Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

Жоғарыдағы зерттеу  жұмыстарына талдау нәтижелерінен жасалынған тұжырымдарға сәйкес мектеп оқушыларының жас кезеңдеріне байланысты физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктері бойынша бір-біріне жақын болғанымен, олардың дене қуаттары мен психикалық күйлері нақты нормативтерді орындауға толық мүмкіндік бермеуі мүмкін. Сондықтан, В.К.Бальсевич айтқандай, әрбір оқушыға өз мүмкіндігі есепке алатын дене жаттығуларын беру қажет немесе оларды топтап, мүмкіндік дәрежесін есептеу керек [40].

Елімізде соңғы жылдары  болып жатқан білім реформалары  білім беру мазмұнын өзгерту туралы көптеген идеялар төңірегінде жұмыс атқарып жатқанымен, олардың барлығы да дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру формасын нақтылай немесе білім мазмұнын өзгерту арқылы оны оқушыларға жеткізудің тиімді әдістемелік жүйесін дайындай алмауда. Сол себепті қазіргі уақытта қолданылып жүрген түрлі педагогикалық технологиялармен қатар оқыту процесін ұйымдастыру формасына когнитивті, аксиологиялық, әрекеттік және рефлексиялық мазмұн арқылы келудің әлеуеті (потенциалы) дұрыс деген ғылыми болжам жасалынды.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі мен оның алдына қойылған міндеттердің шешілу механизмін анықтауда жоғары оқу орындарында болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби қызметін қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру процесі жаңа педагогикалық парадигмаларға сүйенуі қажеттігі айқындалып, оқу-тәрбие процесін құзырлылық қатынас негізінде ұйымдастырудың табысты болатыны тұжырымдалғанымен, оны нақты құрылымдық мазмұнда жүзеге асыру және әдістемелік түрғыдан қамтамасыз ету мәселесі арасында қайшылықтар туындауда. Аталған қайшылықты шешу қажеттілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру» деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Зерттеу нысаны: болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу пәні: дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби-педагогикалық қызметі.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: егер, болашак дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби дайындауда оның іскерліктері мен дағдыларын қалыптастурыдың психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалып, оны жүзеге асырудың әдістемесін, әдістері мен құралдарын жасап, тәжірибелік эксперименттен өткізсе, онда болашақ дене шынықтыру мұғалімінің мамандығына тән кәсіби, арнайы іскерліктері мен дағдыларды терең меңгертуге мүмкіндік жасалынады. Өйткені, күтілетін нәтижеге бағытталған кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру үшін оқу үрдісінде, сыныптан және мектептен тыс уақыттарда өз әрекеті мен кәсіби қызметінің үйлесімділігі мен сабақтастығын қамтамасыз етіледі және әрекет жүйесінің тиімділігі мен қажеттілік дәрежесіне өзіндік талдау жасай алуына жағдай жасалынады.

Зерттеу міндеттері:

1. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу;

2. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайын (моделін) жасау;

3. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын жүзеге асыру тетігін (механизмін) оқу-тәрбие үдерісіне енгізу; 

4. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жұмыстарының тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жеке адамның жан-жақты дамуында дене шынықтырунің алатын орны ерекше, өйткені адамның физиологиялық және психикалық дамуы дене қуаты мен оны реттеп-басқаруға тікелей тәуелді. Сондықтан дене шынықтырун қалыптастыруда әрбір адамның даралық ерекшелігінің көрсеткіштері болып табылатын табиғи дене қуаты мен психикалық дамуы негізінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру нәтижелі болады деп саналады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Адамның жеке даму теориясына (Ананьев Б.Г адам әрекетінің жалпы психологиялық моделі теориясына (Леонтьев А.Н., Ломов Б.Ф.), оқу қызметі теориясы (Балл Г.А.), Функционалды жүйелер теориясы (Анохин П.К., Пурия А.П.), адам дене белсенділігі концепциясына (Бальсевич В.К.), дене шынықтырунде жекелеу және де принциптеріне (Ильин Е.П.), дене шынықтырумен спорт және спорт педагогикасының отандық теориясының гуманистік идеяларына (Ашмарин Б.А., Булкин В.А., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И. Лях В.И., Матвеев Л.П., Мейксон Г.В., Новиков А.Д., Пономаров Н.И., Хан A.M., Решетень И.Н., Тер-Ованесян А.А., Филипов С.С, және көптеген т.б.) сүйене отырып, даралық қатынас арқылы әрбір жеке адамның әлеуметін дамытуға болды деген тұжырым теориялық әрі әдіснамалық негіз болады.

Зерттеу көздері: жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы туралы философиялық, ғылыми психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. «Дамудың жақын және актуальды зоналары» теориясы, оқу-тәрбие үрдісін педагогикалық реттеп-басқару, оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары туралы арнайы педагогикалық зерттеулерге сілтемелер жасалынды.

Зерттеу әдістері: берілген ғылыми-әдістемелік әдебиетін жинақтау және теориялық талдау, педагогикалық бақылау, социологиялық сұрақ (анкета) дене өсуі қимыл дайындығы, қимыл, психикалық жағдайын бағалау әдістері, педагогикалық тәжірибе, математикалық талдау мен статистика әдістері.

Зерттеу базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты.

Зерттеу кезеңдері:

1-ші кезеңде  (2003-2005 жж.) - зерттеу тақырыбының өзектілігі ашылып, ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжырымдар негізінде жетекші идея анықталды. Болашақ маманның кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ұғымдық-түсініктік аппараты мен оның құрылымдық мазмұны зерттелінді. Оқу процесінде даралық қатынас орнату механизмі түсіндіріліп, дене шынықтыру пәндерін оқытуда болашақ маманның кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.

2-ші кезеңде  (2006-2008 жж.) - жоғары оқу орындарында дене шынықтыру сабақтарының мазмұны дифференциалды түрде анықталынып, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілді. Олар әдістемеліқ кешенмен қамтамасыз етілді және ұсынылған әдістемелік кешеннің тиімділіқ дәрежесі арнайы педагогикалық тәжірибе арқылы тексерілді. Зерттеу нәтижелері жинақталып, өңделді және қорытынды тұжырымдама дайындалды.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің құрылымдық мазмұны анықталынды; 

- болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы (моделі) жасалынып, оның тиімділігі дәлелденді;

- болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың әдістемесі анықталды;

- болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың ұсынылған педагогикалық шарттары мен әдістемесінің тиімділігі тәжірибе жүзінде расталып, дене шынықтыру сабақтарын даралық қатынас негізінде ұйымдастырудың тиімділігі дәйектелінді.

Зерттеудің  практикалық мәнділігі: педагогикалық бақылаудың құрастырылған әдістемесі негізінде дене шынықтырун сауықтыру міндеттерін жүзеге  асырылуы,  дене өсуі,  қимыл дайындығы,  қимыл психикалық жағ-дайын бағалаудың объективтік тесттері таңдалды. Олар кешен түрінде оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасымен бала тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайларын анықтау әдістемелері оқушылардың қимыл әрекетін қамтамасыз етудің әр түрлі жақтарының нақты қөрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Ол салыстыру дене шынықтыру процесінің бағыты мен мазмұнын жекелей түзетілуіне ықпал жасайды. Жұмыстың тәрбиелік мәні орта білім жағдайында бала мүмқіншіліктерін, оқушылардың қимыл режимін жақсартуға көмектеседі, сонымен бірге отбасы мен баласы тіршілік әрекетінің әлеуметтік-педагогикалық жағдайлары анықталды. Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен әзірленген әдістемелік материалдарды мектеп мұғалімдері, педагог қадрлардың біліктілігін арттыру курстарында пайдалануға болатыны расталды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:

1. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негізі зерттеу жұмысының ұғымдық-түсініктік аппаратын дайындауға және зерттеу мәселесінің теориялық-әдістемелік мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді;

2. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың нобайы (моделі);

3. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының оң ықпалы;

4. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін зерттеу тәжірибесінің нәтижелері.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі:

Зерттеу нәтижелерінің  дәйектілігі 17 ғылыми мақалада баяндалып, ғылыми жинақтарда жарық көрді. Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар мен мәліметтер теориялық және практикалық тұрғыдан негізделді. Қол жеткізген нәтижелердің педагогика ғылымының зерттеу бағыттарына сәйкестігі толық расталып, зерттеу материалдары бойынша әдістемелік кешен әзірленді.

Зерттеу нәтижелерін  сынақтан өткізу және оқу үдерісіне  ендіру: Зерттеу нәтижелері Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының және  Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілді және зерттеу мерзімінде (2003-2008 ж.ж.) болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметін қалыптастырудың біз ұсынған педагогикалық шарттарының тиімділігі тексеруден өткізілді. Зерттеу нәтижелері автордың 1 оқу құралында, 2 оқу-әдістемелік құралдарында және 16 ғылыми  мақалаларында баяндалған.

Диссертациялық  жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, бөлім бойынша қорытындылардан, жалпы қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымша материалдан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейстілігі, тақырыптың өзектілігі, оның педагогикалық теория мен практикада зерттелу дәрежесі негізделеді, зерттеудің ғылыми аппараты беріледі.

«Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың  теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері баяндалады, болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктеріне талдау жасалынып оның педагогикалық шарттары айқындалады.

«Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының қалыптастырудың  әдістемесі» атты екінші бөлімде болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары, оқу-тәрбие үрдісінде оларды қалыптастырудың мазмұны мен тақырыбына орай жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері келтіріледі.

Қорытынды зерттеу нәтижелері мен қорытындылары түйінделіп, теориялық-әдістемелік ұсыныстар беріліп, және осы мәселені әрі қарай зерттеудің болашағы бағдарланады.

Қосымшада зерттеу барысында пайдаланылған материалдар беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Дене шынықтыру  мұғалімінің кәсіби педагогикалық  қызметінің психологиялық-педагогикалық  негіздері

 

Жоғары оқу орындарында болашақ дене шынықтыру мамандарын дайындау ерекше әдістемелік жүйеге сәйкес жүргізілуі қажеттігі айтылып келе жатқандығына қанша уақыт болса да оның мазмұндық құрылымына қойылатын талаптар мен алғы шарттардың нақты анықталмай отырғандығы белгілі. Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың дене шынықтыруын сапалы деңгейге көтеру маман даярлау жұмысын жаңа әдістемелік деңгейде жүзеге асырумен тығыз байланысты екенін атап көрсетілген болатын [10, 5б.]. Онда дене шынықтыру жас ұрпақтың салуатты өмір салтын ұйымдастыру негізі ғана емес оның тәрбие жүйесінің дұрыс бағытталуына жетекші іс-әрекеттерді қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарды жүзеге асыра алатын мұғалімнің қызмет сферасын ұйымдастыру қарастырылған еді. Ол үшін төменде аталған педагогикалық шарттардың тәлім-тәрбиелік потенциалы мен күтілетін нәтижелердің мәнділігін сатылап көрсеткен жөн деп санаймыз.

Біріншіден-тәрбие процесін гуманизациялауды талап ету, ол педагогика жүйесін адамға жоғарғы элеуметтік құндылық ретінде қарауға адам қажеттіліктері мен қызығушылықтарын міндетті түрде есепке алуға және оларды дамытуға бағыттайды.

Екіншіден-оқу процесінің демократиялық бастауын және либерализациялауын дамыту, адамның өз құндылығының абсолютті сипаттамасын потенциалдан шындыққа айналдыру дене шынықтыру — спорт іс-әрекет түрлерін еркін таңдауға тіршілік әрекетінің салауатты өмір салтының шарттары мен амалдары.

Жас ұрпақ жалпы адамгершілік мақсаттарға сәйкес тәрбиеленуі қажет. Дене шынықтыру процесінде табиғи жаратылысына сәйкес принциптің терең мәні мынада жатыр: Ол адамның дене потенциалының үздіксіз дамуына себебін тигізетін шарттар мен себептер жиынтығын осы уақыттағы үйлесуіне бағыттайды. Бұл уақыт қамтамасыз етудің морфофункционалды жүйелері мен қозғалыс дамуының табиғи ырғағына сәйкес болуы мүмкін еді [1,3б.].

Осылай адам дамуының тарихи процесінде дене шынықтыру мазмұны  көмегімен табиғи дамудың бөлек  кезеңдері арасындағы ұтымды жалғас-тырушылықты қамтамасыз ету мүмкіндігі құрылады және жүзеге асырылады. Ол байланыстырып ғана емес, сонымен біпге табиғи түрде оқыту мен тәрбиені адам дамуымен қосады. Бұл принцип дене шынықтыру формаларының көп түрлілігін жекелену және жіктелу негізінде белгілейді. Ол дене шынықтырудың адамдар таңдаған түрлерінде адамдардың қабілеттерін дамытып, және талаптарының пайда болуы үшін, денсаулық жағдайын, қызығушылығын және қажеттіліктерді есепке алып, осы түрлерді таңдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды қажет деп санайды.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру