Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Дене шынықтыруды насихаттаудың мемлекеттік жүйесінде жинақталған дене шынықтыру дәстүрлі тәсіл ретінде қарастырылады [1,5б.]. Бұл дене шынықтыру пәнін ресми түрде қабылдауды мәлімдейді. Өйткені, шынында адам жекелігі дамуының негізгі мақсаты- барлығы үшін оқу бағдарламасы, оқыту және тәрбие әдістері мен тәсілдерінің кейбір «орташаланған» жалпы нұсқасын жасауға бағыттама шамасында жүзеге асырылмайды. Егер мақсатқа бағытталған дене шынықтыру - спорт іс-әрекетінде адам белсенділігі, өзін жүзеге асыруға ұмтылысы және қоғамның мәдени идеяларын саналы түрде қабылдауы, оларды белгілі бір адам үшін жеке құндылықтарына, сенімге айналдыруы басқа біреуге жақсылық жасау қажеттілігі болмаса, адамгершілік ой қабілеттері мен қасиеттері тәрбиеленбейді. Бұл жағдайда басты нәрсе бола қоймайды - ол адамның дене шынықтыру құндылықтарын, тіршілік әрекеттерінің жеке стилін қалыптастыру үшін пайдалану қажеттіліктердің өсуі, қажеттіліктердің көбею заңы, қажеттілік себеп-саласының дамуы, эмоциялық уайымдар мен қатынастар мұра етілмейді. Олар тек қана осы іс-әрекет процесінде адаммен тиімді «иеленуі» мүмкін, біртұтас педагогикалық процесінде білім мен шығармашылық тәжірибесін меңгеру барысында мақсатқа сәйкес қалыптасады.

Дене тәрбие жүйесі мазмұнының адамның өзін-өзін бағалау приоритетін мойындауға, қазіргі заманғы мақсаттарына дене шынықтыру саласында адам жекелігінің қалыптасуына әлеуметтік тапсырысқа сәйкес келмеуі, осы процестің механистикалық манипулятивті түсінігінен оның адамгершілік мәнін ұғынуын талап етеді. Пайда болған қайшылықтың жойылуын біз дене шынықтыру жүйесінің маңызды қайта құруында адамның дене потенциалының қалыптасу және даму мақсаттары мен міндеттері, формалары мен әдістері туралы түсініктер жүйесінде жаңа педагогикалык үлгісінің құрылуында тіршілік әрекетінің дені сау стилінің қалыптасуы мен жетілдіруін көреміз. Бұл тезис маңыздылығының дәлелдеуін біздің еліміздегі қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық және саяси қайта құру практикасында, сонымен бірге дене шынықтырудың белгілі теориялық еңбектерінен көреміз [39,45,40]. Ол жерде былай делінген: «Дене шынықтыру процесінің технологиясын барынша жекелеуге стратегиялық көңіл және осыған сәйкес әрбір адамның психикалық және физиологиялық дамуы, біздің балаларымыздың немере мен шөберелеріміздің дене шынықтыру - спорт бағытының ролін елеулі көтереді [2,8б.].

Табиғи ерекшеліктердің  толық ашылуы қозғалудың генетика жағынан  негізделген қасиеттері мен оның даму әсері адамның дене белсенділігінің  табиғи және психологиялық мәніне терең түсіну негізінде, оның қозғалыс қызметтерінің даму барысы мен нәтижелерін анықтайтын негізгі факторын табу негізінде шешіледі». Дене шынықтыру мазмұнын жаңартуының негізгі орны болып тарихи, әлеуметтік мәдени және ұлттық дәстүрлерге, адамның табиғи және әлеуметтік дамуына негізделген демократизациялау және гуманизациялау болуы керек. Адамгершілік - бұл адамды жоғарғы әлеуметтік құндылық деп есептеу арқылы әлеуметтік ойлаудың адам жекелігі ретінде басқаша түсіндіріледі.

Ал оқыту мен тәрбие процесінде мақсаттар мен міндеттер адамның қажеттіліктері мен тілектерін қандай мөлшерде есепке алынатын, қандай шамада жұмыс істейтінін бағалайды. Демократизациялау дегеніміз - «қоғам жүйесінің орташаланған тұлға концепциясын жеңу», яғни адам жоғарғы құндылық ретінде концепциясы үшін дене шынықтыру жүйесін қайта құрудың потенциалын өсіру болып табылады. Дифференциалды дене шынықтыру процесінің мақсаттарының міндеттері мен мәнін түсіну қажеттігі педагогикалық технологияның негізгі концептуалды қағидалары, принциптері, шарттары мен ұсыныстарының мазмұнын жаңартуды талап етеді [38,124б.].

        Осы аталған мәселені шешу  үшін жас ұрпақтың  дене қасиеттерін тәрбиелеуде қалыптасқан әлемдік және отандық әртүрлі жүйелерді салыстырмалы түрде талдау қажеттігі туындады.

      Дене шынықтыру педагогикасы мен теориясы үшін әртүрлі елдердегі дене шынықтыру бағдарламаларын талдаудың маңызы өте зор, мұндай талдау  дене шынықтыру сабақтарының көлемі мен мазмұнын салыстырып, бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы "дене шынықтыру" пәні бойынша қазіргі заманға сай бағдарламалар дайындауда практикалық ескертпелер мен қолайлы ұсыныстар енгізуге пайдасы тиеді [33,152,159,].

Мысалы, 1985 жылы бұрынғы одақтағы Педагогикалық ғылымдар Академиясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген дене шынықтыру бағдарламасында бүкілодақтық ("Еңбекпен Отанды қорғауға дайынмын") дене шынықтыру жиынтығына негізделген, тұтас жүйені құрайтын мектептегі дене шынықтырудың негізгі түрлері түгел қамтылған болатын [133,161]. Бірақ ұжымдық тәрбиенің үлес салмағының жоғарылығына байланысты жекеленген оқушылардың дене шынықтырудың жетістіктері емес командалық жетістіктер негізгі есепке алынып, балаларды ынталандыру мәселесі дұрыс шешілмейтін.  Яғни, әр баланың даралық қабілеті мен дене шынықтыруға бейімділігі және ынтасы басты орынға көтерілмей қалатын. 1996 жылдын бастап тәуелсіз Қазақстанда білім беру саласын реформалау  саясаты жүргізіліп,  білім беру мен тәрбиелеуде баланың жас ерекшелігі мен даралық ерекшелігін негізгі өлшем деп санап, әр баланың білім алуында даралап оқыту, қабілет ерекшелігін есепке алу арқылы дифференциациялау  мәселелері көтерілді және оқу үдерісіне енгізілді. Соның негізінде ҚР 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында  баланың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қамтамасыз ету  басты міндетке саналды [10, 3б.]. Қазіргі уақытта қоғамдағы үлкен өзгерістер мен бұрынғы Одақ мемлекеттерінің тәуелсіздік алуына байланысты дене шынықтыру бағдарламаларына ұлттық ерекшеліктерді, дәстүрді, қоршаған орта мен өмір жағдайын ескеретін жаңа ғылыми қағида қажеттігі толық дәлелденіп бітті [111,112,].

Қазіргі қолданыста жүрген дене шынықтыру бағдарламаларында Отандық және Ресейлік ғалым-педагогтардың ұсынысы бойынша (39,40, 41,45,46) мынадай жас топтары енгізілген болатын: мектепке дейінгі (3-6 жас), кіші мектеп жасы (6-10жас), орта (11-16жас), жеткіншек (17-18 жас), кәсіптік техникалық колледждер (К.Т.К.) жоғары жастағы оқушылар (15-17жас).

Қазақстандық оқушылардың  дене шынықтыру қазіргі бағдарламаға сәйкес 6-18 жас аралығына дейінгі мерзімді қамтиды (113,114). Мектеп жасы шартты түрде кіші, орта және жоғары болып бөлінеді. Бұл бағдарламада әр жас мерзімінің морфофункционалдық ерекшеліктері ескеріледі [110,136,150]. Кіші мектеп жасында белгілі қозғалыс дағдылары оңай бекітіледі. Тіпті оны балалар нұсқаушысыз-ақ өз беттерімен жетілдіре алады (мысалы, шаңғымен және конькимен жүруді, велосипедті тебуді). Көпшіліктік дағдыларды игеруге бұл жастағы балалар ынталы түрде қатысады және жаңа қозғалыстың күрделі әрекеттерін игереді, яғни қозғалыстарға құмарлықпен дайын болу дене шынықтыру үшін қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан да кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту "ең жақсы" кезең деп танылады.

Аталған бағдарламаларда орта және жоғары мектеп жасындағы балалардың дене шынықтырудың ерекшелігі және оларды қалыптастырудың білімдік және әдістемелік мазмұны тек дене шынықтыруды ғана емес спортты насихаттауға да жеткілікті назар аударған. Оқушылардың жас кезеңдеріне байланысты күрделі дағдыларды өз бетінше игеруге ұмтылып, қозғалыс талаптарын орындауға төзімділік, қайсарлық таныта біліп, кейде спорттық жарақат алып та қалады. Бұл жас кезеңінде дененің қимыл-қабілеттігін үйрену мен қызығуда саналылық қалыптасады. Қимыл-әрекетті ұйымдастырып, басқаратын жинақылық мүше ретінде қозғалу талдағышы осы кезде өзінің толық жұмыс қабілетіне жетеді.

Жоғары мектеп жасын  индивидумның барлық дене және қозғалыс дағдыларының жекелей қалыптасуының  аяқталу кезеңі деп санауға болады.

Бозбалалар мен бойжеткендер өсіп жетіле келе болашақта тұрақты  сақталатын негізгі қозғалыс дағдысына  жаттығады. Бұл бағдарламада сыныптан тыс спорттық жұмыс бойынша дене шынықтыру сабақтары, сондай-ақ денсаулық жағдайына байланысты арнаулы топтарға арналған бөлімде қамтылады.

Біз қарастырып отырған  жинақы бағдарлама [112] бес бөлімнен тұрады және дене шынықтыру құралдарының негізін жасап, оқу күн тәртібі бойынша дене қимыл формаларын дұрыс мөлшермен орналастырудың қатаң түрде сақталуын және қозғалыс белсенділігінің жалпы көлемін анықтайды. 

Бағдарламаның бірінші  бөліміне оқу күн тәртібіндегі дене шынықтыру сауықтыру шаралары енгізілген: сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысында дене шынықтыру минуттары және үзіліс кезіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаттары, ұзартылған күн топтарындағы спорттық сағаттар. Бағдарламаның бұл бөлімі бүкіл жұмыс күні бойында жоғары жұмыс қабілетін сақтап, шаршауды болдырмау үшін маңызы зор.

Бағдарламаның екінші бөлімінде  мектептегі сабақ, кестесінде аптасына 2 рет 45-минут бөлінетін дене шынықтыру сабақтарындағы оқу материалдары қамтылған. Дене шынықтыру сабағы - жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын негізгі талаптар: оқушылардың денсаулығын ескере отырып, әртүрлі әдіс-амалдармен қамтамасыз ету; қимыл дайындықтары және дененің дамуы; оқу сабақтарының біліктілік пен нұсқаушы бағыттардың қозғалмалылық, сезіну және моторлы тығыздықгың жоғары деңгейіне жету; дене шынықтыру сабағындағы дағдылар мен шеберлікті оқушылар өз бетінше қалыптастырады. Өз бетінше орындауға арналған жаттығу тапсырмаларды оқушылар сабақта алады. Олардың мазмұны дене қасиеттерін дамытуға бағытталған қарапайым қимыл-әрекеттерді сабақта қайталап қалыптастырудан құралады. Сондай-ақ үй тапсырмасын орындауды тексеру де сабақтарда жүйелі түрде іске асады.

Жоғары сынып оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасында еңбек үстіндегі психофизикалық қызметтерді дамыту қарастырылады. Ол дене шынықтыру сабақтарында және оқу цехтарындағы, сабақтар арасындағы үзілістерде, оқу-өндірістік комбинатта, жазғы еңбек және демалыс лагерлерінде жүргізіледі.

Жоғары сыныптағы оқушылардың  әскер қатарындағы қызметке дайындығын күшейту үшін бағдарламаға әскери қолданбалы дайындық мәліметтері кіргізіледі. Бұндай сабақтарды Қарулы күштердің Жарғысына сәйкес кейбір әскери бұйрықтарды дұрыс және жылдам орындауға арнайы уақыт бөлінеді.

Бағдарламаның үшінші бөлімінде  дене шынықтырудың сабақтан тыс жұмыс түрлері енгізіледі: спорт үйірмесі, оқушылардың дене шынықтыру үйірмелері, әскери қолданбалы спорт секциялары, жалпы дене дайындық топтары және т.б. топтардағы жаттығулар кіреді. Спорттың таңдаулы түрлерімен айналысқысы келетін оқушылар үшін жалпы білім беретін мектептерде арнаулы спорт мектебінің бастауыш топтары да ашылуы тиіс.

Спорт үйірмелері үшін жалпы дене дайындықтары бойынша материалдар бірдей болады. Ал арнаулы дене дайындығы бойынша материал бағдарлама бойынша жалпы білім беретін мектептерде спорт түрі бойынша ең көп берілген. Талапқа сай жағдайлар бар болса, мұғалімдер спорттың басқа түрі бойынша сабақ ұйымдастыра алады. Әр түрлі сабақтан тыс спорт үйірмелеріне мектеп оқушыларын толық қатыстыру үшін оларды ұйымдастырып, өткізуге жоғарғы сынып оқушыларын, қоғамдық-нұсқаушыларды, педагогтарды, ата-аналарды және басшыларды шақыру керек.

Бағдарламаның төртінші бөлімінде жалпы мектептің шынықтыруындағы бұқаралық және спорттық шаралардың мазмұны: ай сайын денсаулық және спорт күндерін өткізу, мектеп ішіндегі жарыстар, туристік жорықтар, слеттер /бас қосу/ жоспары беріледі.

Бағдарламаның бесінші бөлімінде дене шынықтыру бойынша үй тапсырмасын орындауға ұсыныстар берілген.

Осылайша, жинақтау бағдарламасы оқушылардың дене шынықтыруын құрал-жабдықтары мен әдістерінің барлық түрі қатаң белгіленген уақыт тәртібіне қамтылады.

Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Бұл сұраққа жақсы, тіпті өте жақсы деуге болады. Себебі, мұнда сабақтарды қайда, қашан өткізу керектігі нақты анық көрсетіледі. Бірақ, өкінішке орай, дене шынықтыру процесін кейде тым "берілген талаптан асыра" ұйымдастырады.

Ұсынылған бағдарлама көптеген мектептердегі, әсіресе, ауылдық жерлердегі материалдық-техникалық базалардың және әдістемелік жабдықтардың әлсіздігін ескермеген. Ұсыныстар мен нағыз шындық жағдайлардың арасында алшақтықтың көптігі соншалық, бұл бағдарлама, біздің көзқарасымыз бойынша, нақты емес, жалған тәрізді болып көрінеді. Дене шынықтырудың жалпы әдістемесінің негізіндегі түпкі нәтижелеріне (оқушылардың денсаулығы) мұғалімнің жауапкершілігі мен өз бетінше жасаған шығармашылық жаңалықтарын, бұрынғы бағдарламаны қайта құруда негізге алуы керек. Сондай-ақ жинақылық бағдарламасы оқу күн тәртібіндегі дене шынықтыру сауықтыру тапсырмалары мен сабақтың түрлеріне арналған. Біздің көзқарасымыз бойынша, бағдарламада негізінен сыныптан тыс және мектептен тыс спорттық жаттығуларды дамытуға көп көңіл бөлінуі тиіс. Орта және жоғары сынып оқушылары үшін өздерінің қызығушылығына қарай, денсаулық жағдайларына қарай, дене дайындығын және ағзаның жеке психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып, спорттың белгілі бір түрін таңдап алуы керек. Кәсіптік бағдарға сай мектептерде қандай да бір спорттық бағыт ұстау керек. Оқушыларды мектептегі бар спорттық үйірмелерге тандап алмастан, олардың жеке ерекшелігіне сай келетін қандай да бір спорт түрі бойынша ұсыныстар мен көмек берілуі керек. Кәсіптік-техникалық колледждерге арналған дене шынықтыру бағдарламасында көптеген ерекшеліктер бар. Бұнда жалпы білім беретін мектептегі бағдарламадағыдай тәрбиелік және сауықтыру міндеттері қойылған. Дегенмен, бағдарламаның жауапты бөлімі кәсіптік-қолданбалы дене дайындығына арналған [118]. Мұнда мынадай қосымша міндеттер қойылады: әсіресе берілген мамандыққа қажетті дене қасиеттерін дамыту, көмекші-қолданбалы қозғалыс дағдыларын жетілдіру, қалыптастыру ағзаның әртүрлі кәсіптік өндірістік факторлардың әсеріне төзімділігін арттыру. Негізгі қойылған мақсат - ең үздік кәсіптік дайындыққа қол жеткізу үшін сабақтарда арнайы дене жаттығуларына көңіл көп бөлінеді.

Бағдарламадағы кәсіптік-техникалық колледждегі және  орындарының  оқушылары мен білімгерлеріне арналған дене дайындығына қоятын талаптары мен материалдары жалпы білім беретін мектептегі дене шынықтыру мазмұнымен бірдей болып келеді, бұл авторлардың айтуынша, осы оқу мекемелеріндегі кәсіби қызметтің өзара байланысын сақтауға мүмкіндік береді [5,103,113].

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру