Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 22:19, диссертация

Описание работы

Қоғамның қазіргі заманға сәйкес саяси, экономикалық және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қайта құрылуы, Қазақстандағы адам тіршілік әрекетінің көп жақтарының жаңа мазмұнға ие болуы еліміздегі дене шынықтырудың мақсатын өзгерткен жоқ. Жас ұрпақтың денсаулығын нығайту және дене қабілеттерін дамыту, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал жасау ешқашан өзінің көкейкестілігін жоймайтын мәселелердің бірі.

Содержание работы

КІРІСПЕ
3
1 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1 Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері
11
1.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері
42
1.3 Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
51
1 бөлім бойынша қорытынды
62
2 БОЛАШАҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
64
2.1 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың қазіргі жайы және оны жақсарту жолдары
64
2.2 Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын оқу-тәрбие үрдісінде қалыптастырудың мазмұны
81
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау және бағалау
108
2 бөлім бойынша қорытынды
117
ҚОРЫТЫНДЫ
119
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
122
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
132

Файлы: 1 файл

диссертация контр.doc

— 1.49 Мб (Скачать файл)

А.Н.Леонтьевтің пікірінше, қызмет әрекеті белгілі бір тұтас  үрдістің бағытталған нысаны субъектіні осы әрекетке итермелейтін объективті себеппен, яғни әрекеттің уәжділігімен әрқашан сәйкес келуімен сипатталатын адам белсенділігінің үрдісі болып табылады [42, 86б.].

Басқаша айтқанда, адам белсенділігі әрдайым белгілі бір нәрсеге бағытталған, оның нақты нысаны болады. Сонымен қатар, бұл үрдіс белгілі бір қажеттіліктен туындайды және осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын белгілі бір нысанға, яғни нәрсеге (психологиялық тұрғыдан алғанда, бұл идеалды нәрсе болуы да мүмкін, мәселен, білім, идея, наным-сенім және т.б.) бағытталады. Егер адамның белсенділік үрдісі бағытталған бірінші нысан екінші нысанмен – қажіттілік уәжділігімен сәйкес келсе, мұндай белсенділік үрдісін А.Н.Леонтьев қызмет деп атайды. Ал егер бұл нысандар сәйкес келмесе, белсенділік үрдісі әрекет деп аталатыны көрсетеді [42, 112б.].

Егер біз зерттеу жұмысымызда қызмет сөзін арнайы қолданатын болсақ, адам қандай қажеттілікті қанағаттандырады? деген сұраққа нақты жауап беруіміз қажет. Белгілі бір мақсатты немесе міндетті алға қойғанда ол қандай дәлелді басшылыққа алады? Егер зерттеу жұмысында біз субъектінің белгілі бір қажеттілігінің нақты және дәл мән-мағынасын айқындамасақ, қызмет туралы айтуға құқылы емеспіз. Ол үшін қызметтің ішкі және сыртқы құрылымының мазмұнын анықтап алған жөн.

А.Н.Леонтьевтің пікірінше, сана процесі және ішкі қызмет – бұлар, біртұтас нәрсе – қызметтің екі түрлі көрінісі; ал бұлардың бірі екіншісінің туындысы, яғни дериват болып табылады [42, 119б.]. Қызмет көрінісінің түрлерін белгілей отырып, А.Н.Леонтьев: «Адамның қызметі әрекет немесе әрекеттер тізбегінен басқаша түрде жүзеге асырыла алмайды. Мысалы, еңбек қызметі еңбек ету әрекеті түрінде, оқу қызметі – білім алу әрекеті түрінде, қарым-қатынас қызметі – қарым-қатынас жасау әрекеттері түрінде жүзеге асырылады. Егер белгілі бір қызметтен ойша түрде оны жүзеге асыратын әрекеттерді алып тастасақ, қызмет әрекетінен ештеңе қалмас еді.

Ал ресей психологы Б.Ф.Ломов кез келген қызмет әрекетінің сыртқы және ішкі жақтары болатынын және олардың өзара тығыз байланысты екенін атап көрсетеді. Б.Ф.Ломовтың пікірі бойынша, «қызмет түрлерін ішкі және сыртқы деп бөлу – бұл жасанды бөлу. Кез келген сыртқы әрекет субъектінің ішінде өтетін үрдістермен байланысты, ал ішкі процесс қалай да сырттай көрініс табады» [44]. Басқаша айтқанда, іс жүзіндегі сыртқы қызмет аралықтанып, ішкі қызмет түріне ауысады. Алайда психикалық түрге ауысып,біршама дербес түрге көшкенмен, ол қызмет әрекеті болуын, яғни өмірлік міндеттерді шешуге бағытталған үрдіс болуын тоқтатпайды. Міне, осы ғылыми тұжырымдардың негізінде біз, болашақ мұғалімдерді даярлау қызметінің бағытталған үрдіс екенідігін дәлелдей алдық. Сондықтан болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету қызметін теориялық тұрғыдан негіздей алдық деп санаймыз.

Алайда, басқа психолог ғалымдардың еңбектерінде қызмет «адамның қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығы» немесе «қызмет – ортақ мақсатқа біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті орындайтын әрекеттердің жиынтығы» ретінде анықтама беріледі [29,55,64,].

Жүйелік-құрылымдық көзқарас бойынша, кез келген басқа психологиялық феномен сияқты қызметтің өзіндік құрылымы болады. Сондықтан жалпы алғанда адам қызметінің құрылымымен, нақты алғанда оқу қызметімен байланысты мәселелерге қысқаша тоқталу қажет. Отандық және шетелдік психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде [42,68,58,11,86] кеңінен қарастырылған қызмет әрекетінің психологиялық талдауы қызметтің құрылымына байланысты ғалымдардың көзқарастары әр түрлі екенін көрсетті. Дегенмен, көзқарастарындағы алшақтыққа қарамастан, анағұрлым жалпы және барлығын қамтитын негіз ретінде Е.М.Иванова мен А.К.Марковалар ұсынған қызмет құрылымын тиімді деп санауға болады, онда: «уәжділік – мақсат – тәсіл – нәтиже» сабақтастығы сақталуы міндетті деп көрсетілген [29,71].

Біз, зерттеу жұмысымызда  осы жоғарыда айқындалған ұғымдық-түсініктік аппараттың педагогикалық іс-әрекетте қолданысқа түсу мүмкіндігін және оның нәтижелі болу шартын айқындау үшін барлық блоктары өзара байланысты және өзара шарттас болып келетін қызметтің жалпы психологиялық құрылымын негізге алған жөн деп, төмендегідей  сызбада ұсынамыз (1-ші сурет).

 

         


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1сурет - Өзара байланысты және өзара шарттас болып келетін қызметтің жалпы психологиялық құрылымы

 

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлау қызметінің де құрылымы осындай болғаны көңілге сенім  ұялатады. Кез келген үрдісті қызмет түрінде сипаттау онда белгіленген барлық компоненттерді айқындауды және оларға қызмет бағытына сәйкес арнайы мазмұн беруді қажет етеді. Ол туралы Л.С.Выготскийдің: «Егер біз біртұтас бірлікті элементтерге ажырататын талдауды күрделі тұтастықты одан әрі бөлінбейтін қарапайым бірліктерге бөлшектейтін талдаумен алмастыра алсақ, осы жағдайда ғана өзіміздің талдауымыз міндетті қанағаттанарлық деңгейде шешуге әкелетініне сенімді бола аламыз» деген пікіріне назар аударғанымыз жөн [123].  

Адам қызметінің құрылымына іргелі психологиялық-морфологиялық талдау жасасақ А.Н.Леонтьевтің «адамның өмірін құрайтын, жалпы қызмет ағымы оның жоғарғы психикалық бейнесінде, біріншіден, жекелеген қызмет түрлерін оларды туындататын себептер критерийі бойынша, екіншіден, саналы мақсаттарға бағынатын әрекет-үрдістерден анықталады [42, 134 б.]. Ал үшінші-ден, нақты мақсатқа жету жағдайларына тікелей тәуелді операциялардан белгілі болады»-деген ғылыми тұжырымына сүйену қажет.

Олай болса, болашақ  маман, жеке адам прообразы ретінде кәсіби қызметтің құраушы бірліктері арқылы оның макроқұрылымын құрайды. Сондықтан тұтас қызметтің ерекшеліктерін бойында сақтайтын бірлік ретінде әрекетті аламыз. Біздің пікіріміз бойынша, әрекеттің құрылымы да қызметтің құрылымына ұқсас, олардың мақсаты, уәжділігі, бағытталған нысаны, әрекетті жүзеге асыратын операциялардың белгіленген жиынтығы, субъектінің әрекетті жүзеге асыру үлгісі ретінде танылады. Әрекет те қызмет сияқты субъектілік, яғни субъектіге тәуелді, әрдайым нақты жеке тұлғаның белсенділігі ретінде көрініс табады деп кәсіби қызметтің іс-әрекеттік мазмұны мен олардың құрылымдарының өзара байланысын естен шығармауды ескертеді.

Сол себепті қазіргі кезде  болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлау үрдісінде білімгерлердің «психологиялық кедергілерді» жеңуіне, өз қызметінің алдағы перспективасын болжай білуіне, өз тұлғасының нақты резервтерін көре білуіне көмек беретін инновациялық технологияларды қажет етіп отыр. Біз зерттеу жұмысымыздың  екінші бөлімінде осы мәселені шешу механизміне жете тоқталамыз.

Жоғары оқу орнындағы  барлық теориялар жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі білім беру үрдісінде білімгер өзін қолайсыз сезініп, үнемі мәжбүрлеудің ықпалында болады. Бұл біртұтас үрдісті өту үшін, білімгер оны бастан кешіруі қажет. Сондықтан бұл авторитарлық, пассивті-императивтік, субъектілік емес үрдіс адамгершілікке бейімдеуді қажет етеді. Ол ең алдымен, еркін, дамыған және білімді адамды дайындауы тиіс, бұл базис болып табылады, ал содан кейін оған қондырғы ретінде нақты кәсіби қызметке қажетті білім, дағды және шеберлік енгізілуі тиіс. Осындай жағдайда ғана, біздің ойымызша, педагогикалық резонанс деген атауға ие болған құбылыс жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан білім беру үрдісін, В.П.Беспальконың сөзімен айтқанда, оқытушыға да, білімгерге де «жайлы» болатындай етіп құру үшін жаңа технологиялар қажет [72]. Мұндай жаңа технологиялар қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайда тарихи жаңа тұлғаны қалыптастыруға, білімінің деңгейі мен сипаты шешетін міндеттерінің көлеміне сәйкес келетін маман дайындауға мүмкіндік береді.

Болашақ маманды қалыптастырудың негізі Ж.Пиаженің айтуынша, «ішкі пікірталас» болып табылатын рефлексия үрдісін пайдалану арқылы білімгердің оқудағы сана-сезімін дамыту (әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері) болып табылады [73]. Біздің ойымызша, креативті жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту үрдісін жетілдіруде және тұтас білім беру үрдісін оңтайландыруда осы факторды пайдаланудың маңызы аса зор болып табылады деп санауға болады.

Сол себепті дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізі дифференциалды қатынас арқылы дене шынықтырудың әлеуметке сәйкестену принципін негізге алу адам дамуының әрбір жас кезеңдері үшін әлеуметтік шындыққа қарай қатынастардың ерекше жеке жүйесін мойындаудан, яғни өсіп келе жатқан адаммен әлеуметтік тәжірибе арқылы әрекеттер мен қатынастарды меңгеру деңгейіне жетуді қалыптастыру болып табылады деп тұжырымдаймыз.

Олай болса, Л.Выготский  мен А.Леонтьевтің және И.Зязюн  мен Б.Т. Лихачевтің ғылыми психологиялық  және педагогикалық тұжырымдама-ларының [42,55,60,59] негізінде  болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау қызметі. Мынадай негізгі әрекеттерге бағытталуы табысты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді  деп, оны жүзеге асыру мүмкіндігін төмендегідей мазмұнда қарастыру жөн санаймыз (2- сурет).

 


 

2 сурет - Дене шынықтыру мұғалімінің қызмет аясының негізгі бағыттары

 

Осы тұрғыдан дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің құрылымы туралы соңғы зерттеу жұмыстарының бірі М.В.Буланова-Топоркованың (2002 ж.) ғылыми ұстанымына сүйенуге болады [74]. Онда дене шынықтыру пәнінің оқытылу ерекшелігіне байланысты нақты бір психофизиологиялық көрсеткіштермен келген оқушы немесе білімгер оқу мерзімінің соңында өзгерген немесе түрленген қасиеттерге ие болады, яғни дене шынықтыру қалыптастырудың белгілі бір технологиялық тізбегінен өтеді. Біз осы технологиялық тізбектің құрылымдық ерекшелігін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу арқылы  болашақ дене шынықтыру мұғалімін даярлау үрдісінің сапасын көтере алуымыз әбден мүмкін дейді.

Міне, біз дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің психологиялық-педагогикалық негізін айқындау барысында  зерттеу жұмысымыздың шешуші ұстанымын анықтайтын құрылымын мынадай сипатта беріп отырмыз (3-сурет).

Аталған құрылымға сәйкес болашақ дене мұғалімдерін мектеп оқушыларымен жұмысқа даярлау қызметінің мазмұны  оның ұйымдас-тырушылық-басқару әрекетін алға шығаруды көздейді. Сондықтан, педагогикалық қызмет белгілі бір иерархиялық деңгейлерді, оның ішінде  педагогикалық рефлексияны басты әрекет деп санау қажеттігін дұрыс деп отыр. Бұл қызмет түрлі оқыту әдістерін салыстыру арқылы  оқыту тәжірибесін жинақтау, тиімді оқыту тәсілдерін айқындау, оқу құралдарын, оқу пәндерін, оқу бағдарламаларын құрастыру әрекеттерімен жүзеге асады. Осыған байланысты оқу үрдісінде оқушының немесе білімгердің белсенділігін арттыруға қажетті педагогикалық шарттар жасалынады, олар  оқу  мазмұнының  сапасын,  оқу

 



 


 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

3 сурет - Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби педагогикалық қызметінің құрылымы

 

құралдарының тиімділігн қадағалауға олар оқу мазмұнының сапасын, оқу құралдарының тиімділігн қадағалауға мүмкіндік береді. Рефлексия білімгердің кәсіби қызмет әрекетін меңгеру үрдісінде күрделі әрекеттерден қарапайым әрекеттерді бөліп алуына, сол арқылы күрделі мазмұнды  жүйелі қабылдауына мұмкіндік береді. Сол себепті, біз, ұсынып отырған құрылым қарапайым педагогикалық әрекеттерді күрделі мазмұнды түсінуге жағдай жасай отырып, болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға алғы шарт болады деп айтуға толық дәлеліміз бар. Өйткені, қабылданып үлгерген қарапайым қызметтік әрекеттер күрделі мазмұнға тасымалдану арқылы мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларының тұрақты жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұл, алғышарт мұғалімнің дене шынықтыру пәнін оқытуда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруымен басқаруының сапасын арттырады.

 

1.2 Болашақ  дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби  іскерлігі мен дағдысын қалыптастырудың ерекшеліктері

 

Дене шынықтырудың теориясы мен практикасында мұғалімнің кәсіби педагогикалық қызметі күрделі, көп құзыретті (полифункциональды) жүйе ретінде түрлендіруші, тасымалдаушы, басқарушы, субъект-субъектілі қатынас қалыптастырушы түрлерде қарастырылады. Ш.М.Бақтыбаева, Т.Ш.Қуанышев, Н.Э.Пфейфер, К.Х.Закирьянов, М.И.Виленский, Л.И.Лубышева, Ж.К.Холодов, В.М.Выдрин, В.В.Лобачев, Б.И.Орумбаев, т.б. еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің мәнділігі терең зерттелген болатын [52,26,46,75,76,85,97,102].

Аталған ғалымдардың  еңбектерінде дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметінің көп құзыреттілігі  кәсіби қызметтің ерекше түрі ретінде  мұғалім ұйымдастыратын және оқушы тұлғасын дамыту, оларды  қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын  тәрбиелеуге бағытталған үрдіс болып сипатталады. Яғни, дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби іскерлігі мен дағдысы оның кәсіби педагогикалық қызметінің нәтижесі ретінде оқыту үрдісінде қалыптасады және оның көрінісі  тәрбие тәсілдерінен, қатынастар жүйесінен, өзін-өзі таныту құралдарынан және субъектінің табиғи белгілерінен анықталынады.

Сонымен бірге, С.Л.Рубинштейн, В.В. Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Н.М.Борытко, М.В.Буланова-Топоркова, Б.Т.Лихачев, Ашмарин БА., Выдрин В.Н., Лубышева Л.И., Матвеев Л.П., Решетень И.Н., т.б. психологтар мен педагогтардың еңбектеріне [53,65,46,42,65,56,74,59,-39,46,26,77,47] жасалынған талдау «дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» ұғымының жеткілікті зерттелмегендігін, әсіресе  «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-педагогикалық қызметі» және «болашақ дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-іскерліктер мен дағдылары» ұғымдарының кәсіби педагогикалық қызметтің нәтижелік көрсеткіші ретінде қарастырумен шектелетіндігі анықтауға мүмкіндік берді. Жоғары педагогикалық оқу орындарында мұғалімді дайындаудың жалпыпедагогикалық дайындау мәселесі бойынша О.А.Абдулинаның, В.А.Сластениннің, О.С.Анисимовтың, В.П.Беспальконың, В.И.Гороваяның, Е.М.Ивановтың, В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның, В.В.Лобачевтың, Л.М.Митинаның, Н.Хмель, О.Сәлімбаев, М.Құдайқұлов, т.б. [16,20,62,72,-78,29,54,19,79,80,50,-81,82] зерттеу жұмыстарында болашақ педагогикалық мамандарды дайындаудың ғылыми-теориялық негіздері кәсіби-педагогикалық қызметтің құрамдас бөліктерін зерттеумен тоқталған, оның ішінде болашақ мұғалімнің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын кәсіби-педагогикалық қызметтің маманның тұлғалық сапаларымен байланыстырмай қарастырады. Соның нәтижесінде болашақ маманның жалпыпедагогикалық іскерліктері мен кәсіби-педагоги-калық іскерліктері арасындағы айырмашылық ашылмай қалады. О.С.Анисимовтың, Е.М.Ивановтың, В.В.Давыдовтың, Н.В.Кузьминаның еңбектерінде «болашақ педагогтарда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру» психодиагностикалық қызмет деңгейінде қарастырылып, түсіндіріледі [62,29,54,19].  Ал дене шынықтыру мұғалімін дайындауда кәсіби іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру көптеген жеке жаттығулары арқылы қалыптасатын арнайы кәсіби қызмет деңгейінде түсіндіріледі. Бұл біздің жоғарыда талдаған зерттеулеріміз болашақ дене шынықтыру мұғалімін дайындаудың техникалық-тактикалық іскерліктер мен дағдылармен шектеліп отырғандығын көрсетеді. Атап айтқанда,  көптеген теоретиктер дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби-мәнді сапаларына маманның қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуды ғана жатқызатыны айқындалынып отыр. Оның себебін зерттеушілер мектепте дене шынықтыру сабағының оқушыларда негізінен спорттық жетілуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын дамытуға бағдарланатынын дәйектейді.

Информация о работе Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру