмайды. Радио, теледидар арқылы жаңалықтар жеткізудің, рөл ойнап, образ жасаудың, тікелей эфирде әңгіме-дүкен құрудың, бағдарлама жүргізудің әрбіріндегі шеберлік қабілеттілік өзара айырмашылықта болады. Мысалы, драмада ойын негізгі орынға шықса, бағдарламада жүргізушінің комментарийі, ал, жаңалықтар қызметіндегі оқылым түсінікті, қысқа әрі анық және жеңіл екпенді болуға тиіс.

Бүгінгі таңда жүргізушілік мәнерді алға шығару бағыттың кең  өріс алғаны рас. Алайда, бұдан диктордің  позициясы төмендеп, жүргізушінің дәурені жүріп тұр деп түсіну тағы сыңаржақтық болар еді. Мысалы, Жапонияның әлемге әйгілі NHK телекомпаниясы жыл сайын 25 дикторді жұмысқа қабылдайды екен. Бұл туралы мәлімдеген аталмыш компанияның дикторы Миада Осамуи олардың бесеуі ғана әйел адамдар болатындығына назар аудартқан. Сондай-ақ, «Америка даусы» радио станциясы халықаралық жаңалықтарын оқитын дикторлерге әркез байқау жариялайтындығын оның вэб сайтынан жиі кездестіруге болады. Шет елдерде дикторлерге деген сұраныстың, беделінің қандай деңгейде екендігін жоғарыдағы мысалдардан айқын аңғаруға болады.

Жүргізуші (ведущий, announcer, host). Бұған радио, телевизия, сахна  өнері және түрлі мәдени іс-шараларын  жүргізетін барлық жүргізушілерді жатқызуға  болады.

Жүргізуші - өмірлік тәжірибесі мол, жан-жақты, білімді, рухани әлеуеті мықты, алғыр әрі әзілқой, ойлау қабілеті жылдам тапқыр, кішіпейіл бола тұра өзіне сенімді, адамдармен жайлы қарым-қатынас жасай алатын тұлға.

Радио, телевизия жүргізушілері  үшін студияда жазылым (запись) жасатуға мүмкіндік болса да көбінесе тікелей эфир таңдалып жатады. Жүргізушілер алдымен бағдарлама қонақтарын таныстырады, әңгіменің көрігін қыздырып, бағытын түзейді және телефон арқылы көрермен, тыңдаушы қауыммен байланыс жасауы мүмкін. Тікелей мағынасы бойынша түсіндірсек, жүргізуші дегеніміз тыңдаушылар мен көрерменді бағдарламаның айналасына топтастырушы. Кең арнада қарастырсақ, тыңдау, пайымдау, сөйлеу, баяндау және әртістік өнерді меңгерген сезімтал жан болуға тиіс.

Ресейлік әріптестеріміздің  жазуларына қарағанда, радио мен телевизия жүргізушілерінің өзара елеулі айырмашылықтары бар:

Жалпы бүгінгі телевизия  өмірінде де аудиториямен тікелей қатынас  алға шығып бара жатқандықтан талап  негізінен ортақ деуге болады.

Тікелей эфир дикторы, жүргізушілері. (диктор трансляций, ведущий трансляций, transmitter) Тікелей эфир бағдарламаларын  көбінесе тәжірибелі жүргізушілер атқарады. Оның жауапкершілігі де айтарлықтай. Мемлекеттік  немесе халықаралық маңызы бар ірі  іс шаралардың ашылу немесе жабылу салтанатты рәсімдері кезінде тікелей эфир арқылы оқиғаны халыққа жеткізу оңай шаруа емес. «Азиада» тұсында тікелей эфирге жүргізуші болып тағайындалған белгілі әншінің тележурналистикадағы тәжірибесіздігі халыққа сол сәтте әшкере болғаны телевизия ұжымдарына үлкен сабақ болса керек. Жүргізушінің жеке дайындығы да бұл жерде елеулі рөл атқармақ.

Диктор, тележүргізушілердің  еңбек өнімділігінің нәтижесі нақты  материалдық зат еместігі белгілі.  Керісінше, адам руханиятының жемісі болып табылатындықтан үнемі алға ілгерілеуге ұмтылып жетілдіре түсуге бағытталады. Сол арқылы халықтың рухани сұраныстарын қанағаттандырғанда ғана диктор, жүргізушілер еңбегінің нәтижесі жемісті болады.

Тыңдаушы, көрермен қауым  тікелей эфир арқылы қабылдаған бағдарламаға көңілдері толып қанағаттанғанда ғана диктор, жүргізушінің еңбегі ақталады деген сөз. Сондықтан, бағдарлама жүргізуші үшін кәсіби шеберлігін әрдайым шыңдап, жетілдіріп отыру талабы қойылады.

Жүргізушіліктің пайда  болуы және қажеттілік. Кәсіби тұрғыдан келсек, дикторлік пен журналист қызметінің қосарланған формасы болып келетін жүргізушілік көрермен, тыңдаушылармен тікелей қатынас орнатады. Оның артықшылығы да осында. Сондықтан, әлем журналистикасының қазіргі бағыт-бағдары жүргізушіліктің  маңыздылығын арттырып, оны кәсіби мамандықтың деңгейіне көтерді.

«Хабар жүргізу», «жүргізушілік  өнер» деген ұғымның да пайда  болуының өзіндік тарихы бар. Дерек  көздеріне зер салсақ, әлемдегі ең алғашқы жүргізуші - американдық  Муроу көрінеді. Ол радиохабардың  аты аңызға айналған журналисі болғанымен алғашқы тележүргізушілердің ұлағатты ұстазы болып саналады. Дүниежүзілік екінші соғыс кезінде «Муникэ оқиғасының» көзкөрген куәгері әрі оны дер кезінде ыстық нүктеден тікелей хабарлаған, бомбаланған дүкеннің ішіндегі қираған сөрелердің бірінде микрофонын орнатып қойып, төгілген жеміс шырындарының еденге тамшылап сыртылдаған дыбысын естіртіп, кезекті әуе шабуылы алдындағы бір сәттік мүлгіген тыныштықты радио арқылы жұртқа жеткізген журналист болатын ол. Сонымен қатар журналист Муроу немістің бомбалаушы ұшақтарының баса көктеп келе жатқанын Лондон қаласындағы бір биік мұнараның үстінен бақылап тұрып, жағдайды айна-қатесіз баяндап, мұхиттың арғы жағындағы американдық тыңдаушыларға соғыстың шынайы көрінісін анық түсіндіріп келген. Осылайша, соғыс аяқталғанда Муроу қолына қару алып соғыспаса да Америкаға атағы жайылған ержүрек азамат ретінде танылған.

Осы деректің өзінен-ақ, эфирдегі жүргізушілік дегеніміз радио  арқылы оқиғаны бейнелеп шебер баяндайтын тікелей бағдарламадан туғанын  анық аңғаруға болады.

Қазақстанда алғашқы  радиохабар 1921 жылдан бастап таратыла бастады дегенді алғаш рет  журналистикатанушы ғалым Марат  Барманқұлов мәлімдеген. Ол жайында  өзге зерттеушілердің де түрлі пікірлері  бар. Әзірге бірізділік болмаса да қазақ  радиосының ғасырға жуық тарихы бары басы ашық әңгіме. Ол тұста жазу аппаратуралары болмағандықтан хабар атаулының бәрі тікелей толқынға шыққан болса керек. Олай болса, сол тұста тілші аталғандардың бәрі де алғашқы хабар жүргізушілері болып есептелмек. Мұның өзі алдағы уақытта саланы жіті зерттеуді, тарихи деректерді айқындауды талап етеді.

Журналист жазған немесе өңдеген мәтінін аудиторияға  тікелей жеткізудің бірден бір жолы бағдарламаны өзі жүргізуі. Журналистің  дайындаған жүз пайыздық ақпаратының  аудиторияға 90-95 пайызы жетеді екен. Қалған бес-он пайыз ақпарат құлаққа жеткенше желге ұшқандай болып, назардан тыс қалады. Айталық, сөз тасымалдау ойыны деген болады ғой. Алғашқы айтылған сөз қаншалықты көп адам арқылы бір біріне жеткен сайын белгілі деңгейде өзгеріске ұшырап, тіпті мүлде басқаша мағынаға ауысып кетіп жатады. Сол секілді жоғарыдағы бес, он пайызды жоғалтпаудың мүмкіндігіне оқиға ортасындағы адам сол мезетте тікелей репортаж арқылы жеткізгенде ғана қол жеткізуге болады. Олай болса, журналистерден жүргізушілік қабілетке ие болуды қазіргі заманның өзі талап етіп отыр.

Алайда, әр журналист  бағдарламасын өзі жүргізген  жағдайда бәрі жаппай жүргізушілікке айналып кетеді екен десек, қателескен болар едік. Нашар жазылған мәтін  жүргізушінің шеберлігінің арқасында жанданып құлпырып кетіп жатады. Сол секілді жақсы жазылған мәтінді автор өзім жүргіземін деп бүлдірмесіне де кепілдік жоқ. Әр журналист жүргізуші немесе диктор бола алмаса да оларға кәсіби талап қоя алатын, жүргізушілік шеберліктің негізін білетін мол мағлұматы болғаны абзал.

Тәуелсіздік жылдары  телеарналар мен радиохабар ұжымдары сан жағынан да, сапасы тұрғысынан да ұлғайды. Қазірдің өзінде елімізде республикалық аумақта хабар  тарататын телеарналар саны оннан  асты. Жекеменшік және коммерциялық телекомпанияларды айтпағанның өзінде мемлекеттің қолдауымен «Мәдениет» (бүгінгі күні эфирге шықты), «Білім» (келесі жылы жұмысын бастайды) телеарналарының құрылып жатқаны елдің рухани, мәдени өміріндегі елеулі оқиға. Жергілікті өлкелерде де ашылып жатқан түрлі телеарналар мен радиостанциялар баршылық. Олардың бәріне де мамандықтың шеберлігін игерген мәдениетті де білікті жүргізушілер керек.

Жүргізушілер таңдауда теле, радио ұжымдары эфирге көбінесе кәсіби мамандардан гөрі әуесқойларға көбірек ден қоятындықтан эфир мәдениеті төмендеп, жауапкершілік босаңсып кеткен. Соның салдарынан бағдарламалардың тартымдылығы төмендеп солғын тартады, жүргізушінің өзінің ғана емес, ақпарат құралының беделі мен жүргізушілік өнердің құны түседі. Оларда эфир мәдениетінің ең қарапайым талаптарының өзі бұзылып жатады. Айталық, дауыстың тоны құлаққа түрпідей тиетін, тілі жұтаң әрі быдық, сөзі өшкін, «ң» мен «і»-нің өзін дұрыс дыбыстай алмайтын, ернін сылпылдатып, екі қолын жөнді-жөнсіз ербеңдетіп, стендапқа ербеңдеп шыға келетін тележүргізушілер мен репортерлер көбейді. Микрофон, камера алдында жасалатын қарапайым қарым-қатынас нормаларын білмейтіндіктері, сөйлеу қабілеттіктері тым осал екендіктері бірден аңғарылуының өзі олардың жүргізушілікке мүлдем жарамайтындықтарын айғақтап тұрады.

Замана талабы мен сұранысқа сай алдағы уақытта маман даярлайтын ЖОО-дағы журналистика факультеттері жүргізушілерді соңғы курстарда арнайы оқытып, мамандандырып шығаратын жүйеге көшіргендері дұрыс. Қазіргі кезде жаңалықтар қызметіндегі диктор жүргізушілердің өзі кейде «артық қыламын деп тыртық етті» демекші, бірде әлдебір шетел арналарына еліктеп айғайға басса, енді біреулері өзара еркін сөйлесеміз деп одан ары бүлдіріп, жасандылықтан арыла алмай жүр. Апталық шолуларды жүргізетін кейбір әріптестеріміз өзін тым асқақ ұстаймын деп тіпті көктен түсе алмай шала бүлініп отырғанын көргенде езуге күлкі үйіріледі. Өз табиғатында жоқ болмысты қолдан жасаймын деп әуірелену ешқашан көрермен көңіліне қонбайтындығын әр кәсіби маман сезінуге тиіс.

Информация о работе Диплом журналистика